Робототехника


LEGO MINDSTORMS Education EV3



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата16.12.2023
өлшемі5,11 Mb.
#140303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Оқытудағы робототехника оқу құралы

LEGO MINDSTORMS Education EV3 
 
Бір LEGO Education WeDo конструкторын пайдалану 
робототехниканы зерттеу үшін жеткіліксіз, өйткені ол күрделі 
есептерді шешуге және зерттеуге есептелмеген, мысалы, онда 
тармақтаудың алгоритмдік құрылымы жоқ. Робототехника курсын 
жалғастыру үшін LEGO конструкторының негізінде LEGO 
MINDSTORMS Education EV3 (541 бөлшектер) жиынтығы ұсынылады 
(сурет 7). Бұл конструктор 10 және одан жоғары жастағы оқушыларға 
арналған. 
Бұл жиынтықты толыққанды модельдеу үшін пайдалануға да 
болады. Конструктордың жобалау редакторында барлық негізгі 
алгоритмдік құрылымдар бар, ал жиынтық құрамы жеткілікті дачиктер 
және үлкен модельдерді жасауға мүмкіндік беретін өте көп 
элементтерді қосуға арналған бөлшектерден тұрады. Егер де 
бөлшектер жетпесе немесе қажетті дачик болмаса, онда баланың 
шығармашылық мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік беретін 
ресурстық жиынтықты сатып алуға болады. Программалық 
қамтамасыз ету, LEGO Education WeDo сияқты, кроссплатформалық, 
бұл қандай да бір нақты операциялық жүйеге (OS) тәуелді болмауға 
мүмкіндік береді. Оның екі нұсқа бар: LEGO MINDSTORMS EV3, ол 
үйде пайдалану үшін және LEGO MINDSTORMS Education EV3, ол 
білім беру саласында қолдану үшін. Жинақтар бөлшектің саны ғана 
емес, дачиктерінің түрлерімен, сонымен қатар ұсынылған ПҚ-мен де 
ерекшеленеді. 
Үйге арналған нұсқасы бес базалық модельді құрастыру бойынша 
қадамдық нұсқаулықты қамтиды және әрбір базалық модельді 
жинауды жалғастыру үшін бес нұсқадан қоса берілген және әрбір 
модельге арналған бағдарлама схемасы бар, сонымен барлығы үй 
нұсқасында 25 БК модельдер мен программалар ұсынылады. Сондай-


23 
ақ, өз моделін жасау және программалау мүмкіндігі бар. Білім беру 
нұсқасы екіге, оқушылар мен оқытушы үшін бөлінеді. Оқытушы үшін 
нұсқа робототехника сабақтары мен сабақтарын ұйымдастыру 
бойынша кеңестер мен толықтырылған. Бұл ПҚ қадам бойынша 
пайдаланушыны 
жоба 
құраструшысы 
және 
редакторымен 
таныстырады. Әрбір дачиктің жұмыс қағидалары мен мақсатын жақсы 
түсінуге мүмкіндік беретін тапсырмалар ұсынылған. Мұнда 
тапсырмалардан басқа, негізгі жиынтықтан жасауға болатын төрт 
модельден және ресурстық жиынтықты пайдалануға арналған алты 
модель бар. Үй нұсқасындағы сияқты, мұнда жиынтықтан өз 
модельдерін құрастыру және оларды программалауға мүмкіндік 
беріледі. 
7-сурет. LEGO MINDSTORMS Education EV3 
Білім беру үшін ПҚ негізгі мүмкіндігі осымен аяқталады, бірақ 
пайдаланушыға жиынтық сайтының ресми бетіне сілтеме бойынша 
өту ұсынылады, онда EV3 Maker тапсырмаларын және «EV3 


24 
инженерлік жобасы», «EV3 ғарыштық жобалары», «EV3 физикалық 
эксперименттері» тапсырмалар жиынтығын көшіріп алуға болады. 
Осы бетте оқытушылар үшін EV3 информатика сабақтарының 
бағдарламасы берілген. Осы бетте электрондық қашықтықтан оқыту 
курстары берілген парақтарды да көруге болады. 
Бағдарламаның өзі LEGO Education WeDo сияқты, суреттерімен, 
яғни пайдаланылатын элементтің визуалды бейнесімен берілген 
блоктарды біріктіру арқылы құрылады. LEGO WeDo бағдарламасынан 
LEGO EV3-тің негізгі айырмашылығы мұнда тармақтау операторы, 
дачиктерге арналған команда операторлары бар, бұл LEGO WeDo-да 
жоқ және нақты блоктарда түрлендіруге немесе дачиктерден мәндерді 
алуға болатын бірнеше параметрлер бар (сурет 8). 
LEGO MINDSTORMS Education EV3 LEGO фирмасының бірінші 
білім беру жиынтығы, ол тек бір контроллерді ғана емес, бірнеше 
контроллерді пайдалана отырып, күрделі робототехникалық 
модельдерді құруға мүмкіндік береді, әрбір нақты контроллерге 
басқару міндеттерін бөледі. 
8-сурет. LEGO MINDSTORMS Education EV3 бағдарламасының 
мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет