Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.11.2022
өлшемі1,57 Mb.
#46844
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
шырағың сөнбесіе

қаттырақ қол салса... онда қарсыласар едім, айқайлап алысар едім... адам
бір ашынып, өшігіп алса неге болса да төзеді ғой. Мына құрғыр титтей де
дөрекілік жасамады. Орынсыз жерге қол да жүгіртпеді. Менің ойымды
қағаздан оқып отырғандай — бір қия баспады. Тіпті сыпайы. Сыпайы
болғанда орынсыз ебелектеп, не ыбылжып тұрған жоқ, кəдімгі табиғи
қалпы. Өзі баттитып көрсетпесе де, осы адамның өзіңнен өресі көп
жоғары екенін біліп, ығында кеткеніңді білмей қаласың. Ал, жымиғаны
бар — ау, сенімен əлдеқашан сырласып, бəрін ұғып қойған адамның езу
тартысы.
Сен айтушы едің ғой, «қалауын тапса қар жанады» деп, бұ да сол
қалауын тапты ма, білмеймін, онша қыстамай — ақ біраз ішкізіп жіберді.
Шырақтың қара көлеңкесі қалтылдаған көмескі сəулесі кісіге бүгінгі халін
ұмыттырып, өң мен түстің арасындағыдай бір күйге түсіреді екен. Қара
көлеңкеде қарулы еркектің білегі мойныма жұмсақ оралып, ақырындап
өзіне тартып үлкен кеудесіне сіңіріп бара жатты...
Света екі шекесін қос қолдап қысып, төмен қарады. Менің көз алдыма
ұрысқақ Мусяны атып тастайтын солдат елестеді: о да осы, Света айтқан
офицер сияқты, ұзын бойлы, сымбатты болатын, өзге солдаттар əйелдерге
əукесін салып, сасып — пысып жатқанда, ол қарқылдап күліп алып, ауыз
гармонын ойнап тұра берген. Светаға «тоқташы енді» дегенімше оның өзі
де іркіліп қалды. Қос тізесін қапсыра құшақтап алып, иегін тізесіне тіреп
көзі мұнарланып бұйығып отыр. Айтылмаған əңгімесі алқымына тіреліп,
көз алдынан тізіліп өтіп жатыр. Мұнарланған анау көгілдір көздері, сөніп
қалған отты, я қарсы алдындағы мені көріп отырған жоқ, «кешегіні» көріп
отыр. Бет əлпетінен танып қалдым, қазір тағы сөйлейді, маған айта ма, я
мына қалың орманға айта ма, бұл енді ақтарылып болмай тоқтамайды.
Бірақ ақтарылғанмен арыла ала ма?
— Білмеймін, сол өзі адам ба, əлде адам бейнесіндегі сиқыршы сайтан
ба. Бұрын өмірімде көрмеген бір халге түстім.


Света кенет қабағын түйіп, сəл бөгелді де содан кейін менің бетіме
қарады. Жаңағы: «ал, топырақ шаш, түкір бетіме» деген қарасы.
— Meн «дүниенің бəрін ұмытып кеттім» дедім ғой. Coған сеніп
отырсың ба? Жоқ, адам еш нəрсені мүлдем ұмытып кете алмайды екен.
Николай да ауық — ауық көзіме елестеп кетеді, орман ішіндегі сені де
есіме алып қоям, қойынымда жатқан адамның кім екенін де білем. Тəтті
тағамға ащы тамызғандай, осылардың есіме түскенін ұнатпадым.
Көкірегімде бас көтерген əлсіз ұятты бойымды жайлап алған ыстық
құмарлық тұншықтыра берді. «Жарайды, кейін, ертең... бір орайы
болар...» құшырланып жатып осы сөздерді дауыстап та айттым ғой
деймін. Осыдан кейін мені қаншық емессің деп айтып көрші.
Мастығым ертеңгісін тарады... Тұла бойым жеңілдеп, тазарып
ояндым, көзімді ашып алсам — таң атқан екен. Сонда да бұйығып жата
тұрғым келіп еді, бірақ анау, бойына дарытпай, əскери адам ширақ қой,
тез тұрып киіне бастады. Ауызғы бөлмеге шығып күзетші солдатты
шақырып алды.
Бұйрығыңызға əзірмін, полковник мырза» деді солдат.
«Столға екі адамға шай даярла».
Шені полковник екен. Əскери формасын киіп алған соң көзіме
соншалықты жат болып көрінді. Қарсы алдымда соғыс басталғалы
үрейімізді алған жасыл мундир отыр. Түннің сиқыры будай тарап кетті,
арамызда ешқандай жақындық болмаған сияқты, енді қайтадан
көкірегіме үрей кіре бастады. Полковник те түк көрмегендей, бойын аулақ
салып, жай ғана сыпайы отыр, тек сəлден кейін менің көзімдегі үрейді
көріп, жылы шыраймен жымиып, езу тартты, бірақ күлкісі пышақ
кескендей тыйылып, ойы өзге жаққа бұрылып кетті. Алдындағы суып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет