Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет53/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан 2030 барлық қазақстандық-

тардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» // Егемен Қазақстан//

  1. Кошербаева А.Н. Развитие идей гуманизма в педагогическом наследии Юсуфа Баласагуни: дисс. ... док. пед. наук:.13.00.01. – Алматы: 2004

  2. Ахметов Т. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары: пед. ғыл. канд. ... автореф:.13.00.01. – Астана, 2003.

  3. Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание», в книге Ю.Баласагунский «Благодатное знание». - М., 1983. - С. 38

  4. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев; Алматы: Жазушы, 1986

  5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995. – Б. 152

  6. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1971.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ -МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ


Байбекова М.М.,п.ғ.к, аға оқытушы Шымкент қаласы.Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің«Педагогика, психология және өзін-өзі тану» кафедрасы.
Мажит Дария.«Педагогика-психология» мамандығының 4 курс студенті Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті, Шымкент қаласы


Резюме
Данная статья описывает вечную значимость и огромное воспитательное влияние педагогического наследия Юсуфа Баласагуни
Summary
This article describes the eternal significance and enormous educational impact of pedagogical heritage Yusuf Balasaguni.

«Қалар мұра-сөз, кісіден кісіге Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе» - деп ұлы ғалым Ж.Баласағұн айтқандай, өз артында өшпес мұра қалдыра отырып, «Мәңгілік Ел» идеясына мықты негіз болып, әрі біздерге болашақ педагогикалық іс-әрекетімізде мықты тіректелетін теориялық-әдіснамалық тұжырымдамаға айналып отырғандығын уақыт та, барша түркі халқы да мойындап отыр.


Кең жұртшылыққа мәлім көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізгі басты құндылықтар болып есептеледі: оның біріншісі - көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі - Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» атты философиялық шығармасы, әсіресе, бұл идеяның теориялық-әліснамалық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны [ 1, 102б].
Мәңгілік Ел идеясы - қазақ ұлтының мақсат-мүддесін көздейтін және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясын басты тірек ететін идеология болатынына сенуге болады.Кезінде бастауын алып осы күнгі жаңару кейпіне енген «мәігілік идеясы» әуел бастан Жүсіп Баласағұнның шығармашылығында мықтап орын тебеді . Ж.Баласағұн мәңгілікті қалай түсінді және жұртшылыққа қалай түсіндіреді?
Иә, «кісі мәңгі болмас, мәңгі - ат, ары»,
Мәңгі қалар оның жақсы атағы!
Өзің мәңгі емес, атың мәңгілік,
Атың мәңгі болса, затың - мәңгілік.
Құттың қуаты - ердің ізгі есімі,
Ізгі аты - мәңгілік құт есігі» - деген өлең жолдары арқылы тағы да адам деген ұлы атқа тек қана арыңның тазалығымен қол жеткізуге болатынын ескерте кетеді[ 2, 20б]. Осы жоғарыда айтылған ақиқатшыл дананың өсиетін еш ұмытпа, өмірге сын көзбен қара депболашаққа үн тастауға болады. Сондықтан да, Мәңгілік идеясының тарихы тереңде, халық зердесіндегі көлемде. Оның құпиясы - халыққа жасалған ізгілік пен адамгершілікте, адамды жарылқар қылық-әрекетінде, өмірде пайдаға қол жеткізер қайырлы әрекеттерде, ұзын сөздің қысқасы, нағыз ер, адамдық қасиеттің иесінде. Бұл арада тағы да ой қорыта келіп, кемеңгер Жүсіп Баласағұнды қазіргі еліміздің ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевпен салыстыруға әбден болады. Кезінде ғұлама аңсаған мәңгілік идесы міне бүгін Елбасының белсенді жанашырлық әрекеті арқылы іс жүзені асқандай. Міне тағы да қандай ұлы сабақтастық, неткен ұлы кемеңгерлік! Елбасының түркі интеграциясы жолындағы ең басты қызметінің бірі - тығыз экономикалық ынтымақтастыққа келіп саяды.ХХІ ғасырды - «Түрік мәдениетінің ғасыры болады» - деп айтушылардың саны күн санап артып келеді. «Біздің жолымыз, деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев, ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Негізгі ұстаным - жасампаз қазақстандық патриотизмді нығайтуға, оны ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластыруға арналған» [3, 1б ].
Сол ұстанымға мұрындық болған тарихи өшпес мұраның бірі, әрі бірегейі «Құтты білік» дастаны болып отыр. Бала тәрбиесінде көршінің рөлі ерекше. Қазақ халқының «Қызың өссе - қызы жақсымен көрші бол, ұлың өссе - ұлы жақсымен көрші бол» деген мақалы осыны айғақтайды. Жүсіп Баласағұнның еңбегінде көршімен сыйластық қарым-қатынаста болу отбасы тәрбиесінің бір басты бөлшегі болып қарастырылады. Сол кезеңнің өзінде-ақ Жүсіп Баласағұн ең алдымен үй сатып алуда көрші мәселесін ойластырған дұрыс деп санайды.
Осы тұста қазақта «үй алма, көрші ал» деген де мақал да өз маңызын жоғалта қоймады, керісінше үнемі ауызекі қолданыста. Ақын үй салар болсаң немесе сатып алар болсаң үш нәрседен аулақ бол деп ескертеді. Олар: үлкен жолға жақын жерден үй салмау, тасыған өзеннің жанынан үй алмау, сондай-ақ, үлкен қамал жанынан үй алмау. Себебі, бұл үшеуінің жанынан үй алу қатерлі, егер бір апат бола қалса қорғану жағдайы қиын болады деп түсіндіреді. «Үй іздесең, көрші жайын сынарсың, Жер іздесең, судың жайын сұрарсың» - деп көрші болатын адамдардың мінез-құлқы мен көңіл-пейілдерінің дұрыс болуын және «су - тіршілік көзі» болғандықтан суы бар жерден үй алып өсіп-өнуді қатты ескертеді.
Адам болған соң досың да, дұшпаның да болады, сондықтан сынға дұрыс қарап, өз кемшілігіңді түзетуге көңіл бөл!-деп адамдарды сол кездің өзінде өзін-өзі бағалауға шақырып, аталған тәрбие түрін өзекті етеді.Тағы бір сөзінде ақын адамның шектен тыс асқақтауы түбінде бір тосқауылға кезігетінін, ал шектен тыс сараңдық қасиет сөгіс естуге жеткізетінін айтады. Ғұлама ақын қатты ашуланып өкпелейтіндей жағдай болса да, өмірден түңілмей сабыр сақтауды, ыждағаттылықпен күте білуге шақырады.
Ақынның бұл туралы пікірлері келесі өлең қатарынан анық аңғарылады: «егер қайғы жараласа жаныңды, күт сабырмен туатын шат шағыңды». Бұл арада тағы да ақынның кемеңгерлігі, яғнисабырлы болуға тәрбиелеуі мен мұндалап тұр. Егер дәулет қатты жапса қақпасын, Күт сабырмен, шұғыл бұрма ат басын, - деп сабыр түбі- сары алтын дегенге келіп саяды. Сабырлылық пен шыдамдылық, ұстамдылық секілді ізгі қасиеттер нағыз азаматқа тән белгілер деп баға береді. Ақын ойынша білім адамның пейілін тазартады, тіршіліктің түйткіл мәселелерін шешуді үйретеді, өмірдің жолын ашты, ұлылыққа жетеледі, қадірі мен мәртебесін көтерді.
«Ақылды - ұлы, біл, білімді - білікті,
Екеуі ұлы етер, қонса жігітті»- дей келіп, осы сөздерден ғұламаның білім алуға ертеден халықты шақырғанын ұғамыз. Сол уақытта мемлекетті басқаруға тек білімді де, ақылды адам араласуы тиіс деді. Білім адамға күш береді. Білікті күшті адам. Адам біліктен күш табады, ер біліммен басын алып жүреді. Осы уақытқа дейін біздер «Білімде - күш» деген қанатты сөзді ХVІІ ғ. ағылшын философы Ф.Бэкон алғаш рет айтқан деп есептеп келдік [ 4, 50б].
Ал шындығында Ж.Баласағұн Ф.Беконнан алты ғасыр бұрын осы қанатты сөзді айтқандығын мойындап отырмсыз. Әрине, ештен кеш жақсы депкеш болса да, асылымызды тауып қайта қауышқанымызға шүкіршілік етіп сол асыл мұраны сол қалпында келешек ұрпаққа жеткізгеніміз дұрыс. Кемеңгер білім деген асыл қазынаның өмірлік маңызын нақты көрсете білген. «Білікті оймен алаңдар, біліксіз тура шауып арандар». Білімсіздің көңілі - құм, құмсыз шөл - дей келіп, білімді адамның ойының да биік ,мерейінің үстемболатынын тағы ескертеді. Білікті адамның сенім кереметін ұғындыратынын, ойдың асыл қымбатын, шын ақылдың қиынын ұқтыратындығына меңзейді. «Білікті адам нәзік ойын, дананың айтқан сөздерін кестелер, ел айтқанын ескерер, жарандармен жақындасса қуанышқа бөленер» -дей келіп, тағы да білімді адамның рухын көтере отырып, адамзат баласын білім алуға шақырады деп тұжырым жасауға болады.«Қыңырлық ессіздіктен, білімсіздіктен, надандықтан туындады» деген жолдардан ақынның адам мінезінің теріс жақтарын тура айтып оның реалистік қырын тағы да аңғарамыз.
«Билей алсаң - ақыл, білім, жүректі,
Орындадым де қасиетті тілекті!» – деген өлең жолдары арқылы Жүсіп Баласағұн адамдарды өз бойларын меңгеріп, адам деген ұлы атаққа ие болудың басты сара жолдарын меңзеп атап кетеді. Ол жолдар- ақыл, білім, жүрек. Міне осы аталғандарды дер кезінде басқарып басты мақсатқа жетуді ұсынады. Бұл арада тағы да кемеңгердің осы күнімізге білім арқылы ғана жететінімді сол уақыттың өзінде армандап болжап кетсе керек деп түсіну керек. Ал бұл айтылған өлең жолдары ұлы Абайды шығармаларында (әсіресе қара сөздерінде) өз жалғасын табады.
Мұны тағы да кездейсоқтық емес, керісінше замана, яғни жүрекпен түсінісіп, өзара сабақтасты ғұламалардың ғасырлық сезімдік жалғастығы деп түсініп, бұл феноменді айрықша жоғары бағалау- біздердің педагогтардың тағы басқа зерттеушілердің құзырлы ісіне айналуы тиіс деп ойлаймыз. Дуалы да, ұлы «Құтты білік» кітабы ешқашан өзінің маңыздылығы мен мәнін жоймайтын өміршең де, құдертті кітап. Оның құдіреттілігі –ғасырлар арқылы қол жеткен ұлы адамгершілікті асқақтату мен елдікті қамтамсыз ету болып табылады. Бұл арман , сол кезеңдегі ұлы міндет бүгін асыл да игі, жақысылар арқылы орындалды демекпіз.
Жоғарыда айтылғандарды ой елегінен өткізер болсақ, біздер болашақ педагог-психологтар немесе жалпы ұстаздар қауымы өзіміздің алдағы ұлы да кәсіби іс-әрекетімізде кемеңгер ғұламаның өресі озық идеяларын оқу-тәрбие процесінде толық басшылыққа ала отырып қолдануға тиістіміз деп есептейміз. Нақтылап атап айтқанда «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» мен «Педагогикалық шеберлік» тағы да «Инновациялық педагогикалық технологиялар» деген таңдау компоненттері сабақтарында ғұламаның өнегелі де өсиетті өлеңдері мен мағынасы құнды мақалаларын үнемі оқушылар мен студенттер санасына құйып отыруымыз керек. Сонда ғана ғасырдан ғасырға замана жалғастығы ретінде кемеңгер идеялары мәңгілікке айналады.
Жаңа инновациялық технологиялар ретінде «Құтты білік» дастанын сахналық қойылым ретінде имитациялық ойында бейнелеуімізге де әбден болады. Ал психолог ретінде психологиялық кеңес беру процесі барысында ұлы Жүсіп Баласағұнның өсиеттері мен философиялық мазмұнды өлеңдерін, мақалаларынклиенттерге дұрыс жолды таңдауға бағыт ретінде қолданса нұр үстіне нұр болатыны айдан анық.
Міне, сондықтан да Жүсіп Баласағұнның идеялары мен шығармашылығы біз бен сіздер сияқты зерек те, саңлақ ұлт болашағын ойлайтын жанашыр азаматтар тұрғанда мәңгілік болып жалғаса береді деп үлкен сеніммен мақтана да, марқая айта аламыз!
Жалпы алғанда, «Құтты білік» мазмұндық-мағыналық тұрғысынан кез-келген адамды керемет таң қалдыратын, терең ойға батып толғандыратын, ізгілік пен даналыққа құштарлықты оятып, адамды белсендендіретін трактаттар жиынтығы; адамгершілік, адалдық, қайырымдылық пен әділдік мұраттарын аңсап өткен ұлы армандар сабақтастығы; халықтың құты, байлығы мен ырысы болған әрі бола беретін сыйқырлы ілім. Ойшылдың өмірлік ұстанымы: «Адам баласының бақыты да, құдіреті де, сұлулығы да оның қоғамға, халыққа берген пайдасында». Автор «құтын тұтсын оқушым білікті ойдың» деген ұлы тоқтамға айрықша мән беріп, ұлы қадір-қасиетті дамытуға шақырады.
«Даналық пен адалдық -табынары бұл елдің! – деген ойшылдың өлең жолдарымен өз сөзімізді аяқтай отырып, ардақты ағайын адал болайық, даналы кемеңгер болайық, Мәңгілік ел идеясын ғасырлар жалғастығы ретінде көздің қарашығындай сақтайық, келер ұрпаққа дәріптеп жеткізейік дегіміз келеді!.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет