Робототехника негіздері. ДӘріс кешені дәріс-1



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата14.02.2023
өлшемі1,22 Mb.
#67834
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
дәріс

Негізгі әдебиеттер: «Робототехника негіздері» электрондық оқулығы, 
Қосымша әдебиеттер/1,2/. 
 
 
Дәріс 14-15 
Дәріс тақырыбы LEGO Digital Designer роботтарды виртуалды үлгілеу 
ортасы 
Дәрістің мақсаты: LEGO Digital Designer роботтарды виртуалды 3D 
модельдеу бағдарламасы мен танысу 
Дәрістің тезисі:
LEGO Digital Designer - LEGO конструкторының виртуалды бөлшектері 
негізінде осы конструктор әзірлеушілері әзірлеген түрлі 3D-объектілерді құру 
бағдарламасы. 
Сурет 1 - LEGO Digital Designer бағдарламасы 
Бұл бағдарламалада шынайы конструктордағыдай қазіргі уақытта бар 
көптеген LEGO-элементтерді қолдануға болады. LEGO Digital Designer 
бағдарламасының соңғы нұсқасы элементтердің 760 түрін қамтиды. Таңдалған 
бөлшекті кез-келген түсті меншіктеуге болады. Әдеттегі 3D-редакторлар сияқты 
бағдарламаның жұмыс аймағын жақындатуға және жоюға болады, кез-келген 
бұрышқа бұрып, еркін айналдыруға болады. Мұның барлығы 3D форматында 
орындалғандықтан, сіз үлгіні көзқарастың түрлі бұрышынан көре аласыз. Дайын 


виртуалды LEGO үлгіні қарап шығу режимінде артқы фонды қосып немесе 
ауыстыруға болады.
Бағдарлама 
конструкциялаудың 
екі 
режимін 
сүйемелдейді: 
сіз 
құрастыратын үлгіні "нөлден бастауға" немесе дайын боп қалған үлгілерді 
толықтыруға болады, бұл бастаушы пайдаланушыларға ұсынылады. 
Бағдарлама келесі функцияларды қамтиды: 
1) Аралас-құралас элементтердің көп болуы, оның ішінде тар көлемді 
бағытта (мысалы, теміржол).
2) Дайын болған үлгілерді сақтау мүмкіндігі.
3) Бөлшектердің кең түрі.
4) Достармен бөлісу мүмкіндігі.
5) Дайын болған үлгіні ресми сайтқа жүктеу мүмкіндігі.
6) Объектілерді әр түрлі фонда қарастыруды ұсынатын қарап шығу 
режимі.
7) Жақындату/алыстату опциясы, сонымен қатар өзіңізге қажетті
бұрышқа бұру.
LEGO Digital Designer ерекшеліктері: 

LEGO виртуалды элементтерінің көптеген саны;

таңдалған элементтерге өзіндік түс таңдау;

жұмыс бетінде кедергісіз жылжу мүмкіндігі;

әзірлеуші сайтына жұмыстарды орналастыру. 
Өз үлгіңізді құрғаннан кейін, оны LEGO Digital Designer әзірлеушілер 
сайтының ең үздік галереясына жүктеуге болады, онда пайдаланушылардың ең 
сәтті конструкциялары орналасқан, немесе LEGO сайтының форумында 
орналастыруға болады. 
Минималды жүйелік талаптар: 

операциялық жүйе - WinXP, Win Vista, Win 7; 

процессор - 1GHz және одан жоғары; 

видеокарта - 32МВ (OpenGL 1.1 және одан жоғары); 

оперативті жады - 512 МВ; 

винчестердегі орын - 100 МВ. 
Бағдарлама интерфейсі. Бағдарлама терезесі екі аймаққа бөлінген - сол 
жағында тақырып бойынша бөлінген құрылыс элементтері орналасқан, оң 
жағында - жұмыс аймағы, мұнда қолданушы өзінің үлгілерін құрастырады. 
Ортаның жоғарғы жағында - басқару панелі бар. Бұл панельдегі үлкен 
батырмалардың біреуіне басып көрсеңіз, курсордың анықталған функциясы 
белсендіріледі - бұл элементті белгілеу, бұру, бояу, жою немесе элементті 
жасыру. Сол жақ жоғарғы бөлікте Welcome screen батырмасы (дискіден үлгіні 
таңдау немесе үлгіні жаңадан құрастыру), әрекеттерді болдырмау және сақтау 
батырмалары орналасқан. Оң жақ жоғарғы бөлігінде режимдерді ауыстыру 
батырмалары бар. 
Үлгілер. Үш өлшемді үлгілер өзіндік LXF форматында сақталады. Басқа 
қолданушылар жасаған үлгілерді, сіздің үлгілеу бағдарламаңызда ашып, ішінара 


айырбас жасауға болады. LDD сайтында ондай үлгілердің толыққанды галереясы 
бар (20 мыңнан аса), атауы бойынша іздеу және өз компьютеріңізге тегін көшіру 
мүмкіндігі бар. Кейін бөтен үлгіні ашқаннан соң, оны өзгертіп сақтап алуға 
болады. 
Үш өлшемді кеңістікте үлгіні айналдыру үшін тышқанның оң жақ тетігін 
басып курсорды қажетті бағытқа созу керек. Ол үшін көріністің ірі батырмалары 
қарастырылған. Үлгіні жақындатып/алыстату үшін тышқанның жолағын 
айналдыру қажет. Ол үшін көріністің төменгі жағындағы кішкентай (+) және (-) 
батырмалары орналасқан. Жеке элементтерді өз осі айналасында айналдыруға да 
болады. Бұл әрекетті орындау үшін, жеке элементті тартыңыз, оның жанында төрт 
сызықша пайда болады, яғни пернетақтада ← ↑ → ↓ айналдыруға арналған 
сызықшаларды басуға болады. Сондай ақ, басқа элементпен байланысқан және 
айналу үшін белгілі еркіндік дәрежесіне ие элементті айналдыруға болады, 
мысалы, мойындағы басты немесе бастағы қалпақты. Мұндай тапсырма үшін 
центрдегі үстіңгі Higle tool батырмасы бар. 
Бағдарлама модельдің скриншотын қарапайым PNG суретін жасау 
мүмкіндігін береді. Бірақ, бұл әлсіз орын, өйткені скриншотты тек ландшафтық 
бағдарламасына енгізілген қандайда бір фонда ғана жасауға болады. Ал содан 
кейін, өз қалауыңызша, сіз модельдің суретімен қандай да бір басқа 
композицияны безендіру үшін, фонды алып тастау және түссіз қылу үшін 
графикалық редакторда күшіңізді көбірек жұмсауыңызға тура келеді. Сонымен, 
скриншотты View Mode ке (жоғарғы оң жағындағы ортаңғы батырма) өткен 
кезден кейін жасай аласыз. Бұл режимде скриншоттарға, жарылыс анимациясына 
(әсерлі көрініс) және фонды ауыстыруға (шағын топтама) арналған өз 
батырмалары бар. Әрбір графикалық фонның өзіндік дыбыстық қолдауы болады – 
егер ол сізге кедергі келтірсе, онда бағдарлама баптауында бұл функцияны 
өшіруге болады. 


Сурет 2 - View Mode режимі 
Анимацияның екінші ерекшелігі бар (біріншісі – жарылыс). Әрбір 
модельді бөлшектер бойынша бөлшектеуге және модельдің басынан бастап 
құрастырылу процессін қарауға болады. Бұған Building guide mode (жоғарғы оң 
жақтағы) батырмасы жауап береді. Оны басып, бағдарлама талдау жүргізгенін 
күту қажет. Кейін ортаның жоғарғы бөлігіндегі құрастырудың әр қадамның 
анимациясы үшін сызықшаны басу керек. Бұл терезеде, сондай-ақ бүкіл 
құрастыру процесін браузерде ашылатын тұсаукесер түрінде сақтауға болады 
(жоғарғы сол жақ батырма). 
Сурет 3 - Building guide mode режимі 
Сонымен, бағдарламаны іске қосамыз, келесі терезе пайда болады. 


Сурет 4 - Жұмысты бастау терезесі 
Бұл жерде біз құрылыстың үшеуінің біреуін таңдап алсақ болады (кейін 
оларды құрылыс кезінде өзгертуге болады. 
Lego Digital Designer – бұл режим құрылыс үшін LEGO жиынтығында 
кездесетін гүлдер мен принттер бар бөлшектердің көп түрін ұсынады. Сондай-ақ, 
мұнда кеңейтілген құюды пайдалана алмайсыз (бөлшекті кез келген түспен бояуға 
және кез келген принт қоюға болатын кезде). LEGO Mindstorms – бұл режим 
құрылысқа LEGO Mindstorms жинағындағы бөлшектерді ұсынады. Мұнда, осы 
терезеде, дайын Mindstorms роботын ашуға болады. Мұнда да кеңейтілген құюды 
пайдалануға болмайды. 
Lego Digital Designer Extended – бұл еркін құрылыстың режимі. 
Қолданушыға бөлшектердің барлық ассортименті мен кеңейтілген қою 
ұсынылады.
Терезенің оң жағындағы панельде жаңа модельді құрастыру, папкадан 
шығару немесе соңғы модельді ашуды таңдаймыз. Енді бағдарламаның 
интерфейсін LDD Extended режимі жайлы қарастырайық. 


Сурет 5 - LDD Extended режимі 
Шартты түрде, терезені үш панельге бөлуге болады. 
Бөлшектер панелі (қызыл) – ол тағы да үш типке бөлінеді, олар жайлы 
қысқаша айта кетсек: 
1) Bricks – бұл жерде тематикалық бөлімдерден бөлшекті таңдап алуға, 
іздеу жолынан (жоғарыда) бөлшектің аты бойынша тауып алуға болады. Төменгі 
сол жақтағы батырма – бөлімдерді кеңейту/жиыру, жанында бөлшектердің түсін 
таңдау батырмасы (LDD режимінде көрсету/жиыру батырмасы тек Hero Factory 
бөлшегінде бар). Ал оң жағынада бөлшектердің белгішесін үлкейту/кішірейтуге 
арналған масштабты шкала. 
2) Templates – бұл жерде басқа модельдерде қолдануға болатын (басқа 
файлдарда) бөлшектер тобын сақтауға болады. 
3) Groups – бұл жерде бөлшектер тобын сақтап, топшаларға бөліп, осы 
модельде көшіруге болады. 
Құралдық панель (көк) – төрт топқа бөлсе болады: 
1) 
басқы бетке өту/модельді сақтау. 
2) 
алдыға/артқа қадам. 
3) 
құралдар мен кеңейтулер. 
4) 
модельді шолу режимдері. 
5) жұмыс режимі. 


6) скриншот 
режимі. 
Бұл 
режимде 
келесі 
панель 
пайда 
болады:
Скриншот/модельді жару/фонды өзгерту. 
7) нұсқаулардың автоматты генерациясы. 
Панель мәзірі (жасыл) – басқа да панелдердегі қызметтерді орындайды,
және де View бөлімінде, Newthemes парақшасы құрылыс режимін ақпаратты 
жоғалтпай кез келген уақытта өзгертуге болады. Камераны кез келген бағытта 
қозғауға болады, экрандағы батырма арқылы жақындатып алыстатуға 
(тышқанның дөңгелегіменен масштабты өзгертуге болады), бұралған сызықшасы 
бар тетік - моделді оптималды түрде көрсету. Егер бөлшекті тышқанның оң 
жағынмен шертсе - камера сол бөлшекті орталықтандырылады. Бөлшекті 
айналдыру үшін пернетақтадағы сызықшаларды қолданыңыз. 
Негізгі әдебиеттер: «Робототехника негіздері» электрондық оқулығы, 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет