Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:
өндірісті өркендету және роботтардың сервистік қызмет көрсетуін
қамтамасыз ету;
Назарбаев Университетінде робототехника өндірісін дамытуда және
робототехнология иннвациясын өңдеуге ғылыми білім беретін база құру;
«ақылды робот» құрастыруда жоғарғы білікті мамандар дайындау;
тұрмыстық роботтарды (Hanool Robotics, Оңтүстік Корея) өндіретін
алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жеткізетін құрау бөлшектерінен өндірісті
ұйымдастыру үшін арнайы база дайындау;
отандық өндіріс тауарларды және кәсіпорындарды роботтармен
жетілдіру мақсатында, мысалы күнделікті тұрмыста қолданылатын тұрмыстық
интеллектуалды роботтар, медицинада, төтенше апаттық жағдайларда және
болашақта экономиканың кез келген саласында робототехниканың ішкі
құрылымын жасау;
жаңа өндірістік салаларға жоғарғы білікті маман кадрларын даярлау.
Осы
бағдарламаның
негізінде
еліміздегі
Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінде және Назарбаев Университетінде робототехника мамандық, пән
және қосымша курс ретінде бағдарламаға енгізілген. Өскемен қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника қосымша курс ретінде 5-9
сыныптарға 20 сағатқа құрылған. Курстың басты мақсаты – оқушыларға LEGO
Mindstorms конструкторы, EV3 микропроцессоры және LabView фирмасымен
құрылған бағдарламалау ортасымен робототехника мен бағдарламалаудың негізін
қалыптастыру. Бағдарлама мектеп бағдарламасындағы математика және физика
пәндерін терең оқытуды қажет етеді. Теориялық және практикалық білімде
робототехника физика саласының статика, динамика, электрика, электроника,
оптика аймақтарына терең үңіледі, техникалық дизайнның негізінде сызу
сабағына да байланысы бар. Сонымен қатар информатика курсында күрделі
алгоритмдерді іске асыру, ал жоғары оқу орындарда өнеркәсіптік процестерді
автоматтандыру және басқару процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: