Құрметті тұтынушылар!



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#2225
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

www.z-taraz.kz

Құрметті тұтынушылар!

 

«Қазпошта»  АҚ  Жамбыл  облыстық  филиалы  сіздерді  пошталық  байланыс 



бөлімдерінің  (әрі  қарай  -  ПББ),  орталық  операциялық  учаскелерінің  (әрі  қарай  - 

ООУ),  поштамен байланыс пункттерінің (әрі қарай - ПБП),  төлемдерді қабылдау 

орындарының ( әрі қарай - ТҚО) мереке күндері жұмыс істеу тәртібімен таныстырады:

30.12.2016 ж. - ішкі төлемдер мен аудармаларды, контрагент бойынша аударма-

ларды талап ететін қызметтер жүзеге асырылады:

-  Астана  уақытымен  сағат  12:00-ге  дейін  салық  төлемдері/жеке  және  заңды 

тұлғалардың бюджет төлемдері;

- Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін барлық жеке және заңды тұлғалар (салық 

төлемдері/бюджет төлемдерінен басқа);

31.12.2016 ж. - сенбі күнгі жұмыс кестесіне сәйкес, есепке алынған барлық қаржылық 

(салық төлемдері/бюджет төлемдерінен басқа) және пошталық қызметтер;

04.01.2017 ж. - қызмет көрсету бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылатын болады.  



Құрметті 

тараздықтар!

Баршаңызды жаңа                    

2017 жылмен шын жүректен 

құттықтаймын!

Жаңа жыл - қай халықтың 

да зор қуанышпен асыға күтетін 

мерейлі мерекесі.

Жаңа жыл - өткенді 

саралайтын, келешекке 

бағдар жасап, ертеңге батыл 

жоспарлар құрылып, үлкен 

міндеттер жүктелетін уақыт.

Өткен 2016 жыл сырттан 

келген дағдарыстың салдарына 

қарамастан, тараздықтар үшін 

жетістіктері мол, табысы зор 

жыл болды. Халқымыздың 

әлеуметтік жағдайына тікелей 

әсер ететін бірқатар ірі 

инфрақұрылымдық жобалар 

қарқынды түрде іске аса 

бастады. 

Қаланың  тұрғын 

алқаптарын газдандыру 

жобасының аясында  Көктем, 

Арай, Ақжол, Мичуринец  елді 

мекендеріне көгілдір отын 

жетті.


Өңірдегі құрылыс бұрын-

соңды болмаған қарқынмен 

дамуда.  Биылғы жылы 107,6 

мың шаршы метр тұрғын үй 

пайдалануға берілді. Соның 

арқасында 740 отбасы Жаңа 

жылды жаңа пәтерде қарсы 

алады.


Қала кәсіпорындары 181 

миллиард 564 миллион теңгенің 

өнімдерін өндірді. Кәсіпкерлік 

дамып келеді. Әлеуметтік 

салада, әсіресе білім беруде 

жақсы нәтижелерге қол 

жеткіздік. 

Тізе берсек, осындай 

жетістіктеріміз көп-ақ. Бұл 

табыстарда әрқайсыңыздың 

жеке үлестеріңіз бар. 

Сондықтан осы мүмкіндікті 

пайдаланып, баршаңызға 

жасаған жасампаз  еңбектеріңіз 

үшін ризашылық білдіремін.

Дүниенің түкпір-түкпірінде 

дінаралық тартыс, азаматтық 

соғыс, саяси дүрбелең күшейіп, 

ғаламдық экономика әлсіреген 

қазіргідей уақытта біздің 

бірлігіміздің артуы ерекше 

қажет. Ысыраптан аулақ 

болып, ынтымақты еңбекке ден 

қоюымыз керек. Халқымыздың 

отаншылдығы, бір-біріне деген 

мейірімі, үлкеннің кішіге деген 

қамқорлығы, әлсізге деген 

жанашырлықтың танылатын 

кезеңі келді.

Ардақты ағайын!

Жаңа жылда Сіздерге игілік 

пен ізгілік, дендеріңізге саулық, 

шаңырақтарыңызға бақ пен 

береке тілеймін! 

Тәуелсіз Қазақстанымыздың 

тұғыры қашанда берік, Туы биік 

болсын! 

Жаңа жыл құтты болсын

құрметті жерлестер!

Нұржан КалеНдеров,

Тараз қаласының әкімі.

            Жаңа жылдарыңызбен!

Экспо-ның 

жаңа жылдыҚ алауы

Газетіміздің келесі саны 2017 жылдың 5 қаңтары, бейсенбі күні шығады.

 №52 (1340) 28 желтоқсан

 

2016 жыл, сәрсенбі



Қала-Қарбалас

2

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //



жаңа жыл келді жар салып

бүлдіршіндер мереке барысында.   суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек.

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 

қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 

атынан бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған 

жаңа жылдық шыршасы өтті. 

Жыл сайын республика бойынша өтетін Қазақстан 

Республикасы Президенті атынан балаларға арналған 

Жаңа жыл шыршасы «Көне Тараз» қалашығындағы 

«Қоғамдық  келісім»  мекемесінің  ғимаратында 

болды. Облыс бойынша жаңа жылдық шыршаға  

9-13  жас  аралығында  оқу  озаттары,  жетім,  ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен 

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, аз қамтамасыз 

етілген және көп балалы отбасылардың балалары, 

даму мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек бала-

лар,  сондай-ақ  оқуда,  спортта,  шығармашылық 

пен қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды 

балалар - барлығы 200-ден астам бала қатысты. Атап 

айтқанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған 49 бала, аз қамтылған және көп балалы от-

басыларынан 71 бала, толық емес отбасынан 58 

бала және 22 ерекше білім беруге қажеттілігі бар 

балалар  мереке  арайын  аша  түсті.  Облыс  әкімі 

Кәрім Көкірекбаев пен шаһар басшысы Нұржан                             

Календеров арнайы келіп қатысқан шараға 13 ұлт 

өкілінің балалары қамтылды. 

«ЭКСПО-ның  жаңа  жылдық  алауы»  деген 

атаумен  өткен  ҚР  Президентінің  шыршасы-

на  қатысушылардың  назарына  Жаңа  жылдың                                                                          

басты символы Аяз ата мен Ақшақар балаларды 

шат-шадыман  көңіл-күйге  бөлеп,  үздік  балалар 

шығармашылық ұжымдарының театрландырылған 

қойылымы  көрсетілді.  Мұнымен  қоса,  балалар 

ертегі  әлеміне  сапар  шекті.  Сондай-ақ  көңілді 

кешті  бұзғысы  келген  қара  ниеттілердің  арам 

ойын  «ЭКСПО-2017»  көрмесінде  көрсетілетін 

ғажап техника олардың алдын орап, көңілді кештің 

ажарын  арттыра  түсті.  Сонымен  қатар  балалар 

мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, 

келер жылдың иесі Тауық және шараның құрметті 

қонақтарымен бірге жаңа жылдық шыршаны айна-

лып, ертегі кейіпкерлерімен Астана қаласында өтетін                                                                                

«ЭКСПО-2017»  көрмесіне  жол  тартып,  ондағы 

ғаламат дүниелерге қанықты. 

Шара барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ба-

лаларды үлкен экран арқылы Жаңа жыл мерекесімен 

құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Мемлекет басшысы 

өз құттықтауында жас ұрпаққа артылар сенімнің зор 

екендігін қадап айтты. Мұнан соң облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаев Сарымолдаев атындағы балалар үйінің 

тәрбиеленушісі Руслана Ярубай мен Байзақ ауданы 

№2  мектептің  үздік  оқушысы  Дияс  Әлібековке 

Елбасының арнайы сыйлығын салтанатты түрде 

табыс етті. Айта кететіні, мұндай сыйлықтар шараға 

қатысушы балалардың барлығына үлестірілді. Шара 

соңы балалардың көңілді биімен қорытындыланды.

- Бүгінгі жаңа жылдық шырша өте көңілді өтті. 

Шараны ұйымдастырушы облыс басшылығы мен 

білім  басқармасына  рахметімді  айтқым  келеді. 

Ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата, Ақшақар бізге үлкен 

қуаныш сыйлады және сыйлық алып жатырмыз. 

Алдағы уақытта жақсы оқып, ұстаздарымның үмітін 

ақтаймын,-дейді «Мейірім» мектеп-интернатының 

5-сынып оқушысы Расул Бақытмурзин.

ертегі әлеміне 

сапар 

Биыл облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың  балаларға 

арналған  жаңа жылдық шыршасы «Жаңа жылдың 

таңғажайып оқиғасы» тақырыбымен өтті.  Аты ай-

тып тұрғандай, шыршаға қатысқан 100 бала қуаныш 

құшағына еніп, айрықша әсерге бөленді. Онда Тараз 

қаласы мен әрбір ауданнан 9-13 жас аралығында 

аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ оқуда 

озат, спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген 

оқушылар және өзге этнос өкілдерінің балалары төбе 

көрсетті. Балалардың жаңа жылдық шыршасына 

аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов және қала  әкімі Нұржан 

Календеров қатысты. 

Ертегі әлеміне тап болған оқушылар үздік балалар 

шығармашылық ұжымдарының театрландырылған 

қойылымын тамашалап, мерекенің басты кейіпкерлері 

Аяз ата, Ақшақармен және мерекеге келген құрметті 

қонақтармен бірге жаңа жылдық шыршаны айналып, 

ертегі кейіпкерлерімен әсем әннің ырғағында мың 

бұрала би биледі. Соңыра шыршаға қатысқан әр балаға 



 

„

жаңа жыл мерекесі қарсаңында бүлдіршіндер жылдағы дәстүр бойынша Қр президенті 



шыршасымен қатар облыс, қала әкімдерінің жаңа жылдық мерекесіне қатысып, түрлі сый-

сияпатқа ие болды.

облыс әкімінің атынан құттықтау хат пен сыйлықтар 

табыс етілді.

Мұнымен жаңа жылдық шыршаға қатысқан ба-

лалар үшін мереке тәмамдалмады. Әрі қарай олар 

облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия 

жасап, облыстық қазақ драма театрында жаңа жылдық 

театрландырылған  қойылымдарды  тамашалады. 

Сондай-ақ көне шаһардың көрікті жерлері  «Қазақ 

хандығы» монументі мен «Тараз-Арена» спорт кешенін 

аралады.

Шырша айналып, 

жыр айтып...

Қала әкімдігінің мектептен тыс жұмыс және бала-

лар шығармашылығы орталығында шаһар басшысы 

Нұржан Календеровтің жаңа жылдық қайырымдылық 

іс-шарасы өтіп, онда Тараздағы 60 мектептен көп ба-

лалы, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған және 

аз қамтамасыз етілген отбасының бақыт базарына, 

үкілі үмітіне айналған  120 бүлдіршін мерекелік сый-

сияпатқа бөленді. Шараға шаһар басшысы Нұржан 

Сәбитұлы  мен  орынбасары  Кенжебек  Олжабай, 

қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Гүлзия За-

урбекова  қатысып,  қаракөздердің  қуанышымен 

бөлісті. Салтанатты мерекеге сай безендірілген залда 

ұйымдастырылған шара ертегі кейіпкерлерінің биімен 

ашылды. Ал іс-шараға қатысқан бүлдіршіндердің 

барлығы да оқуда оза шауып, үздік атанып жүрген 

тай-құлындар. Мереке мен қуаныштың әуенінен 

әсерленген балалардың шаттыққа толы, шарапаты 

мол Жаңа жылдың жасыл да еңселі шыршасын қала 

басшысы жағып бергеннен кейін, ертегі кейіпкерлері 

мен бақытты сәттің басты көзайымына айналған  Аяз 

ата мен Ақшақар балаларды 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен 

құттықтап,  егемендігіміздің 

өткені  мен  бүгіні,  жалынды 

жарқын  болашағы  жайында 

сыр шертті. Одан әрі Ертегі 

атты кейіпкер ортаға шығып, 

қазақ халқының көнеден келе 

жатқан  музыкалық  аспабы, 

қоңыраулары сырға толы һәм 

сиқырлы күшке ие, үнімен та-

рихты жаңғыртып, Жаңа жылды 

шақыратын сиқырлы асатаяқ жайында әңгіме өрбітіп, 

бүлдіршіндерді сол аспаппен жіті таныстырып шықты. 

Осы сәтте Ескі жыл зұлымға айналып, сиқырлы 

асатаяқты ұрлап кетеді. Ертегі қыз, Ақшақар мен 

Ақұлпа сиқырлы асатаяқты іздеп, ертегі әлеміне 

сапар шегеді. Олар түрлі келеңсіз жайларға тап бо-

лады. Дегенмен  кейіпкерлердің шынайы шеберлігі 

бүлдіршіндердің адалдық пен әділеттілік жолында 

күрескерлік сезімдерін оятып, барлығы бір үйдің бала-

сындай оқиғаға белсене араласып отырды. Ертегі желісі 

бойынша мерекелік киімдермен сәнденген өнерлі 

бүлдіршіндер 300 жыл бойы құмырада өмір сүрген 

«Жынды» тұтқыннан босатып, ол мереке иелеріне 

уақыт патшалығында шоғырланған Ескі жылдың са-

райына апарар жолды білетін төбе құмдардың төресі 

Ақбурамен жолықтырады.  Ақбура асатаяқты іздеген 

балаларға көмектесіп, оларға бір-бір уыс құм (шырша 

қиындылары) береді. Құммен бүлдіршіндер уақыт 

патшалығын күзеткен жауыз айдаһарды жеңіп, ақыры 

Ескі жылдың жасырынған жерін тауып алады. Сол 

сәтте Ескі жыл мен бүлдіршіндер әділдік үшін күресіп, 

білім мен өнерден сайысқа түседі. Мәселен, Ескі жыл 

ұшатын кілемін, жүрдек етігін, өте үлкен ағашымен, 

зәулім сарайымен  мақтанса, балалар «Байқоңыр» 

ұшақ айлағымен, «Тұлпар» жүрдек пойызы  мен                                                                                                                      

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін және Бәйтеректі 

айтып, өздерінің тапқыр әрі қайсарлығымен Ескі жыл-

ды есеңгірете жеңіп, асатаяқты қайтарып алады. Бұдан 

әрі балалар әр ұлттың биін билеп, достығымызды 

дәріптесе, келе жатқан тауық жылының көрінісі 

ретінде сары балапан боп киінген бүлдіршіндер би 

билеп, ортаға Нұржан Сәбитұлының алып жұмыртқаға 

салынған сыйлығын салтанатты түрде алып келді. 

Онда спорттық киімдер, мектеп құралдары салынған 

сөмке,  түрлі  тәттілер  мен  жұмсақ  ойыншықтар 

салынған екен. Сый-сияпатқа бөленіп, сергек сеніммен 

әсерленген балалар қала әкімімен қол ұстасып, шыр 

айнала мереке биін билеп, алғыстарын жеткізді.  

Дайындағандар Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,

Индира БАЙҚОНЫС,

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.


//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

Қала-Қарбалас

3

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Еңселі  екі  жобаның  да  жұмысы  жүйелі, 

жауапкершілік  жүгі  орасан  зор.  Өндіріс 

ошағындағы игі бастаманың салтанатты ашылу-

ына облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке, 

«Қазфосфат» ЖШС-і бас директоры, Қазақстанның 

Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, қала әкімі Нұржан 

Календеров және  еңбек ұжымы қатысты.  

- Мемлекет басшысы үдемелі индустриялы-

инновациялық  дамытуға  үнемі  баса  на-

зар  аударып,  маңызды  5  институционалдық                                                                                             

реформа  –  «100  нақты  қадамда»  басты 

бағытымызды  айрықша  атап  көрсеткен  бо-

латын.  Индустрияландыру  және  өнеркәсіп 

саласы - мемлекет экономикасының дамуының 

негізгі  факторы.  Қазақстан  Республикасының 

индустриалды-инновациялық дамуының екінші 

бесжылдығы  2015-2019  жылдарға  арналған  

мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл об-

лысында жалпы құны 512  млрд. теңгені құрайтын 

39 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба-

ларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары 

кезеңінде 6 мың және іске қосылу кезеңінде 5 

жарым  мың  жаңа  жұмыс  орнын  ашу  жоспары 

іске асып келеді. Оған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 

қарсаңында «Қазфосфат» ЖШС-інде жүзеге асып 

отырған осы екі жоба нақты дәлел бола алады. Бұл 

қос жоба бүгіннен бастап өнім қуатын арттыруға 

үлкен сеп болары сөзсіз. Келер жылы да тұғырлы 

бастамаларыңыз табысқа жетелей берсін, - деген 

Тимур  Амантайұлы    еңбек  ұжымының  қуатты 

жұмысына жеміс тіледі.  

Салтанатты  жиын  барысында  облыс 

басшысының  орынбасары  мен  «Қазфосфат» 

компаниясының бас директоры фосфорлы-калий 

тыңайтқышы өндірісінің лентасын қиып, ондағы 

автоматтандырылған коттрельді сүтті фосфорлы-

калийді  тыңайтқыш  ретінде  кәдеге  жарататын 

қондырғылардың жұмысымен танысып шықты.

-  Бұл  жерде  фосфор  өндіру  процесіндегі 

шығарылатын, қоймаларымызда талай жылдар 

бойы жиналып қалған қалдықтардан минералды 

тыңайтқыштар  өндірілетін  болады.  Және  бұл 

экологиялық жоба. Яғни қалдықтарды өңдеп, таза 

күйінде ауыл шаруашылығы саласына жөнелтетін 

боламыз. Өндірістің қуаты  сағатына 1 тонна, ал 

жылына 5 мың тонна деп жоспарланған. Жоба 300 

млн. теңгеге жуық компанияның өз қаржысына 

жүзеге асып отыр. Бес ауысымда он-он бес адам 

жұмыс жасайтын болады. Мұндағы негізгі жұмыс 

толығымен  автоматтандырылған.  Құрылғылар  

Ресей мен Украинадан алынды. Өндірістің өнімдері 

жердің құнарлығын арттырып, егіннің көлемін 

ұлғайтуға септігі мол, - дейді  Сары фосфор өндіру 

цехының директоры  Әшір Момбеков.

Бұдан әрі жиын қонақтары өнімі әлемнің  27 

еліне экспортталып отырған «Қазфосфат» ЖШС 

базасындағы  қайта жаңғыртылған А-8-3 №3 ауаны 

жіктейтін цехтың жұмысымен танысты. Аталған 

екінші жобаны жүзеге асыру мақсатында компа-

ния қазынасынан 1 млрд. 162 млн. теңге қаражат 

жұмсалыпты.

- Өздеріңізге белгілі, компаниямыздағы ең үлкен 

инвестициялық жобаның бірін 6 желтоқсанда Елба-

сымен телекөпір арқылы тікелей байланыс кезінде 

іске қостық. Ол өндіріс бізге жылына 500 мың тонна 

фосфор тыңайтқышын өндіруге мүмкіндік беруде. 

Ал Жаңа Жамбыл фосфор зауытында іске қосылып 

отырған екі жобаның қуаттылығы аз болғанымен, 

олардың  маңызы  үлкен.  Себебі  бірінші  жоба 

бойынша біз зауыттың тарихымен байланысты 

қордаланып қалған 1 миллионға жуық фосфор 

қалдықтарын құрамына калий қосып, тыңайтқыш 

ретінде  жасап  шығардық.  Оның  бәрі  -  білікті 

мамандарымыздың ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. 

 

„

«Қазфосфат» жШс жамбыл филиалы (жжФЗ) ‒ жаңа жамбыл 



фосфор зауытында қуаттылығы жылына 5 мың тонналық фосфорлы калий 

тыңайтқышы өндірісі іске қосылып, қайта жаңғыртылған а-8-3 №3 ауаны 

жіктейтін қондырғыларының ашылу салтанаты өтті. 

Қалдықтан тыңайтқыш өндіріледі

Сіздерді жаңа 2017 жылмен шын жүректен 

құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне 

жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, 

ғажайып  қиялдарға  қол  создыратын  ең 

сүйікті  мереке.  Барша  адамзат  бұл  күні 

өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа 

жылға  таза  ниетпен,  болашаққа  деген 

мол  сеніммен,  нық  қадаммен  аттағанды 

қалайды.  Келер  жылда  баршаңызға  құт-

береке,  қызметтеріңізге  өрлеу  тілеймін. 

Бақыттарыңыз  баянды,  көңіл-күйлеріңіз 

тамаша болсын. Алдағы жыл Сіздерді тек 

оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, 

қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ 

шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін 

еңбектеніп  жүрген  барша  қаламыздың 

тұрғындарына  бейбіт  өмір,  тыныштық 

тілеймін.

Жаңа  жыл  жағымды  жаңалықтар  мен 

мол ырыс әкелсін! Әрбір игі істер мен жаңа 

бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!

    Ғазизжан МАДИМАРОВ,  



Тараз қалалық мәслихаты

хатшысының міндетін атқарушы.                                

Құрметті 

Тараз қаласының 

тұрғындары!

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Жам-

был облыстық этно-мәдени бірлестіктердің 

жұмысының жылдық қорытындысы бойынша 

этно-мәдени  бірлестік  төрағаларына  облыс 

әкімінің гранты салтанатты жағдайда тапсырыл-

ды. Жиынға Қазақстан халқы  Ассамблеясының 

мүшелері, облыстық ассамблея хатшылығының, 

«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыс 

этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. 

Салтанатты  шараны  аймақ  басшысы  Кәрім 

Көкірекбаев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде 

биылғы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында 

«Қайырымдылық керуені», «Ұлы дала тарихы», 

«Үлкен ел - үлкен отбасы», «Мың бала» атты 

жобалардың жақсы нәтижелерге жеткенін, бұл 

жетістіктерге жетуде облыстық этно-мәдени 

бірлестіктердің қосқан үлесі зор екенін айтып 

өтті. 

- Жұмыла отырып өткізілген ірі қоғамдық-



саяси  шаралар  мемлекетіміздің  беделін  бе-

кемдеп, қоғамның ұйысуына септігін тигізді. 

Бұл - егеменді мемлекеттің, Тәуелсіз Қазақстан 

халқының жасампаз істерінің жемісі, - деп атап 

өткен өңір басшысы Кәрім Нәсбекұлы алдымызда 

үлкен жауапкершілігі мол істер тұрғанын, қазақ 

халқы тарихи мәселелерді ұдайы ауызбіршіліктің, 

бірліктің арқасында бірлесіп шешіп отырғанын, 

алдағы уақытта да бірге жұмыстар жасайтынын 

айта келіп, этно-мәдени бірлестіктердің қоғамдық 

жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ ол бірқатар 

этно-мәдени бірлестік өкілдерін марапаттап, 

құрмет көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен 

және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік 

медалімен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-

сараптамалық  бөлімінің  жетекшісі  Лариса                                                                                                        

Лысова,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

«Бірлік» алтын медалімен «Әулие-Ата» қазақ 

мәдени  орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы Махметғали Сарыбеков марапаттал-

ды. Сонымен қатар облыс басшысы аймақтың 

қоғамдық  өмірінде  белсенділік  танытып, 

этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуы-

на үлес қосқаны үшін этно-мәдени бірлестік 

жетекшілеріне салтанатты түрде гранттарды 

табыс етті. 

Кездесу соңында этно-мәдени бірлестіктер бас-

шылары алып отырған мадақтаулардың алдағы 

уақытта этно-мәдени бірлестіктердің 

қоғамдық 

және шығармашылық жұмыстарына үлкен 

ықпал ететінін айта отырып, ризашылықтарын 

білдірді.



 

„

Өңірдегі этно-мәдени бірлестік өкілдеріне облыс әкімінің 



арнайы гранттары табыс етілді.

еңбек еселеНсе - 

мерейдің ӨскеНі

Ынтымағымыз мықты.   суретті түсірген В.барбаш.

Көлем ұлғайып, сапа артпақ.   суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

Бұл біздің өнімдердің номенклатурасын көтеруге 

және экологиямызды сақтауға қосқан үлесіміз деп 

ойлаймын. Ал екінші жоба бойынша біздің техно-

логиямызда азот пен оттегіні өте көп мөлшерде 

қолданамыз.  Бұл  технологияға  қажетті  дүние. 

Аталмыш зауыттың өзі 1978 жылы пайдалануға 

берілген. Сондықтан  2016 жылы азот пен оттегі 

шығаратын өндірісті күрделі жөндеуден өткіздік. 

Және ауаны іріктейтін, экономикалық жағынан 

ескі құрылғыларға қарағанда екі есе артық жұмыс 

жасайтын  жаңа қондырғы сатып алып, іске қостық.  

Енді біз тек фосфор өнімдерін ғана емес, азот пен 

оттегіні сұйық құрамда сататын боламыз. Бұдан 

бөлек, бізде Қаратау мен Жаңатас қалаларында 

кен орындары бар. Алдағы уақытта оларға жаңа 

техникалар мен жабдықтар алуды жоспарлап отыр-

мыз. Қазірдің өзінде 5 млн. АҚШ долларына үлкен 

эксковатор сатып алдық. 2017 жылдың бірінші 

тоқсанында техника келуі керек. Ең үлкен жаңа 

жабдықтарымыздың бірі осы. Сары фосфордың 

сапасын арттыру мен тыңайтқыштардың көлемін 

ұлғайту мақсатында келер жылы 5-7 млрд. теңгенің 

көлемінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыра-

тын боламыз,-деді Ескендір Зұлқарнайұлы. 


Қоғам

4

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет