- Бұл кісілер əкемде жұмыс істейді. Ер адам қойма меңгерушісі,
əйелдер ресторандарды басқарады. Пикап машинасымен кеткен кісі, осы
арадан 70 шақырымдай жерде жол құрылысымен айналысады.
Екіншісі сен келгенше кетіп қалған.
- Күнде осылай ма? -дедім мен таңданып.
- Күн сайын емес, бірақ жиі,-
деп жауап берді Майк, менің
жаныма отыра беріп.
- Ол кісі бізді ақша жасауға үйрете ме екен? Бұған ол не айтты?-
дедім мен ақырындап.
Алдымен ол біртүрлі таңдана қарады, ал сонынан менде сендерге
үсыныс бар, -деді.
- Солай ма? -дедім мен орындықта тербеле отырып.
- Сен білесің бе?- ол қандай ұсыныс.
- Жоқ, бірақ қазір білеміз.
Бір кезде есік тез ашылып, есік алдына шапшаң қимылмен
Майктің əкесі шықты. Біз сасқанымыздан орнымыздан атып тұрдық.
- Балалар, даярсыңдар ма? -деді ол біздің қасымызға орналаса
беріп. Біз басымызды изедік,
оған жақындап, алдыңғы жағынан
орналасып. Бұл кісі ірі денелі адам болатын, бойы 180 сантиметрден
астам, салмағы 90 кг менің əкем одан биіктеу, салмақтары бірдей, бірақ
Майктің əкесінен 5 жас үлкен. Олар əр ұлт өкілдерінен болсада,
бір-біріне
кішкене ұқсас еді. Мүмкін ұқсастықтары- жігерліктері
болар.
- Майк айтып еді: сендер ақша тапқыларың келетін көрінеді.
- Солай ма, Роберт?
Мен басымды изедім, қорқынышты сезіммен. Оның кішіпейіл
сөзі мен күлкісінің артында, үлкен күштің барлығы сезіліп тұрды.
- Онда менде, мынандай ұсыныс бар. Сендерді оқытам, бірақ
мектептегідей емес, басқаша. Ол үшін маған жұмыс істеулерің кажет.
Жұмыс
барысында, мен сендерді тез үйретем. Ал, егер мектептегідей
тек қана отырып қана тыңдаймыз ғой, -деп ойласаңдар, онда мен
уақытымды текке жоғалтам.
Менің ұсынысым:
көнсеңдер келісімдеріңді беріңдер, көнбесеңдер қойыңдар.
- А... алдымен сұрауға бола ма?- деп бастап келе жатыр ем.
- Жоқ.
- Көнсеңдер- көніндер, көнбесеңдер өздерің біліңдер. Менде
жұмыс өте көп, босқа уақыт өткізе алмаймын.
Егер сендер тез шешім
қабылдай алмасаңдар, ешуақытта ақша жасай алмайсыңдар.
Мүмкіндіктер пайда болады жəне жоғалады. Егер сендер шапшаң
шешім қабылдайтын болсаңдар, бұл тамаша.
Міне, сендердің іздегендеріңнің мүмкіндігі енді туды. Сабақ
басталды, немесе 10 секундтен кейін аяқталады, -деді Майктің əкесі
жымыйып.
- Мен келісемін, -дедім мен.
- Мен де,- деді Майк.
- Жақсы, -деп жауап берді Майктің əкесі. Мұнда 10 минуттан
кейін Мартин апай келеді. Мен, ол
кісімен сөйлескеннен кейін, сол
кісімен бірге, менің өз-өзіне қызмет жасайтын дүкеніме барып,
жұмысқа кірісесіңдер. Мен сендерге сағатына 10 центтен төлеймін, əрбір
сенбі сайын үш сағаттан жұмыс істейсіңдер.
- Менде, бүгін бейсболдан кездесу бар еді,- дедім мен ышқынып.
- Көнсеідер көніңдер, көнбесеңдер кетіңдер, -деді ол қатқыл
дауыспен.
- Келісемін,
-дедім мен, біржола бейсбол ойынын қойып, жұмыс
істеуге жəне оқуға шешім қабылдап.
Достарыңызбен бөлісу: