Роль субтитрирования фильмов для людей с ограниченными возможностями и классификация субтитров



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі200,35 Kb.
#10514

ӘОЖ

 004.9 

 

РОЛЬ СУБТИТРИРОВАНИЯ ФИЛЬМОВ ДЛЯ ЛЮДЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИ И КЛАССИФИКАЦИЯ СУБТИТРОВ

 

 

 

Маусымбаева

 

С

.

Б

.  - 

магистрант,  Костанайский  государственный  университет  им. 

А.Байтурсынова.

 

Кудубаева  С.А

.  - 

кандидат  технических  наук,  доцент,  Костанайский  государственный 

университет им. А.Байтурсынова.

 

 

В  данное  время  снимается  многое  количество 

 

видеоматериалов,  фильмов,  сказок  и 

мультфильмов.  Но  видеоматериалы  для  людей  с  нарушенным  слухом  не  так  много.  По 

статистике  2015  года  в  мире  числятся  около  360  миллионов  глухихлюдей,  либо  людей  с 

нарушенным  слухом,  из  них  328  миллионов  взрослые  люди  и  32  миллиона  детей,  а  в  Казахстане 

числятся  около  200  тысяч  инвалидов  по  слуху.  Для  того,  чтобы  повысить  осведомленность  в 

вопросах  культуры  людей  с  ограниченными  возможностями  необходимо  субтитрировать 

исторические  фильмы,  мультфильмы

 

и  сказки  для  детей.  Ранее  не  было  сутитрирование 

казахских фильмов и сказок, поэтому увеличится число видеоматериалов для людей с нарушенным 

слухом.

 

В  ходе  исследовательской  работе  будут  просмотрено  исторические  казахские 

видеоматериалы,  мультфильмы

 

и  сказки.

Субтитры  необходимы  не  только  слабослышащим  или 

глухим  людям,  иногда  субтитры  содержат  дополнительную  информацию  о  происходящем  на 

экране, например комментарии к фильму, объяснение сложных для понимания терминов, названий 

и др.

 

В  ходе  работы  будет  рассматриваться

 

классификация  субтитров  и  условии  презентации 

субтитров  на  экране,

 

а  также  программа,  которая  создает  и  редактирует  субтитры.  Было 

просмотрено  несколько  программ,

 

и  было  принято  решение,  что  наиболее  подходимой 

программой является 

Sony Vegas Pro. 



Ключевые слова: видеоматериалы, субтитр, программа.

 

 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАДАРҒА АРНАЛҒАН БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРДЫ 

СУБТИТРЛАУДЫҢ ОРНЫ

 

МЕН СУБТИТОРЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

 

Маусымбаева  С.Б.

  - 

магистрант,  А.Байтурсынова  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті

 

Кудубаева  С.А.

 



 

техника  ғылымдарының  кандидаты,доцент,  А.Байтурсынова

 

атындағы 

Қостанай мемлекеттік университеті

   


Қазіргі

 

таңда көптеген жаңа бейнематериалдар, фильмдер, ертегілер

 

мен

 

мультфильмдер

 

түсіріліп жатыр. Бірақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бейнематериалдар өте аз.



ДДҰ 



сәйкес, 2015 жылдың статистикасы бойынша әлемде 360 миллион адам естімейді,  немесе, есту 

жағынан  қиналады,  солардың  ішінде  328  миллион  үлкен  адамдар  және  32  миллион  балалар,  ал 

Қазахстанда 200 мың адамға жуық есту бойынша мүгедек болып саналады.

 

Мүмкіндіктері шектеулі 

адамдардың  мәдени  санасын  арттыру  үшін  қазақтың  тарихи  фильмдері  мен  балаларға  арналған 

қазақ ертегілерін, мультфильмдерін

 

субтитірлеу қажет. Бұрын сонды көне қазақ фильмдерін және 

ертегілерін  субтитрлеу  болмаған,  осыған  орай  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  арналған 

бейнематериалдардың  санын  көбейте  түседі

Субтитр  арқылы  берілетін



  

кинофильмер 

аудармасының

  

артықшылықтарын  айтатын  болсақ  ең  бастысы  көрермен

  

актерлардың 

шеберлікпен

  

орындаған

  

сөздерін ести алады,

  

түпнұсқа

  

тілі

  

түсініксіз

  

болса да

  

бастысы

  

өзге

  

тілді  ести  отырып

  

сол

   

ел,

  

тіл

  

және

  

мәдени

  

болмысының

  

экзотикалық  атмосферасына

  

енесің.Зерттеу  жұмысының  барысында  тақырыпқа  қатысты

 

көне  қазақ  бейнематериалдары



мультфильмдері

 

мен ертегілер қамтылады.

 

Сонымен  қатар  жұмыстың  барысында

 

субтитрлер  классификациясы,  экрандағы 

субтитрлер  презентациясының  талаптары,  сонымен  қатар 

 

субтиторлы  бейнематериалды 

өңдейтін бағдарлама қарастырылады. Алдын ала бірнеше бағдарламалар қарастырылып, олардың 

ішінен ең қолайлысы Sony Vegas Pro бағдарламасы деп шештім.

 

Кілттік сөздер: бейнематериалдар

,

субтитр

,

бағдарлама



 

THE ROLE OF VIDEO SUBTITLING FOR PEAPLE WITH DISABILITIES AND CLASSIFICATION 

SUBTITLES 

 

Maussymbaeva S.B. 



 master student, Kostanay State University named after A. Baytursynov 

Kudubaeva  S.A. 



  candidate  of  technical  sciences, 

Kostanay  State  University  named  after  A. 

Baytursynov.

 

 

At  this  time,  it  shoots  a  lot  of  number  of  videos,  movies,  fairy  tales,  cartoons.  But  video  footage  for 

people  with  hearing  loss  are  not  so  much.  According  to  statistics,  in  2015  the  world's  360  million  are 

registered deaf or hearing impaired, of whom 328 million adults and 32 million children, and are registered in 

Kazakhstan about 200 thousand people with hearing disabilities. In order to increase the cultural awareness 

of  people  with  disabilities  must  be  subtitrirovat  historical  films,  cartoons  and  fairy  tales  for  children. 

Previously, there was no sutitrirovanie Kazakh films and fairy tales, so will increase the number of videos for 

people with hearing loss. During the research work will be seen Kazakh historical videos, cartoons and fairy 

tales. 

The  work  will  be  considered  classification  subtitles,  subtitles,  provided  a  presentation  on  the  screen, 

as  well  as  a  program  that  creates  and  edits  the  subtitles.  It  has  been  viewed  more  programs,  and  it  was 

decided that the most podhodimoy software is Sony Vegas Pro. 

Keywords: video, subtitle, program.   

 

Кіріспе.Субтитрлер деп түпнұсқа немесе аударма тілінде бейнематериалдармен қатар жүретін 

текстік жолды атаймыз. Көп жағдайда субтитрлер кейіпкердің айтылған сөздері мен фильмнің кейбір 

дыбыстарын көрсетеді. Кейбір жағдайда субтитрлер түсіндіру немесе толықтыратын сипатта болады. 

Әдете

 

субтитрлер  орта  өлшемдегі  шрифтпен  және  экранның  төменгі  жағында  орналасқан  текст 



ретінде  безендіріледі.  «Субтитр»  сөзі  көріністің  кез  келген  уақытында  көрсетілетін

 

текст  деген 



мағынаны білдіреді. 

[1] 


Субтитрлер естуі нашар адамдарға міндетті түрде қажет.

 

Қай



 

халықтың тарихына көз салып қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын ең басты екі 

негізден алып дамып отырған. Бірі —

 

өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі —



 

өзге жұрттың мәдени 

байлығын  игеру.  Осылай  әр  халық  өзге  елдің  рухани  дүниесімен  сусындай  отырып,  өз  мәдениетін 

өркендеткен. Осындай игі істің жандануына аударма айрықша қызмет атқарды. 

 

Адамдар,  халықтар,  ұлттар  арасындағы  әлеуметтік,  экономикалық,  рухани,  ғылыми,  мәдени 



қарым

-

қатынастың  алмасу,  айырбастау,  ел  танудың  құралы  болған  аударманың  кино  өнерінде  де 



алатын  орны  айрықша.  Кинодағы  аударма  оның  мақсаты  мен  жұмыстың  ерекшелігіне  қарай 

синхронды және жазбаша жасалады. Бұл мол тәжірибе мен білімді қажет ететін күрделі үдеріс. Кино 

мәтінінің  өзіндік  көркемдік  ерекшеліктері  мол.  Ондағы  монологтар  мен  диалогтар  арқылы  көрермен 

жүрегіне  жол  табу  үшін  бейнелі  көріністі  ақпараттау  образ,  көңіл

-

күй,  эмоциялар  сөз  арқылы  жақсы, 



ұғымды әрі орынды жеткені дұрыс.

 

Кино  мәтінінің  лексикасы  күнделікті  өмірде  қолданылатын  тіл,  идиома,  архаизм,  вульгаризм, 

диалектизмдерге жақын. Кино аудармашысы үшін кино мәтінінің көркемдігін төмендетпеу, автор ойын 

дәл  жеткізу,  диалогтар  сапасын,  сөз  ерекшелігін,  стилін  сақтау,  сол  дәуірдің  өзіндік  сипатын  жеткізу 

оңай  шаруа  емес.  Сондықтан  аудармашы  тек  мәтінге  ғана  емес,  бейнекөрініске,  ондағы  айтылған 

әрбір  сөз  артикуляциясына,  кейіпкердің  іс

-

қимылдарына  мән  беріп,  сөздер  мен  сөйлемдердің  дәл 



немесе  мағыналық,  балама  аудармаларын  табуы  қажет.  Ал  балама  табу  аудармашының 

шығармашылық шеберлігіне, сөз табу жүйесіне, сөздік қорының байлығына байланысты.

 

 

Қазіргі  таңда  көптеген  жаңа  бейнематериалдар  түсіріліп  жатыр.  Бірақ  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдарға  арналған  бейнематериалдар  өте  аз.Бірақ  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  арналған 

бейнематериалдар  өте  аз.  ДДҰ  сәйкес,  2015  жылдың  статистикасы  бойынша  әлемде  360  миллион 

адам естімейді,  немесе, есту жағынан қиналады, солардың ішінде 328 миллион үлкен адамдар және 

32 миллион балалар, ал Қазахстанда 200 мың адамға жуық есту бойынша мүгедек болып саналады.

 

Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдардың  мәдени  санасын  арттыру  үшін  қазақтың  тарихи  фильмдері  мен 



балаларға  арналған  қазақ  ертегілерін  субтитрлеу  қажет.  Бұрын  сонды  көне  қазақ  фильмдерін  және 

ертегілерін  субтитрлеу  болмаған,  осыған  орай  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  арналған 

бейнематериалдардың  санын  көбейте  түседі.    Зерттеу  жұмысының  барысында  тақырыпқа  қатысты 

көне қазақ бейнематериалдары мен ертегілер қамтылады. Субтитр арқылы берілетін

  

кинофильмер 



аудармасының

  

артықшылықтарын айтатын болсақ ең бастысы көрермен



  

актерлардың шеберлікпен

  

орындаған



  

сөздерін ести алады,

  

түпнұсқа


  

тілі


  

түсініксіз

  

болса да


  

бастысы


  

өзге


  

тілді ести отырып

  

сол


   

ел,


  

тіл


  

және


  

мәдени


  

болмысының

  

экзотикалық  атмосферасына



  

енесің.  Сонымен  қатар,  ол 

тек

  

көру



  

арқылы


  

емес,  есту

  

арқылы


  

да  өнер


  

әлеміне


  

шарықтауға  теңдесіз

  

мүмкіндік



  

туады.


  

Оның


  

қабылдауындағы

  

көрген  образ



   

дыбыстық


  

образбен


  

көркемделіп,

  

ой

  



мен

  

сананы 



шымырлатар,

  

эстетико 



философиялық

   

ізденісте



   

жаңа


  

әлемді


  

ашу


  

және


  

тану


  

жолында,


  

рухани


  

танымның


  

өрістеуіне апарар ерекше

  

жаңа


  

ассоциациялар туғызады. 

 

 

Субтитрлер  дегеніміз  –



 

түпнұсқа  немес  аудармалы  тіліндегі,

 

қайталайтын  немесе 



толықтыратын,  мысалы  есту  жүйесі  бұзылған  адамдарға  арналған,  кинофильмнің  немесе 

телебағдарламаның  дыбыстық  жолына  видеоқатармен  ере  жүрген  текст.  Субтитрлерде  ең  алдымен 

адамдар мен кейіпкерлердің сөйлеуі көрсетіледі, бірақ кейде осылайша қосымша пікірлер көрсетіледі. 

Әдете  субтитрлер  орта  өлшемдегі  шрифтпен  және  экранның  төменгі  жағында  орналасқан  текст 

ретінде  безендіріледі.  «Субтитр»  сөзі  көріністің  кез  келген  уақытында  көрсетілетін  текст  деген 

мағынаны білдіреді.

[2] 


 

Субтитрлердің  әр  түрлі  ұқсас  техникалық  және  тілдік  сипаттамаларының  болуы  оларды 

топтарға болуге мүмкіндік береді. Мен субтитрлер түрлерін олардың классификациясы бойынша жеті 

негіздеме  бойынша  бөлдім.  Қосу  және  сөндіру  мүмкіндігі  бойынша  жабық  және  ашық  субтитрлер. 

Жабық  субтитрлер  –

 

қолданушы  қосып  сөндіре  алады.  Ашық  субтитрлер  –



 

экранда  көрсетілетін 

субтитрлер және қолданушы сөндіре алмайды.

[3] 


 

Ашық  субтитрлер  жабық  субтитрлер  сияқты  бір  мәтінді  көрсетеді,  бірақ  олар  видеоның  бір 

бөлшегі  болып  табылады,  және  сөндірілмейді.  Мұндай  субтитрлердің  көру  амалы  фильмдерді  шет 

тілінде  көруінде  өте  тиімді.  Ашық  субтитрлерде  субтитрлердің  орнын,  мөлшерін,  түсін  және  қаріпін, 

жабық  субтитрлерге  қарағанда,  қадағалау  болады.  Видеоконтент  желісінде  субтитрлер  ашық  та, 

жабық


 

та  бола  алады,  немесе  бірігіп  қолданыла  алады.  Егер  ашық  субтитрлер    техникасы 

қолданылған  болса,  онда  субтитрлер  тікелей  бейнематериалға  қосылады.    Мұндай  субтитрлерді 

қабаттастыру  бейне

-

редактор  бағдарламалардың  көмегімен  жасалынады.  Мұндай  субтитрлер 



бейнематериалды қарап отырған барлық адамдарға көрінеді, және оның өшірілуі мүмкін емес. Жабық 

субтитрлер техникасын қолданғанда, субтитрлер бейненің үстіне салынады.

 

   


Сақталынатын форма бойынша:

 

 



Тігілген  –

 

субтитр  мәтіні  бар  сурет  негізгі  видеоға  жазылады.  Тігілген  субтитрлердің  сапасы 



мен қиындылығы максималды болуы мүмкін (кез келген қаріптер, кез келген тілдер, кез келген бейне 

эффектер).

 

 

Пререндерлік  –



 

субтитрлер  дайын  суреттер  ретінде  бейнебаяннан  бөлек  жерде  сақталады. 

Мұндай  субтитрлер  плеерлер  жағынан  қолдауды  талап  етеді  және  де  әдетте  сапасы  онша  жоғары 

емес,  алайда  әр  түрлі  тілдегі  мәтінді  көрсетуде  қиындық    келмейді.  Дәл  осы  түрде 

DVD-video  

субтитрлер орналасады.

 

 

Бағдарламалық –



 

таңбалау элементтері бар (өлшем, түс, гарнитура, экрандағы орны) мәтінді 

көрсететін субтитрлер. 

 

Ұсынылатын тіл бойынша:



 

 

Бір тілді –



 

аудио хабарлама айтылатын тілдегі мәтіні бар субтитрлер.

 

 

Аудармалы  –



 

аудио  хабарламалардың  бір  тілден  басқа  тілге  аударылғандағы  мәтіні  бар 

субтитрлер.

 

Көрсету уақыты бойынша:



 

 

Қазіргі  уақытта  көрсетілетін  субтитрлер.  Мұндай  субтитрлермен  тікелей  эфирге  шығатын 



бағдарламалар жабдықталады.

 

 



Алдын ала құрылған субтитрлер.

 

 



Гибридті  субтитрлер  –

 

бұл  жартысы  алдын  ала  дайындалып,  жарты  бөлігі  қазіргі  уақытта 



шығарылатын субтитрлер.

 

Оқиға деңгейіне байланысты:



 

 

Тек  қана  кейіпкердің  сөздері  мен,  мысалы  кадрларда  пайда  болатын  жазбалардың  пікірлері 



бар субтитрлер.

 

 



Қосымша  ақпаратты  қамтитын  субтитрлер.  Мысалы,  оларда  қажетті  дыбыстық  оқиғалар 

(қорқынышты  фильм  кейіпкері  тарсылды  естігенде  «тарсыл»  деген

 

субтитр  пайда  болуы  мүмкін). 



Мұндай субтитрлер есту қабілеті нашар адамдар үшін жасалынады.

 

Мазмұнына байланысты:



 

 

Баяндамалы субтитрлер –



 

ауызша сөз жазбалы түрде көрсетілетін субтитрлер.

 

 

Еріксіз  субтитрлер–



 

бұл  кейіпкер  сөзінің,  жазбалардың,  белгілердің  аудармалары  бар 

субтитрлер.

 

 



Маңызды  субтитрлер  –

 

бұл  субтитрлерде  фильмде  түсірілмеген  қандай  да  бір  диалогті,  іс



-

әрекетті  және  оқиғаны  баяндайтын  субтитрлер.  Мұндай  субтитрлер  қаражаты  аз  суреттер  үшін 

қолайлы.

 

 



Бонустық субтитрлер –

 

бөлек мәтіндік түсіндірмесі бар субтитрлер. 



 

 

Кеңейтілген субтитрлер стандартты және локализацияланған субтитрлерден құрылады.



 

Қолданылу сферасы бойынша:

 

 

Көркем субтитрлер (кинофильмдерде, операда, театр көрсетілімдерде).



 

 

Медиасубтитрлер (жаңалықтар мен жарнамаларда).



 

 

Ойын



-

сауық


 

субтитрлері  (бейнероликтерде,  компьютер  ойындарында,  тілді  үйрету 

бағдарламаларында).

 

Субтитрлерде мәтіннің барлық негізгі санаттары бар: тұтастылығы



 

(бастапқы  және  соңғы  титр),  локалді,  глобалді,  коммуникативті  бағыттағы  желілілік  (көптеген 

сөдік  актілерді  қамтиды),  құрылымды  ұйымдылық  (басты  құрылыс  бөлігі  сөйлем  болып  табылады, 

кейбір  субтитрлерде  мәтін  абзацтарға  бөлінеді).  Жоғарыда  айтылған  субтитрлердің  мәтіндік  және 

дискурсивтік белгілері субтитрлердің дискурстің бір түрі болып табылатынын білдіреді

 



Көрерменнің  ақпаратты  қабылдаудың  физиологиялық  қатарына,  сонымен  қатар  аудио  видео 

материалының  ойнауының  техникалық  ерекшеліктеріне  байланысты  субитрлерді  жасау  мен  экранда  

орналастыру келесі талаптарға бағынады. 

[4] 


1. 

Субтитрлер кадрдың астында, ортасында немесе сол жағынан орналысады.

 

Ерекшелік ретінде бүйірде орналасатын жапон, қытай және кәріс субтитрлері қолданылады



. 

2. Біруақытылы пайда болу кезінде субтитрлердің жолдар саны екіден аспау керек.

 

 

Бұл субтитрлердің мәтіні суретті жаппау керек деп түсіндіріледі. Егер де субтитрлер екі жолдан 



тұратын  болса,  олар  ұзындығы  бойынша  неғұрлым  бірдей  болу  қажет,  себебі  бұл  қабылдау  үшін 

ыңғайлырақ.

 

3. 

Жолдағы символдар көлемі 40 аспауы керек.

 

Бұл адамның физикалық мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Орташа  көрермен ақпаратты айтылған 

кейіпкер сөзінен баяуырақ оқиды.

 

4. Субтитрлер экранда кейіпкердің дыбысымен синхронды пайда болып жоғалу тиіс. 



 

Қазіргі


 

уақытта дыбыс пен субтитрді синхрондайтын бір қатар компьютерлің бағдарламалар бар. 

Субтитрдің экранда болу

 

уақыты дыбыстың ұзақтығымен сәйкес келеді.



 

5.  Сөйлемде  интонациялы  оқшауланған  сөздер  субтитрлерде  де  графикалық  құралдармен 

(мысалы, курсивпен) белгіленуі қажет..

 

 

Сонымен қатар, субтитрлердің пунктуациясына да назар аудару қажет, әсіресе, леп белгісі 



мен көп нүкте. 

 

 



  Sony  Vegas  Pro 

 



бұл  видеоны  жасайтын  және  өңдейтін  кәсіби  бағдарлама.  Ыңғайлы 

интерфейс, әмбебаптылық және көп көледегі кәсіби мүмкіндіктер осы бағдарламаға үлкен атақ әкелді.

 

 

Бағдарламаның басты артықшылығы оның қолданудағы және үйренудегі қолайлығы.



 

 

«Жылдамдық. Дәлділік. Икемділік. Кәсібилілік» 



осындай сөздермен әзірлеушілер 

Sony Vegas 

Pro-


ны суреттейді. Және шынымен де бағдарламаның жұмыс ортасына бірінші минуттан соң үйреніп 

кетесін.  Барлығы  максималды  ыңғайлы  және  түсінікті

 

түрде  орналасқан.  Vegas  Pro  бағдарламалық 



пакетінде  жоғары  сапалы  аудио  және  видео  контентін  шығару  үшін    барлық  жаңа  және  

инновациондық құрылғылар бар. Бағдарламаның артықшылықтары:

 

 

Ыңғайлылық  және  бағдарламамен  жұмысының  жеңілдігі.  Sony  Vegas



  

бейнематериалды 

өңдеудің интуитивті түсінікті бағдарламалардың бірі.

 

 



Функционалдылығы. 

Функционалдылығы 

жағынан 

Sony 


Vegas

  

заманауи 



бейнематериалдарды  өңдейтін  бағдарламалардың  көбісінен  алда.  Sony  Vegas

 

үшін  бағдарламаның 



функционалдылығын  арттыратын  кең  көлемде

 

барлық  мүмкін  плагиндер  жасап  шығарылды.  Түрлі 



фильтрлер, монтаждық өтулер және қосымша құралдар, тіпті басқа әзірлеушілермен жасалса да, еш 

қиындықсыз бағдарламамен жұмыс істейді.

 

 

Икемділігі.  Осы  бағдарлама  интерфейсінің  икемділігі  жайлы  бөлек  айтып  кету



 

қажет. 


Бағдарлама    интерфейсті  тек  қана  өзіне  ғана  емес  сонымен  қатар  видеомен  жұмысының  әрбір 

кезеңінде өзінің ыңғайына қарай ауыстыруға болады. Яғни сіз бірнеше конфигурация терезесін сақтап, 

солардың ішінен видеоны өңдеудегі өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз.

 

 



Тұрақтылық.  Sony  Vegas

 

тұрақты  бағдарламалардың  бірі.  Бөлек  жағдайда  «шығып  кетулер» 



қате русификатор немесе қате плагиндердің септігінен болуы мүмкін.

 

 



Бағдарламада  статикалық  және  айналдырылатын  титрлерді  құруға  болады,  тексттің  стилін 

және  өлшемін  өзгерту,  фонды  ауыстыру  немесе  видеоның  үстінде  титрлерді  құру  және  басқа 

нәрселерді  жасауға  болады.  Титрлер  үшін  бөлек  видео  жолын  қолданған  дұрыс.  Титрлер  шаблоны 

Media Generators терезесінде орналасқан. 

 

 

Бағдарламалардың  барлық  ерекшеліктерін  қарастырып,  диссертацияны  Sony  Vegas  Pro 



бағдарламасында жазамын деп шештім.

 

 



 

Қорытынды.    Жұмыста  субтитрлердің  классификациясы  қарастырылған.  Алдағы  жұмыста 

нақты уақыт тәртібіне дейін бейнематериалды таңдап, алынған бейнематериалды өңдеп, оған субтитр 

жасау бағытталған.

 

 



Әдебиет

1. 


Алексеев



М.П.  Проблемы  художественного  перевода.

[

Текст



Иркутск.:  Академия, 

1971. 



 



320с.

 

2. 



Бархударов



Л.С.

 

Язык и перевод. 



[

Текст


М., –


 1975. 

3. 


Виноградов



В.С.

 

Лексические  вопросы  перевода  художественной  прозы.



[

Текст


М.: ВШ, 1986. –

 

336с.


 

4. 


Мир перевода

 



 5  Practicum 

// А. Чужакин, К. Петренко –

 2-

е издание,



[

Текст


М.: Р. 


Валент, 2001. –

 

216с.



 

 

 



References: 

1. 

Alexseev,M.P.  Problemyhudozhestvennogoperevoda.  [Text]  Irkutsk.:  Akademiya,  1971.-

320s. 


2. 

Barhudarov, L.S. Yazyk I perevod. [Text] M., -1975. 

3. 


Vinogradov,  V.S.  Leksicheskievoprosyperevodahudolestvennoiprozy.  [Text]  M.:  VW,  1986. 

 336s. 



4. 

   Mir  perevoda 

  5  Practicum  //  A.  Chuzhakin,  K.  Petrenko 



  2-oe  izdanie,  [Text]  M.:  P. 

Valent, 2001. 



                 216 s. 



 

 

Автор

 

жайлы мәлімет:

 

Маусымбаева  Самал  Батырбековна–

 

магистрант,  Костанайский  государственный 

университет им. А.Байтурсынова, тел. 

87471326188, e-mail: 

msamal_93@mail.ru,

 

Кудубаева  Сауле  Альжановна  –

 

заведущая  кафедрой  информатики  и  математики, 

Костанайский

 

государственный университет им. А

.

Байтурсынова



тел

. 87759069647  

e-mail:

saule_58@mail.ru

 

 

Maussymbaeva  Samal  Batyrbekovna  -  master  student,  Kostanay  State  University  named  after  A. 

Baytursynov, tel. 87471326188, e-mail: 

msamal_93@mail.ru,

 

KudubaevaSauleAlzhanovna  -  head  of  the  department   of  Informatics  and  Mathematics,  Kostanay 

State University named after A. Baytursynov, tel. 87759069647, e-mail:

saule_58@mail.ru

 

 

 

Маусымбаева

 

Самал

 

Батырбековна–

 

магистрант,  А.Байтурсынова  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік университеті, тел. 

87471326188, e-mail: 

msamal_93@mail.ru,

 

Кудубаева Сауле Альжановна –

 

информатика және математика кафедрасының меңгерушісі, 

А.Байтурсынова  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті,  тел. 

87759069647,  e-

mail:

saule_58@mail.ru

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет