Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


Біріншісі – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ Заңның болуы; Екіншісі



бет45/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Біріншісімемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ Заңның болуы;
Екіншісі – бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Елдің, халықтың дұрыс өмір сүруі;
Үшіншісі – ақыл-парасат;
Төртіншісі – қанағат –ынсап мәселесі.
Ж. Баласағұнның қоғам туралы ойлары, яғни қазіргі түсініктегі әлеуметтік – философиясында – әділет, бақыт , ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп «Құтты білікте» төрт кейіпкердің бойына жинақталған.
(Автор әділет-әділдіктің символикалық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Бақ – дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды арқылы жырға қосылған. Ақыл – парасаттың қоғамдық-әлеуметтік ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Қанағат – ынсап мәселесі дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
«Құтты білікте» өмірдің мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық рухани байлықтар – адамгершілік, дін, әдеп, өнер мен даналықтың мәні сараланған. Ол ақиқатқа жету жолын – адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімі болуы туралы қағидаға негіздейді.
Төрт құдіретот, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрт тағанның үйлесімінен таралған деп қорытындылайды.
Ж. Баласағұн қоғам туралы ойларында әділетті адамзат қоғамын құруды арман ете отырып, оған жетудің жолдарын қарастырады.
Ойшылдың жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: «Егер мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік».
Ж. Баласағұн – жақсылық пен жамандықты ажыратуға және адамды мейірімділікке шақырады, әлемдік деңгейде барлық мемлекеттер үшін Әділ Заңның болуын армандайды.
Сонымен қатар, Ж. Баласағұн ғылым мен білімге үлкен мән берген.

Білім алып, биіктей бер, адам бол,


Иә, елден тыс, мал атанған надан бол.

Білім – түпсіз, шетсіз –шексіз, бір теңіз,


Қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз

Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық пен адамшылықтың басты өлшемі болып табылады.


Ж. Баласағұн, имандылық, адамилық, парасаттылық жайлы озық ойлар қалдырған. Оның шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырларына терең бойлауға ұмтылушылық тән. Ғалымдар Н. Романов пен С.Н. Иванов: «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы – ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», - деп баға береді.
Адалдықтан еш айныма, тура бол,
Бар тілекке жеткізеді тура жол
-Аллаһ берсе, рахымының шегі жоқ,
Рахатының рахметі тегі көп.
-Барша елге бауырмал бол, қарасып,
Жанға жаулық қылма, жолдан адасып

- Барша елге мейіріммен қарар бол,


Үлкенге де, кішіге де адал бол!

Міне, оқи берсек, түсінікпен талдай берсек Ж. Баласағұнның әрбір сөзі тұнып тұрған философия, терең ой емеспе?!


Ойшыл өтпелі өмір мен өлім жайында да терең толғанады.
-Өлімде бар ғибрат, сабыр сақтағын,
Қайырлы да, баянды болсын тапқаның

-Өлімді көріп тірі жүрген адамдар,


Ғибрат алсын, өлім жайын бағамдап.

Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүниенің қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігінде ұмытпауы қажет.


Ол әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі мен сөз мәдениеті туралы да үлкен түйін жасайды.
-Тән семіртер – нәр ауыздан сіңеді,
Жан семіртер - сөз құлақтан кіреді.

-Болсын елім зерек, сергек, салымды,


Тілге шешен, білікті де, алымды.

Ж. Баласағұн сөздің парқын біліп, тіл тазалығына терең мән берген. «Сөйлеуде, сөйлесе білуде – өнер және мәдениеттіліктің белгісі» деген ғой. Олай болса, сөз – құдірет. Барлығы да өледі, тек жақсы, өнегелі сөзі қалған адам еш өлмейді.


Қорыта келгенде, Ж. Баласағұн орта ғасырда өмір сүрген бүкіл түркі дүниесінің оның ішінде қазақ халқының үлкен мақтанышы. Оның ұлы шығармасы «Құтты білік» - мемлекеттерді басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі Ережелерді қамтыған энциклопедиялық дәрежеде жазылған шығарма. Екіншіден, қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихын, қоғамдық өмірін, әдет – ғұрып, мәдениетін және т.б. жыр еткен баға жетпес еңбек.
Бүгінгі алмағайып заманда Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті, Елбасының жанында жүрген жоғарғы немесе төменгі дәрежедегі шенеуліктер үшін, қоғамда болып жатқан келеңсіз көріністер, яғни жемқорлық пен парақорлықты, жылпостық пен жағымпаздықты әлеуметтік әділетсіздікті болдырмау үшін, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін Ж. Баласағұн бабамыздың ілімдері қажет және мазмұны мен мәнін жоғалтпас құнды дүние деп ойлаймын.
Бүгінгі заман үшінде ол еш мазмұны мен мәнін жоғалтпас құнды дүние. Жүсіп Баласағұн – әлемдік ақыл-ой иесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет