Робототехника негіздері. ДӘріс кешені дәріс-1



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата14.02.2023
өлшемі1,22 Mb.
#67834
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
дәріс

EV3-дің бағдарламалық қамтамасыз етілуі 
ИК-басқару 
Жойылған инфрақызыл маякты қашықтықтан басқару және инфрақызыл 
датчикті қабылдағыш ретінде пайдалана отырып, төрт порттың біріне жалғанған 
кез келген моторды тура немесе кері қозғалыспен басқаруға болады.Екі түрлі 
режимі бар. Режимнің бірінде сіз жойылған инфрақызыл маяктағы 1-ші және 2-ші 
каналды қолдана аласыз. 1-ші каналда сіз B портіне (жойылған инфрақызыл 
маяктағы 1 және 2 батырмаларды пайдаланып) және С портіне (жойылған 
инфрақызыл маяктағы 3 және 4 батырмаларды пайдаланып) жалғанған 
моторларды басқара аласыз. 2-ші каналда А портіне (1 және 2 батырмаларды 
пайдаланып) және D портіне (3 және 4 батырмаларды пайдаланып) жалғанаған 
моторларды басқара аласыз.Екі режим арасындағы ауысым орталық батырма 


арқылы үзеге асады. Қосымшаның негізгі терезесіне қайту үшін «Назад» 
батырмасын шертіңіз. Модульді бағдарламалау ортасы 10 – суретте көрсетілді. 
Сурет 10 Модульді бағдарламалау ортасы 
EV3 
модулі 
сіздің 
компьютеріңізде 
орнатылған 
программалық 
жабдықтамаға байланысты құрылады. Берілген нұсқаулық сіздің алғашқы 
жұмысыңыз үшін негізгі мәліметтерді қамтиды. 
Бағдарлама құру 11 – суретте көрсетілген. 
Сурет 11 Бағдарлама құру 
Модульді бағдарламалау ортасын ашыңыз. Жүктелу терезесі шина мен 
әрекеттерге байланысты өзара байланысқан «Начало» және «Цикл» блоктарына 
қатынауға болады. Блокты қосудың көлденең үзілісті сызығы сізге өзіңіздің 
программаңызға басқа блоктарды қосуға мүмкіндік береді. Блоктар палитрасынан 
жаңа блок қосу үшін «Вверх» батырмасын басыңыз. 
Блоктар палитрасынан сіз керек жаңа блоктарды қоса отырып, «Влево», 
«Вправо»,«Вверх» және «Вниз» батырмаларын қолдану арқылы орнынан 
жылжытуға болады. Ереже бойынша, блоктардың екі типі бар: әрекет және күту. 
Әрекет болгының көрсеткіші – блоктың оң жақ жоғарғы бөлігіндегі кішігірім 
меңзер. Күту болгының көрсеткіші – кішігірім құм сағаттар. Барлығы 6 түрлі 
әрекет блогы және 11 түрлі күту блоктары бар. 
Егер сізге керек болған блок табылмаса, онда сол блокқа көшіп, орталық 
батырманы шертіңіз. Сіз өзіңіздің программаңызға ораласыз. 
Әрбір бағдарланған блокта сіз бір параметр өзгерте аласыз, «Вверх» және 
«Вниз» батырмаларын пайдалана отырып. Мысалы, «Действие — рулевое 


управление» блогында сіз сіздің жұмысыңыздың бағытын өзгерте аласыз. Өзгерту 
керек параметрді таңдап алып, орталық батарманы шертіңіз. 
Блоктарды жою. Егер сіз программадан блокты жойғыңыз келсе, онда 
жойғыңыз келген блокты ерекшелеп, блоктар палитрасына өту үшін «Вверх» 
батырмасын басыңыз. Блоктар палитрасында сол блокты қоқыс жәшігіне 
орналастырып, орталық батырманы басыңыз. Енді блок жойылды. 
Программаны іске қосу. Программаны іске қосуда алғашында «Начало» 
блогына орналасу үшін «Влево» батырмасын пайдаланыңыз. Орталық батырманы 
шерткенде, сіздің программаңыз іске қосылады. 12 – суретте бағдарламаны іске 
асуру суреті қойылған. 
Сурет 12 Бағдарламаны іске қосу. 
Программаның сақталуы және ашылуы 
Сіз программаңызды сақтау үшін программаның сол жақ бөлігіндегі 
«Сохранить» белгісіне көшіңіз. Егер сіз «Сохранить» белгісін бассаңыз, сізден 
программа атауын көрсетуіңізді немесе үнсіз келісім бойынша атау таңадауды 
сұрайды. Осыдан кейін ОК бассаңыз – сіздің программаңыз BrkProg_SAVE
бумасында сақталады. 
Сонымен қатар сіз «Сохранить» белгісінің астында орналасқан «Открыть» 
белгісін басып, EV3 модуліндегі кез келген программаны аша аласыз.
Модуль мәліметтерін журналдау қосымшасы 
EV3 модулі өзінде орналасқан мәліметтерді журналдау қосымшасын 
қарапайым қолдана алады. Төменде берілген негізгі міліметтерді қамтитын
нұсқаулық сіздің алғашқы жұмысыңыз үшін керек болады. Сурет 13 де негізгі 
терезе көрсетілген. 
Сурет 13 Негізгі терезе 


EV3 модуліндегі мәліметтерді журналдау қосымшасын аша отырып, сол 
жағынан сіз график аймағын көресіз. Егер EV3 модуліне датчик немесе мотор 
жалғанған болса, онда графикте датчиктердің бірінің ағымдағы көрсеткіші 
бейнеленеді, мысалы осциллоскоптың (егер мотор қосылған болса, онда ішкі 
датчик айналымының көрінісі).
Графиктің оң жағында келесі мәндер көрсетіледі: ағымдағы көрсеткіш, ең 
жоғарғы көрсеткіш, ең төменгі көрсеткіш және орташа көрсеткіш. Ұзақтығы 
эксперимент жағдайында ғана көрсетіледі. Бағдарлама құрылымы 14 – суретте 
көрсетілген. 
Сурет №14 Бағдарлама құрылуы 
Төмендегі кішігірім терезеде ағымдағы мәліметтерді оқу қай порттан 
оқылып жатқандығы көрсетіледі (енгізу порты 1,2,3 немесе 4, немесе шығару 
порты A, B, C, D). 15- суретте Экспериментке дайындық және орындалуы 
көрсетілген.
Сурет 15 Экспериментке дайындық және орындалуы 
Егер сіз экспериментті дайындап, оны орындағыңыз келсе, онда алдымен 
гаечный кілт болып саналатын оң жақ төменгі бөлікте орналасқан «Настройки 
журнала данных модуля» батырмасын басыңыз. Сәйкесінше, «Вниз», «Вправо» 


батырмаларын пайдаланыңыз. Енді сіз минутына бір таңдамадан секундына 
мыңға жуық таңдама көлеміндегі диапазоннан сіздің экспериментіңізде 
таңдамалар жиілігін қоя аласыз. 
Содан кейін сіздің экспериментіңізде қолданылатын датчикті таңдаңыз. 
Орталық батырма көмегімен «Настройка датчика» пунктін белгілеңіз. 
Сіз EV3 модуліне жалғанған датчиктер тізімін аласыз. «Вверх» және 
«Вниз» батырмаларының көменгімен керек болған датчикті таңдаңыз.
Экспериментті орындау үшін «Запись» («Настройки» батырмасының 
жанында) батырмасын таңдап, басыңыз. 
Белсенді график таңдалған датчиктен келіп түскен мәндерді көсетеді. Оң 
жақтан сіз экспериментіңіздің статистикасын және ұзақтығын көре аласыз. 
Қозғалмалы «Запись» батырмасы және жасыл индикатор EV3 модулінің 
жағдайын және эксперименттің орындалып жатқанын көрсетеді. Экспериментті 
аяқтау үшін орталық батырманы басыңыз. 
Экспериментті тоқтатқан жағдайда эксперимент атауын көрсетуді немесе 
үнсіз келісім бойынша атау берудіұсынады. Егер ОК батырмасын бассаңыз сіздің 
экспериментіңіз BrkDL_SAVE бумасында сақталады. 
EV3 модулінде түрлі жалпы баптауларды қарауға және түзетулер енгізуге 
мүмкіндік береді. 
Дыбыс. 
Кейбір жағдайларда EV3 блогындағы динамик дыбыс өзгерту қажет болуы 
мүмкін. Динамик дыбысын өзгерту үшін баптаулар терезесіне өтіңіз. «Громкость» 
батырмасын ерекшелеп, орталық батырманы басыңыз. 
Сурет 16 Дыбыс баптаулар 
«Вправо» және «Влево» батырмаларын пайдалана отырып, 0 % -ден 100 
%-ге дейін диапазонда болатын дыбыс қатаңдығын өзгертуге болады. 
Ұйқы режимі 
Күту уақытын өзгерту үшін EV3 модуліне көшпес бұрын баптаулар 
терезесіне көшіп, сосын «Вниз» батырмасының көмегімен «Спящий режим» 
менюіне өтіңіз. Орталық батырманы шертіңіз. 


«Вправо» және «Влево» батырмаларын пайдалана отырып, 2 минуттан 
ары қарай диапазондағы үлкен немесе кіші уақыт аралығын таңдаңыз. Осыдан 
кейін сіз баптаулар терезесіне ауыстырыласыз. Ұйқы режимін іске қосу 17 – 
суретте көрсетілген. 
Сурет 17 Ұйқы режимі 
Bluetooth. 
EV3 
модулінде 
Bluetooth 
қосылады, 
және 
мұнда 
конфиденциальностьтың нақты параметрлерін және Apple iOS баптауларын 
таңдауға болады. Сонымен қатар сіз Bluetooth-ды тағы бір EV3 блогына қоса 
аласыз. 
Сіз баптаулар парақшасынан Bluetooth-ды таңдаған кезде сізге 4 нұсқау 
беріледі: қосылу, көрінушілік, Bluetooth және iPhone/iPad/iPod. Баптаулардың 
негізіг терезесіне кері қайту үшінтерезенің төменгі жағындағы жалауша 
белгіленгенше «Вниз» батырмасын басу керек, сосын ОК орталық батырмасын 
шертіңіз. Bluetooth 36 суретте көрсетілген. 
Сурет 18 Bluetooth 
Ескерту. Бұл баптау iOS құрылғысына қосылуға көмектеседі. Бұл үшін 
сізге тек iPhone/iPad/iPod параметрін таңдаса жеткілікті. 
iPhone/iPad/iPod 


Bluetooth арқылы EV3 модулінApple iOS құрылғыларына қосылғыңыз 
келсе, осы параметрді таңдаңыз. 
Сіз бір уақытта стандартты Bluetooth және Apple iOS құрылғыларына 
арналған Bluetooth-ды қосуға болмайды. 
Bluetooth байланысын iOS құрылғысына қосу және ажырату үшін «Вверх» 
және «Вниз» батырмаларының көмегімен «iPhone/iPad/iPod» пунктін таңдап, 
орталық батырманы таңдаңыз.
EV3 модулінің экранының жоғарғы сол жақ бөлігінде Bluetooth белгісі 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет