болмайды-ау, деп мұңайдым. Сол сəтте, Мартин апай бізбен қоштасып
жатқанда, мен бірдеңені байқап қалдым. Ол кісі мен бұрын
байқамаған бір шаруаны істеп жатыр екен. Расында, мұны бұрын
көргенмін, бірақ оған мəн бермегенмін.
Мартин апай, комикс кітаптарының
сыртқы тыстарын ортасынан
қақ бөліп, жоғарғы бет жағын өзіне қалдырып. Қалғандарын картон
жəшікке лақтырып тастап жатыр екен.
Мен, ол кісіден,бұлармен не істейсіз?-дегенімде, шығарып
тастаймын,-деді. Тыстың сыртқы бетін, комикс кітаптарын сатушыға
беремін, ол жаңаларын əкеледі. Сатушы бір сағаттан соң келеді.
Майк екеуіміз оны шыдамдылықпен бір сағат күттік. Кешікпей
ол да келді. Ол кісіден, мына кітаптардың қалғанын алуға бола ма?-
деп сұрадым.
-Болады, - деді ол, егерде сендер осы дүкенде
жұмыс істесеңдер
жəне оларды қайта сатпасаңдар.
Біздің серіктестігіміз қайта жанданды.Майктің шешесінің
пайдаланбай жүрген, үй астындағы бөлігінен орын табылды. Біз оны
əртүрлі қоқыстардан тазартып, жүздеген комикс кітаптарының қалған
бөліктерін жинап тасумен болдық.
Сөйтіп, жуыр арада біздің көпшілік үшін, комикс кітапханамыз
ашылды. Біз кітапхананың бас кітапханашысы ретінде, оқу үздігі
Майктің қарындасын жалдап алдық. Ол əр баладан, кітапханаға
кіргені үшін, 10 центтен ақша алды. Кітапхана күнде, сабақтан кейін
14:30 дан 16:30 дейін ашық болатын.
Келушілер көршілердің
балалары, 2 сағат бойынша үлгергендерінше комикстерді оқитын. Бұл
оларға пайдалы еді, себебі: бір комикс кітабы 10 цент тұратын, ал екі
сағаттың ішінде 5-6 кітап оқып шығуға болады. Майктің қарындасы,
кітаптарды біреулердің алып кетпеушілігін бақылап отыратын. Оның
сыртында келушілердің тіркеу кітабын жүргізетін жəне күнде
кімдердің келетін есебін жүргізетін, пікірлерін жазатын. Үш айдың
ішінде, біз
Майк екеуіміз, аптасына орта есеппен тоғыз доллар 50 цент
ақша таптық. Біз, оның қарындасына 1 доллардан ақша төлеп,
кітаптарды тегін оқуға рұқсат ететінбіз. Дегенмен, ол кітаптарды
сирек оқитын, көбіне сабақтарын дайындап отыратын.
Біз, Майк екеуіміз, шарт бойынша сəрсенбі сайын бұрынғыдай
дүкенде жұмыс істедік. Біз комикстер сатушысына берген уəдемізді
орындадық, оның кітаптарын қайта сатқанымыз жоқ. Кітаптар əбден
тозығы жетіп жыртылғанда, пайдалануға келмегенде, өртеп
жіберетінбіз.
Біз кітапханамыздың филиалдарын ашуға тырысып көрдік, бірақ
Майктің қарындасындай, сенімді кітапханашыны таба алмадық. Міне,
осылай біз, кадр проблемаларының не екенін ерте түсіндік. Үш айдан
соң, кітапханада төбелес басталды. Оның ішіне көршілес көшелерде
тұратын, бұзақы балалар кіріп кеткен болатын. Майктің əкесі істі жабу
керек, -деп ұсыныс берді.
Сөйтіп, іс жабылды, бізде сенбі сайын дүкенде
жұмыс істеуімізді
тоқтаттық. Оның сыртында, бай əке, былайда бізді тағы басқа жаңа
нəрсеге үйретуді ойлаған еді.
Біздің, оның бірінші сабағын жақсы игергенімізге өте қуанышты
еді. Біз ақшаны, өзіңе қалай жұмыс істетуді көріп, үйрендік.
Дүкендегі жұмысымыз үшін, көк тиында алмай; өзіміздің
ойсанамызға жүгініп, ақша табудың қандай, мүмкіншіліктері бар
екенін көрдік.
Өзіміздің
бизнесімізді бастап, комикс кітапханасын қүрып біз
қандайда болмасын жұмыс берушіге тəуелді болмай, өз қаржымыздың
қожайыны болдық.
Мұның ең жақсысы, мынада еді: біз кітапхананың өз ішінде
жүмыс істемесек те, біздің бизнесіміз табыс əкелді.
Біз үшін, біздің ақшамыз жұмыс істеді. Бай əке бізге жалақы
төлеген жоқ. Ол бізге бұдан да көпті берді.