Алдын-ала орнатылған бес қосымшада:
Портты жариялау «Представление порта» қосымшасының бірінші
терезесінен дтчиктер мен моторлардың қандай порттарға жалғанғанын жылдам
көруге болады. EV3 модулін басқару батырмасының көмегімен бос емес портқа
көшіңіз, сонда сіз датчик пен мотордан алынған көрсеткіштерді көресіз. Бірнеше
датчиктер мен моторлар орнатып, түрлі баптаулар бойынша эксперимент жасап
көріңіз. Портты жариялау модуль экранынан қалай көрінетіні төмендегі 4 –
суретте.
Сурет 4 Портты жариялау
Моторды басқару
Төрт порттың біріне жалғанған кез келген моторды тура немесе кері
қозғалыспен басқаруға болады. Екі түрлі режимі бар. Бір режимде сіз А портіне (
«Вверх» және «Вниз» батырмаларының көмегімен ) және D портіне («Влево»
және «Вправо») жалғанаған моторларды басқара аласыз. Ал келесі B портіне
(«Вверх» және «Вниз») және С портіне ( «Влево» и «Вправо») жалғанған
моторларды басқара аласыз. Екі режим арасындағы ауысым орталық батырма
арқылы үзеге асады. Қосымшаның негізгі терезесіне қайту үшін «Назад»
батырмасын шертіңіз. Моторды басқару 5 – суретте көрсетілді.
Сурет 5 Моторды басқару
Достарыңызбен бөлісу: