Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет100/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Key words: management, sports organizations, planning in sport management, sport marketing, sport management.

Спорттық ұйымдардың миссиясы және мақсаттары.


Басқару әрдайым мақсатты түрде бағытталған болу керек. Мақсатты болжау – тиімді менеджменттің бастапқы сатысы. Спорттық ұйымдардың мақсатты қызметі бұл ұйымның өмір сүруінің себебін білдіретін жалпы мақсатын құрудан басталады. Сондықтан, менеджменттің бастапқы проблемаларының бірі болып, ұйымның бүтіндей әлеуметтік жүйе ретінде дамуын қамтамасыз ету үшін, жетістікке жетуді білдіретін мақсатын құра білу болып табылады.
Мақсатты басқару теориясында мақсат деп ұйымның ұзақ уақытқа созылған қызметінде қол жеткізуге ұмтылатын түйінді нәтижесін атайды. Дәлірек айтқанда, басқарудың мақсаты – болашақтағы басқармалы жүйенің өзі қалайтын, қажетті және мүмкіндікті жағдайы деп айтуға болады. Спорттық ұйымның мақсаты әдетте үш құжатта тіркеледі: ұйымның жарғысында, белгілі бір аймақтағы дене мәдениеті және спортты дамытудың тұжырымдамасы мен мақсатты бағдарламасында, бұл ұйымның қызмет көрсету аясына кіретін елді мекендерде. Дене шынықтыру-спорттық ұйымдар ереже бойынша бір емес, бірнеше мақсаттарды алдыға қояды. Оның ішінде мысалы, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарымен байланысты болса, басқасы – жоғары жетістіктер спортымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, спорттық ұйымдарда жалпы мақсатымен қоса, басқа да жеке мақсаттар қалыптасады. Оларды ұйымның міндеттері деп жиі атайды. Шетелдік ғылыми әдебиеттерде спорттық ұйымдардың жалпы мақсаты «саясат», «философия», «миссия» деген түсініктермен жиі бейнеледі [1].
Коммерциялық дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың негізгі мақсаты – оның жұмысының кірісін еңбекті талғамды түрде ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Алайда, көбінесе дене шынықтыру – спорттық ұйымдары коммерциялы ұйымдарға жатпайды. Мұндай жағдайда олардың менеджментінің мақсаты халықтың әртүрлі категорияларының спортқа қызығушылығын қанағаттандыру болып табылады. Менеджмент мақсатына сай жергілікті жерлердегі дене шынықтыру – спорт басқармалары арқылы мемлекеттің дене шынықтыру – спортты дамыту жолындағы әлеуметтік саясаты өз жалғасын табады [2].
Басқармалы кешенді мақсаттарды қалыптастыруда шешуі керек болатын бірқатар талаптар қойылады және солардың негізгісі болып табылатындар: нақтылық, көрегендік, шынайылық, өзара байланыстылық, келісімділік және тиімділік болады.
Спорттық ұйым менеджментінің қызметтік жүйелері
Спорттық менеджмент қызметтерінің пайда болуы – обьективті үрдіс.
Спорттық менеджменттегі қызмет - басқару субьектісінің бағынышты нысанға ықпал етуінің бағытын немесе деңгейін білдіретін және еңбекті бөлісу үрдісінде басқару қызметінің шамамен өзіндік, арнайыланған түрін білдіреді. Бұл қызмет спорттық менеджменттің теориясы мен практикасында ойып тұрып ортадан орын алады, себебі, ол оның мәнін және салалық басқарушылық қызметтің мазмұнын ашады.
Менеджмент қызметтерін – жалпы, нақты және салалық деп бөледі.
Менеджменттің жалпы қызметі. Дене мәдениеті және спорт басқармасын саналы түрде ауысып, қайталанып отыратын циклдық сипаттама ретінде қарастыруға болады. Басқару субьектісінің мұндай әрекеті менеджменттің жалпы қызметтері атына ие болды. Олардың құрамынан: басқарушылық шешімдерді, ұйымдастыруды, мотивацияны, бақылау және үйлесімділікті бөліп қарастыруға болады. Жалпы қызмет әлеуметтік басқарудың технологиясын аша түсіп, әмбебап бола түседі, себебі ол басқарылатын ұйымның салалық арнайылығына және оның көлеміне қарамастан, басқарудың кез келген үрдісін сипаттайды.
Осылайша, спорттық менеджменттің жалпы қызметі – басқару субьектісінің бағынышты нысанға ықпал етуінің бағытын немесе деңгейін білдіретін және еңбекті қоғамдық бөлісу үрдісінде басқару қызметінің шамамен өзіндік, арнайыланған түрін білдіреді.
Енді бұл көрсетілген менеджменттің қызметтерінің әрқайсысының мағынасын бөліп қарастырайық.
Басқармалы шешімдерді дайындау және қабылдаудың маңызды түрі – жоспарлау болып табылады. Спорттық менеджменттегі басқармалы шешім- пісіп жетілген мәселелерді тиімді шешу туралы дене шынықтыру – спорттық ұйымдардың бағдарламаларын айқындайтын басқару субьектісінің шығармашылық актісі дегенді білдіреді.
Жоспарлау - ұйымның алдағы кезеңдегі қызметінің мақсатын және ол үшін қажетті ресурстарды (материалды, қаржылық. еңбек, ақпараттық) анықтау болып табылады. Технологиялық тұрғыдан жоспарлау – мақсатқа жетудің жолын анықтайтын кесте, график және моделдер түрінде көрсетілген, техникалық-экономикалық есептер жүйесін өзіне қосады. Жоспарлаудың нәтижесі жоспар болып табылады. Жоспар – бұл ресурстарды жайғастыру және оларды ұйымдасқан мақсаттарға жету үшін қолдануға бағыттайтын шешімдер жиынтығы деген сөз. Жоспар өзіне: ұйымның алдағы кезеңдегі мақсаттары мен міндеттерін, іс-шаралар, мақсаттар мен міндеттер бойынша бөлінетін қажетті ресурстар кешенін, жауапты орындаушылар және жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімін қосады.
Жоспарлау стратегиялық және жедел болып екіге бөлінеді.
Стратегиялық жоспарлаудың негізі нысанның дамуына бағыт беретін болжамдарды құрастыру болып табылады. Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың перспективалы және ағымды жоспарларында нақты мақсаттарды және міндеттерді белгілейді, дене шынықтыру-спорттық қызметтерді және нәтижелерге жетуді көздейтін жоспарлы көрсеткіштерді ұсынады, сонымен қатар осыған қажетті еңбек, қаржылық, материалды ресурстарды анықтайды. Спорттық менеджменттің қызметі ретінде жоспарлау – бизнес-жоспар, спорттық жарыстар мен спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын, ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын өзінің құзырына алады.
Ұйымдастыру – менеджменттің екінші қызметі. Ұйымның құрылымын қалыптастыру, сондай-ақ, тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті нәрселермен – персоналмен, ғимаратпен, қаржымен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыздандыру оның міндеті болып табылады.
Мотивация - спорттық ұйым қызметкерлерін белсенді жұмыс істеуге құлшындыру мақсатымен оларды материалды және моральды жағынан қызықтыруды қарастыратын басқару кезеңі.
Біздің ойымызша, спорттық менеджментте мотивация бір жағынан, халықты спорт пен дене жаттығуларының әртүріне қызығушылығын арттыру қызметін де қамтиды.
Бақылау және есеп – қабылданған шешімдердің орындалу сапасын бағалау, дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың жұмыстарының нәтижесін санды бағалау және ұйымда жүргізілген жұмыстарға жедел тіркеуге алуды міндеттейтін басқару кезеңі.
Үйлестіру – өзінің тоқтаусыз, тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші басқару үрдісі. Үйлестірудің басты мақсаты – ұйымның барлық тармақтарымен және қоғаммен жұмыста өзара талғамды байланыс орнату арқылы келісімділікке қол жеткізу болып табылады.
Спорттық менеджменттің салалық (нақты) қызметтері.
Бағынышты нысанға басқарушылық ықпалының құрамы бойынша ерекшеленетін қызметтерді менеджменттің салалық (нақты немесе арнайы) қызметтері деп атайды. Спорттық менеджменттің салалық (нақты) қызметтері дене мәдениеті және спорт саласында ерекше әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде басқарудың мағынасын аша түседі.
Сонымен қатар, басқарудың нақты қызметтерінің арасында маркетинг ерекше орын алады.
Спорттық маркетинг – бұл қазіргі заманғы нарық жағдайында денешынықтыру – спорттық қызметтерді халықтың тұтынуын неғұрлым толық қанағаттандырудың әдістерін зерттеуші, дене шынықтыру – спорттық ұйымның ғылыми басқармасының маңызды бөлімдерінің бірі.
Спорттық ұйымдарда менеджменттің жалпы және салалық қызметтерінің өзара әрекеттесуі. Спорттық менеджменттің барлық жалпы және нақты қызметтері белгілі бір ұйымдасқан-технологиялық үрдісті құрай отырып, бірыңғай қимылдайды.
Спорттық ұйымдардағы менеджменттің қызметтер жүйесі – бұл дене шынықтыру – спорттық ұйымдардың персоналымен іске асырылатын уақыт және кеңістікпен өзара байланысты басқару қызметтері түрлерінің кешені болып табылады [3].
Спорттық менеджмент қызметтерінің өзара әрекеттесу үрдісін түсіну үшін, ұйымның ұйымдасқан құрылымымен олардың тығыз өзара байланысын ескерудің маңызы зор. Сондықтан қызметтік жүйелер дене шынықтыру және спорттық бағытта жұмыс істейтін ұйымды құрудың обьективті негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет