Құрметті тұтынушылар!


„ облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр отан» партиясы облыстық филиалының



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#2225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр отан» партиясы облыстық филиалының 



бірлесе ұйымдастыруымен достық үйінде жыл қорытындысы бойынша «Үлкен ел – үлкен 

отбасы» фестивалі өтті. оған ҚХа мүшелері, облыстық этно-мәдени бірлестіктер мен бұқаралық 

ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.

ҮлкеН ел – ҮлкеН оТбасы

Арсен БАЙЗАҚ

Шын мәнінде, елімізде, оның ішінде Ассамблея қазақстандықтардың 

мызғымас бірлігі мен ынтымағын сақтап, нығайту мәселесінде бірегей 

қоғамдық институт ретінде қалыптасып, даму үстінде. Өңірімізде 80-ге 

жуық ұлт өкілдері  бүгінде көптеген игілікті іс-шараларды ұйымшылдық  

пен тату келісім жағдайында  бірлесе жүзеге асыруда. Биылғы мерекелі 

жылы  аймақта  осы  тұрғыда  500-дей  мәдени-көпшілік  шараларының 

өткізілуі, 12 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы соның айғағындай.  

Қысқасы,  облыстық  ассамблея  да,  оның  құрамындағы  этно-мәдени 

бірлестіктер  де  биыл  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізіп  отыр.  Мұның 

барлығы Елбасының бастамасымен ТМД елдерінде еш теңдесі, балама-

сы жоқ осынау қоғамдық институттың құрылуының жемісі екені анық. 

«Қазақстан» әні орындалуымен ашылған фестивальде облыстық ассам-

блея жанынан құрылып, жұмыс жасап жатқан аналар мен ақсақалдар 

кеңестерінің  төрағалары  Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевқа  шынайы 

алғыстарын жеткізуді де ұмытпады. Облыстық Қазақстан халқы Ассам-

блеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева жиналған қауымды 

күні кеше ғана аталып өткен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, биыл 

облыс  орталығынан  өркениеттілік  талаптарына  жауап  берерлік  зама-

науи  келбет-айшыққа  ие,  көп  жылдар  арман  болған  жаңа  Достық  үйі 

ғимаратына қол жеткізілгендігін де атап өтті.  «Ең бастысы, өз үйіміз 

бар, ендігі жерде бірлік пен ынтымақты сақтап, нығайтуға байланысты 

іс-шараларымыздың барлығы да осы шаңырағымыздың аясынан бастау 

алып, ортақ істі жұмыла еңсеретін боламыз» - деді ол.Бұдан әрі іс-шара 

жыл үздіктері мен белсенділерін марапаттау рәсіміне ұласты. Ел бірлігі 

мен қоғамдық  келісімді, рухани мәдениетті нығайтудағы ерекше еңбектері 

үшін украин этно-мәдени бірлестігінің мүшесі С. Зуенок ҚР Президенті 

Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен,  басқа да бірқатар этно-мәдени бірлестік 

белсенділері  Е.Исаченко,    Д.Суахунов,    Р.  Кан  ҚХА  «Бірлік»  алтын 

медалімен, «Тараз-су» мекемесінің қызметкері Л. Клименко «ҚР Ассам-

блеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Белсенділердің 

бірқатарына партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден 

Тілеумұрат «Қоғамдық жұмысқа адалдық», «Қайырымды жан – 2016», 

«Республикалық сайыстар, жобалар, фестивальдер жеңімпаздары», «ҚХА 

өңірлік әріптестері», «Мықтылардың мықтысы» аталымдары бойынша 

ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Жеңімпаздар өз кезегінде еліміздің одан 

әрі де гүлденіп, көркейе беруіне үлестерін  қосатындықтарын жеткізіп, 

жергілікті өнерпаздардың ән-күйімен, биімен өрнектелген кеш айрықша 

әсерлі болды. 

Татулықтың таңбасы.

    

 

„

Төл мерекеміз Тәуелсіздіктің 25 



жылында жаһандану заманындағы 

жетекші күшке айналған 

журналистердің жұмысы да ерекше 

еленді. Қаламы қазанаттай жүйрік, 

ойы оралымды, сөзі сүйекті, 

шындықтың шекпенінен шыққан 

ақиқаттың  абыздары іспетті 

билік пен бұқараның арасындағы 

қос даңғылды байланыстырып 

жүрген жүзден астам журналист 

министрліктің марапатына ие 

болды. салтанатты һәм тарихи сәтте 

қалалық «жамбыл-Тараз» газеті 

бас редакторының орынбасары,  

«айқын» республикалық қоғамдық-

саяси газетінің жамбыл облысы 

бойынша меншікті тілшісі ерман 

әбдиев «Қр ақпарат саласының 

үздігі» атанды. 

жарайсыз, ер аға!

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ 

ҚР  Ақпарат  және  коммуникациялар 

министрлігінде  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығын  мерекелеу 

қарсаңында  салтанатты  жиналыс  болып 

өтті.  Іс-шара  аясында  Министр  Дәурен 

Абаев министрліктің және саланың ерекше 

көзге түскен қызметкерлеріне мемлекеттік 

наградаларды  табыстады.  Бұл  салтанатты 

тізімде киелі Жамбыл өңірінен белгілі жур-

налист,  қалалық  «Жамбыл-Тараз»  газеті 

бас редакторының орынбасары,  «Айқын» 

республикалық  қоғамдық-саяси  газетінің 

Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі 

Ерман  Әбдиев  те  бар.  Ерман  Қанжанұлы 

«Жамбыл-Тараз» газетінде он жыл, «Айқын» 

басылымында  8  жылға  жуық  абыройлы 

еңбек  етіп  келеді.  Қоғамдағы,  Әулиеата 

өңірінің өміріндегі және Тараз шаһарындағы 

жағымды  жаңалықтар  мен  салмақты 

мәселелердің  бел ортасында жүріп, өзекті 

жайттарды ел назарына жедел әрі жүйелі, 

тобықтай  түйінімен,  шынайылық  биігінен 

жеткізіп,  кәсібіне  адалдығы  мойындалған 

азамат,  білгір  маман,  білікті  ұстаз.  Себебі 

ол  ұзақ  жылғы  мінсіз  еңбек  жолында 

саланың бүгінгі сарбазына айналған бірқатар 

шоқтығы  биік  журналистер  шоғырына 

арқасүйер  аға  атанып,  шәкірттерінің 

бағдаршамына айналған. Мерзімді баспасөз 

басылымдарынан бөлек, Ерман Қанжанұлы 

қазақ  халқының  маңдайына  біткен  са-

тира  саңлағы,  қабырғалы  ақын  Шона 

Смаханұлының 90 жылдығында «Шоқ тілді 

Шона»  атты  мақала,  естелік,  зерттеулер 

жинағын, Мәдениет қайраткері, ақын Нарша 

Қашағанұлы мен азулы шайыр Серік Томанов 

жайлы «Нарша деген...» һәм «Серік деген...» 

атты екі бірдей тағылымды топтамаларды 

тайға  таңба  басқандай  қағазға  құлатып, 

ұрпақтың  алақанына  аманаттап  берді. 

Сүбелі  еңбегі  еленіп,  Халық  қаһарманы 

Бауыржан  Момышұлының  туғанына  100 

жыл  толуына  орай  «Батыр  шапағаты» 

және  «Қазақстан  Республикасының                                                                                              

Конституциясына  20  жыл»  мерекелік 

медальдеріне  ие  болды.  Шынайылықпен 

жарыса  шапқан  қаламгерлердің  талай 

бәйгесінде  топ  жарды.  Енді  міне,  «ҚР 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығы»  мерекелік 

медалімен  марапатталып,  министрліктің 

тарапынан «ҚР Ақпарат саласының үздігі» 

атанып отыр. Үлгілі үздіктердің қатарынан 

көрінген қаламы қарағайдай ағамыз Ерман 

Қанжанұлын саладағы жеңісімен құттықтап, 

шығармашылығына шарапат, деніне саулық 

тілейміз!

 

„

мерекелік күндер қарсаңында қайнаған қарбаластан арнайы 



мамандарға жеке басының мәселесімен  жүгінуге уақыт таппай жүрген 

тұрғындарға қала прокуратурасы тиімді мүмкіндік беріп, халық көп 

шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау өткізді. 

прокурорлар халық ортасында

Айсана НҰРБАП

Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жергілікті халықтың 

прокуратура органдарына деген сенімін арттыру 

және халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында 

қаладағы көпшілік орындарда «Егеменді елде – 

азаматтардың құқығы» атты науқан өтті. Шаһардағы 

Пайымды пікір.

    суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

он  бес  ірі  сауда  орталықтары  мен  базарларда 

қылмыспен күресу, азаматтардың конституциялық 

құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша 

заң түсіндірмесі беріліп, азаматтарға жеке қабылдау 

ұйымдастырылды. 

- Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындарының 

өз мәселелерімен жүгініп, прокуратураға арыздануға 

уақыттары бола бермейді. Сол себепті біз өзіміз 

халыққа шығып, тұрғындардың әртүрлі мәселесіне 

қатысты  науқан  ұйымдастырдық.  Өз  кезегінде 

халық та белсенділік танытып, өздерін алаңдатып 

жүрген мәселелерді бізбен бөлісіп, мамандар та-

рапынан нақты кеңестер алды, - деді Тараз қаласы 

прокурорының бөлім аға прокуроры Саят Сейітжан.

Расында, халықты алаңдатқан мәселелер аз емес. 

Бірі талай жылдар бойы уақытылы төленбей келе 

жатқан алименттің жайын айтса, енді бірі несиеге 

қатысты мәселе көтеруде. Қордаланған мәселенің 

басым көпшілігі тұрғындардың азаматтық құқыққа 

қатысты  сауатының  төмендігінен  туындаған 

сыңайлы.  Дейтұрғанмен    екі  қолға  бір  күрек 

алып, бала-шағаны асыраудың қамымен жүрген 

көпшілікті арнайы мамандар жеке-жеке қабылдап, 

заңның  аясында  мәселесінің    шешімін  табуға 

көмектесті.  Бір сәтте «Ауыл Береке», «Атакент-

Тараз», «Тараз» орталық базарлары, «Қайқармет», 

«S’mall», «Арзан», «Дәмдес», «Метроном» секілді 

қаладағы  он  бес  ірі  сауда  орындарында  өткен 

қоғамдық  қабылдауға  қатысқан  тұрғындар  да 

мамандарға алғыстарын айтты.

- Бұл науқан таңсәріден кешке дейін базарда 

жүрген халық үшін ауадай қажет. Әрқайсымыздың 

айтарымыз  бар. Қалалық прокуратура қызметкерлері 

бізге өздері келіп, әрқайсымыздың жағдайымызды 

біліп, айтылған мәселеміз бойынша заң аясын-

да  кеңестерін,  шешім  жолдарын  қарастырып, 

көп  көмегін  тигізді.  Халықтың  қамын  ойлап, 

уақыттарын бөліп келген оларға үлкен алғыс айта-

мын, - деді зейнеткер Захира Рәзімбекова.



//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

КелбеТ


7

Арайлым ШАБДЕНОВА

Жиырма  бес  жыл  ішінде  болған  оңды 

өзгерістерден облыс тұрғындары да хабардар 

болуы тиіс деп шешкен «Жаңа-Ру» жастар 

коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі БАҚ 

өкілдері мен блогерлер арасында баспасөз 

турын  әуелі  Жамбыл  политехникалық 

колледжінен бастады. 

Жамбыл  политехникалық  колледжі  60 

жылдан астам уақыттан бері техникалық және 

технологиялық мамандықтар бойынша орта 

буынды кадрлар даярлап келеді. 21 мамандық 

бойынша оқытатын бұл колледждің күндізгі 

бөлімінде  оқитын  2157  студенттің  1681-і 

мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алып 

жатыр екен. Колледждің оқу-өндірістік база-

сында 34 пәндік кабинет, 18 оқу зертханасы 

мен 15 компьютерлік кабинет, 11 шеберхана, 2 

спорт залы, 1 спорт алаңы мен оқу полигоны, 

70 орындық оқу залы мен 340 орындық сандық 

мультимедиалық подиумы бар акт залы ор-

наласса, 100 орындық жатақхана заманауи 

тұрмыстық жиһазбен қамтамасыз етіліпті.

– 2016 жылы колледждің инфрақұрылымын 

дамытуға облыстық бюджеттен 100 миллион 

теңге бөлініп,  оқу ғимараттары, акт залы 

күрделі жөндеуден өткізілді. Жасанды шағын 

футбол алаңы мен жүгіру жолы стандарттарға 

сәйкестендірілді. Соңғы екі-үш жылдан бері 

«Ақпараттық жүйелер», «Радиоэлектроника 



 

„

журналистер мен блогерлерден құралған арнайы топ Тараз қаласы мен Талас ауданында болып, онда 



орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен білім беру нысандарын, ұлттық құндылықтарымыздың бағасын 

арттыратын тарихи-мәдени орындарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

жамбыл - әлеуеті тасыған өңір

Индира БАЙҚОНЫС  

Елдің дамуы жолында төгілген маңдай тердің мемлекет 

тарапынан лайықты бағаланып, адал еңбектің ақталғанына 

не жетсін, шіркін! Бұл ретте, кәсібін ұршықша иіріп, талай 

азаматқа жұмыс беріп отырған Сәуле Мақшанқызының 

бағы  мен  бабы  қатар  келісті  деуге  негіз  бар.  Себебі 

ақылына  көркі  сай,  іскер  әйелдің  Елбасы  Нұрсұлтан                 

Назарбаевпен бір емес, жеті рет жүздесуі - екінің бірінің 

маңдайына жазылмаған бақыт дерсіз. Тағдырдың мұндай 

сыйына ие болған кейіпкеріміз де Ұлт көшбасшысымен 

болған  әрбір  кездесуінен  шалқар  шабыт  алып,  ісін 

дөңгелете  түсті.  Ел  егемендігінің  20  жылдық  мерейлі 

датасында  мәңгілікке  жадында  сақталған  келелі  кезде-

сулер  кәсіпкердің  қолына  қалам  алғызып,  «Елбасымен 

7  рет  жүздесу»  кітабын  жаздырды.  Жоғарыда  Сәуле 

Мақшанқызының білім саласына, ұрпақ тәрбиесіне бел-

сене араласып, өзінің жеке «А-Status» білім беру кешенін 

ашқанын жазған едік. Бүгінде аталған білім ордасында 

оқушылардың білім көкжиегін кеңейтетін мектеп-гимна-

зиясы мен балауса балғындарға тәлім беретін балабақша 

жұмыс істейді. 

«Бұл тұғыры биік Тәуелсіздіктің 25 жылдығына халқыма 

жасаған  тарту-таралғым»  деген  кәсіпкер  Елбасының 

жүргізіп отырған сарабдал саясатын ұдайы қолдайтынын 

және ел игілігі үшін аянбай еңбек ете беретінін айтып, 

ағынан жарылды.

- Нұрсұлтан Назарбаев - халқымыздың бағына туған дара 

тұлға. Азаттықтың ақ таңы атқан 1991 жылы елдегі жағдай 

тым  күрделі  еді.  Тұңғыш  Президентіміздің  көреген  әрі 

даналығының арқасында бар ауыртпашылық артта қалып, 

жас мемлекетіміз аяғынан нық тұрды. Сол қиыншылық 

заманды кәсіптерін енді бастап жатқан азаматтар, яғни біз 

көрдік. Тоқсаныншы жылдардың басында біздің кішкене 

ғана кәсіпорнымыз облыста «139» нөмір болып тіркелді. 

Ісімізді ілгерілету үшін талай күлкісіз күндер мен ұйқысыз 

түндеріміз өтті. Баспа ісіне қажетті құрал-жабдықтарды 

елге жеткізу, тиісті мекемелерден рұқсат алу үшін әбден тер 

төктік. 1995 жылға дейін, яғни Елбасының кәсіпорындарға 

арналған орындарды сату  бойынша Жарлығы  шыққанша, 

біраз ғимаратты жалға да алдық, - деді ол тоқсаныншы 

жылдардағы тоқырау заманын еске алып.

Алайда Сәуле ханым жолында кесе-көлденең жолыққан 

ешбір қиындыққа мойынсұнбай, тек ерен еңбекті жанына 

серік  етті.  Ә  дегеннен  кәсіпкерлер  қауымы  да    Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қолдауын  жан-жүректерімен 

сезініп,  алға  қойған  мақсаттарына  сенімді  қадам  жасай 

берді.  Міне,  ширек  ғасырға  таяу  уақыт  артта  қалғанда,  

іскер азаматтар армандарының ақиқатқа айналғанына көз 

жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түскен елімізбен бірге 

жасасып келеді. Бүгінде кәсібінің нәсібін көріп, халыққа са-

палы қызмет көрсетіп отырған  Сәуле Мақшанқызы да осы 

жылдар аралығында қол жеткізген толайым табыстарын 

Мемлекет басшысының қамқорлығымен байланыстырады.  

-  Биыл  қыркүйек  айынан  бастап,  компаниямыздың 

аумағында    «А-Status»  білім  беру  кешені  өз  қызметін 

бастады. Қазір мұндағы балабақшада 20 бала тәлім алса, 

40 оқушы білім нәрімен сусындап жатқан мектеп-гимна-

зиясында кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар сабақ береді. 

Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді 

ғана  көздейтін білім беру кешенінің алдына қойып отырған 

мақсаты айқын әрі биік, - дейді Сәуле ханым.     

Сондай-ақ кейіпкеріміз азат еліміздің бизнес саласында 

еңбек  етіп  келе  жатқанын  зор  бақытқа  әрі  мақтанышқа 

балайтынын,  жеке  кәсібінің  көсегесін  көгерту  жолын-

да  ұйымшыл  ұжымда  қызмет  ететін  60  адамның  еңбегі 

жатқанын тебірене әңгімеледі.  

«Рысбаева  және  Ко»  ЖШС  директоры  Сәуле 

Мақшанқызы  отандастарымыз  дүркіретіп  тойлаған 

Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығы қарсаңында Мемлекет 

басшысының  Жарлығымен «Құрмет» орденімен  және «ҚР 

Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапат-

талды. «Менің марапатым, ол - ұжымымның марапаты» 

деп ағынан жарылған білікті басшы, ақ жүректі кәсіпкер 

кемел келешекке  нық қадам жасай бермек.

Табыстың кілті - еңбекте.   

Бизнес

ханшайымы

 

„

белгілі кәсіпкер сәуле рысбаеваның есімі тек жамбылдықтарға 



емес, күллі  республикаға кеңінен мәлім. Өз кәсібін сонау тәуелсіздіктің 

алғашқы жылдары, яғни 1992 жылы бастаған іскер әйелдің «рысбаева 

және ко» жШс-і  ширек ғасырда аяғынан нық тұрды. бүгінде кәсібінің 

көкжиегін кеңейтіп, егемен еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосып 

отырған білікті басшының білім саласына, соның ішінде ұрпақ тәрбиесіне 

белсене араласуы ұлтжандылықтың айқын дәлелі. 

және байланыс», «Сәндік-қолданбалы өнер 

және халықтық кәсіпшілік»,  «Сәулет», «Жылу 

техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз 

ету жүйелері», «Мұнай  және газды тасымалдау 

және сақтау», «Полимер өндірісінің технологи-

ясы», «Пайдалы қазбаларды жер асты өңдеу» 

мамандықтары  ашылса,  биыл  студенттер 

«Дизайн» мамандығы бойынша білім алуға қол 

жеткізді. Келер жылы сұранысқа ие қосымша 

мамандықтар ашылады деп күтілуде, – дейді 

колледж директоры Жанар Орынбаева.

Қаратау қаласының аумағында орналасқан 

«Talas Investment Company» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты – 

негізінен 15 мың тонна натрий цианиді, 5 мың 

тонна аммоний сульфаты. Натрий цианидінің 

қалдығын қайта өңдеп, улылығын жою арқылы 

пайда болатын аммоний сульфаты тыңайтқыш 

ретінде сатылымға шығады. Аталған өндіріс 

орнының құрылтайшылары – қазақстандық 

азаматтар. Мұнда 480 жұмысшы жұмыс істесе, 

зауыттың күзеті мен газдан қорғау қызметі, 

жұмысшыларды қаладан тасымалдау, ас дай-

ындау секілді қызметтерді қосымша сырттан 

тартылған  120  адам  атқаратын  көрінеді. 

Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 90 мың 

теңгені құрайды. Зауыт толық қуатында жұмыс 

істейтін болса, аудан бюджетіне 320 миллион, 

республикалық бюджетке 700 миллион теңге 

салық төлеуге міндетті. Әйтсе де, іске толық 

қосылғанына жарты жыл ғана болған өндіріс 

орны әзірге салық есебінен аудандық бюджетке 

230 миллион теңге құйыпты. «Talas Investment 

Company»  ЖШС-нің  бас  инженері  Ғалым 

Нұрғазиев өндірілген натрий цианидінің әр тон-

насы 900 мың теңгеден өткерілетінін айтады. 

–  Шикізаттың  ішінде  күкірт  қышқылын 

Қазақстаннан,  аммиакты  Өзбекстан, 

каустикалық соданы Қытай елдерінен темір 

жол арқылы тасымалдаймыз. Биыл 2100 тонна 

натрий цианидін өндірдік. Келер жылы 12 мың, 

2018 жылы 15 мың тонна өндіруді жоспар-

лап отырмыз. Негізі мұндай зауыт кеңестік 

кезеңдегі одақтас елдер ішінде төртеу ғана. 

Соның бірі – Қазақстандағы жалғыз зауыт осы. 

Біздің тұтынушыларымыз – Қазақстан, Ресей, 

Қырғыз Республикалары, Тәжікстан секілді 

мемлекеттердегі алтын өндіретін кәсіпорындар. 

Өндірілген натрий цианидінің 20-30 тоннасы 

мен аммоний сульфатының 50-60 тоннасынан 

басқасы түгелдей сатылып кетті, – дейді ол. 

Сондай-ақ  тур  мүшелері  «Көне-Тараз» 

тарихи-мәдени  ескерткіші  мен  Жамбыл 

атындағы руханият орталығының жұмысымен 

танысты.


ӘлеумеТ

 8

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //



арХиВ - ТариХТың басТауы

 

„

елбасының  жарлығымен 



1998 жылы «Ұлттық мұрағат 

туралы» арнайы Заң 

қабылданып, содан бері мұрағат 

жұмысы бірізділендіріліп, 

тамыры тереңде жатқан 

тарихымыз қайта түледі. ал 

1939 жылы құрылған жамбыл 

облысы мұрағатының өткенінен 

сыр шертетін «архив - тарих 

шежіресі» атты кітап жарық 

көрді.  

 

„

киелі әулиеата жерінде ғасыр 



жасаған қариялар өз алдына бір 

тарих десек, артық айтқандығымыз 

емес. дәл осындай ғасыр куәгерлерін 

қала әкімдігінің бөлім қызметкерлері 

үй-үйге бөлініп, жаңа жылымен 

құттықтап шықты.

Ғасырдың олар куәсі

Арайлым ШАБДЕНОВА

Ең  алдымен  ел  анасы  Тәжікүл  Елденбаеваның 

шаңырағына  қала әкімдігінің жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері бар-

ды. Тәжікүл әжей қаңтардың 1-ші жұлдызында 105-ке 

келеді. Кейуана 8 жасында анадан, 11 жасында әкеден 

қалған. Туған-туыстары бауырына басқан әжейдің 

әкесі молда болған екен. Інісі майданнан оралмаған. 

Бала  күнінде  арабша  тіл  сындырған  әжей  бүгінде 

кез келген кітапты көзілдіріксіз оқиды. Еліміз бастан 

өткізген зұлмат жылдардың куәсі, ғасыр жасаған ана 

17 жасында тұрмысқа шығып,  он құрсақ көтерген. 

«Құдай қосқан қосағыммен 60 жылдан астам уақыт 

бірге болдық. Ол 97 жасында көз жұмды» – дейді 

әжей. Шөбере келінін жұмсап отырған ел анасының 

денсаулығы сыр бергенімен, өзі тың. Тоқыма тоқып, 

соңғы жаңалықтарды газет-журналдан оқиды. Жағымды 

жаңалықтарға  қуанып  отырады.  Еліміздегі  саяси 

маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін ғасыр анасы 

немере, шөберелеріне білгенін айтып, көкейлеріне 

түйіп отыруларын жіті қадағалайтын көрінеді. Бес 

уақыт намазын қаза қылмайтын Тәжікүл әжей тыл 

еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері. 

Әжей өз сөзінде әр мереке сайын әкімшілік тарапынан 

көрсетіп жатқан көмектеріне алғысын айтты. Ал 1915 

жылы 9 қыркүйекте  Ресейде дүниеге келген Нұрлығаян 

Шангараева 1961 жылы елге келген.  Ашаршылықты, 

қуғын-сүргінді көріп, елмен бірдей қызылша егіп, 

киім-кешек тігіп, қолдан келген жұмыстың барлығын 

атқарған әжей 101 жаста. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп 

өсірген ел анасы немере баласы мен келінінің қолында 

тұрады. Бауыр еті балаларынан тараған ұрпақтың санын 

санауды жөн көрмеген әжей: «Олардың санын өзім де 

толық білмеймін. Біз көппіз!» – деп қалжыңдап қояды. 

Нұрлығаян әжей бүгінде 5 шөбересін өзі тәрбиелеп, 

еркелетіп отыр. Әжейді мереке қарсаңында құттықтап 

келген  қала  әкімдігінің  тұрғын  үй  инспекциясы 

бөлімінің есепшісі Айнагүл Сыздықова мен іс жүргізуші 

Ақбөпе Байсбай бөлім атынан сыйлықтарды отбасы 

мүшелеріне табыстады. Сондай-ақ  қала әкімдігінің 

сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері 

1915 жылы дүниеге келіп, ғасыр ғұмырынан асқан Бота 

Тастанбекованы құттықтады. Түлкібас ауданы, Ақбиік 

ауылының Ленин мектебінде 4 сыныпты бітірген. Жары 

соғысқа кеткен жылдары әжей тылда еңбек етіп, колхоз 

уақытында Айша бибі, Б.Момышұлы ауылдарында 

хатшы қызметін атқарған. Колхозда 25 жылдан астам 

уақыт жұмыс жасаған. Елуге келген шағында жалғыз 

құрсақ көтерген әжей бүгінде төрт немере сүйіп отыр. 

Соғыс жылдарында тігін тіккен қол машинасын жа-

нынан тастамайтын Бота әже қазір де немерелеріне 

киімді өзі тігетін көрінеді. Ұзақ өмір сүрудің сыры 

дұрыс тамақтану екенін айтқан кейуананың соңғы 

уақытта денсаулығы сыр беріп жүр екен. Дегенмен  

есте сақтау қабілеті  жақсы. Өмірінің әрбір кезеңін есте 

сақтаған әжей бүгінде билік басында отырған бірқатар 

азаматтармен бір мекемеде жұмыс жасағанын мақтана, 

марқая еске алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет