ӘОЖ
004.9
РОЛЬ СУБТИТРИРОВАНИЯ ФИЛЬМОВ ДЛЯ ЛЮДЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ
ВОЗМОЖНОСТЯМИ И КЛАССИФИКАЦИЯ СУБТИТРОВ
Маусымбаева
С
.
Б
. -
магистрант, Костанайский государственный университет им.
А.Байтурсынова.
Кудубаева С.А
. -
кандидат технических наук, доцент, Костанайский государственный
университет им. А.Байтурсынова.
В данное время снимается многое количество
видеоматериалов, фильмов, сказок и
мультфильмов. Но видеоматериалы для людей с нарушенным слухом не так много. По
статистике 2015 года в мире числятся около 360 миллионов глухихлюдей, либо людей с
нарушенным слухом, из них 328 миллионов взрослые люди и 32 миллиона детей, а в Казахстане
числятся около 200 тысяч инвалидов по слуху. Для того, чтобы повысить осведомленность в
вопросах культуры людей с ограниченными возможностями необходимо субтитрировать
исторические фильмы, мультфильмы
и сказки для детей. Ранее не было сутитрирование
казахских фильмов и сказок, поэтому увеличится число видеоматериалов для людей с нарушенным
слухом.
В ходе исследовательской работе будут просмотрено исторические казахские
видеоматериалы, мультфильмы
и сказки.
Субтитры необходимы не только слабослышащим или
глухим людям, иногда субтитры содержат дополнительную информацию о происходящем на
экране, например комментарии к фильму, объяснение сложных для понимания терминов, названий
и др.
В ходе работы будет рассматриваться
классификация субтитров и условии презентации
субтитров на экране,
а также программа, которая создает и редактирует субтитры. Было
просмотрено несколько программ,
и было принято решение, что наиболее подходимой
программой является
Sony Vegas Pro.
Ключевые слова: видеоматериалы, субтитр, программа.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАДАРҒА АРНАЛҒАН БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРДЫ
СУБТИТРЛАУДЫҢ ОРНЫ
МЕН СУБТИТОРЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Маусымбаева С.Б.
-
магистрант, А.Байтурсынова атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті
Кудубаева С.А.
–
техника ғылымдарының кандидаты,доцент, А.Байтурсынова
атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
.
Қазіргі
таңда көптеген жаңа бейнематериалдар, фильмдер, ертегілер
мен
мультфильмдер
түсіріліп жатыр. Бірақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бейнематериалдар өте аз.
.
ДДҰ
сәйкес, 2015 жылдың статистикасы бойынша әлемде 360 миллион адам естімейді, немесе, есту
жағынан қиналады, солардың ішінде 328 миллион үлкен адамдар және 32 миллион балалар, ал
Қазахстанда 200 мың адамға жуық есту бойынша мүгедек болып саналады.
Мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың мәдени санасын арттыру үшін қазақтың тарихи фильмдері мен балаларға арналған
қазақ ертегілерін, мультфильмдерін
субтитірлеу қажет. Бұрын сонды көне қазақ фильмдерін және
ертегілерін субтитрлеу болмаған, осыған орай мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған
бейнематериалдардың санын көбейте түседі
.
Субтитр арқылы берілетін
кинофильмер
аудармасының
артықшылықтарын айтатын болсақ ең бастысы көрермен
актерлардың
шеберлікпен
орындаған
сөздерін ести алады,
түпнұсқа
тілі
түсініксіз
болса да
бастысы
өзге
тілді ести отырып
сол
ел,
тіл
және
мәдени
болмысының
экзотикалық атмосферасына
енесің.Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты
көне қазақ бейнематериалдары
,
мультфильмдері
мен ертегілер қамтылады.
Сонымен қатар жұмыстың барысында
субтитрлер классификациясы, экрандағы
субтитрлер презентациясының талаптары, сонымен қатар
субтиторлы бейнематериалды
өңдейтін бағдарлама қарастырылады. Алдын ала бірнеше бағдарламалар қарастырылып, олардың
ішінен ең қолайлысы Sony Vegas Pro бағдарламасы деп шештім.
Кілттік сөздер: бейнематериалдар
,
субтитр
,
бағдарлама
.
THE ROLE OF VIDEO SUBTITLING FOR PEAPLE WITH DISABILITIES AND CLASSIFICATION
SUBTITLES
Maussymbaeva S.B.
–
master student, Kostanay State University named after A. Baytursynov
Kudubaeva S.A.
–
candidate of technical sciences,
Kostanay State University named after A.
Baytursynov.
At this time, it shoots a lot of number of videos, movies, fairy tales, cartoons. But video footage for
people with hearing loss are not so much. According to statistics, in 2015 the world's 360 million are
registered deaf or hearing impaired, of whom 328 million adults and 32 million children, and are registered in
Kazakhstan about 200 thousand people with hearing disabilities. In order to increase the cultural awareness
of people with disabilities must be subtitrirovat historical films, cartoons and fairy tales for children.
Previously, there was no sutitrirovanie Kazakh films and fairy tales, so will increase the number of videos for
people with hearing loss. During the research work will be seen Kazakh historical videos, cartoons and fairy
tales.
The work will be considered classification subtitles, subtitles, provided a presentation on the screen,
as well as a program that creates and edits the subtitles. It has been viewed more programs, and it was
decided that the most podhodimoy software is Sony Vegas Pro.
Keywords: video, subtitle, program.
Кіріспе.Субтитрлер деп түпнұсқа немесе аударма тілінде бейнематериалдармен қатар жүретін
текстік жолды атаймыз. Көп жағдайда субтитрлер кейіпкердің айтылған сөздері мен фильмнің кейбір
дыбыстарын көрсетеді. Кейбір жағдайда субтитрлер түсіндіру немесе толықтыратын сипатта болады.
Әдете
субтитрлер орта өлшемдегі шрифтпен және экранның төменгі жағында орналасқан текст
ретінде безендіріледі. «Субтитр» сөзі көріністің кез келген уақытында көрсетілетін
текст деген
мағынаны білдіреді.
[1]
Субтитрлер естуі нашар адамдарға міндетті түрде қажет.
Қай
халықтың тарихына көз салып қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын ең басты екі
негізден алып дамып отырған. Бірі —
өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі —
өзге жұрттың мәдени
байлығын игеру. Осылай әр халық өзге елдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін
өркендеткен. Осындай игі істің жандануына аударма айрықша қызмет атқарды.
Адамдар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми, мәдени
қарым
-
қатынастың алмасу, айырбастау, ел танудың құралы болған аударманың кино өнерінде де
алатын орны айрықша. Кинодағы аударма оның мақсаты мен жұмыстың ерекшелігіне қарай
синхронды және жазбаша жасалады. Бұл мол тәжірибе мен білімді қажет ететін күрделі үдеріс. Кино
мәтінінің өзіндік көркемдік ерекшеліктері мол. Ондағы монологтар мен диалогтар арқылы көрермен
жүрегіне жол табу үшін бейнелі көріністі ақпараттау образ, көңіл
-
күй, эмоциялар сөз арқылы жақсы,
ұғымды әрі орынды жеткені дұрыс.
Кино мәтінінің лексикасы күнделікті өмірде қолданылатын тіл, идиома, архаизм, вульгаризм,
диалектизмдерге жақын. Кино аудармашысы үшін кино мәтінінің көркемдігін төмендетпеу, автор ойын
дәл жеткізу, диалогтар сапасын, сөз ерекшелігін, стилін сақтау, сол дәуірдің өзіндік сипатын жеткізу
оңай шаруа емес. Сондықтан аудармашы тек мәтінге ғана емес, бейнекөрініске, ондағы айтылған
әрбір сөз артикуляциясына, кейіпкердің іс
-
қимылдарына мән беріп, сөздер мен сөйлемдердің дәл
немесе мағыналық, балама аудармаларын табуы қажет. Ал балама табу аудармашының
шығармашылық шеберлігіне, сөз табу жүйесіне, сөздік қорының байлығына байланысты.
Қазіргі таңда көптеген жаңа бейнематериалдар түсіріліп жатыр. Бірақ мүмкіндіктері шектеулі
адамдарға арналған бейнематериалдар өте аз.Бірақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған
бейнематериалдар өте аз. ДДҰ сәйкес, 2015 жылдың статистикасы бойынша әлемде 360 миллион
адам естімейді, немесе, есту жағынан қиналады, солардың ішінде 328 миллион үлкен адамдар және
32 миллион балалар, ал Қазахстанда 200 мың адамға жуық есту бойынша мүгедек болып саналады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәдени санасын арттыру үшін қазақтың тарихи фильмдері мен
балаларға арналған қазақ ертегілерін субтитрлеу қажет. Бұрын сонды көне қазақ фильмдерін және
ертегілерін субтитрлеу болмаған, осыған орай мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған
бейнематериалдардың санын көбейте түседі. Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты
көне қазақ бейнематериалдары мен ертегілер қамтылады. Субтитр арқылы берілетін
кинофильмер
аудармасының
артықшылықтарын айтатын болсақ ең бастысы көрермен
актерлардың шеберлікпен
орындаған
сөздерін ести алады,
түпнұсқа
тілі
түсініксіз
болса да
бастысы
өзге
тілді ести отырып
сол
ел,
тіл
және
мәдени
болмысының
экзотикалық атмосферасына
енесің. Сонымен қатар, ол
тек
көру
арқылы
емес, есту
арқылы
да өнер
әлеміне
шарықтауға теңдесіз
мүмкіндік
туады.
Оның
қабылдауындағы
көрген образ
дыбыстық
образбен
көркемделіп,
ой
мен
сананы
шымырлатар,
эстетико
-
философиялық
ізденісте
жаңа
әлемді
ашу
және
тану
жолында,
рухани
танымның
өрістеуіне апарар ерекше
жаңа
ассоциациялар туғызады.
Субтитрлер дегеніміз –
түпнұсқа немес аудармалы тіліндегі,
қайталайтын немесе
толықтыратын, мысалы есту жүйесі бұзылған адамдарға арналған, кинофильмнің немесе
телебағдарламаның дыбыстық жолына видеоқатармен ере жүрген текст. Субтитрлерде ең алдымен
адамдар мен кейіпкерлердің сөйлеуі көрсетіледі, бірақ кейде осылайша қосымша пікірлер көрсетіледі.
Әдете субтитрлер орта өлшемдегі шрифтпен және экранның төменгі жағында орналасқан текст
ретінде безендіріледі. «Субтитр» сөзі көріністің кез келген уақытында көрсетілетін текст деген
мағынаны білдіреді.
[2]
Субтитрлердің әр түрлі ұқсас техникалық және тілдік сипаттамаларының болуы оларды
топтарға болуге мүмкіндік береді. Мен субтитрлер түрлерін олардың классификациясы бойынша жеті
негіздеме бойынша бөлдім. Қосу және сөндіру мүмкіндігі бойынша жабық және ашық субтитрлер.
Жабық субтитрлер –
қолданушы қосып сөндіре алады. Ашық субтитрлер –
экранда көрсетілетін
субтитрлер және қолданушы сөндіре алмайды.
[3]
Ашық субтитрлер жабық субтитрлер сияқты бір мәтінді көрсетеді, бірақ олар видеоның бір
бөлшегі болып табылады, және сөндірілмейді. Мұндай субтитрлердің көру амалы фильмдерді шет
тілінде көруінде өте тиімді. Ашық субтитрлерде субтитрлердің орнын, мөлшерін, түсін және қаріпін,
жабық субтитрлерге қарағанда, қадағалау болады. Видеоконтент желісінде субтитрлер ашық та,
жабық
та бола алады, немесе бірігіп қолданыла алады. Егер ашық субтитрлер техникасы
қолданылған болса, онда субтитрлер тікелей бейнематериалға қосылады. Мұндай субтитрлерді
қабаттастыру бейне
-
редактор бағдарламалардың көмегімен жасалынады. Мұндай субтитрлер
бейнематериалды қарап отырған барлық адамдарға көрінеді, және оның өшірілуі мүмкін емес. Жабық
субтитрлер техникасын қолданғанда, субтитрлер бейненің үстіне салынады.
Сақталынатын форма бойынша:
Тігілген –
субтитр мәтіні бар сурет негізгі видеоға жазылады. Тігілген субтитрлердің сапасы
мен қиындылығы максималды болуы мүмкін (кез келген қаріптер, кез келген тілдер, кез келген бейне
эффектер).
Пререндерлік –
субтитрлер дайын суреттер ретінде бейнебаяннан бөлек жерде сақталады.
Мұндай субтитрлер плеерлер жағынан қолдауды талап етеді және де әдетте сапасы онша жоғары
емес, алайда әр түрлі тілдегі мәтінді көрсетуде қиындық келмейді. Дәл осы түрде
DVD-video
субтитрлер орналасады.
Бағдарламалық –
таңбалау элементтері бар (өлшем, түс, гарнитура, экрандағы орны) мәтінді
көрсететін субтитрлер.
Ұсынылатын тіл бойынша:
Бір тілді –
аудио хабарлама айтылатын тілдегі мәтіні бар субтитрлер.
Аудармалы –
аудио хабарламалардың бір тілден басқа тілге аударылғандағы мәтіні бар
субтитрлер.
Көрсету уақыты бойынша:
Қазіргі уақытта көрсетілетін субтитрлер. Мұндай субтитрлермен тікелей эфирге шығатын
бағдарламалар жабдықталады.
Алдын ала құрылған субтитрлер.
Гибридті субтитрлер –
бұл жартысы алдын ала дайындалып, жарты бөлігі қазіргі уақытта
шығарылатын субтитрлер.
Оқиға деңгейіне байланысты:
Тек қана кейіпкердің сөздері мен, мысалы кадрларда пайда болатын жазбалардың пікірлері
бар субтитрлер.
Қосымша ақпаратты қамтитын субтитрлер. Мысалы, оларда қажетті дыбыстық оқиғалар
(қорқынышты фильм кейіпкері тарсылды естігенде «тарсыл» деген
субтитр пайда болуы мүмкін).
Мұндай субтитрлер есту қабілеті нашар адамдар үшін жасалынады.
Мазмұнына байланысты:
Баяндамалы субтитрлер –
ауызша сөз жазбалы түрде көрсетілетін субтитрлер.
Еріксіз субтитрлер–
бұл кейіпкер сөзінің, жазбалардың, белгілердің аудармалары бар
субтитрлер.
Маңызды субтитрлер –
бұл субтитрлерде фильмде түсірілмеген қандай да бір диалогті, іс
-
әрекетті және оқиғаны баяндайтын субтитрлер. Мұндай субтитрлер қаражаты аз суреттер үшін
қолайлы.
Бонустық субтитрлер –
бөлек мәтіндік түсіндірмесі бар субтитрлер.
Кеңейтілген субтитрлер стандартты және локализацияланған субтитрлерден құрылады.
Қолданылу сферасы бойынша:
Көркем субтитрлер (кинофильмдерде, операда, театр көрсетілімдерде).
Медиасубтитрлер (жаңалықтар мен жарнамаларда).
Ойын
-
сауық
субтитрлері (бейнероликтерде, компьютер ойындарында, тілді үйрету
бағдарламаларында).
Субтитрлерде мәтіннің барлық негізгі санаттары бар: тұтастылығы
(бастапқы және соңғы титр), локалді, глобалді, коммуникативті бағыттағы желілілік (көптеген
сөдік актілерді қамтиды), құрылымды ұйымдылық (басты құрылыс бөлігі сөйлем болып табылады,
кейбір субтитрлерде мәтін абзацтарға бөлінеді). Жоғарыда айтылған субтитрлердің мәтіндік және
дискурсивтік белгілері субтитрлердің дискурстің бір түрі болып табылатынын білдіреді
.
Көрерменнің ақпаратты қабылдаудың физиологиялық қатарына, сонымен қатар аудио видео
материалының ойнауының техникалық ерекшеліктеріне байланысты субитрлерді жасау мен экранда
орналастыру келесі талаптарға бағынады.
[4]
1.
Субтитрлер кадрдың астында, ортасында немесе сол жағынан орналысады.
Ерекшелік ретінде бүйірде орналасатын жапон, қытай және кәріс субтитрлері қолданылады
.
2. Біруақытылы пайда болу кезінде субтитрлердің жолдар саны екіден аспау керек.
Бұл субтитрлердің мәтіні суретті жаппау керек деп түсіндіріледі. Егер де субтитрлер екі жолдан
тұратын болса, олар ұзындығы бойынша неғұрлым бірдей болу қажет, себебі бұл қабылдау үшін
ыңғайлырақ.
3.
Жолдағы символдар көлемі 40 аспауы керек.
Бұл адамның физикалық мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Орташа көрермен ақпаратты айтылған
кейіпкер сөзінен баяуырақ оқиды.
4. Субтитрлер экранда кейіпкердің дыбысымен синхронды пайда болып жоғалу тиіс.
Қазіргі
уақытта дыбыс пен субтитрді синхрондайтын бір қатар компьютерлің бағдарламалар бар.
Субтитрдің экранда болу
уақыты дыбыстың ұзақтығымен сәйкес келеді.
5. Сөйлемде интонациялы оқшауланған сөздер субтитрлерде де графикалық құралдармен
(мысалы, курсивпен) белгіленуі қажет..
Сонымен қатар, субтитрлердің пунктуациясына да назар аудару қажет, әсіресе, леп белгісі
мен көп нүкте.
Sony Vegas Pro
–
бұл видеоны жасайтын және өңдейтін кәсіби бағдарлама. Ыңғайлы
интерфейс, әмбебаптылық және көп көледегі кәсіби мүмкіндіктер осы бағдарламаға үлкен атақ әкелді.
Бағдарламаның басты артықшылығы оның қолданудағы және үйренудегі қолайлығы.
«Жылдамдық. Дәлділік. Икемділік. Кәсібилілік»
-
осындай сөздермен әзірлеушілер
Sony Vegas
Pro-
ны суреттейді. Және шынымен де бағдарламаның жұмыс ортасына бірінші минуттан соң үйреніп
кетесін. Барлығы максималды ыңғайлы және түсінікті
түрде орналасқан. Vegas Pro бағдарламалық
пакетінде жоғары сапалы аудио және видео контентін шығару үшін барлық жаңа және
инновациондық құрылғылар бар. Бағдарламаның артықшылықтары:
Ыңғайлылық және бағдарламамен жұмысының жеңілдігі. Sony Vegas
бейнематериалды
өңдеудің интуитивті түсінікті бағдарламалардың бірі.
Функционалдылығы.
Функционалдылығы
жағынан
Sony
Vegas
заманауи
бейнематериалдарды өңдейтін бағдарламалардың көбісінен алда. Sony Vegas
үшін бағдарламаның
функционалдылығын арттыратын кең көлемде
барлық мүмкін плагиндер жасап шығарылды. Түрлі
фильтрлер, монтаждық өтулер және қосымша құралдар, тіпті басқа әзірлеушілермен жасалса да, еш
қиындықсыз бағдарламамен жұмыс істейді.
Икемділігі. Осы бағдарлама интерфейсінің икемділігі жайлы бөлек айтып кету
қажет.
Бағдарлама интерфейсті тек қана өзіне ғана емес сонымен қатар видеомен жұмысының әрбір
кезеңінде өзінің ыңғайына қарай ауыстыруға болады. Яғни сіз бірнеше конфигурация терезесін сақтап,
солардың ішінен видеоны өңдеудегі өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз.
Тұрақтылық. Sony Vegas
тұрақты бағдарламалардың бірі. Бөлек жағдайда «шығып кетулер»
қате русификатор немесе қате плагиндердің септігінен болуы мүмкін.
Бағдарламада статикалық және айналдырылатын титрлерді құруға болады, тексттің стилін
және өлшемін өзгерту, фонды ауыстыру немесе видеоның үстінде титрлерді құру және басқа
нәрселерді жасауға болады. Титрлер үшін бөлек видео жолын қолданған дұрыс. Титрлер шаблоны
Media Generators терезесінде орналасқан.
Бағдарламалардың барлық ерекшеліктерін қарастырып, диссертацияны Sony Vegas Pro
бағдарламасында жазамын деп шештім.
Қорытынды. Жұмыста субтитрлердің классификациясы қарастырылған. Алдағы жұмыста
нақты уақыт тәртібіне дейін бейнематериалды таңдап, алынған бейнематериалды өңдеп, оған субтитр
жасау бағытталған.
Әдебиет
:
1.
Алексеев
,
М.П. Проблемы художественного перевода.
[
Текст
]
Иркутск.: Академия,
1971.
–
320с.
2.
Бархударов
,
Л.С.
Язык и перевод.
[
Текст
]
М., –
1975.
3.
Виноградов
,
В.С.
Лексические вопросы перевода художественной прозы.
[
Текст
]
М.: ВШ, 1986. –
336с.
4.
Мир перевода
–
5 Practicum
// А. Чужакин, К. Петренко –
2-
е издание,
[
Текст
]
М.: Р.
Валент, 2001. –
216с.
References:
1.
Alexseev,M.P. Problemyhudozhestvennogoperevoda. [Text] Irkutsk.: Akademiya, 1971.-
320s.
2.
Barhudarov, L.S. Yazyk I perevod. [Text] M., -1975.
3.
Vinogradov, V.S. Leksicheskievoprosyperevodahudolestvennoiprozy. [Text] M.: VW, 1986.
–
336s.
4.
Mir perevoda
–
5 Practicum // A. Chuzhakin, K. Petrenko
–
2-oe izdanie, [Text] M.: P.
Valent, 2001.
–
216 s.
Автор
жайлы мәлімет:
Маусымбаева Самал Батырбековна–
магистрант, Костанайский государственный
университет им. А.Байтурсынова, тел.
87471326188, e-mail:
msamal_93@mail.ru,
Кудубаева Сауле Альжановна –
заведущая кафедрой информатики и математики,
Костанайский
государственный университет им. А
.
Байтурсынова
,
тел
. 87759069647
e-mail:
saule_58@mail.ru
Maussymbaeva Samal Batyrbekovna - master student, Kostanay State University named after A.
Baytursynov, tel. 87471326188, e-mail:
msamal_93@mail.ru,
KudubaevaSauleAlzhanovna - head of the department of Informatics and Mathematics, Kostanay
State University named after A. Baytursynov, tel. 87759069647, e-mail:
saule_58@mail.ru
Маусымбаева
Самал
Батырбековна–
магистрант, А.Байтурсынова атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, тел.
87471326188, e-mail:
msamal_93@mail.ru,
Кудубаева Сауле Альжановна –
информатика және математика кафедрасының меңгерушісі,
А.Байтурсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, тел.
87759069647, e-
mail:
saule_58@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |