Родительское собрание в 1 классе



бет3/4
Дата19.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#124828
1   2   3   4
Байланысты:
1-сынып бейімделу

Ата-аналарға кеңес:

  • Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.
  • Сұрақ қоя білуге үйрету керек,ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек.
  • Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана , әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек
  • Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады.
  • Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз.
  • Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек.
  • Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп , мақтап, мадақтаған жөн.Бұл баланың өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен салыстырмаңыз.
  • Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз істелді”
  • Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді есіңізге түсіріп отырыңыз.

1-сынып оқушыларының ата-аналарына жадынама

  • 1.1-сынып оқушысына толық еркіндік берген ата-ана да немесе қатаң бақылау жасайтын ата-ана да қателеседі. «Үй тапсырмасы саған берілді сен орындауың керек, - бұл кешке жұмыстан шаршап келген ата-ананың сөзі. Бұндай сөзді естіген оқушы сіздің оның мәселелеріне немқұрайлы екендігіңізді естиді. - апасы немересінің портфелін ашып кітап, дәптерлерін көріп жатып «Ал бүгін бізге не берген екен үй жұмысына?»- дейді. Бұндай жағдайда 1-сынып оқушысы оқудың оған емес көбінесе үлкендерге керек екен деп ұғады. Сондықтан тапсырманы да өздері орындай салады деген ой қалыптасады. Ең дұрысы –баланың қасында отырып үй тапсырмасын орындағанын бақылау, кез-келген уақытта көмекке дайын екендігіңді сезіндіру,бірақ өз қалауынсыз жағаласпау. Жұмыстың соңынан кейін нәтижесін сұрау, бірлесіп талдау. 2. Сабақ қарауға мектептен келгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін отыруға болады . Бала демалып үлгереді, ойын ойнап шаршап үлгермейді. 3. 15-20 минут тапсырма орындағаннан кейін 5 минут демалтыңыз.
  • 4. Жазбаша, ауызша тапсырмаларды кезектестіріп отырыңыз. Сабаққа дайындалуды күрделі немесе ауқымды тапсырмадан бастаңыз, немесе балаға қиындау соғатын пәннен бастаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет