Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет103/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Литература
Ибрагимов И. М. Информационные технологии и средства дистанционного обучения: Учеб. пособие для студентов высших учебных заведений / Под ред. А. Н. Ковшова. М.: Издательский центр «Академия», 2005.
2 Овсянников В. И. Дистанционное образование в России: постановка проблемы и опыт организации. М.: РИЦ «Альфа»; МГОПУ им. Шолохова, 2001. 
3 Полат Е. С., Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В. Теория и практика дистанционного обучения: Учеб. пособие для студентов высших педагогических учебных заведений / Под ред. Е. С. Полат. М.: Издательский центр «Академия», 2004. 

ӘОЖ 37.013.77.
СТУДЕНТТЕРДІҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ортаева А., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Шымкент қаласы, Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматриваются некоторые вопросы о деятельности преподавателя вуза в формирований креативности студента. Особое внимания уделяется на использования инновационные технология обучения.
Summary
This article discusses some of the questions about the activities of university teachers in the creativity of the student groups. Particular attention is paid to the use of innovative learning technology.

Қазіргі кезде білім бер жүйесінің мазмұнын жаңалау негізін ұсынатын принциптердің бірі студенттердің креативті қабілеттерін қалыптастыруды және олардың білім алуда даралығын креативті іс-әрекеттерге бейімділігі мен қызығушылығын ескеру арқылы дамытуға болатынын болжайтын тұлғалық бағдарлану принципі.


Қазіргі білім беру жүйесінің стратегиясының мақсаты – барлық студенттерге жаппай өзінің дарындылығы мен креативті-шығармашылық белсенділіктерін, өзіндік-тұлғалық болашақтағы жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасау. Бұл ұстанымдар оқытушылардың студенттердегі тұлғалық мүмкіндіктерді үздіксіз өсіруге бағдарланған сипатындағы қазіргі жоғары мектепті дамытуға бет алған гуманистикалық бетбұрыстарға сәйкестенген. Сонымен қатар, тұлғаны дамыту мақсаты бірінші орында, ал пәндік білімдері мен біліктілігі оларға қол жеткізуші құрал ретінде қарастырады.
ЖОО-ның оқытушысы немесе мектептің мұғалімі «адам-адам» саласында қызмет етеді, сонымен қатар, әрбір оқытушы «таңбалық жүйеде» болсын немесе «тірі табиғатпен» байланысты салада болсын, сол саланың білгір маманы болып табылады. Кәсіби шеберлік нақты бір оқушымен, әлеуметтік топпен, пәннің мазмұнымен жұмыс жасаудағы негізгі талап. Бұл үдерістерде кәсіби шеберлік алуан түрлі іс-әрекеттермен үйлесімділікте болады, міне, бар қиындықтар осы тұста пайда болуы ықтимал, сонымен бірге, бұл кәсіби шеберлікті меңгерген кез келген маманға өзінің белсенділігі мен жетістіктерін өзі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне толық қол жеткізеді.
Оқу үдерісінде қалыптасатын біліктілік білім беру жүйесінің мазмұнындағы компоненті, оған талдау жасау арқылы соңғы жылдардағы әдебиеттерде рефлексиялау біліктілігі жоғары және орта мектептердегі білім алушы оқушылардың жалпы білімімен бірге міндетті білімі ретінде меңгеру қалыптасып келеді. Оқу пәндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, рефлексиялаудағы жалпы біліктіліктерін анықтуға болады әрі оларды жеке элементтердің (жеке бөлшектердің) жиынтығында ұсынуға болады, мысалы: өзінің барлық іс-әрекеттерін бақылап отыру біліктілігі, өзінің ойлау үдерісіндегі қисынды құрылымдарды үнемі қадағалау біліктілігі; белгіліден белгісіздікті табуға біліктілігі, ойлау үдерісінің қозғалысына себеп болған қарама-қайшылықтардың айқындығынан әдеттен тыс құбылыстарды көру біліктілігі; танымдылықтың теориялық әдістерін біліміне, оның құрылымы мен мазмұнына талдау жасау мақсатына пайдалану біліктілігі.
Болашақ педагог-психологтың креативті-күйзелістегі ойлау үдерісін қалыптастырудың технологиялары мен әдістемесін қарастырамыз. ЖОО-ның оқытушысының креативті ойлауын қалыптастырудың кезеңдерінен бастаймыз: а) мотивациялық; ә)мәселені теориялық жалпыланған сапада қабылдауы; б) нақтаға кірісуі; в) өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде креативті-күйзелістегі ойлау үдерісін жүзеге асыруға дайындығы мен оларды жалпылауы.
Кәсіби білім дәрежесін жоғарылатудың жүйелілік түрі екінші кезеңді талап етеді, қалғандары күнделікті кәсіби қызметінде тікелей іске асырылады, мысалы: оқу сабақтарын өткізу үдерісінде, оқулықтарды, құралдарды жазғанда, әртүрлі ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысуда және т.б.
Креативті-күйзелістегі ойлауын қалыптастыру үдерісі оның үздіксіз білім алуындағы бөлінбейтін құрамы болып табылады [1]. Лекциялық сабақтарда креативті-күйзелісте ойлау үдерістерін қалыптастыруға бағытталған мотивациялары жүзеге асады және әдіснамалық мәселелерге қызығушылықтары дамиды.
Арнайы білімдерінің көмегімен студенттер креативті-күйзелістегі ойлау қабілетімен бірге өзіндік креативті-күйзелістерде ойлауының қалыптасуымен байланысатын іс-әрекеттердің түрлерін меңгеруі жүзеге асатын тренингтер мен зертханалық-тәжірибелік сабақтардың маңызы ерекше[2].
Психологиялық пәндердің қатарындағы креативті психологияға оқу материалдарын таңдауға арналған психологиялық принциптер мен межелерге сәйкестенген сатысына байланысты параграфтар мен тарауларды, жеке бөлімдерді, оның элементтерін оқу курсының бағдарламасының деңгейінде оқу материалының құрылымын креативті-сынақ тұрғысынан түсіну арқылы мазмұнын толықтыруды талап етеді [3].
Оқу үдерісінде жалпыланған теориялық қабылдау мәселесі кезеңінде креативті-күйзелісте ойлаудың мазмұндылық және әдіснамалық негіздерін үнемі жүйелі түрде баяндап отыру қажет, оның құрылымдары: Ph.D үшін «Креативті психология» курсы немесе «Жоғары мектептің психологиясы» курсынан үзінділер, сондай-ақ жеке арнайы курс ретінде «Іскерлік қарым-қатынастар психологиясы», «Іскерлік ойындардың технологиясы», «Болашақ маманның креативтілігін қалыптастыру», «ЖОО-да қазіргі уақытқа лайықты білім беру технологиялары» және т.б. Кәсіби іс-әрекеттер үдерісінде теориялық материалдарды меңгеру, толыққанды түсінуге жағдайлар жасау да қарастырылған және оны кез келген ЖОО-дағы нақты қарастырылған шарттарда қолдану мүмкіндігі бар екенін түсіну керек.
Оқу барысында нақтының шыңына шығу (өрлеу) кезеңінде нақты таңдалған курстың оқу материалдарының құылымын әртүрлі деңгейде қабылдауды болжайды; оқу ақпараттарының жинақы мазмұндылық және жан-жақты мазмұндағы межелерде құрастырылған оқу материалдарының шамалы үзінділеріне сәйкестігін бағалау тапсырмасын орындауды енгізу, сонымен бірге, осы межелерге барынша сәйкес келетін бағыттағы оқу материалын жинақтау тапсырмасын да орындауды енгізу; баяндалған материалдардың тиімді бірізділігін анықтау тапсырмаларын орындауды енгізу, оның терең мазмұндылығын оқу материалдарының жеке блоктарында қарастыру; оқу материалдарының әртүрлі блоктарын студенттердің меңгеру сатысына бақылау жасау құралдарын жетілдіру тапсырмаларын орындауды енгізу.
Өзінің кәсіби қызметінде немесе іс-әрекеттерінде креативті-күйзелісте ойлау мәнерін жүзеге асыруға дайындығы мен оларды жалпылау кезеңінде нақтының шыңына шығу кезеңіндегідей, бұл кезеңде тәсілдер мен әдістерді оқуды талап етеді [4].
Ойлау үдерісіндегі нақты өзгерістер адамдардың тәжірибедегі өзгерістерімен сәйкес бірден жүзеге аса бермейді. Сондықтан жаңа технологиялар, жаңа өндірістік өнімдер, жаңа техникалық құралдар өздеріне жүктелген міндеттерді, үміттерді ақтамайды. Мұндай жағдайларға жасалған талдаулар интеллектуалды жүйелерді ұйымдастырудың әдіснамасын, теориясын дамыту және жасау мәселесін туындатып отыр.
Бұл теорияның негізгі мазмұны мамандардың әртүрлі танымдылық мәселелерін шешуде және мәселені немесе шешімді нақтылау да пайдалану арқылы олардан жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз ететін жүйені жасайды әрі бұл әрекеттер оның барлық элементтерінің интеграциясы мен сәйкестілігі дәрежесіне байланысты. Интеллектуалды жүйенің компоненттерін құрағанда соған сәйкес қосымша жүйе ішіндегі келісімділік немесе үйлесімділік жүргізілуі керек. Егер мұндай түзетулер болмаса, шынайы және теориялық мүмкіндіктегі нәтижелердің арасында айырмашылықтар болуы ықтимал. Интеллектуалды жүйенің ішіндегі мұндай белгіленген бағыттылық пен келісімділік оның тиімді қызметін қамтмасыз ететін әртүрлі құралдарды қажет етеді.
Алынған мәліметтер оқу үдерісін ұйымдастыруда креативті қабілетін дамыту мәселесіне жеткіліксіз назар салынбағанын көрсетті.
Сонымен қатар, креативті қабілетін дамытуға мақсатты бағытталу үшін педагог-психологтарды теориялық және тәжірибелік дайындықтардың жеткіліксіздігі оқытушыларға даму қозғалысын өзінше бақылауға мүмкіндік бермейді әрі бұл креативті қабілеттерін дамытуды бақылаудың болмау себебінен. Біздің көзқарасымыздағы тағы бір себеп, оқу үдерісінде студенттердің креативті қабілетінің өсуін бақылаудың сұранысы жоқтығы.
Студенттердің шығармашылық (креативті) қабілеттерін «...жаңа білім беретін өнімдерді жасайтын іс-әрекеттері мен қызметтерінің кешенді тұлғалық мүмкіндіктері» деп түсіну керек.
Студенттердің креативті қабілеттерінің даму деңгейін нақты анықтау үшін олардың шығармашылық тапсырмалардың әрқайсысын өзіндік орындау нақышына талдау жасап, баға беруі қажет.
Басқаша айтқанда, оқытушы студенттің өзін-өзі өзгерту іс-әрекеттеріне басшылық жасауды оқу үдерісіндегі қызметінде жүзеге асырады. Себебі оқудың міндетін түсіну әрі оны қабылдау, оқытушының назары мен оның әртүрлі түзетулер енгізетін ықпалдары, психикадағы өзгерістер мен беталыстардың барысын рефлексивті түсіну, олардың субъективті бағасы студенттердің субъективті ортасындағы ерекшеліктерінен басқа, оның оқудағы жетістігі, оқытушылық қызметті, студенттің субъективті күйін түзетудің және жобалаудың құрылымын жасау, олардың жылдамдығы, беталыстары кәсіби қызметінің бөлінбес бөлшегіне айналады. Бұлардың барлығы креативті-шығармашылық мәселелердің шешімін табу үдерісіне енгізілген. Міне, осы аталған факторлар оқытушының қызметін шығармашылыққа айналдырады.
Инновациялылық білім беру үдерісінің субъектілерінің креативтілігінің дамуы мен сол деңгейге жетудің нәтижесінде пайда болады, әсіресе, ЖОО-дағы оқытушының кәсіби-тұлғалық үдерісін өзі дамытқан жағдайда қалыптасады.
Жаңашыл-оқытушы өзін-өзі педагогикалық қызметте жүзеге асыру барысында міндетті түрде инновациялық үдеріске енеді де, нәтижесінде креативті-шығармашылыққа қол жеткізеді.
Психологиялық пәндер, соның ішінде, креативті психология болашақтағы жаңашыл педагог-психологтың «өзегін» құрайтын тұлғаның сапасын қалыптастырады, мысалы: инициативтілігін, өз бетімен әрекетшілдігін, рефлексивтілігін, нәтиженің озық үлгісін, өз мүмкіндіктеріне әділ баға беруі, креативті ойлауы, сыншыл талдау жасау қабілеттері.
Интерактивті-креативті технологиялар білім беру үдерісінің когнитивті компонентімен бірге, студенттердің тұлғалық сапасын креативті дамытуәрі қалыптастырумен байланысқан тағы бір бағыттада жетілдіруді ұсынады.
Осылайша, оқытудың қазіргі уақытқа лайықты интерактивті-креативт білім беру технологиялары студентке оқу барысын тиімді бағдарлама бойынша қайтаталдау жасау арқылы оның когнитивті және керативті қабілеттерін, мотивациялары мен жек тұлғалық қалауын толыққанды қайта талдауына мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет