Робототехника негіздері. ДӘріс кешені дәріс-1



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата14.02.2023
өлшемі1,22 Mb.
#67834
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
дәріс

 
Негізгі әдебиеттер «Робототехника негіздері» электрондық кітап 
 
Дәріс 2 
Дәріс тақырыбы: Қазақстан «robotic education» аумағындағы жағдай 
Дәрістің мақсаты: Қазақстандағы робототехниканы зерттеу 
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар: 
1) Қазақстандағы ЖОО робототехниканың маңыздылғы; 
2) Қазақстандағы робототехниканың дамуы, қолдану аймақтары; 
Дәрістің тезисі: 
Робототехника – роботтарды және робототехникалық жүйелерді құруға 
негізделген, 
күрделі 
технологиялық 
үрдістерді 
және 
операцияларды 
автоматтандыруға, сонымен қатар қауіпті және ауыр жұмыстарды орындағанда 
адамды алмастыру үшін арналған ғылым және техниканың бөлімі. 
Қазіргі кезде дүние жүзінде 1600 ғылыми-техникалық компаниялар мен 
фирмалар, зертханалар мен орталықтар робототехниканы зерттеулермен 
айналысуда. 2010 жылы Ресейде кибернетикалық құрастырудың көмегімен 
роботтарды оқып үйренуге бейімдейтін тұңғыш «Робототехника для детей и 
родителей» атты кітап жарыққа шықты. Бұл оқулықтың шығуына негіз болған 
«Робототехника с использованием LEGO Mindstorms EV3» мақаласы.
Робототехника негіздері үш үлкен ғылыми-техникалық зерттеу 
аймақтарымен қалыптасқан: механикалық инженерия, электрлік инженерия және 
компьютерлік ғылым. Дәлірек айтқанда механикалық инженерия – динамика, 
материалдар, үлгілеу машиналардың элементтері, компьютерлік үлгілеу, құрал-
саймандарды шығару жұмыстарымен айналысса, электрлік инженерия – электрлік 
схемалар, күш электроникасы, датчиктер және олардың орындалу механизмдері, 
байланыс хаттамалары, басып шығару схемаларын үлгілеумен жұмыс жасайды. 
Ал компьютерлік ғылым бағдарламалау тілдерімен (С, С++, Java, Ассемблер), 


микроконтроллер, микрокомпьютерлер, басқарудың кіріктерме жүйелері, 
есептеулер яғни жасанды интеллект, бейнелерді танып білу, компьютерлік 
көзқарастармен айналысатын бөлім.
Қазіргі уақытта инженерлік робототехника саласындағы білімі бар 
мамандар үлкен сұранысқа ие. Сондықтан бастауыш мектептен бастап жоғары 
оқу орындарына (ЖОО) дейін оқу үрдісіне осы бағытта зерттеулер енгізу сұрағы 
өзекті мәселе болып табылады. Білім берудегі робототехниканың мектептер мен 
жоғары оқу орындарына белсенді енгізу арқылы маңызды мәселелердің бірін 
табысты шешуге мүмкіндік береді: еңбек нарығындағы мамандандырылған 
инженерлік-техникалық кадрлардың үдемелі жетіспеушілігі, бұл әсіресе дамып 
келе жатқан мемлекеттерге аса маңызды.
Білім беру үрдісіне робототехниканы енгізу: 

инженерлік бағыттағы зертханаларға негізделген ортаны құру, мұнда 
қатысушылар информатика, математика және үшөлшемді үлгілеу пәндер кешенін 
зерттейді; 

ғылыми-техникалық 
шығармашылыққа 
тарту, 
шығармашылық 
қабілеттерді анықтау және дамыту, заманауи және тиімді кәсіби бағыт беруді 
қамтиді; 

жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге уәждемені жоғарылатады. 
Виртуалдық орталар роботтарды бағдарламалап қана қоймай, айналадағы 
заттарды құрастыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, түрлі қызығушылықтары бар 
қатысушыларды топтарға біріктіріп және міндеттерін бөлуге болады. Ұжымдық 
жұмыс 
қатысушыларға 
жоба 
әзірлеуде 
ынтымақтастық 
дағдыларын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұнда робототехниканы білім берудің түрлі 
сатысында әр түрлі мақсаттарға ие болу керек екенін түсіну маңызды. Сондықтан 
қатысушылардың жас мөлшеріне байланысты технологиялық орталардың түрлі 
деңгейін пайдаланып, дифференциалдық әдістемені қолдану қажет [1]. 
Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, 
Германия сияқты робототехника саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі 
өндіріске ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбектеніп жетті. Қазірге кезде 
жоғарыда айтылып кеткен елдерде, робототехника саласы қарқынды дамып келеді 
және де сол елдердегі робототехника саласы Қазақстандағы робототехниканы 10-
20 жылға озып отыр. 


Сурет 1- Білім берудегі робототехникамен айналысу 
Еліміздегі білім беру мекемелеріндегі робототехниканың дамуын 
қарастырсақ: робототехникамен көбінесе 71% Назарбаев Зияткерлік мектептері, 
14% тақырыптық үйірмелер, 11% ЖОО, 4% орта мектептер айналысады.
Робототехника мамандарын дайындайтын ҚР ЖОО: Қ.И. Сәтбаев 
атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, Назарбаев Университеті, Әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті [2]. 
Сурет 2 - Робототехника мамандарын даярлайтын ҚР ЖОО 
Қазақстанда ТМД және Азия елдерінде алғашқы рет жоғарғы техникалық 
инновациялық робототехника индустриясының негізі қаланды. Бұл мақсатта 
Қазақстан Республикасында 2011-2013 жылдар арасында Ұлттық ғылыми 
техникалық 
«Парасат» 
холдингі 
Назарбаев 
Университетімен 
бірлесе 
робототехника және робототехнология саласын жетілдіру мақсатында ғылыми-
техникалық бағдарлама жасалынды.


Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: 

өндірісті өркендету және роботтардың сервистік қызмет көрсетуін 
қамтамасыз ету; 

Назарбаев Университетінде робототехника өндірісін дамытуда және 
робототехнология иннвациясын өңдеуге ғылыми білім беретін база құру; 

«ақылды робот» құрастыруда жоғарғы білікті мамандар дайындау; 

тұрмыстық роботтарды (Hanool Robotics, Оңтүстік Корея) өндіретін 
алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жеткізетін құрау бөлшектерінен өндірісті 
ұйымдастыру үшін арнайы база дайындау; 

отандық өндіріс тауарларды және кәсіпорындарды роботтармен 
жетілдіру мақсатында, мысалы күнделікті тұрмыста қолданылатын тұрмыстық 
интеллектуалды роботтар, медицинада, төтенше апаттық жағдайларда және 
болашақта экономиканың кез келген саласында робототехниканың ішкі 
құрылымын жасау; 

жаңа өндірістік салаларға жоғарғы білікті маман кадрларын даярлау. 
Осы 
бағдарламаның 
негізінде 
еліміздегі 
Назарбаев 
Зияткерлік 
мектептерінде және Назарбаев Университетінде робототехника мамандық, пән 
және қосымша курс ретінде бағдарламаға енгізілген. Өскемен қаласындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника қосымша курс ретінде 5-9 
сыныптарға 20 сағатқа құрылған. Курстың басты мақсаты – оқушыларға LEGO 
Mindstorms конструкторы, EV3 микропроцессоры және LabView фирмасымен 
құрылған бағдарламалау ортасымен робототехника мен бағдарламалаудың негізін 
қалыптастыру. Бағдарлама мектеп бағдарламасындағы математика және физика 
пәндерін терең оқытуды қажет етеді. Теориялық және практикалық білімде 
робототехника физика саласының статика, динамика, электрика, электроника, 
оптика аймақтарына терең үңіледі, техникалық дизайнның негізінде сызу 
сабағына да байланысы бар. Сонымен қатар информатика курсында күрделі 
алгоритмдерді іске асыру, ал жоғары оқу орындарда өнеркәсіптік процестерді 
автоматтандыру және басқару процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет