Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата02.11.2022
өлшемі1,57 Mb.
#46844
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
шырағың сөнбесіе

ЕКІНШІ БӨЛІМ
1
Сарайдың ішінде үйген пішеннің ішінде жатырмын. Үрей мен аяз
бірдей қарып, тұла бойым тітіркеніп, тісім тісіме тимей дірдек қағам. Бұл
сарайдың ішінде мен жатқан үйдің иесі Дуня апайдың «Зойка» деп
аталатын мына көнек қызыл қасқа сиырымен екеуміз ғана. Біз Дуня апай
екеуміз есіктен қапыл — құпыл кіріп келгенде жамбастап жатқан Зойка
тыпыршып орнынан атып тұрын, бас жібін жұлқи бізге оқтала бір қарады
да, менің артымда келе жатқан иесін танып, тыныштала қойды. Бұл
жануардың барлық қорқынышы сонымен тынды, қазір қаннен — қаперсіз
салқын шөпті күрт-күрт күйсеп тұр. Мен болсам жүрегімнің дірілін ұзақ
уақытқа дейін баса алмай, ауық — ауық жиіркенішті суық діріл тəнімді
мұздатып өн бойымды қарып өтумен болды. Ол сырттағы аязбен ішіне
кіріп келгенде бетім мен қолыма қылқандай қадалған мұп — мұздай
шөптен бе, əлде деревняға ойда жоқта келіп қалған неміс əскерінен бе,
əйтеуір үрей мен ызғар аралас безгек діріл біразға дейін жанымды жай
тапқызбады. Бірақ пішеннің іші жақсы ғой, қысты күні де денеңді қыз —
қыз қайнатып жібереді, ұзамай — ақ тұла бойыма жылу тарап, сірескен
буын — буыным босаңсып, жайбарақаттана бастадым. Тек əттең мына бір
тосын жағдай болмаса, соңғы екі айдан бері бойым үйреніп қалған
кемпірдің жылы пешінің үстіндегідей балбырап жата беретін түрім бар.
Тəнім жылығанмен көңіліме жылу кіретін түрі жоқ. Алғашқы соқыр
үрей мен дірілден айыққан сайын көкірегіме орнықты үлкен уайым ұялап
келеді. Соғыс басталып, жау тылында мен тентірегелі жарты жылға иек
артыпты, содан бері жақсылықты да, жамандықты да, қауіп пен қатерді де
көріп — ақ келем, неге болса да етім өліп, үйреншікті болып кететін кезім
болған сияқты еді, бірақ ажалдың қатеріне адам үйрене алмайды екен.
Білмеймін, əлде мен солаймын ба.
Мен жатқан деревняға неміс əскерлері келіп орналасты. Бұл өзі үлкен
орманның шетіне жақын, əзірге жау аяқ баспаған мекен болатын. Осы
арада бір жайлы үйге орнығын екі ай жаттым. Күнін анық білмесем де,


шамасына қарағанда босанатын уақытым да таяп қалды. Енді сол бұрын
басымнан кешпеген ауыр сағатты қорқынышпен күтіп жүргенде мынадай
халге душар болдым. Дұшпанның айбаты жылы орнымнан қуып шығып,
кемпірдің қызыл қасқа сиыры Зойканың сарайына əкеліп тықты. Ендігі
күнім не болмақ? Олар бірер күн тұрып кететін болса, аяқ астынан толғағы
түскірім келіп қалмаса, шыдармын — ау. Егер ұзақ тұрып қалса... Өз
аяғыммен басқа жаққа қашып кете алмаймын. Ылғи бұға беретінім «түрің
бөлек» деп түбімді тексере ме деп қорқамын. Түрімнің бөлектігі, немістерді
білмеймін, тіпті орыстардың өзінің арасында күдік туғызатын, енді оның
үстіне тығылып жатқан жерімнен табылсам, жығылғанға жұдырық деп,
күдіктің үстіне күдік жамап алмаймын ба. Немістер келіп қалғанда Дуня
апай да, мен де зəреміз кетіп сарайға қарай жүгірдік. Қазір ойлап қарасам,
бəлкім, осы ісіміз асығыс, ағаттық болды ма екен? Мүмкін, немістер мəн
беріп, елей қоймас иа еді? Шамасы, өзіне сенімсіз нашар адамның
далбасасы болса керек, бір істі істеп алып, артынан «апыр — ай, басқаша
істесем жақсы болар еді ғой» деп опық жейтін айнымалы мінез тауыппын.
Егер жасырынбай, сол үйде тұра бергенде, Дуня апайдың қай нағашысы
едім демекпін?
Қайтейін, ойы құрғыр он саққа жүгіреді. Қайсысын қармасам да көңілге
жұбаныш əкелер бірі жоқ. Оның үстіне сырттағы немістердің шаңқылдап
сөйлеген дауыстары, қадамдарының тықыры да, тура мені іздеп жүргендей
үрейімді шабақтап, зəремді алады. Немістер бұл дүниеде менің бар —
жоғымды білмейтініне, үстірт болса да бір қарап кеткен сарайын енді
қайтып келіп тінтпейтініне қанша сенейін десем де, көңілі құрғыр қобалжи
береді. Бір — екі ай тыныш жерде бұғып жатып, қауіп — қатерді жатырқап
қалғанмын ба... Əйтпесе бұдан да қорқынышты сағаттарым болып еді ғой.
Оңым мен солымды танымайтын, енесінің емшегінен адасқан соқыр
күшік сияқты қараңғыны қармап қалған, дəрменсіз сағаттарым қайда? Оған
қарағанда қазіргі хəлім қанша қатерлі болса да шүкірлік емес пе? Сонау
орманның ішінде жападан — жалғыз қалған сағаттарым... Əрине қазір де
жалғызбын, бірақ ондағы жалғыздықтың жөні басқа болатын. Айға жуық
полктың көп əйелдерімен бірге қашып келе жатқанда жағдай қанша ауыр
болса да жалғыздықты сезінбеп едім. Көптің бірі болдым да, қазақ
айтпақшы, «көппен көрген ұлы той» деп жүре бердім. Не де болса көппен
көргеннің жеңілдігі болады екен. Одан Светамен тағы да айға жуық бірге
жүрдім. Қасымда серігім болды, серік емес — ау, басшым болды. Жетекке
ерген тайыншадай соңынан еріп, тағдырымды соның мойнына артып


жетелеген жағына жүре бердім. Енді аяқ астынан Светадан айрылып,
қалың орманның ішінде жалғыз қалғанда...
Сондағы бір ғажабы — алдымен өзімнің мүшкіл хəлімді ойламаппын.
Светаның айтқан хикаясы, ақыл ойымды билеп, оның аяқ астынан душар
болған қасіреті тұла бойымды жайлап алды да, содан арыла алмай əлек
болып отыра беріппін. Біреудің қасіретін ішіме түсіріп алып, жарыса ойлап,
жарыса қиналып арамтер болатын жаман мінезім бар екен — бейне бір
Света қасіретін маған тастап, «мə, мынаны талғажау ете тұр» деп, өзі кетіп
қалған сияқты. Мен сонымен алаң болып отырып, етегінен ұстаған жалғыз
жолбасшымның кетіп қалғаны, ендігі мүшкіл хəлімді біраз уақытқа дейін
тіпті ойламаппын да. Өзімше, оның халін əбден — ақ түсінген сияқтымын.
Ол өзінің бар масқарасы мен іш құсасын, түгін қалдырмай, алдыма ақтара
салды.
Бірақ түсінгенмен оны не ақтауға, не даттауға керек пе, ол арасына
ақылым жетпейді. «Бақытсыздық» деген нəрсе жамандық пен жақсылыққа
бөлінбейтін, адамға төтеннен келген алапат па екен, əлде заты əйелдің
осалдығы ма, білмеймін, əйтеуір менің өз басым Светаны айыптай
алмадым, бар тапқаным тек қинала бердім. Сол деревняда түнеген үйінің
жанында, жақын адамының, азаматының ажалын тосып, түнеріп тұрған
топтың көз алдынан жеpгe кірердей боп қызарып өтіп бара жатқан
Светаның кескіні көзіме елестеп, жүрегімді шабақтап... Жəне Светаның
жұқа өңінің қызарғаны қандай, қып — қызыл қап ғой. Бейне қалың топтың,
ызғарлы сұқ көздерінің алдынан лас тəніңді жалаңаштап айдап
баратқандай...
Құрсын... Осы елес көз алдыма келгенде — сол өтіп баратқан Света
емес, менің өзім сияқты қиналам. Жиіркене айыптай қараған əрбір сұқ
көзді көргендей болам да, қарап отырып жердің астына кіріп кеткім келеді.
«Мен жалғыз қалдым ғой. Meн жападан — жалғыз қалдым». Бала
кезімдегідей еңкілдеп жылағым келді, бірақ көзімнен жас шықпады.
Мүмкін, іштей егіліп, көз жасым сыртқа шықпай ағыл — тегіл кеудеме
құйылып жатты ма, əйтеуір, осындай жібім тарқап босаңсыған халде біраз
отырыппын. Қорыққанда қарекет қылудың орнына, көзінің жасына
сыйынатын кəдімгі жас баланың халінде болдым. «Тіпті енді қайттым, не
тіршілік жасаймын?» дегенді ойлауға да шамам жетпеді. Тек бір
көкірегімді кеулеп, қампиып өсіп келе жатқан үрей, қорқыныш бар. Мынау


жасыл орман, жайнаған төңірек те емес, ну мекиен шөлде, керуенімнен
адасып, жалғыз қалғандай жайым бар. Қайда барарымды, қалай қарай
жүрерімді білмеймін. Жалғыз қармаған талым Света уысымнан шығып
кетті, енді «ойбай» салып, қанша талпынсам да оған қолым жетпейді,
Орманнан шықсам мені тарпа бас салып ұстап алатындай... оқыс үрей ауық
— ауық кеудемді осып өтеді... Орманнан шығуды айтам — ау, əрі —
беріден соң осы орманның іші де маған нанасыз, үрейлі болып бара жатты.
Бүйірімді тепкілеп жатқан СОЛ. Жан иесі...
Кешеден бері бар — жоғын ұмыттырып, тыныш жатырм, оянып кетті.
Ол өзімен бірге менің меңіреу болып қалған көңілімді де оятып жіберді.
Жападан — жалғыз қалдым десем екеу екенбіз. Қасымда серігім бардай
көңіліме бір тəтті сезім кіріп еді, бірақ тəттіге у тамызғандай ілесе уайымы
құрғыры да келе жатыр. Мұның маған қандай серіктігі болмақ? Көз қара
дейін десем көре де алмаймын, аяғыңды ауырлатқан азабынан басқа...
Бір ғажабы менің халімдегі адамға уайымның өзі ем, манадан бергі
мəңгіртіп жіберген үмітсіз жалғыздық төзімі серпіліп, көкірегімде
тыпыршыған талпыныс оянып, бір жағынан шым — шымдап ішім де
жылып келеді. Сонау бала кезімдегі бір елес. Одан бері он жылдан асты...
Əлсіз шырақ сөніп, анам қараңғы түнекте қалардай қорыққанымда, «оның
шырағы сенсің ғой» деген Қамқа əжемнің даусы... Менің құрсағымда да бір
шырақ жылтырап жанып келеді. Оны өшіріп алсам... Көкірегімді үрей
биледі, бірақ бұл үрей басқа, ол маған қайрат, жігер əкеле жатыр. Ойым
əбден сараланып болмаса да алды — артымды болжауға жағдайым келіп
қалды. Құрсағымда титімдей жан иесі барда мелшиіп қарап отыра
алмаймын, қайткенде де қарекет жасап, бір қараға жетуім керек.
...Бір қараға жетуім керек. Бірақ сол қара қайда? Светаның кеткен
бағыты анау, ол бір нəрсені білетін шығар, сол бағытпен мен де
қаңғалақтап кете берем де. Сол бір қараға жеткізер. Екі айға жуық
тентірегенде менің ұстаған құбылам шығыс. Оны күндіз күнге қарап, түнде
аспандағы жұлдызға қарап та ажыратуды үйрендім. Қанша бұлталақтап,
ирек — ирек жол салсақ та бағдарымыз осы шығыс болатын. О жақта жау
барын, жəне жаудың бар күші де, қырғын соғыс та сол жақта екенін білсек
те, ұрық шашарда ешбір бөгетке қарамай, өзеннің өріне жүзетін балықтар
сияқты біз де солай қарай жылжып келе жатқанбыз. Менің ендігі ойым да
алдым от болса да солай қарай жылжи беру.


«Сенің түрің бөлек, бірден көзге түсесің» деп Света мені ылғи тасаға
жасырып, деревняға өзі кететін, содан үркек болып жаман үйреніп
қалыппын. Орнымнан тұруға қанша оқталсам да сескене берем, жау көзіне
түсіп қалам ба деп қорқам. Ал, шынымды айтсам өзім араласып кəнігі
болмаған ел — жұрттан да сескенетін түрім бар. Қайран қалың қазағымның
арасы болса... Бұрын тіпті құлақ естіп, аяқ баспаған жеріңе барсаң да,
əйелдерге мұңыңды шағып жағдайыңды айтсаң «беу, алда байғұс — ай»,
деп еріндерін сылп еткізіп, көңілшектері көзіне жас алып...
Ал, мына халықпен əлі сыр мінез болып көрген емеспін. Кеше айға
жуық ауыр сапарда полктың əйелдерімен бірге болғанда аз да болса оларды
түсініп, кішкене жақындасып қалғандай едім, біразының тіпті кəдімгі қазақ
əйелдеріне ұқсас мінездері болатын. Бірақ енді олар өзім сияқты командир
əйелдері, жəне «айлас қатын мұңдас» дегендей жолымыз да, азабымыз да
ортақ еді, ал, жалпы халықпен менің жөнді араласым болған жоқ. Жəне сол
білдім деген əйелдерімнің өздерінің ар жағында несі барын... əсіресе іш
тартқаным, тіпті жақсы көрген адамым Света емес пе еді?
Олжадан түскен атқа тақымың үйренгенде ойда жоқта оқыс мөңкіп
аударып тастайтыны болатын, бұ да аяқ астынан əзірге менің миым
жетпеген тосын мінез көрсетті. Енді ойланып қарасам Светаның мінезі
маған шынында да тосын көріне бастады. «Қара ешкіге жан қайғы» болып
тұрғанда ол сол жан қайғысын ұмытып, аяқ астынан ар қайғысын арқалап,
жеке кетті. Бір азапты екеу етіп алды. Мен оны түсінетін де, түсінбейтін де
сияқтымын. Менің түсінетінім жұрттың бəріне түсінікті, ондай халге
ұшыраған ұяты бар əйелдің жан азабы оңай болмайды, əрине қиналады.
Бірақ... «ораза, намаз тоқтықта» деп қазақ айтушы еді. Мынадай алапат
ішінде, шырқыраған шыбын жаныңды қоярға жер таппай жүргенде...
Білмеймін. Өз басына түсіп көрмеген соң.
Неге екенін білмеймін, о кісіні өзімше, іштей «кемпір» дей саламын да,
ал көзінше инабат қылып Дуня апай деймін. Жасы алпыстан асқан, менің
Қамқа əжемнің өкшесін басып жүрген адам. Орыстар үлкендерге өз атына
əкесінің атын қосақтап екеу қылып айтатын əдеттері емес пе, бұл кісінің
есімі Евдокия Герасимовна екен. Менің жаттықпаған жалпақ тілім сол екі
есімнің, тым болмаса, біреуінің нəшін келтіріп айта алмады. Бір — екі рет
шатастырғаннан кейін кемпір «сен менің əкемнің атын қарасин қылып
жібереді екенсің, одан да «Дуня апай» деп атай бер» деген.


Бұл кісіні алғаш" көргенде «əй сірə, тұзымыз жарасып кете қоймас»
деген ойға келгенмін. Қаңғып келген түрі бөлек əйелді ұнатпай қалды, жүзі
суық, көк көзі шатынаңқырап тұр. Ұзынша сопақ беті төрт бұрышты, терең
əжім тіліп өткен бет бедерінің де қыры сынбаған, толыспаған тарамыс
тұлғасы да қатаң — қысқасы, бір қарағанда түрі кісіге түрпідей тиетін адам
екен. Əсіресе екі езуінен төмен қарай қиғаштай тартылған екі терең
сызығының астынан ащы мысқылы мен ашуы тепсініп тұрғандай, соған
орай ащы даусы омырылып шығады. Алғашқыда қатты тіксініп қалдым.
Бұрынырақта болса бұрылып жүре беретін едім, бірақ Светадан
ажырасқаннан кейін, екі айға жуық жалғыз тентіреп, мен де оңды —
солымды танып біраз нəрсеге ысылып қалғанмын. Талай жақсы да, жаман
да адамды көріп, бір қабағын қарс жауып алған хозяйкаларға бір түнеп
кететін бетсіз болып алғанмын, бұрынғы бұйығылығымнан арылып,
осындайда іштей ерегесе кететін мінез тапқанмын. Сондықтан да үй
иесінің қыртысы жазылмаған қатқыл ажарынан қаймыға қойғаным жоқ,
алдымен бір түнеп кетуге сұрандым.
Кемпірдің қабағына қарап «кет» дейді ғой десем, ол салқын даусымен
ықылассыз ғана «жарайды» деді. Күн кешкіріп қалған мезгіл еді, кішкене
үйдің бір бұрышында сүмірейіп мен отырмын, құдай оңдап, кемпір сыртта
шаруасын істеп жүр, болмаса, келмей жатып ұрысқан адамдай екі əйелдің
тыртысып отырғаны қандай жаман. Үйге бір — екі рет кіріп шықты. Тіл
қатыспасақ та уақыт өткен сайын бойым үйреніп келе жатқан сияқты.
Шамасы өмір бойы шаруа қуалап шандыры шыққан байғұс болар, қанша
шау тартса да, қимылы пысық, сол сергек қимылымен асын қамдады.
Картоп аршығанда жəрдем етейін деп едім:
— Өзім — ақ аршимын. Бүгін қонақсың ғой,— деді.
«Бүгін қонақсың ғой дегеніне қарағанда, ертең де маған кет дей
қоймас» деген бір үміт жылт ете қалып еді, кемпір одан əрі тіл қатқан жоқ,
Əйтсе де өңі жұмсағырақ болды. Оның қатқыл өңін керосин шамның
жарығы жұмсартты ма, əлде менің титтей де болса жылу іздеген көңілім
жұмсартты ма... Мен де күдікшілмін, құдайдың берген кескіні мен мінезіне
кім кінəлы, үндемей — ақ қойсын.
Тек сүр майға қуырған ыстық картоп алдымызға келген де ғана:
— Сен қай қиырдан, қай құдай айдап келіп жүр біздің жаққа?— деді.


Meн тілім жеткенше жөн — жосығымды айтып түсіндіріп болдым.
Кемпірдің іші — бауыры елжірей қоймаса да, əйтеуір ден қойып,
ықыласпен тыңдады. «Тіпті алыстан келген екенсің ғой, байғұс», ден
аяныш білдіргендей болды, одан ар жағын қазбаламай «шаршаған
шығарсың» деп төсек салып берді.
Таң қараңғысынан ішкен ертеңгі астан кейін, мен қипақтай бастадым.
«Енді қайда барам?» Майдан шебінен елге жететін дəрменнің менде жоғы
былай тұрсын, денем ауырлап күннен — күнге жүруім де қиындап барады,
оның үстіне қылышын сүйретіп қыс та таяп келеді. Ендігі бар мақсатым —
қол-аяғым жеңілдегенше ұзағырақ паналайтын жер іздеу. Ондай үйді тауып
беретін таныс қайда, сондықтан да «осы паналатпас па екен?» деп
Бас сұққан үйімнің иесіне жаутаңдап қарай беретін жарамсақ əдет
тауып алдым. Мына кемпір түріне қарағанда жалғызбасты адам болар,
орайы келіп — ақ тұр, бірақ қанша жаутаңдасам да өңі жылымай — ақ
қойды тіпті, менің қампиып қалған қарынымды көрмеген де сияқты,
əйтпесе бір аяныш білдірер еді ғой. Қайтейін бір бұйырғаны болар да,
ертеңгі астан кейін кемпірге рахметімді айтып жүрмек болдым.
— Қайда бармақсың?— деп кемпір зекіп тастады.
Шынымды айтсам анадан туғалы зекіген дауыстың құлағыма майдай
жаққаны осы болар, көзім жаутаңдап кемпірге қарай беріппін, сірə
жанарым дымқылданып кетсе керек.
— Ана қарыныңды сүйретіп қайда бармақсың. Қардың үстінде
босанайын деп пе едің?— Кемпірдің зекігені құлағыма жағып барады.—
Мені бір мойнына крес салмаған дінсіз деп пе едің. Жарайды, қал осында.
Біздің деревнямыз үлкен жолдан аулақта. Əзір неміс келген жоқ, кім біледі,
құдай сақтап келмес те.
Мен кемпірге тағы да алғысымды жаудыра бастап едім, ол тыйып
тастады.
— Сенің осында қалғаныңа мені бір қуанып тұр ғой дейсің бе,
жарайды, бұйырғанын көрерміз.
Сонымен осы кемпірдің үйінде қалып қойдым. Өзі бір əйел затында
сөзге сараң кісі екен, бұрын сумаңдаған сөзшең əйелдерден басымды ала


қашқандай болушы едім, енді мынаның үндемегені қинады. Бір үйде
екеуден — екеу, ұрысқан адамдай. Құдай оңдап əйтеуір кемпір сиырымен,
тауығымен, шошқасымен əлек, олар да бір бабын таптырмайтын жəндіктер
екен. Оның үстіне ылғи бір жаққа кетіп қалады. Жасы келіп қалған адам
неге жалғыз тұрады? Туған — туыс, бала — шағалары қайда? Əлде бəрінен
айрылып қу бас болып қалған байғұс па?
Өзі айтпаған соң жөн-жосығын сұрауға бата алмаймын, паналатқанына
риза болып, тып — тыныш жата бермей нем бар. Тек сырттай
топшылағаным кім де болса, жақын біреуі бар сияқты. Ол — пұл
тағамдарын қамдап шүберекке түйіп алып екі — үш күнде бір жаққа кетіп
қалатын əдеті бар. Неше түрлі тəтті нан, жұмыртқа пісіріп, сары майы мен
бар дəмдісін салуына қарағанда базарға сатуға апармайтыны көрініп — ақ
тұр.
Мен орыс пешінің үстінде жоғарыдағы қуыста жатам, кешке от
жаққанда тіпті ысып кетеді, аунақшып-дөңбекшіп біраз уақытқа дейін
ұйықтай алмаймын. Бірақ əйтеуір осында келгелі ұйқыға кенде емеспін.
Басымды қатырған көп уайымға, алдымдағы белгісіз болашағыма
бұрынғыдай қайғырып, күні бұрын бекер күйзелмеуге тырысамын. Алдым
қараңғы. Қайтейін. Тағдырдың салғанын кезінде көрерміз. Бұрынғы
өміріммен де арам мүлде үзіліп қалды. Ауыл, ел — жұрт, Қамқа əжем... бар
жас өмірім... бəрі көз жетпес алыста, енді ол өмір келмеске кеткен сияқты.
Бірақ кейде бір ауыл өмірі қайта тіріліп, жамырап келіп көз алдымда тұра
қалатыны бар, жəне қас қылғандай құрт қайнатып, ет пісіріп жатқан, ие
дастархан басында жайғасып отырған нағыз алаңсыз бейқам тірліктері
елестеп зығырданымды қайнатады. Менің мына хəліммен олардың
шаруасы жоқ. Тіпті алаңсыз...
Қасымбек... Енді о да алыста. Түн ішінде апыл — құпыл шала
қоштасып, соғысқа кетті. Жөндеп сөйлесе де алмадық. Енді ойлап қарасам
— екеуміздің бірге тұрған өміріміз де шала сияқты. Оңаша отау тігіп
отасқан уақытымыз да азғантай, шолақ екен. Ерлі — зайыпты етене
адамдардай бір — бірімізге үйренісіп те болмаған тəріздіміз, кейде тіпті
қыз дəуренімнен айырылып, əйел болғанымды ұмытып та кетем. Құрсақты
болсам да күйеуіме үйрене алмағанмын ба, қалай. Басына күн туғанда
өзгенің бəрін ұмытып кете ме екен? Шынымды айтсам қазір Қасымбек
емес, қара басымның қамын көбірек ойлаймын. Тек бір рет қана жаным
ышқынып...


Орыстың қалың орманының ішінде қаңғалақтап жүріп қырылған
əскерді көрдім. Бір селоның адамдары жay кеткен соң, қаза тапқан біздің
солдаттарды көміп жатты. Неге екенін білмеймін, жүрегім алып ұшып
соған мен де бардым. Жұрт жиналып үлкен апан қазыпты. Сол апанның
ернеуіне ағаш арасында, далаңқайда сұлап жатқан əскерді əкеліп жатыр.
Біреулер қанар қапшықтан носилка жасап соған салып əкелсе, біреулері екі
аяғы, екі қолтығынан екеулеп ұстап жайша көтеріп келеді. Бір кеспелтек
сары жігіт өліктің екі аяғын қапсыра құшақтап екі бүктеп, иығына артып
əкеледі де сылқ еткізіп тастай берді. Бір əйел, дəті шыдамады ғой деймін,
«байқасайшы деп еді, «енді олардың еш жері ауырмайды» деп, жаңасын
əкелуге бұрылып жүре берді. Біреулер апанның ішіне түсіп, өліктерді
қатарынан тізіп қоя бастады.
Осы бір сұмдық көріністен басым айналып, кейде тіпті көзім қарауытса
да, байланып қалғандай кете алмай тұрмын, қарауға қорықсам да қарамай
кетпей тұра алмаймын. Шошына тұрып зəрем ұшып əр өліктің бетіне
қараймын. Ұрыс екі — үш күн бұрын болыпты; өліктер ескіріп, иістене
бастаған, беттері де қарайып кеткен — түрлерін ажырату қиын. Сонда да
жүрегім аузыма тығылып, көргенде жан түршіктіретін бедері кетіп ісініп
талақ боп кеткен өлі беттерге, қарай берем. Əрбір талақ беттен
Қасымбектің бет – бедерін іздеймін. Кішкентай ұқсастық нышанын тапсам,
о жолға хəлімді айту қиын.
Өлікті көмудің ешбір ерсілігі жоқ, қайта парыз ғой, бірақ осы бір ауыр
оқиға маған сұмдық жаман əсер етті де, көп уақытқа дейін көз алдымнан
кетпей қойды. Жəне бір жаманы, осы елес қайтып оралған сайын
Қасымбектің де өлі бейнесі көз алдыма елестейтінді шығарды. Бедерінен
айрылып, көнектей боп ісіп кеткен талақ бет көз алдыма келіп тұра қалады
да, тұла бойым тітіркеніп, жүрегім шаншып өтеді.
«Уды у қайтарады». Басыма түскен тауқыметім ақыры, бұл елесті де
ұмыттырды. Қарадан қара басыңа пана таппай шыбын жаның шырқырап
жүргенде өзгені ойлауға мұрсатың болмайды екен, енді Қасымбек те,
«онымен кездесем — ау» деген ой да менен алыстай бастады. Қасымбекпен
қосылуым ата — баба салған жолмен алаңсыз келе жатқан бейбіт өміріме
көлденең килігіп, шырқын бұзып кеткен төтенше оқиға болып та көрінеді
кейде маған. Елде тудым, елде өстім, сол елдің ішінде балалы — шағалы
болып, не де болса елмен бірге көретін орайым бар емес пе еді? Ал,
Қасымбектің етегінен ұстаған мына тірлігім, бүйірден шыққан бұтақ


сияқты сол өмірімнің негізгі арнасынан бөлек тұрған жоқ па? Енді
өмірімнің сол бөлшегі де менен бөлінін артта қалды.
Сөйтіп анадан туғалы он тоғызға толмаған аз өмірім омырылып үшке
бөлінді. Үшіншісі қазіргі неғайбіл хəлім. Алдыңғы екеуін дүлей соғыс
қылышпен шапқандай кілт үзіп тастады да, өзімді қаңбақтай домалатып
белгісіз жаққа алып кетті.
Бара — бара ойым шабандап алдымда тұрған қараңғы болашағыма көз
жүгіртуді де қойдым, бір күнім өтсе соған ризамын. Осылай тіпті мəңгіріп
кетер ме едім, қайтер едім. Тек... көңіліме уайым салып, талпыныс беретін
ішімдегім. Енді ұйықтап кетсем де ұмыттырмайтын болды, ауыр түс көріп,
бүйірім сыздап оянып кетем.
Əуелгі кезде құрсағымды кеулеп өсіп келе жатқан бөлек денені, терінің
астынан ісініп шыққан бітеу жарадай, жатсынып, жатырқайтын кездерім
болушы еді, қазір оған тəнім үйреніп алды. Денем ауырласа да іште жатқан
осы жан иесінің өзіме етене жақындығын сезінем. Кенет, ойда жоқта
құрсағым босап қалса оның орны үңірейіп, тəнімнің бір мүшесінен
айрылып қалғандай елегізитін түрім бар. Бұл екі адамның бірігіп біреу
болғаны ма, əлде бір адамның қақ бөлініп екеу болғаны ма, ол арасын
ажырата алмаймын, əйтеуір не де болса бүйірімнен шыққан бір бұтақ,
сияқты, мен оны өзімнен бөліп тастай алмайтынымды білем.
Іштегі нəрестем қимылдап, бүйірім мен кеудемді қоса жылытып келе
жатқанда салқын ақыл килігіп тұла бойымды тоңазытын өтеді. Ол қазіргі
мүшкіл хəлімді алдыма көлденең тосып, еріксіз ертеңгі күнімді —
болашағымды ойлатады. Содан барып кемпірдің кішкене үйінде, жылы
пештің үстіндегі ұйып тұрған бұйығы рахатым іркіттей іріп жүре береді.
Бұрын басымнан кешпеген босанар ауыр сағатым — ол өз алдына бір
қорқыныш. Ол сағатым сəтті болған күннің өзінде... Құрсақты күйімде
төзсе де жас баламен масыл қылып мына кемпір мені қашанғы ұстамақ,
алда — жалда ол ұстағанмен дұшпаның тыныштық бере ме? Осы ойлар
мені мазалай берді, бірақ қиын ойлар қанша қылқандай қадалса да, менде
қарекет жасар дəрмен жоқ.
Осының бəрі өзімнің, осалдығым екенін сеземін, бірақ құрғырды
сезгеннен келер жеңілдік жоқ екен, ақыры деп — сал болып, басым
қаңғырып тоқтаймын. Мүмкін осының бəрі жазмыш шығар. Əр нəрсенің


себебі болады деуші еді. Ойда жоқта кездескен бір себеп адамның
тағдырын түгел төңкеріп жіберетініне де көзім жетті енді. Қасымбек со
жолы демалысқа келмесе... Мен оған ұшыраспасам...
Кейде ойым алай — дүлей ұйытқып, кейде бойым да, ойым да жалқау
тартып, меңіреу халге түсіп осы үйде тұра бердім. Кемпірім де мені сөзге
алдарқатып, алаң қылып жарым көңілімді жұбатарлық жылы сөзді онша
айта қоймайды, мойнына байлап алған қара тасты амалсыз көтеріп жүрген
адам сияқты. Бап таңдайтын, ықылас іздейтін хал менде жоқ, қашан қуып
шыққанша төзе бермекпін. Бірақ кемпір қуып шықпады, екеуміз
томсырайып жүріп — ақ бір — бірімізге үйрене бастадық.
Көзім үйрене келе байқасам Дуня апайдың өңі қатқыл болғанмен
пəлендей тікірейіп тұрған еш нəрсесі жоқ сияқты, əлде сүйкеле келе қыры
жұмсарды ма, бастапқыдай бет əлпеті, көзқарасы маған түрпідей тимейді,
дегенмен ер бітімді кесек жүзінде, сүйегі арсиған ірі тұлғасында
жұмсақтық та шамалы. Кішкентайымнан кісінің жүзіне тіке қарамайтын
əдетім бар еді, күнім түскен, танымайтын жат əйелдің алдында тіпті
именшекпін, маған сөз айтуға оқталғанда маңдайымнан тарс еткізетіндей
тіксініп, жасқана күтем, бірақ əйтеуір ондай қатты сөз айтқан емес. Затың
əйел, оның үстіне халың мүшкіл, біреуге кіріптар болcaң қам көңіл
болмағанда қайтесің, кемпірдің бетіне ұрлана қарап мейірім іздеймін. Егер
бұл кісінің мейірімі болса ол тас қобдидің ішінде жатқан болар, сыртына
тепсініп шыққанын аңғармадым. Тіпті кісіге жаны ашып айтқан сөзінің
өзін кейіңкіреп, зекіп айтады. Мен кейде жөндеп тамақ ішпесем:
— Немене, төренің əйелінше тіксініп отырғаның... Қазір саған тамақты
екі есе ішу керек. Ішіңдегің де сорып жатқан жоқ па? Оған да тамақ керек.
Қарашы мұның астан жеркенуін,— деп кейіп тастайды.
Менің пештің үстінде бұйығып жатып алғаным да кемпірге жақпай
қалды.
— Қарашы пештің үстінде шалжиып жатып алғанын. Өзің бір балпиып
жата беретін жалқау нəрсе боларсың. Сыртқа шықпасаң да үйдің ішінде
қыбырлап жүр. Қимылдасаң қол — аяғың жеңіл болады. Жеңіл босанасың.
Жатпа шалжиып,— деп кейіді.
Менің өрісім үйдің іші ғана, сыртқа шығуға кемпірдің өзі рұқсат


етпеген. Күндіз бір жаққа кетсе де сыртымнан құлыптап, «қысылсаң,
шоланда шелек тұр» деп ескертіп кетеді. Содан күйбеңдеп, үйдің ішінде,
шоланда жүретін болдым. Бірте — біте үйдің ұсақ — түйек шаруасына
араластым. Ас пісіру, ыдыс жуу, от жағу... шаруаға араласқан соң
кəдімгідей сергиін дедім. Алдамшы əсер болса да, əйтеуір, осы үйдің
шаруасына ортақ бір адам сияқты жиіркенішті масылдық сезімі
бұрынғыдай қинамайтын болды.
Əне, селоның орта тұсынан бері қарай бір еркек келе жатыр. Ел
болғасын... жəй бара жатқан біреу шығар. Неге екенін қайдам, тіксініп
қалдым. Мүмкін жолдағы бір үйге бұрылар, не өтіп кетер, деп едім, бірақ
қарышты қадамына қарағанда жолшыбай бір жерге қайрылатын түpi жоқ.
Деревня тұрғындарынан түрі бөлек пе, қалай... Жеңіне байлаған жалпақ
шүберегі бар, «не де болса сірə немістердің қызметіндегі адам болар» деген
секемшіл ой келіп, терезеден екі қадам шегініп кеттім. Ол біздің үйге қарай
бұрылды.
3
Үсті жалпақ орыс пешінің қуысындағы түкпірге тығылып жатырмын.
Жамбасым ұйып қалды, аунап түсейін десем... аунамақ түгіл қыбыр етуге
болмайды маған. Көрпе — жастықтың тасасында, қараңғы қуыста лебімді
ішіме тартып құлағыммен ғана емес, бүкіл денеммен қыбыр еткен
дыбысты бағам.
Манағы сыртта көрген кісі есіктегі құмандай қара құлыпты көріп бірден
кетіп қалмады, жас қарды күрт — күрт басып терезеге келе жатты. Мен
шегіншектеп барып шоланға шығып кеттім, əдейі жабық үйдің терезесінің
алдына келгесін үңіліп ішке көз тастайтыны анық қой. Жас қарды басқан
қадамның жұмсақ тықыры жөнді естілмей, терезе алдындағы кісінің кеткен
— кетпегенін анық біле алмай шоланда ұзақ тұрып денем тоңазып қалды.
Кеште қайтып оралғасын осы оқиғаны кемпірге айтып едім, ол ойланын
қалды. Бұл үйге келе қоятын бейсауат адамның орайы жоқ екен, Дуня апай
əжептəуір күдік алды. Сірə, сонша тіміскілеуіне қарағанда ол тағы бір
айналып соғатын болар, сақтықта қорлық жоқ деген ойға келіп кемпір мені
пештің қуысына тығып тастады.
Айтқанындай — ақ кешікпей біреу дүңкілдетіп есік қақты. Дуня апай


асықпай мен жатқан қуысты жақсылап қымтады да шоланға шығып есік
ашты. Өзі сығырайған керосин шамнан қара көлеңке болып тұрған бөлме
еді, менің қуысым тіпті қараңғы болып қалды.
Біреу есіктен даңғырлап сөйлеп кіріп келе жатыр, шамасы Дуня апайды
жақсы танитын адам болса керек:
— Евдокия Герасимовна, қонақты қабылдаңыз,— ден еркінси сөйлейді.
— Бұл неғылған түнделеткен қонақ,— деді менің кемпірім ұнатпай,
өзінің шатынаған ащы даусымен.
— Қазір күндіз, түн дейтін уақыт па. Оның үстіне өзің күндіз үйде
тұрмайсың ғой,— деп дүңк етті жуан дауыс.
Байқаймын, манағы күндіз келген осы болар, сыртынан көргенімде ірі
денелі кісі еді, мынаның даусы да тура үйдің төбесінің астынан, биіктен
естіледі.
— Ал жоғары шығыңыз, шақырылмаған қонақ,— деді Дуня апай
кекесінді дауыспен. Бұрын шақырылмаған қонақты татардан да жаман
деуші еді, енді немістен де жаман дейтін шығармыз.
— Сіз не дедіңіз? — деп жуан дауыс гүж ете түсті.
Дуня апай əңгімені өзі ушықтырып алып, үндемеді.
Екі езуінен қиғаш түскен терең сызықтан ашуы мен ащы мысқылы,
шатынаған көк көзін ананың өңменіне істіктей қадап сазарып тұр ма, əлде
қорқып қалды ма, мен іштей тынып, құлақ тосам. Қауіпті тыныштық
үзілетін жіптей созылып келе жатыр еді, кенет қарқылдаған жуан күлкі
тарқатып жіберді.
— Сіз, сірə, большевиктердің əлдеқашан зытқанын білмей қалғансыз —
ау, Евдокия Герасимовна. Ха-ха-ха. Жарайды өзіміз ғой. Өйтсе де мұндай
сөзге сақ болыңыз. Мүмкін менен басқа біреу болса...
Анау бітімге шақырғанмен менің шатақ кемпірім шатынап қоя берді.
— Ендеше, өзің неге зытпадың? Бір кезде нағыз қып — қызыл


большевик болған сен емес пе едің?
Аяқ астынан тап бергенде анау тіпті сасып қалды.
— Оныңыз не... оныңыз не, Евдокия Герасимовна. Жұрттың бірі біледі.
Мен партияда жоқ болатынмын. Рас бір кезде... ертеректе тілектестер
тобында болдым. Бірақ партияға өткенім жоқ. Оны... оны ешкімнен
жасырмаймын.
— Сіз де қайдағыны айтасыз, Евдокия Герасимовна. Ол қашанғы оқиға.
— Ал, одан кейін жеке меншік жойылсын, бəрі ортақ болады» деп
жұрттың тауығына дейін сыпырып алған сен емес не едің?
Кемпірім жарады, дүңкілдеп келген дəу неменің əуселесін бірден
қайтарып тастады. Ананың кескінін көре алмадым, көз алдыма шапылдаған
қаншықтан үркіп құйрығын жымып алған дүрегей төбет елестейді.
— Жарайды, жарайды, Герасимовна. Өткенді қаза беріп қайтесіз.
— Қазбағанда ше. Енді мінекей антихрист Гитлерге қызмет істеп
жүрсің.
— Байқап сөйлеңіз, Герасимовна.— Енді есін жиып анау тірілейін деді.
— Фюрерге тіл тигізген адам қазір... Сақ болыңыз... Сонан соң... мені
қорқытпаңыз. Мен тексеруден өткем. Маған полицайлық қызметті сеніп
тапсырып отыр. Рас. Басында белсенді болғаным рас. Бірақ менің еңбегімді
бағалады ма большевиктер. Ақыр аяғында арбакеш боп кеттім.
— Немістер бағалады ма?
— Оһо, бағаламаса осындай мықты қызмет бере ме. Жоқ, Герасимовна,
біздің күніміз енді туады.— Полицай көңілденіп келеді.— Біздің бұрынғы
аудан орталығында қазір немістердің комендатурасы орнаған. Енді елдің
бəрін сол басқарады. Барлық жерге бастықтар тағайындап жатыр. Сол
комендант мырзаның өзімен сөйлестім мен.
— Сен немене, немісше білуші ме едің?— деп бір қағытып қойды Дуня
апай.


Кекесінді сезетін полицай жоқ, өзі де көрген — білгені ішіне сыймай
жарылайын деп тұрса керек.
— Жоға. Тілмашы бар. Бір жирен келіншек. Бұрын біздің жақта
көрмеген адамым. Комендант мырза: жарайды, бұрынғы қателескенді біз
кешіреміз,— деді. Кетерде, тіпті арқамнан қағып: «сен, Усачев, бізге керек
адамсың»,— деді. Қалай, ə? Əрине Усачев керек болады.— Көңілінде
күпсініп баратқан қуанышы мен мақтанышын тыңдайтын құлақ
табылғанына мəз. Усачев күмпілдеп, ылдиға қарай зырғығап арба сияқты
тоқтай алмай кетіп барады. Түр — түсін көрмесем де маған осы адам таныс
сияқты, қайдан көрдім, қай жерде даусын естідім, ол арасын анық
білмеймін, əйтеуір осының бойында мен көрген, маған таныс, тіпті
үйреншікті бір нəрсе бар.
— Комендант мырза: біз саған сенеміз, Усачев. Сен біздің көзіміз бен
құлағымызсың деді. Қалай, ə? Төңірегіне сенімді адамдарды топта. Бізге
жат элементтерге қарсы не істесең де толық билік береміз деді. «Қолыңды
қақпаймыз, толық билік береміз»,— дейді, а?
— Ертең Совет өкіметі қайтып келсе қайтесің?— деді Дуня апай қызып
келе жатқан Усачевқа лақ еткізіп салқын суды құя салғандай.
— А? Не дейсің,— деп Усачев сəл сасқалақтап қалды да, есін тез жиып:
— Одан қорықпадыз, Герасимовна,— деді.
— Мен қорқып тұрғаным жоқ қой, сен қорықпасаң.
— Менің қазір қолымдағы билік үлкен, Евдокия Герасимовна. Егер анау
— мынау керегің болса айтып қой. Мен өзім деген адамға еш нəрсені
аямаймын.
— Менің қу басыма не керек дейсің. Егер жақсылығың тасын баратса
ана азаматтары əскерге кеткен əйелдерге жəрдем ет,— деп кемпір мырс етіп
күліп жіберді.
— Оһ – һо — о,— деп дүңкілдеп күліп алды Усачев.— Сіз де айтасыз, ə.
Сонда қызыл əскердің семьясына жəрдем етуім керек пе? Жо — оқ, олар
əзір тыныш отырғанына рахмет айтсын. Олар туралы əзір нұсқау болған
жоқ. Кейін кім біледі.


Үй иесі əңгімеге мұрындық болмай, қашқақтап қанша жалтарса да,
полицай оны қыбына да қыстырмай дүңкілдеп əлі сөйлеп отыр. Ақыры
тауыса алмаған сөзін есіктен шыққанда да арқандай шұбатып ала кетті.
Дүңгірлетіп үйді толтырып тұрған əлгі Усачев дегеннің жалғыз өзі екен,
ол кеткесін кішкене бөлме босап, менің де арқа — басым кеңіп қалды. Дуня
апай маған:
— Тыныш ұйықтай бер,— деп, төсек салып өзі де жатып қалды.
Менің ұйқым келетін емес. Жаңа қорқынышпен қабаттасып, «осыны
қайдан көрдім?» деген жеңсік ой енді оңаша оралып, бойымды билеп алды.
Арғы — бергімді ақтарып, ой қалтарысымды қанша тінткілесем де... Тоқта,
тоқта... Осындай өрекпи сөйлейтін өктем дауыс... Өңмендеп, өкіректей
кіретін дүлей қара...
Апыр — ау, Тұрсынғали... Мені қинап, ұқсап кетіп ұқсамай, ұстатпай
кетіп жүрген сол екен ғой. Оның даусы шаңқылдақ, мынаның даусынан
ащы болатын. Біздің ауылда кішкентай балаларды «Тұрсынғали келе
жатыр» деп қорқытатын. О кезде жасым жеті — сегізде кəдімгідей естияр
боп қалсам да, «Тұрсынғали келе жатыр» дегенде мен де шошып
кететінмін, балалар ғана емес, одан үлкендеріңнің өздері қорқатын. Ол
ауылға адам сияқты аяңмен кіруді білмейді, баса — көктеп аттап кіреді.
Менің кішкентай кезімде біздің ауыл беті ашылмаған, қаймағы
бұзылмаған нағыз қазақы аулы еді. Тірі орыс көрген жоқпыз — ды. Ауылда
орысша білетін жан жоқ, өзгені білмеймін, менің өзіме Тұрсынғалидің
орысшасы əжептəуір болып көрінетін.
— Мен ана жылдары тар үңгірге барып шойын жолдың қарын
күрегенде орысша үйренбегенде қой бағып жүр деп пе едің?— деп
масаттана жауап береді Тұрсекең.
— Біздің ауылдан да қар күрегендер бар еді. Бірақ солардың біреуіне
жұқпап еді, бұл орысша. Оның да қонатын кісісі болады екен — ау.
— Е, əкімшілік шіркін орысшаны үйретпей қоя ма,— десіп жатады
жұрт.
Тұрсынғали ұзын бойлы, жіңішке, кеуде жағы сұрақ белгісі сияқты


ілгері қарай иіліңкіреп біткен имек қара. Оның есесіне емініп, иегін көтеріп
ұстайды. Екі шекесі едірейген қалақ шеке, кішкене тайды маңдайынан
салбырап түскен ұзын қоңқақ мұрны бір түрлі ерсі, құдды ешкінің текешігі
сияқты, өзі де текеше бақылдайды.
— Мынау неге керек? Бəрі осы жерде жатыр ғой,— деп құйқасы
тыртысқан тыртық қалақ шекесін саусағымен шертіп қояды.
Тұрсынғали жұрттан салық жинайды. Қырсыққан адамына салықты
үсті — үстіне салады. Сонда оның не бір жазған қағазы, не тізімі
болмайды. «Сен пəлен сом төлейсің, сен түген сом төлейсің» деп ауызша
айтады.
— Ойбай — ау, мен өткен жолы төледім ғой, иманың бар ма?!—
дегендерге.
— Білемін, өткен жолы отыз сом төлегенсің. Қазір қырық сом төлейсің.
Бəрі мінекей, мына жерде жатыр оның, пынымаешь,— ден қалақ шекесін
сұқ қолымен тық — тық еткізетін.
Сондай кішкентай нəрсенің ішіне сонша дүниенің сыйып тұрғанына
бəріміз қайран қалатынбыз.
Оған себеп болған Қамқа əжемнің шыққан тегінің шикілігі. О кісі
жақайым Жетес бидің қызынан туған. Бұрын оны біз де, өзгелер де
мақтаныш ететінбіз. Ел аузында «Жетес би айтыпты» деген не бір өткір
сөздер бар. Менің есімде Жетес бидің əсіресе бір сөзі қалып қойып еді.
Ертерек кезде ақ патшаға қарсы шыққан атақты Бекет батыр ұсталғаннан
кейін шектінің екі биі Жетес пен Нияз би, бірі Жақайымның, бірі
Тілеуқабақтың сөзін ұстап бір дауда кездесіп қалыпты. Жетес пен Нияз бір
— біріне сырттай қанық болғанмен бұрын жүздесіп көріспеген екен. Ертең
дауға түседі деген күні бір — бірін бағдарлап, сынау үшін бір үйде бас
қосып, жүз көрісіпті. Нияз ірі, толық денелі, қызыл шырайлы нардай кісі
болса керек, ал Жетес кішкене ғана, қатып қалған арық қара кісі екен. Жасы
үлкен Нияз Жетесті ықтырып алу үшін бір шымшып байқапты.
— Жетес қарағым, дауылпаз деген құс болады деуші еді, дауысы жер
жарады деуші еді. Қасына келсең құрысып қалған көн болады деуші еді —
ау,— депті.


Сонда Жетес би іліп алып:
— Иə, Нияз аға, оныңыз дұрыс. Кешегі Ерназар Бекет ұстағалы арлы
шекті арық болды да, арсыз шекті семіз болды ғой,— депті.
Осы əңгімені айта келіп Қамқа əжем: «біздің Тілеуқабақтың ішінен де
сұмырайлар табылған ғой. Өз бауыры Бекет батырды ұстап беруге солар да
араласты деген сөз бар. Жарықтық Нияз атамыз жерге кірмегенде қайтсын.
Содан сөзден тоқталып: «Мен жеңілдім, ертеңгі даудың бар төрелігін Жетес
бидің өзі айтсын» деген екен. Бүгінде ондай аталы сөзге тоқтайтын адам
қалды ма. Ұсақтап барады ғой бұ жұрт» деп күрсініп қоятын.
Жұрт Қамқа əжемді мақтағанда: «əр сөзі мен Жетес бидің жиенімін»...
деп тұрған жоқ па», «тегінде бар ғой, қалай болсын» деп қолпаштайтын;
енді мақтаныш еткен тегі əжеме пəле боп жабысты.
Бір күні Тұрсынғали əкемнің мініп жүрген жалғыз аты Күреңқасқасына
жармасты. Ауылға шауып кіріп, ауылдан шыға шабатын Тұрсекеңе ат шақ
келмейтін, аз күнде арқасын алдырып, қызыл май қылып зорықтырып
тастайтын. Анау өңкеңдеп қоймай баратқан соң жуас əкем не қыларын
білмей сасып қалғанда сөзге əжем араласқан...
— Əй, сен кемпір, араласпа. Сен өзің кім екеніңді білесің бе? — деді
Тұрсынғали басы кекшеңдеп.
— Е, мен кім болыппын сондай — ақ,— деді Қамқа əжем таңырқап:
— Сен тап жауының тұқымысың. Жетес бидің жиені екенің рас қой?
— Иə, рас. Оның несін жасырамын. Құдай сендей ұрының баласы
қылып жаратпағанына шүкір.
Менің əкем ұры... Менің əкем ұры болғанда...— деп Тұрсынғали басы
кекшеңдеп кішкене тұтығып, қайтадан өрекпіді. Менің əкем ұры болғанда
ол тап жауларымен күрескен. Байлардың малын шапқан.
— Мықтының малын шабатын Дəуіт сорлыда жүрек бар ма екен ойбай
— ау.
Баланың зəресін алды — ау мына пəтшағар. Қой, бұған дауа болмас,—


деп əжем мені басымнан сипап жұбатып үйге қарай бұрылып кетті.
Келер жылы колхоздастыру басталды. Біздің ауыл қазақы, надандау
болатын, жұрт көп нəрсеге түсінбейді, кейін трактор келіп кенеліп, ит
басына іркіт төгіліп жататынын олар қайдан білсін. Менің жасым сегізге
шыққан, əжептəуір ес біліп қалған кезім сияқты еді, бірақ мен де еш
нəрсені түсіне алмадым. Түсіндіретін Тұрсынғали қайда. «Колхозға кірсең
де кіресің, кірмесең де кіресің» деп зіркілдеп қырып бара жатты. «Колхозға
кірмесең бай — кулакқа жатқызам, тұжырымдаймын» деп жұрттың зəресін
алады. Қараңғы шаруа тірнектеп жиған қолындағысынан айрылғысы келе
ме, қатты састы. Біреуі малын сойды, біреуі сатты. Басқа тіршілік кəсібі
жоқ қазаққа малсыз қалу деген... Менің əкем де «бала — шаға бар, тігерге
тұяқсыз қалғанымыз қалай болады» деп бір — екі қарасын жасырмақ
болып еді, Қамқа əжем: «ана Тұрсынғали ұрының баласы емес пе, тіміскі
неме тыққаныңды таппай қоймас. Басың пəлеге қалар, шырағым, Көппен
көрген ұлы той, не де болса көппен көрерміз,— деп тыйып тастады.
Тұрсынғали болса «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп айқай
салып, жұрттың тышқақ лағын қалдырмай ортаға салып жүр. Ақыры аша
тұяқ қалмаған кезде барып Тұрсынғалидің да айқайы басылған болатын.
....Усачев дегеннің даусын естігенім болмаса, түр — түсін көре де алмай
қалдым. Неге екенін қайдам, қай — қайдағымды оятып, ұмыт болған
Тұрсынғалиді есіме салды. «Жеке меншік жойылсын деп жұрттың
тауығына дейін сыпырып алған жоқ па едің» дейді Дуня апай. Біздің
қазақта тауық, үйрек — қаз деген ұсақ жəндіктер болмайтын, Тұрсынғали
ешкі, лаққа дейін сыпырды. Өз басым Тұрсынғалиді біздің ауылда ғана
болған шығар десем, мынау біздің елден қиян шеттегі орыстың аулынан да
бір Тұрсынғали табылғаны — ау. Тұрсынғалидің жайын Дуня апайға
бастан — аяқ айтқым келіп кетті, бірақ тілім жетіп келістіріп айта
алмаймын ғой. Оның үстіне Дуня апай да, əйел болып сырласуға жоқ,
тұйық адам.
«Менің еңбегімді бағалады ма, ақыр аяғында арбакеш боп кеттім» дейді
əлгі Усачев. Тұрсынғали да кейін ауыл да барлы — жоқты қызметті сағалап,
ақыры сауаты болмаған соң соңғы жылдары колхоздың қойын бағатын
болған. Мен төртінші класс бітіргесін, əкем «баламды оқытам» деп аудан
орталығына көшкен. Аудан орталығына жолы түскенде Тұрсынғали біздің
үйге соқпай кетпейді. Менің бір аңғарғаным, қазақ өкпешіл халық, тіпті
«бір атым насыбайдан көңілі қалады» демекші, кішкентай нəрсеге де


өкпелеп қалады.
4
Бүгін түсімде інім Жұмашты көрдім. Тым алыстап күдер үзіп кеттім бе,
қайдам, соңғы кездері ел — жұрт түсіме кірмейтін болып бара жатыр еді.
Абзалы түсімнен де береке қашқан. Басы жоқ, аяғы жоқ, бірімен бірі
шатасып жатқан қиыр — шиыр бірдеңелер енеді түсіме, бұдыр бедерсіз
түстердің көбін — ақ ояна келе ұмытып қалам. Кейде бойым жеңілденіп,
босанған болып жүрем. Қалай босандым, ұл таптым ба, қыз таптым ба ол
арасы есімде жоқ, «осы мен босанып едім ғой, балам қайда?» деп іздеп
жүрем. Ондай кезде Қама əжеммен, Дариға жеңешеммен де кездесіп
қалатыным бар, бірақ лезде оларды да жоғалтып алып əрі — сəрі болам.
Əйтеуір кілең бір қырқылжың түстер.
Бүгінгі түсім де берекесіздеу еді, тек Жұмашты сондай анық көрдім, сол
баяғы жеті жасар қалпы; бір түрлі өңі жүдеу, үсті де жұпыны. Төмен қарап
үндемейді. Жүрегім алқынып аузыма тығылып көзімнен жас ыршып кетті.
«Жұмаш! Жұмашжан! Апырау, сен бар екенсің ғой». Алқынып
айқайлаймын. Бірақ даусым алқымыма кептеліп қалған ба, естілмейді.
«Жұмашжан, сағындым ғой сені! Жұмашжан!» осы жолы көмейім
ашылып, даусым да шықты. Бірақ Жұмаш жауап қатпайды, төмен қарап
тұнжыраған сүлесоқ қалпында тұра береді. Ұнжырғасы түсіп кеткен, өн
бойында арылмас қасіреттің суық салқыны бар. Менен бөлек. Тіпті бөлек.
Аймалағым келеді. Қолымды соза алмаймын ба, əлде қолым жетпей ме,
əйтеуір жақындай алмадым.
«Жұмашжан — ау, сен кіп — кішкентай баяғы қалпыңдасың ғой, неғып
өспей қалғансың?— деймін. «Өлген бала өспейді»,— дейді Жұмаш
қайғылы кескінмен.
Со кезде барып еміс-еміс есіме түседі: айтпақшы, Жұмаш қайтыс болып
еді ғой. Апырау, кісі о дүниедегі адаммен де кездеседі екен — ау. Мінекей
Жұмашжанды көріп тұрмын, тек құшақтап бауырыма қыса алмаймын.
Арамызда керемет бір жат, бөлектік бар. «О дүниедегі адаммен осылай —
көрінбейтін темір тордың ба, əлде əйнектің бе, ар жағында тұрғандай,
қолың жетпей ғана көрісуге болады екен — ау» деген күңгірт ой келеді
басыма.


Мектепте білім алып, құдайға сенбейтін болсам да, Қамқа əжемнің көп
ырымдары бойыма сіңіп қалған. Жұмашжанның аруағының маған ренжіп
жүргені рас болар. Жыл асқан сайын Жұмаштың көңілімнен аулақтап
кеткені рас. Ол қайтыс болғалы, ойпыр — ау, он жылға жуық уақыт өтіпті
— ау. Басында жас баланың ойын алаңы, одан сылаңдап бой жетіп келе
жатқан қыздың көңіл желігі нені болса да ұмыттырмай қоя ма. Жұмаш та
менен алыстап, ойыма сирек оралатын болған, мына шырғалаңға түскелі
оны тіпті есіме де алған емеспін, өлі түгіл тірілерді ойлауға пұрсатым
болып па.
Қазір енді ұйқым да, бітеліп қалған көңілім де ашылып, алыста қалған,
ұмыт болған дүние, туған жер қайта тіріліп келеді.
Сол көктемде өкпек желдің өтіне шығып, суға салған қанттай солып
қалған қарды күтірлете басып, асыр салып жылдағыдай ойнай алмадық.
Көбіне бүрсиіп үйде отырамыз. Жұмаш та жүдеу. Қазақтың сықсима соқыр
терезелі аласа қыстау үйінің іші қандай күңгірт. Сол күңгірт үйде
күйбеңдеп ойнаған боламыз, бірақ ойынымыз да көңілсіз.
Қазақы жалпақ пештің от жағарына ошақ құрып, оған қара қазан
орнатылған. Бірақ сол қара қазан баяғы көңірсіген исінен айрылып, көбіне
қаңырап бос тұрады — қанша қарасаң да не жылы буы, не тəтті исі жоқ
қара тастай сап — салқын. Қара қазанның тірілетіні тек кешке қарай. Қамқа
əжем біз білмейтін тереңге, жүктің астына тығып тастаған жерінен
шүберекке ораған құйрық майды суырып алып, шетінен бір — екі
шекімдейін ғана жаңқалап сипады. Соны қазанға салып шыжғырып
жібергенде көңірсіген майдың исін қолқамызға жеткенше сіміреміз. Бірақ
танауыңды жыбырлатқан тəтті иіс араныңды ашып, ішіңде бұйығып жатқан
аштығыңды қоздыра түседі. Жұмаш екеуміз мойынымызды созып қазанға
үңілеміз. Қамқа əжем де қатал боп кеткен, біздің мөлиген көзқарасымызды
тіпті байқамайтын сияқты. Бізге, рахаттанып кірт — кірт шайнайтын бір —
екі шыжықты əперудің орнына, қара қазанға баж еткізіп орта шелек суды
құя салады да сонан соң тағы бір жерден дорбасын əкеп қазанға қос уыс
талдан тастайды. Дорбаның аузын қайтадан нығыздап байлайды да, оны біз
көрмейтін тағы бір қуысқа тығады.
Суға қайнатқан осы талқанды кей жерде атала дейді екен, біздің ауыл
оны быламық дейтін, құдай оңдап быламық тез піседі, бүлк етіп бір
қайнаса болды. Қасығымызға үрлеп өңешімізді күйдіріп ыссылай қауып


ішіп аламыз. Тіске тиер түйірі жоқ сұйық тамақ, тойдырудың орнына
қарныңды қоңқылдатып, араныңды аша түссе де, Қамқа əжем айтқандай
«ар жағы да ел қондырып», біраздан кейін қарыныңның ашқанын басады.
Бара — бара быламықтың бетіндегі жылтылдап жүретін «жылан
қарағы» азайып, өзі де сұйыла бастады. Мал басы кеткесін, Қамқа əжемнің,
қайтыс болған шешемнің сақина, білезік, сырға, шашбау, шолпылары
сияқты күміс бұйымдарды өткізіп, соған берген азын — аулақ азықты дерек
етіп келіп едік, енді о да таусылды.
Шіркін, жылда осындай күн шұғыласы молайған кезде, адам тұрсын
жан — жануарлардың өзі құр сілкініп, бусанған даламен бірге тынысы
кеңіп бір жасап қалатын. Алғашқы көкке отыққан қозы — лақтар да тіріліп,
қарны тойғасын бойларына желік кіріп ауық — ауық опыр — топыр
жүгіріп асыр салып мəз болатын. Көктем лебіне мас болып, қозыларды
қуалап, əрі — беріден соң бет алды жүгіріп біз де есепсіз рахатқа
кенелетінбіз.
Биыл елде құжынаған мал жоқ, бірен — саран арық — тұрақ. Қыстан
көтерем боп шыққан азғана мал, тұғыжыңдап басын жерден алмайды. Біз
ауылдан ұзап шыққан далада да ұзап жайылған мал қарасы көрінбейді.
Əйтеуір көктем жарықтықтың аты көктем ғой, жылдағыдай ойнап асыр
салмасақ та, Жұмаш екеуміздің де еңсеміз көтерілді. Қақпан құрып тышқан
аулау да ермек. Бұ да қызық. Жатаған іннің аузын күрекпен ойып алып, сол
жерге қақпан құрамыз. Іннен шыққан саршұнақтың басқа жолы жоқ,
қақпанның тілін басады да, тура қолтығынан қаптырады. Біраз індер
суырып алған қазықтың тесігіндей тіке болады. Тік індердің аузын
қазбаймыз, қақпанды құрып алып, аузына төңкеріп тастай саламыз. Онда
жоғары қарай өрмелеп келе жатқан саршұнақ қақпанның тілін тұмсығымен
соғып қыл мойнынан қаптырады. Біз ауылда інге су құйып та аулайтынбыз.
Бір інге орта шелек те жарайды, бірақ кейбір терең інге екі шелектен артық
су керек. Су шөпілдеп, іннің аузынан шыққан кезде жүні собалақтанып,
суға қақалып, алқымы бүлкілдеген саршұнақтың да басы көрінеді. Со кезде
мойнынан қылғындырып ұстай аласың. Саршұнақ деген шақар, сақ
болмасаң саусағыңды шым еткізіп тістеп алады.
Қақпан құруды жақсылап үйреніп алдым. Жұмаш та қақпан құрам деп
таласады, бірақ қолына шаптырып алады деп қорқып əкем оған қақпан
құрғызбайды. Жұмаш түгіл, дардай, жасым он бірге қараған менің де


қателігім болады. Бір рет қырдың астында қақпан құрын жүріп, байқамай
қолыма шаптырып алдым. Қақпанның екі жақтауы сарт ете қалғанда
жаным шығып кете жаздады, бақырып жылап жібердім. Саусақтарым
сырқырап сынып барады, мен шыңғырып жылай бердім, жылай бердім. Бір
кезде барып маңымда менің жылағаныма жүгіріп келетін адам жоғы есіме
түсті, бірақ сонда да осындай кезде солардың маңымда болмағанына ыза
болып тағы да кішкене жылай түстім де ақыры ешкімнің келмесіне көзім
жетіп, есімді жиып, қақпанның серіппе — сабын аяғыммен басын,
қолымды шығарып алдым. Саусақтарым сынбаған екен, бірақ бірнеше күн
ауырып жүрді.
Саршұнақты əкем сояды. Жұмаш екеуміз қамыстан істік жасап терісін
кереміз. Үш — төрт күнде біраз тері жиналып қалады, əкем терілерді
кергіштерінен босатын қаудырлатып қапшыққа салып алады да ауылға
апарып өткізіп келеді. О күні кешке дейін Жұмаш екеуміз оңаша қаламыз.
Жапан далада болсақ та қорықпаушы едік, бір күні біздің қостан жүз
қадамдай жерде тұрған итті көрдік. Алдымен оны Жұмаш байқап:
— Наз апа, ана итті қарашы. Бізді қауып алмай ма?— деді.
Арлан төбеттей үлкен сүр ит алдындағы бір нəрсеге үңіліп қатып
қалыпты. Қозғалмайды. Айдалада неғып жүрген ит екен деп мен де
таңырқап қарап тұрмын. Жүрегім зу ете қалды: мынау иттің құлағы
тікірейіп тік тұр, біздің елде құлағы тік ит болмайтын, жəне ондай болады
дегенді естіген де жоқпыз. Қасқырдың құлағы тік болады деуші еді.
— Жұмаш, мынау қасқыр ғой,— дедім шошып.
— Ойбай, рас па?— деп Жұмаш маған тығылды.
Екеуміз бір — бірімізге тығылып тұрмыз.
— Қой, мынау иттен аумайды ғой,— деді Жұмаш үміті мен үрейі
араласып.
Бұрын қасқыр көрмесем де қасқырдың ит сияқты болатынын талай
естігем, мынау да ит сияқты, бірақ денесі сидам — тарамыстау, сұрғылт
қылшығы да үй маңында аунап жүрген иттердің сабалақ жүніне ұқсамайды,
тықыр ірілеу, бір түрлі сұсты көрінеді. Meн енді мұның қасқыр екенін анық
білдім. Қазір бізге тап берсе...


— Жұмаш, сен қақпандарды алып салдырат. Мен күректі алайын.
Сосын екеуміз айқайлайық. Үркітейік.
Жұмаш қақпандарды жинап алып салдырлатып, мен күректі бұлғап
екеуміз жарыса шыңғырып айқайлаймыз келіп, жерді тепкілеп айбат қылып
бір — екі қадам ілгері ұмтылып барамыз да кейін шегінеміз. Бірақ біздің
айқай, қасқырдың қыбына кіріп тұрған жоқ, алдындағы біз көрмеген бір
нəрсеге қарап қалған, қыбыр етпейді.
— Қорықпа, Жұмаш. Келсе күрекпен тұмсықтан соғам,— деймін өзім
қорқып тұрып.
— Meн қақпанмен ұрам,— дейді Жұмаш.
Айқайлай — айқалай дауысымыз қарлығып, өз дауысымызға шашалып
шаршап тұрып қалдық. Қасқыр ақырын орнынан қозғалды да, екі — үш
қадамнан кейін ит бүлкілге көшіп алдындағы қыратты бетке алып тарта
берді; сол қаннен — қаперсіз бүлкілімен қырдан асып кетті. Бізді тіпті адам
екен — ау, тірі жан екен — ау деп елеген де, тым болмаса мойын бұрып бір
қараған да жоқ.
Наз апа, кетіп қалды. Қашып кетті,— дейді Жұмаш қуанып.
О құрғыр қашпақ түгіл бізден айылын да жиған жоқ, əншейін өз
шаруасымен кетті. Аман қалғанымызға қуанудың орнына, бізді сонша
қорлаған қасқырдың мына қырсық мінезіне ызам келе бастады.
Кешке келгесін Жұмаш екеуміз жарыса сөйлеп осы оқиғаны əкеме
айтып бердік. Алғашқыда əкем байғұстың тіпті зəресі ұшып кетті,
«апырай... апыр — ай...» дегеннен басқа аузына сөз түспеді. Тірі
қалғанымызға сенбегендей екеумізге кезек қарап: «апыр — ай.., апыр —
ай» дейді.
— Мен тіпті қорыққаным жоқ. Қақпанмен бастан перетін едім,— дейді
Жұмаш мақтанып.
— Мен күрекпен тұмсықтан соғайын деп...
Мана қанша сасқанмен арқа сүйеушіміз келген соң біз тіпті батыр боп
барамыз, содан кейін əкеміз де есін жиып, ақылы қайтып оралды.


— Иə, енді... қазір қасқыр тоқ қой. Тышқан тірілсін... Енді соған
тойынып... Бұл кезде ол... адам түгіл малға да шаба бермейді. Бірақ енді...
Құдай сақтаған екен.
Əкем, кішілеу сопақ беті қушиып, шоқша сақалын шымшып тартып,
қалбалақтай береді, байқасам өзі бізден бетер қорыққан, есін əзер жиды.
Осыдан кейін ол бізді жеке қалдырмай, терілерді өткізерде ерте кететін
болды.
Бірақ əкеміздің бір жаман да мінезін байқадым. Биыл қысқа қарай
Қамқа əжем қытымыр сараң болып кетіп еді, осы қырға шыққалы əкем
одан да сараң боп барады. Жүктің арасына тығып арқалап келген кенеп
дорбасы бар, біздің бар қорегіміз сонда. Ол тарыны ақтау тұрсын, тіпті
кебегін алмай қаралай тартқан талқан, соны екі мезгіл қайнатып быламық
жасап ішеміз. Тіске басар басқа нəрсе болмаған соң, оған көктемгі
салқында күндіз түні далада жүрген баланың қарны тоймағаны былай
тұрсын, қайта аранымыз ашыла береді. Оның үстіне тойып ішетін қою
быламық болса екен — ау, əкем шəугімге сол талқанның өзін қолы
қалтырап шымшып салады. Осы дорбаның аузы шешілгенде үш пар сұқ көз
соған бірдей қадалады. Ағайынды екі бала, əкесі үшеуінің арасынан бір елі
жылан жорғалап өтіп, үшеуін ала көз қылып атыстырып кетеді. Əкем
қолындағы қазынасын біреу тартып алардай тіксініп, көзінде салқын
ұшқын жылт етіп сөніп, содан кейіп ұрлығын жасырғандай қысылып,
дорбаның аузын шанди береді; бізге бір уыс талқан да асатпайды. Бір жолы
Жұмаш:
— Əке, маған бір уыс талқан берші,— деп жалынды.
Сол сəтте Жұмашқа беріп мен құр қалатындай:
— Əке, маған да берші,— дедім жалма — жан.
Əкем екеумізге ала көзімен қарап:
— Сонда ертең не ішесіңдер?— деп бізге кейіп тастады да, содан соң
жайымен ғана:— Шыдай тұрыңдар. Қазір быламық піседі ғой,— деп теріс
айналып кетті.
Аштық бала тұрсын үлкен кісінің де есін алады, білемін, біздің кішкене
дорбадағы талқаннан өзге қорегіміз жоқ. Саршұнақтың еті ақ май аралас


семіз, қоянның еті, сияқты, тəбетім тартып барып, жиреніп шошынып
қалам. Ол арам. Өзі таза шөп жесе де, інінде теріс қарап жататын көрінеді,
аштан өліп бара жатсақ да оны жеуге болмайды, саршұнақты ұстағаннан
кейін жиіркеніп ылғи қолымызды жуамыз.
Əуелгі ұрлығымның бойыма сіңгеніне шүкірлік етіп, мен бірден тыйыла
алмадым, бір күн шыдап-ақ бағып едім, келесі күні дəндеп алған құлқыным
тіпті маза бермеді. Жəне əкем «есі бар» деп менен онша күдік алмайды,
оның үстіне қазақта қыз балаға əкесі ұрыспайды, ұрысатын шеше болса
менде жоқ. Кемпірлер «ер бала аңқау, қыз бала залым болады» деуші еді,
сол залымдығым ба, əлде аштықтың адамды не бір пəлеге үйрететін
сұмдығы бар ма, əйтеуір өзімді ақтап алатын дəлелдер басыма қаптап келе
береді. Жұмаш əлі кішкене, есі кірмеген бала деп əкем оған қатты ұрса
бермес, əншейін кейиді де қояды ғой, тек өзім тұтылып қалмай, пəлесін
Жұмашқа жапсам, еш нəрсе етпейді.
Залымдығымды қара: пəле жабудың айласын да айнытпай тауып алдым.
Таңертеңнен əкемнің соңынан еріп қасынан қалмай жүрдім де, тек аз уақыт
қана отын қамдап қосқа апарып қайттым. Қосқа жетісімен отынды тастай
беріп, төсек арасындағы дорбаны суырып алып, талқанның үш уысын асап
жеп алдым. Бет — аузыма жұққан талқанды тəптіштеп сүртіп əкемнің
қасына тез қайтып келдім де, тезірек Жұмашты қосқа қайтардым. Сөйтіп
былай қарағанда күні бойы мен əкемнің қасында, Жұмаш қостың басында
болды.
Сол кезде көңіліме бір жаман пиғыл ұялап алған — ды. Мен оның бар
сұмдығын кейінірек ұқтым да, соным есіме түссе, осы күнге дейін тұла
бойым тітіркеніп қоя береді. Анамыз қайтыс болғалы жылдан асқан, содан
бері екі жетім бір — бірімізге сүйеніп, бұрынғыдан да жақын боп кетіп
едік. Менің жасым үлкен, оның үстіне қыз бала ертерек есейеді ғой, əлі
кішкене болсам да көңіліме кекселік кіріп, ес білмеген Жұмашқа əбден
қамқор
болып
алғанмын,
оған
анамның
орным
жоқтатпауға
тырысатынмын.
Кешке қарай əкем дорбаға тағы да сұғанақ қолдың кіргенін аузын
шешпей-ақ сезді. Көзім түсіп кетіп еді, дорбаның түбі тіпті шөмиіп қалған
екен. Жуас кісінің ашуының жаман болатынын осы жолы көрдім.
Дорбаның аузын шеше беріп, қолы қалтылдап оқыс шатынады. Қара


торы өңі қаны қашып сұп — сұр болып, шоқша сақалы тікірейіп кетті.
Жұмашқа ала көзімен ата қарап:
— Тағы да талқан ұрлапсың ғой!—деп ақырды.
— Жоқ мен емес. Мен талқан ұрлағаным жоқ,— деді Жұмаш.
Байғұс бала əкемнің ашуын сезбей қалған, жайбарақат тұр еді, келесі
сəтте екен, тіпті бойына бітпеген ашумен дорбаны тастай беріп төмен
қарап тұрған Жұмашты өкпе тұсынан салын жіберді, Жұмаш бақыра
құлады, «мен емес, мен емес» деп айқайлап жылайды. Оған қарайтын əкем
жоқ, көзінде бір тура қас жауын қолға түсіргендей дүлей өшпенділік бар,
Жұмашты жұдырықтың астына алып жатыр.
Жұмашқа жаным ашыса да талқанды мен ұрладым деп айта алар
емеспін. Əкемнің жұдырығынан бұрын жаңағы жаман көзінен — ақ.., тіпті
жаман, жақ сүйегіңнен өтіп кететіндей. Шырқырап жатқан Жұмашты
аяймын, бірақ осы жазаның менен ауытқып кеткеніне деген бір жымысқы
ризалық залым көңілдің түкпірінде жатыр. Оны да сеземін.
— Əке, тимеші... тимеші...
Мен Жұмашқа ара түсемін. Бар айтарым «тимеші» дей беремін,
«талқанды ұрлап жеген менмін» деп айта алатын ойым жоқ.
— Əке, тимеші... Ол кішкентай ғой...
«Кішкентай ғой» деген сөздің əкемнің ашуын басатын ең аянышты сөз
екеніне түсініп, сол сөздің аузыма түсе қойғанына қуанып кеттім; бұл сөз
пəледен Жұмашты ғана емес, мені де құтқаратынын сеземін.
Жұмашты өршелене басқа — көзге төмпештеп жатқан əкем кенет
шошып кеткендей, состиып тоқтай қалды да, отырған жерінен ұшып
тұрып, теріс айналып жүре берді. Төмен қарай аяңдай барды да, жыраның
қабағына шөгіп отыра кетті.
Жер бауырлап қорсылдап Жұмаш жатыр, безгек болғандай, бүкіл денесі
қалшылдап, өксігін тыя алмай, мұрнын қорс — қорс тартады. Ауық —
ауық:


— Мен... Мен емеспін... мен... талқанға... тигенім жоқ,— дейді көз
жасын демімен бірге жұтып.
Мен үшін таяқ жеген Жұмашты аяп кетіп, қасына келіп, басын көтеріп
едім, аузы — мұрны даладай қан екен. Шошып кетіп:
— Əке, қан!.. Қан!..— деп шыңғырып айқайлап жібердім.
...Пештің үстінде тағы бір аударылып түстім. Ендігі дөңбекшігенімді
кемпір байқаған жоқ, ұйықтап қалған болар. Менің ұйықтайтын түрім жоқ.
Бұрынғы деревнядан деревня, үйден үй адақтап қарақан басыма пана іздеп
сасып жүрген кезім... қайта жақсы екен. Онда бүгінгіден бұрынғысын да,
кейінгі келешегін де ойламаушы ем, кемпірдің үйіне келіп тыныш жатқалы
қай — қайдағым қоздай береді. «Бітеу жара» деген қазақтың сөзін талай
естігенмін, енді байқасам сол құрғыр аузы ғана бітеліп, тереңінде қаны
ұйып тұрған бір пəле болу керек. Аузын тырнап алсаң...
Жаңағы оқиғадан екі-үш күн өтпей жатып, Жұмаш қалпақтай ұшып
ауырды. Білмеймін... əкемнің таяғынан... Жоқшылық ашындырып,
қапелімде дүлей ыза билеп, ақылынан адасып қалған əкемнің қолы қатты
тиіп кетіп еді. Аямай ұрды ғой. Содан келген пəле ме? Жоқ, əлде тосыннан
келген сырқат па?.. Əкем аямай ұрды ғой. Ойым он саққа жүгіреді. Сол
кезде ойыма не келіп, не кеткенін өзім де біле бермеймін, тек Жұмаш
ықылық атып, ышқынып жылағанда, мен де жанымды қоярға жер
таппадым. Неғылған қауырт келген індет екенін!.. Түске қарай Жұмаштың
науқасы тіпті меңдетіп əкетті. Əуелі өңі қашып, сұп – сұр болып еді, енді
көгеріп барады, қол — аяғы сіресіп ышқына береді.
Əкеме көзім түсіп кетіп еді, өңі қашып кеткен, шошынған үрейлі
көзінен жасы сорғалап:
— Я, құдай... Я, құдай!..— дей береді даусы қалтырап.
«Жұмаш өледі» деген сұмдық ой жүрегімді тіліп өтті.
Əке! — ден шыңғырып жібердім,— Талқанды ұрлаған менмін. Жұмаш
емес менмін...
Дауысымнан шошып кеткендей, əкем шұғыл бір қарады да, қайтадан
емпеңдей жөнелді. Аузындағы сөзі тек «Я, құдай...» Осы сəтте Жұмаштың


жаны ширатылған жіптей созылып үзіліп кетейін деп тұрғанын сездім.
Пəле менен болды. Менен.
— Талқанды ұрлап жеген менмін. Менмін. Жұмаш емес менмін...
Ауыл жаққа жақындағанда, əкем еңіреп, жүресінен отыра кетті.
...Қозғала бергенімде жастығым бетіме сап-салқын боп тиді, суға
шылқып қалыпты. Алты ай тартқан азабымда көзімнен бір тамшы жас
шыққан жоқ еді, енді сол құрғырдың жиналып келіп бір — ақ төгілгені ме...
Аштық бала тұрмақ үлкенді де есінен адастырады. Бірақ қаршадай жалғыз
інім Жұмашқа жасаған сол қиянатым... Аруағы ренжіп жүр ме екен маған?
Жаңа түсімде де жүзі жабырқау еді ғой. Сол баяғы жеті жасар сəби қалпы,
бірақ өңінде үлкен адамның қасіреті бар, «Өлген бала өспейді»,— дейді...
5
Бір шыбын жаным үшін арпалысып, төрт айдан астам орман сағалап,
аласұрған азабымнан кейін менің, өмірім тыныш арнаға түскендей болып
еді. Дүрілдеген долы тасқын домалатып келе жатқанда, ойламаған жерден
тын — тыныш иірімге кез болып, Дуня апайдың оңаша үйінде қимылсыз
өмір сүргеніме айдан асқан кез болатын. Бір үйде айналдырған екеуміз
ғана. Көбіне тіпті жалғыз қалам. Мекенім пештің үсті. Жалпиып жата
беруге жалықтым, жалыққаннан бұрын қысылып кемпірге қолқабысымды
тигізгім келіп, қыбырлап оны — мұны істеген болам. Бірақ жарытып
істейтін жұмыс та шамалы. Күйбеңдеп үй сыпырып, еден жуған болам,
шоланға шығып тауыққа жем беріп, отын жарам. Қамаудағы адам сияқты
бой жазып, кең дүниеге шыға алмаймын, бар өрісім кішкене бөлме мен
шоланның іші.
Жұпыны үйдің азғана жиһаз мүлкі маған атам заманнан тұтынып келе
жатқан дүниелігім тəрізді əбден үйреншікті болып кетті. Тозығы жеткен
ағаш үйдің қабырғасына қаланған он бір қатар бөрененің əр бұтағы мен
жарылған сызығына дейін жаттап алдым. Кемпірдің жиһазының көз тартар
көріктісі іргеде жарқырап тұрған кереуеті. Екі басын домалақ шарлармен
əшекейлеген осы көрікті бұйым қабырға бөренесі қарайып кеткен мына
жұпыны ескі үйге, басқа бір кең сарайдан адасып кіріп кеткен сияқты. Осы
кереуетке Дуня апайдың жұпыны төсек орны тұлпарға салған мəстектің ер
тұрманындай жараспай тұр. Қабырғада ілулі тақтай раманың ішінде үш —


төрт сурет бар. Раманың иығын көмкеріп, шетіне кесте тіккен, шашақты
сүлгі ілген. Ол суреттерден менің танитын бір-ақ адамым отыздың ішіндегі
ұзын бойлы, беті сопақтау келген кесек жүзді əйел — Дуня апай, бетінде
əжім, езуінен қиғаштай түскен ащы сызық жоқ, бірақ өңі өткір, ажары
ашық.
Мінекей, өнді сол қосымның жабығы тесіліп, жел кіре бастады.
Анадағы полицай тағы да екі рет соқты. Құдай оңдағанда ол менің
тығылып жатқанымды əзір білмеген сияқты, біле қалса, «қызыл
командирдің əйелі» деп, немістерге ұстап бермесіне кім кепіл: бұл сірə
ондайдан тайынатын адамның сықпытына ұқсамайды.
Бір жақсысы, Дуня апай онымен алғашқыдай кежіктеспейтін болды,
бірақ оң қабағын да бере қоймайды. Полицайдың іші пыса ма, əлде
шүйіркелесіп сөйлесетін адам таппай ма, əйтеуір, түртіп қалса, төгіліп
кетейін деп — ақ тұрады, бірақ Дуня апай одан шұқылап еш нəрсе
сұрамайды, қайта сөзін тежеп тастайды.
— Қалай, Герасимовна, деревняда, күдікті бейсауат адам көзіңе түскен
жоқ па?
— Жоқ.
— Кешегі активтердің бəрі бірдей кетіп қалған жоқ. Тығылып
жүргендері де бар.
— Онысын білмедім.
— Құдай біледі, осы Носовец кеткен жоқ. Əйтеуір Қызыл əскер шегініп
кеткенде, ол осында болатын. Кейін көрінбей кетті. Сол тапсырмамен
қалған болу керек. Большевиктер партия қызметкерлерінің біразын
астыртын тапсырмамен қалдыртты. Солар қазір жасырын жұмыс жүргізіп
жүрген көрінеді. Мұндайда қырағы болмаса...
— Олар кімді қалдыратынын менімен ақылдасқан жоқ.
— Қисық сөйлейсіз — ау, Герасимовна. Жə, қайтеміз. Былай... үй
арасының, қатын — қалаштың сөзінен құлағына шалынған сыбыс бар ма?
— Мен ешқайда шықпаймын.


— Жə, шықпайтын — ақ шығарсың. Ауыл — үй отырып, тірі жанмен
араласпаймын
дегенге
кім
сенеді.
Қатын
деген
халық
өзара
шүңкілдескенде, қанша сақ болам десе де, бір сыбыс шықпай қалмайды.
Маған Носовец керек.
— Тəртіпті бұзатындар белгілі ғой. Носовецтің бір — екі жерден ізі
білініп қалды. Ол осы маңнан ұзап кеткен жоқ. Жақында Хомяково
деревнясында...
Есік сарт етіп жабылды. Кішкене бөлмені гүжілдеткен жуан дауыс
үзілді. Əншейінде, бар — жоғым білінбей, сағаттап жата беретін адам, осы
құрғыр келгенде, қол-аяғым ұйып, қозғалғам келіп тамағыма қақырық
тіреліп, əбден мазам кетеді.
Қараңғы түсе, терезені саңлау қалдырмай қымтап алып, керосин шамды
сығырайтып қойып, екеуден — екеу отыратынбыз. Қатырлаған аяқ тықыры
естілгендей болды... біреу ақырын ғана есік қақты. Мен өзімнің үйреншікті
пешіме өрмеледім, кемпір əдетінше мені төсекпен бекітіп тастады. Əккі
болып қалған адам өзгенің əккілігін де сезгіш болады екен, сірə бұ да мен
сияқты бас сауғалап жүргендердің бірі болар деп топшыладым. Есіктен жай
басып кіріп, төрге таман келіп түрегеліп тұр, Суықтан кірген адамның
шуылдап шыққан дем алысын естіп жатырмын, жаймен қақырып, түшкіріп
те алды.

Шақырылмаған
қонақты
қабылдауға
қалайсыз,
Евдокия
Герасимовна?
Даусының шыққан тұсына қарағанда, бойы онша биік емес, үні ширақ,
сірə денесі де шымыр кісі болар деп топшылаймын.
— Келіп қалған екенсіз, отырыңыз, Степан Петрович,— деді Дуня апай.
Даусы қатқыл, ұнатқан — ұнатпағанын ажырата алмадым. Анау ағаш
табуретканы сықырлатып отырып жатыр, сырт киімін шешкенін естігенім
жоқ, сірə, ұзақ отырмас.
— Иə, түн жамылып неғып жүрсіз?
— Уақыт солай, Евдокия Герасимовна. Қазір бізге күндізден гөрі
түніңіз жайлырақ болып тұр.


— Солай де, Мұндай кезде ат шанамен ағызып жүруші едің. Қағып
кетер деп, омбылап жолдың шетіне шығатынбыз,— деп Дуня апай қағытып
өтті.
— Менің түн жамылып бекер келмегенімді түсінетін шығарсыз,
Евдокия Герасимовна,— деді қонақ, кемпірдің кекесінін елең қылмай,—
сізде үлкен шаруам бар.
— Ал, сізде Усачевтің шаруасы бар көрінеді, менен бүгін де сұрады.
«Носовец ұзап кеткен жоқ, осы маңда тығылып жүр»,— дейді.
«Носовец»... Осы бір тастай қатты фамилия мана менің жадымда
сақталып қалған. Полицайдың іздегі жүрген Носовеці осы болды ғой.
— Усачев мені сұраған екен ғой. Білем. Қазір полицай болып дұшпанға
қызмет істеп жүр.
— Бір кездегі нағыз белсенділеріңнің бірі емес пе еді?
Менің кемпірімнің бір қырсығы бар; полицайды да оңдырмаушы еді,
енді өзіміздің адамның да апшысын қуырып барады. Түптеп келгенде,
өзінің кімді жақтайтынын ажырату қиын, баласының да бір үлкен шатағы
бар. Бірақ əйтеуір өзі маған жайсыз емес. Ар жағын қайдам.
— Иə, Усачевты біз тани алмай қалыппыз. Нағыз сатқын болып шықты.
Залым екен.
— Бастық дейді — ау сендерді де, соны танымай жүрген. Усачев залым
емес, ақымақ. Бір кезде соқаның соңында жүрген топас мұжық еді, оны
құтыртып апарып əкім қойдыңдар. Қолына киттей билік тиіп еді, жұрттың
төбесін ойып жібере жаздады. Сосын сауаты жоқ деп, алып тастадыңдар.
Биліктің дəмін бір татып алған адам... ол анау маскүнем ішкіштен де
жаман, құлқыны тілеп аңсап тұрады. Маскүнем бір жұтым арақ үшін несін
аяйды, бұл да билік үшін неміске ме, əзəзіл жын — шайтанға ма, кімге
болса да, қызмет қылуға дайын. «Залым» дейді ғой оны əлдеқандай
қылып... ол ақымақ барып тұрған.
— Айтасыз — ау, Герасимовна. Бірақ сіздің сөзіңіздің де жаны бар.
Солай болуы да мүмкін.— Ол сəл ойланып түйіле сөйлейді.— Бірақ ол
қауіпті. Ақымақ болса да қауіпті.


— Əрине қауіпті,— деді кемпір жұлып алғандай.— Қауіпті болғанда
қандай! Ақымақ адам артын ойламайды. Бір сүйем жоғарылау үшін ол
жанын береді. Жаңа қожайындарына ар иманымен қызмет етеді.
— Иə, Евдокия Герасимовна, Усачевты қоя тұралық. Оның бір жөні
болар. Meн сізге басқа шаруамен келіп тұрмын.
Келген кісі бұғып жүрсе де, сөзі мығым. Көп жыл ел басқарып тізгін
ұстап қалған машығы ма, əлде өзгеден қашан да бір демі артық, пысы
басым жаратылған өктем жан ба, түр — түсін көрмесем де, маған ол
шақпақ тастай шымыр, шақар адам боп елестейді. Маңызды шаруасын
айтар алдында жауап тосып қалған сияқты, шамасы кемпірге қадала сынай
қарап та отырған шығар. Бірақ Дуня да үндемеді.
— Менің кім екенімді ұмытып қалғансыз ба?
— Heгe ұмытам. Сіз...
— Мен халық жауының шешесімін. Мен, не деуші еді ... жат
элементпін!
Кемпір ызамен шегелеп айтты. Ана кісіні білмеймін, мен өзім шошып
қалдым. Сонда менің жатқан үйім кімнің үйі болғаны? Баласы Павел...
Полицайдың: «Ұзамай қайтып оралар»,— деуінде бір мəн бар еді.
«Басқасын қайдам, бірақ осы кемпір маған жамандық қылмас» деген
жұбаныш сезімі қобалжып кеткен көңілімді аздап орнықтырғандай болды.
— Мені бір аспаннан түсті деп пе едіңіз, Евдокия Герасимовна? Мен еш
нəрсені ұмытқаным жоқ,— деді Носовец жаймен нығыздап сөйлеп.— Бірақ
біз сізге үлкен сенім білдіріп отырмыз.
Осы күнге дейін, маған ешкім сенім білдірген жоқ еді. Немістер
келгесін, мен неғып сенімді болып қалдым,— деді Дуня апай ащы
кекесінмен.— Сенім!.. Сол сенімдерің ең алдымен менің Пашама керек
болған. Бір тамшы сенімге зəру болған сол емес пе еді?!— Дуня апайдың
алқымына жас тірелді — ау деймін, алқынып булығып қалғандай болды,
даусы да жыртылып шықты.— Мен баламнан безгенім жоқ. Безгенім жоқ,
білдің бе?!
Үйдің ішік тұнжыраған ауыр тыныштық басты; келген кісі де, қанша


шақар болса да, зіл тыныштықтың салмағын сілкіп тастай алмай, үнсіз
қалды.
— Сіздің қасіретіңізді түсінемін, Евдокия Герасимовна,— деді бір кезде
жайымен тіл қатып.— Ағаш кескенде, жаңқасы ысырап болмай тұрмайды.
— Павел жаңқа ма еді, сыпырып тастай салатын. Совет өкіметін
қолымен құрысқанның бірі емес пе еді! Адам өзіне — өзі қалай жау
болады? Бандыға қарсы екеуің бірге соғысқан жоқ па едіңдер? Неге Пашаға
ара түсе алмадың?
— Ара түсе алмадым. Шынымды айтсам, біздің əскер қайтып келсе,
қазір де ара түсе алмаймын.
— Ендеше маған несіне келіп отырсың?
— Мінекей енді осыған келейік. Бұл сөздің жөні басқа. Кішкене
қайғыны үлкен қайғы ұмыттырып жібереді. Сіздің қайғыңыздың сіз үшін
кішкентай емес екенін де білем. Бірақ қазіргі ел басына түскен қатер
бəрінен үлкен. Пашадан да, менен де, сізден де... Сіздің де қазіргі ең
қансыраған қасіретіңізді... қасіретті өкпеңізді қоятын кезіңіз. Біз бір нəрсені
бүлдіріп алсақ, ол үшін Отан кінəлі емес. Пашаның қасіреті... ол — менің
де қасіретім. Шемен боп қатқан шерім ол. Жарайды, қазір ескі жараның
аузын қаситын кез емес. Уақыт көтермейді. Сіз де елмен бірге боласын,
Евдокия Герасимовна. Білемін, Сіз атқаратын үлкен бір міндет бар. Мен сол
үшін келіп отырмын.
— Ой, горо мое горюшко. Что я, супротив народа что ли. Қайтейін енді,
— деп менің адуын кемпірім босап қалды.— Сіздің хəліңіз оңай емес қой.
Степан Петрович, қалың жаудың ішінде түнде жортып жүргеніңіз мынау.
Тоңған шығарсыз. Шай ысытып, ас қамдап жіберейін.
— Оған қарсы емеспін, Евдокия Герасимовна. Түн ұзақ, уақытым бар,—
деді қонақ.— Сіз маған шешіп деп те айтқан жоқсыз.
— Шешініңіз, Степан Петрович, Баяғыда Паша екеуіңнің ойда жоқта
үйге cay етіп келіп қалатындарың болушы еді. Паша кеткесін оны да қойып
алдың.
— Жарайды, жарайды. Беліңді шешіп, жайғасып отыр, — деді Дуня


апай, қонағын одан əрі қинамай, өзі ас қамдауға шоланға шығып кетті.
Жау деген сұмдық айлакер болады екен, адам аяғы жетпейтін, адам
тіліне түсінбейтін қиыр шеттегі Жапонмен қалай ауыз жаласқан. «Жауды
əшкерелеу үшін, қырағы болу керек»,—деп, бізге күнде айтатын. Шынында
да анадай жауларды əшкерелеу үшін, ең кемі бір көш жердегіні көретін
қырағы болу керек, деп ойлайтынмын, ал менің көзім ондай қырағы емес.
Басқа балалар да... тек Жарасбай мен Сейсембай болмаса. Шынында да
біздің... басқасын білмеймін, менің қырағы емес екенім рас болды. Ұзамай
— ақ жаулар өзіміздің ауданнан да табыла бастады. Күнде көріп жүрген
адамдарымыздың қойнына қара тас тығып жүрген жау, шпион екенін тіпті
білмей қалыппыз. Сол білмей қалғандарды «ашық ауыз» дейді екен.
Нағыз «ашық ауыз» мен болып шықтым. Аудан басшыларына болып
жатқан соттың хабарын газеттен оқысам, олар демалысты сылтауратып,
өзен жағасына барып Қазақстанды Жапонға қосудың жоспарын
талқылайды екен...
Масқара болғанда, солардың бір мəжілісінде менің де болғаным бар.
Сол оқиғадан бір жыл бұрын, жазды күні, «көмегің тиер» деп, əкем мені
ертіп кеткен. Жазда үзіліп қалатын Ырғыз өзенінің көп қара суының бірінің
жағасына келдік. Кішілеу бір тоқтыны əкем алып ұрып, сойып тастады.
Мен құманмен су құйын, ішек — қарын аршысуға көмектестім.
Əкеме еріп келгеніме өзім қуанып та жүрмін, ана жылғы
жұтаңшылықтан кейін, мал басы құлдырап кетті де, тышқан мұрнын
қанаттырмайтын, қара көжеден мезі болған басым, қазан басында жүргесін
жас сорпаға мықтап бір тоятыным анық.
Жиналғандар өзен жағалап барып суға түсті, содан кейін ет жеді, аздап
арақ ішті. Мен ас даярласып, сорпа əперіп көбіне солардың маңында
жүрдім. Басшылар əзіл — қалжың айтысып, дуылдап күлісіп қояды, кейде
мал жайын, пішен, егін жағдайын сөйлесіп кетеді. Ал, Жапон туралы
əңгімесін мен естігенім жоқ, мүмкін əлде суға түсіп жатқанда сөйлесті ме
екен?
Дұшпан айлакер, залым болады дегенді көп айтады, сірə, сол рас болар,
өйткені Тасболатов біздің мектепке келіп мұғалімдермен, балалармен
сөйлесіп тұратын. Интернаттағы оқушылардың жатақханасына барып,


олардың хал — жағдайын біліп, кейде тіпті асханадағы ішкен тамақтарын
да тексеріп жүретін. Тамақ нашар болса, директордан бастап аспазшыға
дейін тышқыртып алады деп еститінбіз. Осылай қамқорсынып ішіңе кіріп
кеткен жауды əшкерелеу оңай болсын ба. Шынында да Тасболатовты
үлкендер түгіл балалардың өзі жақсы көріп қалған. Сөйтсек ол...
Мен өзім білмейтін, не шала білетін үлкендердің жаулығына шек
келтірген жоқпын, əлі де солаймын. Тек...
Біздің жақта ораза айтынан кейін, Қадір түн күзетеді. Егер құдай тағала
қаласа — қараңғы түн қақ жарылып, бір сəтке жарқ ете қалады екен. Осы
жарқ еткен кезде, не айтып үлгерсең, сол тілегің айнымай қабыл болады
дейді. Əйелдердің көбі құдайдан бала тілейді. Кішкене кезімде əйелдермен
бірге Қадір түнді мен де талай күзеткем. Бірақ аспан бір жарылмай — ақ
қойған. Ал жаңағы Төлегеннің əкесі Шандыбай түнде орыстың шошқасын
күзетіп жүргенде, Қадір түн жарқ ете қалыпты. Со кезде Шəкең: «Я құдай,
мал мен бас» деп айтып үлгерген екен, содан со кісі байып, бала — шағасы
да көп болды десетін.
Бірақ Төлегенге өмірі мал құтаймаған адам. «Мал баққанға бітеді»
дейді қазақ, Төкең жарықтық мал бағатын адамның түрі емес еді. О кісінің
жалғыз аты болады, бір тазысы болады, қосауыз мылтығы болады. Атына
мініп, мылтығын асынып, тазысын ертіп көл жағалап кеткен Төкең содан ел
жағалап үйіне алты айдан кейін бір — ақ оралады екен. Кейінірек, кішкене
алданар ма екен, үйге қарайлар ма екен деп əйелі Бəтима тоқал əперген
екен, бірақ о да Төкеңнің аяғына тұсау бола алмапты. Жұрт: «Əйтсе де
Бəтиманың осынысы ақыл болды, шошайып жалғыз отырғанша екі əйел бір
— біріне көз қара, бір дос» десетін.
Төкең біздің ауылға да жиі келетін, Сейілхан ағамның əйелі Балсұлу —
со кісінің қарындасы. Келгенде, қарап жатпайды, ылғи аңға шығады, кейде
мені түйеге мінгізіп, қырға ертіп кетеді, дуадақ қайыртады.
Жаулығына нағыз сенбегенім осы Қуантайдың əкесі Төкең болды.
Жаңсақтық болмай тұра ма. Ал басқа балалардың əкесі... Оларды мен
жөндеп танымайтынмын. Кім біледі, жаңсақ басқан... я қараңғы бір нəрсесі
болды ма. Бірақ əкесі кеткен балаларды жек көргенім жоқ, іштей
аяйтынмын. Бұрын жарқылдап жүрген балалардың көңілдері су сепкендей
басылып, кейбір өктем, өткірлерінің де ұнжырғасы түсіп, тіпті пəс болып


қалды. Олар балалардың алыс — жұлыс ойындарына да араласпайды,
сабақ бітісімен үйлеріне кетеді. Менің оларды жек көрмейтінім, саяси
жағымның шикілігі емес, «əкесі үшін баласы күймейді» дегенді
көсеміміздің өзі айтқан.
Бір қызығы жарысқа түсіп, жауларды аямай əшкерелеп жүрген екеуі де,
интернатта жататын қу жетім Жарасбай мен Сейсембайдың өздері, жау
болып кете жаздады. Өзара ұрысып қалған ба, бірін — бірі əшкереледі.
Жиналыста алдымен Жарасбай сөйледі. Оның сөзінен түсінгенім:
«Сейсембайдың Бейсембай дейтін немере ағасы сұрастыра келе ауатком
председателі Асқаровпен жекжат екенін анықтапты. Ертеде Бейсембайдың
анасы Асқаровтың бір нағашысына ұзатылыпты, соны біліп алған
Бейсембай жақсымен жанасқысы келіп, Асқаровтың əйелі ұл туғанда, бір
тайыншасын сойып, құтты болсын айтуға келіпті. Жарасбайдың айтуынша:
Сейсембай ағасына ақыл айтып, оған тайынша сойғызып, оны жаумен
байланыстырған, екеуінің арасына делдал болған, Сейсембайдың өзі де
соның құйыршығы», Жарасбай сөйлеп жатқанда Сейсембай бір уыс,
көкпеңбек боп отырған. Мұның да қарап қалмайтынын, қазір ширығып
атылатынын ішім сезген. Тура солай болды. Жарасбайдың сөзі бітісімен
атып тұрып, шаңқылдап сөйлеп кетті.
— Жоғары шығыңыз. Шешініп бой жылытыңыз,— деді Дуня апай.
— Рахмет.
— Кішкене тамақ ысытып жіберейін,— деді, ешкімге рай бере
қоймайтын кемпірім даусы жылып.
— Ұзақ отыруға уақытым жоқ. Кішкене бой жылытып алайын.
Құдай — ау, мынау Света ғой. Иə, аумаған соның даусы. Шыдай алмай,
бар сақтығымнан айрылып, алдымды қымтап тұрған төсек — орынды
ысырып, саңлау жасадым. Байқаусыз сыбдырымды сездіріп алдым — ау
деймін, үстіне сырмақ телогрейка киіп, басына қалың қара орамал тартқан
əйел мен жаққа жалт бұрылды; бетін тұмшалап алса да, танып қалдым,
құдай біледі — Света.
— Үйіңізде басқа бір адам бар ма?— деді Света сезіктеніп.
Енді оның Света екенін анық таныдым.


— Жоқ,— деп кемпір жалтара түсті де:— Қорықпаңыз, өз адамымыз,—
деді.
Мен енді шыдай алмадым, алдымдағы көрпе — жастықты ысырып
тастап, қорбаңдап пештің үстінен түсіп жатырмын. Құдды бір ана дүниеден
келген адамды көргендей, Света маған үрпие қарап қалыпты.
— Света! Света — жан!— деп айқайлап жіберіп, қорбалаңдап барып
құшақтай алдым.
Іші — бауырым елжіреп кетті. Ел — жұрттан, ағайын — туғаннан
қолымды ғана емес, күдерімді де үзгелі не заман. Қасымбектен де үшті —
күйлі айрылып, қиян шетте, қалың жаудың ішінде қалғанда, арқа сүйеген
жалғыз серігім осы Света еді ғой. Бұдан да айрылып едім. Жалғыздық
əбден жұқартып тастаған ба, білмеймін, Қамқа əжемді көргенде де, дəл
осындай босамаспын.
— Ой, Дуня апай, Света менің подругам ғой,— дедім.
— Сенің подругаң екені де жақсы болды, əйтпесе, бұл қыздың шын
атын да білмей, өмірден Смуглянка деп өтетін едім. Түріне қарасам,
смуглянка емес нағыз шикіл сарының өзі,— деп күлді Дуня апай.
— Кешіріңіз, Евдокия Герасимовна,— деді Света, сəл ыңғайсызданып,
— Сізге сенбегендік емес. Ешкімге шын атыңды айтпа, конспирацияның
заңы солай деген.
— Кəне... Мынау адамның тілі келмейтін сөзің не пəле?— деді Дуня
апай.
— Астыртын... Құпия сақтау деген сөз ғой. Көрмейсіз бе, Надя кездесіп,
менің бар құпиямды ашып жібергенін.
— Солай де. Мен мұны тірі жанға көрсетпей, ең аяғы Степан
Петровичтен де жасырып жүрсем. Қатындар жүрген жерде құпия сақтау,
əй, сірə, болмайтын шаруа шығар,— деп, Дуня апай жымиып басын
шайқады.— Жарайды енді. Бір — біріңді аңсап қалған екенсіңдер, асықпай
сырласыңдар.
Дуня апай астың қамына кірісіп, Светаны маған оңаша берді.


— Света, айтшы біздің əйелдерден кездестіргенің бар ма?— деп
сұраймын.
— Қызықсың — ау, Надя. Осы аласапыранда біреуді біреу кездестіру
деген... Бір шөмеле шөптің ішінен инені іздегенмен бірдей ғой.
— Неге? Мінекей екеуміз кездескен жоқпыз ба?
— Но это счастливая случайность. Бірақ мен сені біржола жоғалтып
алғаным жоқ. Екі — үш рет ізіңді кескенім бар.
— Қалайша?
— Қалайша дейсің бе?— Света мырс етіп күліп алды.— Сен біз сияқты
көптің бірі емессің. Ерекше адамсың.
— Мен бе?
— Мен деп не едің, əрине сен. Жау тылында тентіреп жүрген шығыс
əйелдері көп емес. Мұндағы жұрт бізді елемейді, ал сені көрген адам
ұмытпайды. Так что примечательная личность ты. «Осында түрі бөлек бір
əйел келді» деген сөзді екі — үш жерден естідім. Оның үстіне: «Екі қабат»,
— десе, сен болмай, кім болады.
— Ендеше маған неге бір жолықпадың?
— Сен де бала сияқтысың — ау,— деп езу тартты Света.
— Света, содан бергі оқиғаңды айтшы,— деп жалындым.
— Ондай оқиғаны өзіңде басыңнан кешіп келе жатқан жоқсың ба?
Біздікі бас бағып, жан сақтаудың қамы емес пе.
— Байқаймын, сенікі тек жан сақтау емес. Айтшы Hосовецпен қайдан
танысып жүрсің?
— Носовец?— деді Света таңырқап.— Ол кім Носовец деген?
— Мəссаған, соны білмейсің бе? Аты Степан Петрович...— Света еш
нəрсе түсінбей маған таңырқай қарайды. Мен де қайранмын.— Сені осы


үйге келеді деген сол ғой. «Смуглянка» келеді деді.
Света сəл ойланып:
— Мүмкін, айтса айтқан шығар, бірақ мен ол кісіні білмеймін. Оны
білудің маған қажеті де жоқ. Менің жағдайымда адамды неғұрлым аз
білгенім жақсы,— ден тоқтады да менің бетіме бағдарлай қарады, өңінде
бір мұңлы мысқыл жүгіріп өтті.— Байқаймын сен тым көп біледі екенсің.
Сенің жағдайыңда көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.
— Түсінемін. Тек көзім көрген нəрсе болғасын сенен жасырмай
жатқаным ғой,— дедім қысылып.
— Қазір жағдай солай, кей нəрсені менен ғана емес, өзіңнен де жасыр.
— Менен қорықпай — ақ қой,— дедім мен ренжіңкіреп.— Қазақ деген
аңқау халық. Бірақ кейде оның аңқаулығы өзгенің қулығынан асып түсетін
де кезі болады. Ерегістірсең мен орысша түк білмейтін боп шығам. Сосын
маған тілмаш тауып көрсін бұл арадан.
Света күліп жіберіп мойнымнан құшақтады.
— Ой, Надя, шынында да сен мен ойлағандай аңқау емес екенсің.
— Мені састырғаның сонша, енді қай жерде, не істеп жүргеніңді
сұрауға да қорқып отырмын.
— Қай жерде істеп жүргенімді айтуға болады, оның құпиясы жоқ,— деп
Света бетіме қарап кішкене іркілді.— Немістің комендатурасында тілмаш
боп істеп жүрмін.
— Рас на?— деппін сасқанымнан.
Полицайдың айтқан тілмаш əйелі осы болды ғой. Саспай қайтейін, өз
басым немістің қарасын көруге қорқып жүрсем, бұл солардың қақ
ортасында... жəне қызметін атқарып...
— Шошып кеттің бе?— деді Света жымиып.
— Полицайдың айтқан тілмаш əйелі сен екенсің ғой.


— Полицайдың?
— Иə, осында бір Усачев деген полицай бар.
— Сен тығылып жатып пəленің бəрін біледі екенсің,— деді Света күліп.
— Ол полицай сені көрді ме?
— Жоқ, көрген жоқ.
— Ендеше оған көрінбеуге тырыс, Байқаймын, келіскен адам емес,
қызметіне адал неме сияқты,— деді.
— Ал, сенің жағдайыңды хозяйканың өзімен сөйлесейік,— деді Света.
Meн бір көр баламын, қолыма іліккенінен айрылғым келмейді, мына
кемпірдің үйінен де кеткім жоқ. Өзіне үйреніп те қалдым... Енді қайда
барып... Бірақ, кеще емеспін түсінем ғой, бұл үй жасырын жұмыстың
түйісетін жеріне айналып барады.
— Мен оны қайда қумақпын?— деді кемпір Светаның сауалына.— Осы
күнге дейін тұрып келді ғой. Тұра берсін. Қардың үстінде босана ма?
— Оныңызға рахмет,— деді Света.— Сіз қайырымды адам екенсіз,
Евдокия Герасимовна. Тек...
— Неменесі тек?
— Жуырда осы араға неміс солдаттары келеді.
— Келсе қайтейін,— десе де Евдокия Герасимовна кішкене ойланып
қалды. Содан кейін:—Олар ұзақ бола ма?— деп сұрады.
— Онша ұзақ болмас. Бір — екі күн...
— Ондай болса жасыратын жер табам ғой.
— Тек немістер біліп қала ма, деп қорыққаным ғой.
— Алдын ала болжау қиын ғой. Көрсетпеуге тырысармын.
— Жаман айтпай жақсы жоқ.


— Егер біліп қалса қайтейін. Олар да анадан туған шығар.
Кемпірдің жеңіл асынан кейін Света кідірген жоқ, тез киініп, бізбен
қоштасты да шығып кетті. Менің одан тез айрылғым келмеп — ақ еді, бірақ
қайтейін, тым болмаса соңынан еріп деревняның шетіне дейін шығарып та
сала алмаймын, бар бітіргенім қос қолдап алақанын қыса беремін,
жаутаңдап бетіне қараймын. Шамасы ұзағырақ ұстап қалсам керек, Света
қолын қос уысымнан қаттырақ нұқып суырып алды. Бетіме қатқылдау көз
тастап:
— Ал, сау бол. Амандық болса кездесерміз,— деді де тез шығып кетті.
Несіне өкпелеймін? Иə, өкпелейтін орайым жоқ, бірақ адамның сезімі,
оның ішінде əйелдің сезімі ақылға бағынған ба. Үлкен бір реніш, өкпе ме,
шер ме, қабаттасып кеудемді кернеп келеді. Дүниенің бəріне ренжимін.
Қасымбекке де ренжимін. Командир басымен соғыс боларын білмей мені
қиян шетке, қауіпті шекараға əкеліп... енді мына қаңғыртып жібергені.
Өзіме де ренжимін. Елден адам таппағандай... Ауылда жүрген жігіт —
желең аз ба еді, қатар — құрбымнан асамын деп көкірегіме желік кіріп,
қиырдағы жігіттің етегіне жармасып. Қазір енді кімге керекпін мен? Мына
кемпір де аяушылық жасап азғана күн паналатқанмен... ертең... тіпті
тағдырымыз тамырласып, бар пəлені бірге көріскен Светаның өзі...
осындай кездескенде бір жібімей...
Əркім өз басымен əлек болған мына аласапыран дүниеде мен кімге
керекпін. Үзіліп түскен жалғыз жапырақ... Қай жерде барып тынысым
бітерін бір құдайдың өзі білсін. Жападан-жалғыз... дəрменсіз, панасыз...
Кемпір төсегінде бір — екі аударылып түскенде барып, ағыл — тегіл
жылап жатқанымды білдім, шамасы еңкілдеп оятып жіберсем керек.
Жаңағы Светаға желіндеген көз жасым, енді ерік бермей ағыл — тегіл кетіп
жатыр. Қазір кемпір «неге жылап жатырсың, не болды?» деп мазамды алса
арс етіп бетінен алар ма едім, құдай оңдап ол үндемеді, ауыр бір күрсінді де
қойды.
Астапыр — аллау, осы күрсініс жанымды жай тапқызды; қасіретті
қасірет жуады екен ғой.
7


— Баушка, Баушка Дуня,— дейді сыңғырлаған жіңішке бала дауыс.
— Сенбісің, Парашка?— деген Дуня апайдың даусын есіттім.
— Менмін, баушка Дуня,— дейді кішкентай қыз даусы.
Жарықтық бала дегенге бəрі қызық — ау.
— Берем десе берер. Үйге жүр, мен саған дəмді бір нəрсе берейін,—
деп есікті сықырлата ашып Дуня апай Парашканы ішке алып кетті.
Бұл деревняда Дуня апайдан кейінгі жақсы танитыным осы Парашка.
Белгісіз болашағымды сарғайып, сарыла күтіп жатқан сұрқай, мешел
өміріме кішкентай болса да жылтыратып, əр кіргізген осы бала. Алғашқы
көргенім де қызық, күндіз тамақ ішіп болып, терезеге қарап тұр едім,
көшеде домаланып келе жатқан кішкентай бір адамды көрдім. Бойы бір
қарыс, əйелдің үлкен шəлі орамалын жағын қаусыра басына тартып, ұзын
ұшын беліне екі орап буып тастаған, бір қарағанда домалап келе жатқан
түйіншек сияқты. Сол түйіншек біздің үйге қарай бұрылды.
— Біздің үйге бір бала келе жатыр,— дедім.
— Ə — ə, бұл əнші — шымшық Парашка ғой өзіміздің,— деді Дуня
апай терезеден қарап жіберіп, сонан соң: — Мен оны кіргізбей тұра
алмаймын. Сен пешке шығып тасаланып ал,— деді маған.
— Бала ғой, отыра берсем қайтеді?— деп едім.
— Ақылыңа болайын, баланың аузында сөз тұрушы ма еді,— деп кейіп
тастады.
Менікі де аңғалдық — ау, кішкентай бала Дуня əжейдің үйінде түрі
бөлек тетя көрдім деп бүкіл деревняға жаймай ма. Тезірек қуысыма кіріп
тасаланып, бірақ бас жағымнан саңлау қалдырып сығалап жаттым.
Домаланған түйіншек тарсылдатып басып төрге шығып келеді.
— Шешіндір мені, баушка Дуня,— деп шəртиіп тұра қалып əмір береді.
— Қазір, қазір, ой, менің əнші құсым бармақтай,— деп жұртқа тепсініп
тұратын тентек кемпірім ебелек қағады.


Сырт киімін шешкенде шынашақтай ғана бес — алты жасар қыз бала
екен. Өңі қоңырқай, бұйраланған шашы да қоңыр, дөңгелек көзді, əп —
əдемі бала; өзінің тілі де тастай. Жұрт көп еркелетіп тастаған ба, түрінде
кесірлік бар сияқты.
— Баушка Дуня, валенкамды шеш,— деп тағы да əмір берді.
— Қой, валенкаңды шешпей — ақ қой, еден салқын, аяғың тоңып қалар,
— деп кемпірім жалынып еді, қырсығып көнбей қойды.
— Бəрібір шеш. Шұлығым бар.
— Ай, тіл алмайсың — ау, сен қыңыр,— деп қиналды Дуня апай.
— Валенкамді шешпесең мен саған «валенки» əнін салып бермеймін.
— Сен əннен бұрын, кел тамақ ішіп ал,— дейді Дуня апай.
— Мамкам маған тамақ ішкізіп жіберді. Менің тамақ ішкім келмейді,—
деп Парашка жинаусыз тұрған столға қарады. Содан соң таңырқап:— Сен,
баушка Дуня, кіммен екеуің тамақ іштің? Наташка келді ме?— деп сұрады.
— Жоқ келген жоқ, өзім ғана.
— Ендеше сен неге екі тарелкадан тамақ ішесің?
Баласы түскір үлкеннің аңғармайтынын байқайды екен ғой.
— Қарным ашқан соң екі тарелкадан іштім. Жарайды ендеше əніңді
сал.
— Бір өзің екі тарелкамен тамақ ішесің бе? Бір адам екі тарелкамен
тамақ ішпейді. Тоймаса борщты ожаумен тағы да құйып алады. Сен соны
білмейсің бе, үлкен болып?— деп күледі Парашка.
— Кəне, əн салам деп едің ғой.
— Мен саған алдымен «Валенкиді» айтайын.
Кішкентай Парашканың даусы керемет екен, шырылдап шырқап қоя
берді. Жыртық ескі байпақ туралы да жақсы əн болады екен — ау, мен


бұрын оны естіген жоқ едім. Əні əп — əдемі, кəдімгі нəшіне келтіріп тұрып
айтады, көтеретін жерінде жіңішке даусы шырылдап, кəдімгідей шырқап
кетеді. Шынашақтай адамның үлкен əнді шырқағаны қызық болады екен —
кішкентай баланың үлкен қанар қапшықты көтеріп келе жатқаны сияқты,
қай жерінде тəлтіректеп құлап кетер екен деп қыпылықтап болам. Бірақ
тəлтіректесе де бір жағына аударып алмай, қалт — қалт басып апарар
жеріне жеткізеді. Со кезде иығымнан ауыр жүк түскендей менің де бойым
жеңілдеп қалады.


— Ал, енді Андриашка мен Парашканы айтшы,— дейді Дуня апай.
— Жоқ, Наташка қайда, а?— деп қырсығады Парашка.
— Наташка мамасында.
— Наташка неге келмейді, а? Менің Наташкамен ойнағым келеді. Неге
келмейді, а?
— Кейін келеді.
— Қашан кейін келеді? Көп, көп болды. Наташка келген жоқ.
«Наташка» ана суреттегі ұлпа шашты кішкене сары қыз — Дуня
апайдың немересі екен ғой. Кемпірдің жылы — жұмсағы мен бар дəмдісін
шүберекке түйіп апарып жүргені де сол болды — ау. «Наташка неге
келмейді» деп қыңқылдайды. «Балалы үйде ұрлық жатпас». Мен үшін
мына кемпір жалғыз немересін де жолатпай қойғаны — ау сонда... Екеуміз
бір үйде тұрып қанша үйренісіп кетсем де, осы бір сырты суық тұйық
кемпірді жақын көріп іш тартын кете алмай қойып едім. Ай, адам деген...
кейде сыртынан жалпылдаған адамға іші жылып қоя беретіні бар — ау.
Пештің үстінде қараптан — қарап жатқан адамның ойдан басқа ермегі
бар ма? Өзімді паналатқан осы кемпірмен арамызды да көбірек ойлаймын,
бірақ қалай ойласам да осы кемпірдің маған іші — бауыры елжіреп бара
жатқан жоқ. Ондайы болса менің жылу аңсаған жетім көңілім алыстан-ақ
сезер еді ғой. Сонда басына жоқ қауіп пен бейнетті тілеп алып мені несіне
паналатады?
Кейбір
көңілшектер,
тіпті
бұрынғы
таныс,
аралас
адамдарыңның өзі жағдайыңды əбден — ақ түсініп, іші удай ашып тұрса да
қатерің мен мехнатыңды көтеруге жүрегі дауамай, сен үшін қинала,
күйзеле тұрып — ақ ебін тауып шығарып салмас па еді? Тіпті танымайтын,
түрі бөлек болса да, күні жақындаған екі қабат əйелді қыстың көзі қырауда
қаңғыртып жіберуге бұл кемпірдің ұяты жетпеді. Адамдық парыздың
үлесіне жазылған бір ауыр жүгін мойнына артып алып, онысын өзгелерге
де бұлдамай, маған да бұлданбай үн — түнсіз келе жатыр. Тағдыр жазса,
ертең аман — есен босанып, елге жетсем, кезекті бір мехнаты мойнынан
түсіп, бойы жеңілдеп, бірте — бірте бұл кемпір мені ұмытып кетер ме екен.
Кейде бір есіне түскенде «осында бір алыстан келген əйел бұғып жатып,
босанып кетіп еді» деп айтып қоятын болар. Болашақты болжау қиын ғой,


бірақ менің өзім осы бір мейірімі сыртына шықпайтын бітеу кемпірді
ұмытпайтын сияқтымын.
— Егер ертең Наташканы əкелмесең мен саған келмеймін. Вот, баушка
Дуня,— деп бұлданады Парашка.
— Жарайды, жарайды. Наташаны ертең əкелем. Кəне, сен
«Андрияшканы» айтып берші,— деп жалынды Дуня апай.
— Ой, баушка Дуня, мен басқа бір əн білем. Өзі қызық. Оны саған
айтқан жоқпын ғой. «И зачем он моргает» деген əн. Өзі қызық, тыңдашы.
— Жоқ, мен көрдім, біреу бар. Көзі жылтырайды,— деп болмайды
Парашка.
— Əншейін мысық шығар,— деп Дуня апай орнынан тұрып келіп,—
цыц!— деп мысыққа емес маған зекіп, көрпені қымтаңқырап тастады.
Дегенін істетіп үйренген ерке қыз, енді «мысықты əпер» деп қиғылық
салды. Əй, мені де жаман састырды, тыпыр етпестен демімді ішіме тартып
жатырмын, тіпті терлеп кеттім.
— Жоқ, үйде мысық жоқ. Ол тышқан екен, жүгіріп еденнің астына кіріп
кетті, енді ұстатпайды,— деп саспайтын Дуня апай да шатыстырып —
бытыстырып жатыр.
— Жоқ, тышқан емес. Білемін. Тышқан емес.
Осы оқиғадан кейін «концерттен» алатын лəззатымның жартысынан
айрылдым. Қараңғыда жатып, Парашканың өзін көрмей əнін ғана
тыңдаймын. Енді Парашка келерде, кемпір мені Усачев келердегіден бетер
жасырып, алдымды тұмшалап бітеп тастайтын болды.
Сықырлап кемпірдің үйінің есігі ашылды.
— Сен көшеге шығып көп жүгіре берме, ұқтың ба. Үйде отыр. Көшеде
немістің солдаттары бар,— деп Дуня апай Парашканы шығарып салып
жатыр.
— Мен қорықпаймын, баушка Дуня. Мен немістерден тіпті титтей де


қорықпаймын,— дейді ерке қыз.
8
«Мен немістерден тіпті титтей де қорықпаймын». Парашканың осы сөзі
құлағымда қалып қойды. Өзін көрмесем де көз алдыма елестетем: үлкен
шəлі орамалмен əйелдерше жағын қаусыра орап, екі ұшын беліне екі
қайыра орап байлап, түйген түйіншектей болып домаланып кетіп бара
жатқан шығар. Жаңағы Парашка мені тағы таңырқатып кетті. Бүкіл село
қалтырап, үлкендердің зəресі кетіп жүргенде — ол тіпті қорықпайды.
Менің өзім болсам немістердің жасыл шинелін алыстан көрсем де
қалтырап қоя берем, сол шинельдің ішіндегі өзім сияқты адам екен деген
ұғым да миымнан шығып кетеді. Ал, сəби Парашка болса шинеліне емес,
шинельдің ішіндегі адамына, сол адамның бетіне қараған. Сəби көзі
адамды көрген. Бетіне жаудырап қарап тұрған күнəсыз сəбидің көзін
көргенде қанша қаһарлы солдат болса да жібімей тұра ма. Ауызбен
тартатын гармонын ойнап берген, кəмпит берген. Егер үлкендер де бір —
бірінің бетіне қарағанда жыртқыш аңды емес адамды көрсе... қалай ғана
жүрегі шімірікпей бір-бірін ажалға байлар еді? Əлде үлкендердің көзін
қанталатып, алдындағы адамды аң қылып көрсететін, сол арқылы өзін де
аң қылып жіберетін үрей ме екен? Əлде өшпенділік пе? Ендеше сонау қиян
шетте ен далада жатқан момын елінен адасып келіп, қаңғып жүрген екі
қабат қазақ əйелінде немістердің не өші кетті. Егер адамдар көзін
қанталатқан «үрей» мен «өшпенділік» деген шелді сыпырып тастап бір —
бірінің бетіне Парашканың күнəсіз көзімен қараса?.. Мүмкін осы
сұмдықтың бəрі болмас па еді?..
— Эй, матка...
— Чево?— деген Дуня апайдың даусы естілді.
— Үйде кім бар?
— Кім болсын. Мен жалғыз адаммын.
— Партизан... Партизан жоқ па?
Есікті сартылдатып ішке кіріп баратқан сияқты. Қолымда айыр,
алқынған демімді ішіме тартып сілейіп тұрмын. «Ойбай — ау, менікі не
тұрыс? Қазір келіп сарайды тінтсе не істеймін?» Осы үрейлі оймен қоса


есім де кірген сияқты. Сарайдың ірге жағында кішкене саңлау көрінеді,
ақырын екі аттап барып содан сығаладым. Есік алдында жасыл шинель
киген екі солдат тұр, өзара бір нəрсе деп сөйлеседі. Біреуі сарай жаққа
қарап иегімен нұсқады, кемпір көрінбейді, біреулермен үйге кіріп кеткен
болу керек. Енді мен тіршілік қамымды жасауым керек: сырттағы дыбысқа
құлақ түріп, ақырындап үңгіген қуысымды тереңдеттім. Жақындаған
тықыр сезілмеген соң, тереңдеу еткім келіп шөптің арасын үңги бердім.
Үңгірге кіріп те алдым. Тағы да демімді ішіме тартып тың тыңдаймын:
жоқ, əзір жақындағам тықыр білінбейді. Қуысым тарлау екен, қайтадан
шығып, əлі де екі — үш айыр шөп алып тереңдеттім.
Осы кезде үйдегілер де сыртқа шықты ғой деймін, дауыстары қаттырақ
естіледі.
— Көрсет, матка. Партизан бар ма?— деген дауысты естідім.
Үңгіріме сүңги бердім де кілт тоқтадым. «Күдікті бір нəрсе қалған жоқ
па?» Сарайдың ішін көзіммен бір шарпып өттім. Масқара... шөптің шетінде
кемпірдің əкелген көрпесі жатыр, қытырлап басқан қадамдар жақындап
келеді, көрпені тез алдым да үңгірге тықтым.
Аз уақыттан кейін қасымда тұрған қауіп — қатердің де уыты қайтты.
«Тағы да сарайға кіріп келер ме екен?» деген көңіл лүпілі басылып, ойым
өзгеге бөлінді. Света... Света осылардың осында келетінін күн ілгері
білген, соны хабарлап кетті. Қалың немістің қақ ортасында жүр — ау,
байғұс, анада маған елпілдей қоймады деп қатты ренжіп едім.
Алдымдағы Дуня апайға жетіп, сүріне тоқтадым. Дауыс шыққан жаққа
жасқана қарап, екі — үш үйдің ар жағында келе жатқан жасыл шинельді
бір — екі солдатты көріп қалдым, ендігі сəтте байқағаным, аппақ кебін
сияқты басынан аяғына дейін аппақ ақ халат кигендері де бар екен, көшені
бойлап, деревняны сүзіп келеді. Тағы да буынымнан əл кетіп бара
жатқанын сезем: қайда қашарымды, қалай қарай жүгірерімді білмей шөгіп
отыра кеткім келеді.
— Енді қашып құтыла алмаймыз,— деді Дуня апай.
— Баушка, олар өлтіреді. Meн қорқам!—деп Наташа шырылдап жылап
қоя берді.


Кемпір немересін жетелеп, он қадамдай жерде тұрған мыжырайған
сарайға жүгірді, менде не ес болсын, емпеңдеп кемпірдің соңынан ере
берем. Қараңғы сарайдың есігінен кіре құлағанда құр етіп тыпырлаған көп
тұяқ пен қорс — қорс еткен жаман дауыстан зəрем ұшып кетті. «Уһ» деп
есіме келдім, шошқа қора екен.
— Дыбыстарыңды шығармаңдар!— деді кемпір ақырын зекіп.
Біз дыбысымызды шығармағанмен үркіп, дүрлігіп кеткен шошқалар
тыпыршып, қорсылдап мазаны алып барады. Бір үлкен шошқа келіп
тұмсығымен сауырымнан түртіп қалғанда, еріксіз баж ете түстім.
— Заткнись!— деді кемпір ызалы дауыспен сыбырлап.
Сөйткенше сырттағы дабыр — дұбыр да бізге таянып қалды: жақын
үйлердің есіктерінің ашылып — жабылған сартылы, үйлерінен қуылып
шығып жатқан адамдардың үрейлі дауыстары естіледі, қорқып жылаған
балалардың дауыстары да құлаққа жетті.
— Жиналысқа! Тез жиналысқа!
Құлаққа сондай таныс, үйреншікті сөзге елең етіп, бір сəт қорқынышым
кейін тепсініп еді, іле немісше жат сөздер араласып, жүрегімді қарып өтті.
— Шнел! Шнел!
Кейбір неміс сөздерін аңғарамын, соғыс алдында, мектепте екі жыл
неміс тілін өткенбіз, сабағымыздың онша мəні болмаса да, аз — кем ұстап
қалғаным бар — ды. «Шнел» — тез деген сөз, ал оның ар жағына
жалғастыра зеки сөйлеген сөздерінен еш нəрсе ұқпадым. Тықыр біздің
сарайға да жетті, дабырласып немісше сөйлесіп келеді. Біреуі мылтықтың
дүмімен сарайды соғып — соғып жіберді. Шошқалар қорсылдай тыпырлап,
дүрлігіп жүр, қаусап тұрған көне тақтайдың қиқымы түсіп көзімді жұмдым.
Көзімді ашқанда сарайдың іші жап — жарық болып кетті. Айқара
ашылған есіктен жұмсақ жасыл фуражка киген біреудің басы сұғынып
келеді,
төсінде
мойнына
асқан
автоматы
қарауытады,
саусағы
шүріппесінде. Аласа сарайдың есігінен басын сұғып, еңкейіп ұмсына берді
де дүрлігіп есік алдына қарай лап берген шошқалар аяғына оратылып еді,
біреуін теуіп жіберіп, сарайдың есігін жаба салды. Ар жағындағы біреуге


айтып жатқан, «швайн» деген сөзін түсініп далдым. Қадамдары алыстап
барады. Құдай оңдап, қараңғы бұрышта тығылып отырған бізді аңғармай
қалды. Сыртқа шыққысы келіп лап берген шошқалар сирағына соққы да,
үйреншікті шаруа дағдысымен соларды қайтара теуіп ішке кіргізем деп
əлек болған неміс солдаты сарайдың есігін не үшін ашқанын да бір сəтке
ұмытып, есікті жаба қойған болар. Бұ жолы жанымызды сақтап қалған,
байғұс шошқалар болды.
Маңдайымнан теуіп жібергенде баж етіп, көзімді аштым: төбемнен
төніп тұрған солдат «Пошел! Пошел!»аяғымен тағы бір нұқып қалды.
Қолыма үлкен бір жаңқа қадалып, алақанымды дызылдатып күйдіріп
барады. Есіктен шыға бергенде жаурынымнан түйіп жіберіп еді, жер
таянып құлап барып, əзер көтерілдім. Наташаның шырылдаған даусын
естідім.
— Ағатайлар... ағатайлар! Бізді өлтірмеңдер! Өлтірмеңдер!..
- Қорықпа, жаным... Қорықпа...— Бұл Дуня апайдың даусы.
11
Жердің астын үстіне келтірген бомбаның да астына түстім, жамсап
жатқан өліктердің де арасында болдым, өмірден күдер үзген шағым да
болды, бірақ дəл осындай мылтығын өңменіңе тақап келген ажалды көрген
жоқ едім. Аласұрған көңілім əр саққа алып қашады: бірде өңменіме тіреліп
тұрған ажалдың ызғары тұла бойымды қалтыратып əкетсе, бірде əлденеден
үміт етем. Көрші деревняны түгел қырып салыпты, бізді де түгел қыратын
шығар. Мүмкін əлде...
Жалғыз мен ғана емес, жұрттың бəрінің көңілі дəл осылай — екі ұдай.
Үміт пен үрей аралас. Деревняның халқын топырлатып айдап əкеліп,
бұрынғы басқарманың кеңсесі ме, мектеп пе, білмеймін бір үлкен үйдің
қорасына тоғытып жатыр. Емшектегі баладан еңкейген шалға дейін тірі
жан қалдырмаған. Еркектер жағы аздау да, көбі қатын — қалаш, бала —
шаға. «Мүмкін оларға тимес» деген əлсіз үміт емексітіп өтеді.
— Қатын-қалашты жазаламас...
— Қатын — қалаш пен сəбилердің жазығы не?


— Айыптыларды іздейтін шығар...
Төңірегімдегілердің үздік — үздік сөздерін құлағым шалады. Жақсы
жорамалға елең етіп, кеудемде жылт етіп үміт оты тұтанғанмен іші
құрғырым бəрін сезеді: бұлардың да біліп тұрған еш нəрсесі жоқ, тек
əйтеуір дəтке қуат.
Жұртты үсті-үстіне айдап əкеліп, қораның іші тығыздалып қалды.
Қысты күні барын қорбитып үстіне киін алған қатындар, кейбіреулері жас
бала көтерген, қайсы біреулері басқа жаққа баруға қамданып, дорбаларын
асынып, қолдарына түйіншектерін ұстаған. Бір топтың ішінде бес — алты
баласын қаздың балапанындай шұбыртып, екі кішкентайының бірін өзі,
бірін он жасар шамасы ұлына көтертіп бір əйел келе жатыр.
Жиналған жұртты шашау шығармай айнала мылтығын кезеніп қарауыл
жүр. Тек немістер ғана емес, полицай формасындағы орыстар да бар екен.
Еңгезердей біреуінен бір əйел:
— Құдай жарылқасын, Лука Саввич, бізді не істейді, шынын айтшы,—
деп жалынып еді, анау зекіп тастады.
— Молчать! Сөйлесуге болмайды.
Құлағым елең ете қалды, бір түрлі таныс дауыс.
— Усачев деген қарғылы төбет емес пе. Ол фашистен де жаман,— деп
біреу күңк етті.
«Қара ешкіге жан қайғы», əркім өз басымен əлек, маған назар аудара
қойған адам болмап еді, тек көзі түсіп кеткендерінің өңінде «бұ қайдан
жүрген адам?» деген таңырқау сұрақ жылт етіп тез сөнетін. Бірақ тозақтың
алдынды да əйел байғұстың əйелдігі қалмайтын шығар, көріп тұрып қалай
шыдасын, бір қайқы тұмсық көк көзді біреу маған тас кенедей қадалды.
— Сен қайдан келген адамсың?
Мен үндемедім.
— Біздің деревня емес тіпті бұл жақтың адамына ұқсамайсың ғой.
Мұнда кім айдап келді сені?


Менің тіл қатуға зауқым жоқ, үндемей безеріп тұра бердім.
Өзі біздің тілді түсінбей ме, білмеймін. Мелшиіп үндемейді екен өзі. —
Айтсайшы, қайдан келгеніңді, кім екеніңді,— деп Дарья маған тағы да тас
кенедей жармасты.
Менің тіл қатуға зауқым жоқ, үндемей безеріп тұра бердім.
— Heгe үндемейсің? Мылқаусың, əлде біздің тілді білмейсің бе? Өзінің
қарны да шермиіп тұр,— деді қайқы тұмсық əйел.
Оған бір еркек кейіп тастады.
Олар да бір топ адамды айдап əкелді, мұнда да өзгелеріндей кемпір —
шал, бала — шаға, қатын — қалаш жағы басым. Біз шегіншектеп қораның
шетіндегі тақтай қоршауға тірелдік. Бір жақтан тасырлаған мылтық даусы
естіледі. Біреулер мойнын созып, бəрін біліп танып жатыр.
— Ваня Шестаков қашты.
— Оққа ұшты ғой.
— Жоқ, аман.
— Əне құлады. Бітті бишара.
— Жоқ, тірі. Əне қайта жүгірді.
— Сайға жетсе...
Мен еш нəрсені көре алмадым, жұрттың мойнын созған жағына
қарайтын шамам да жоқ, тек əйтеуір бір міскіннің жан ұшырып айқайлап
қашып баратқанын сезіп тұрмын. Өзімнің қашатын дəрменім де, жəне
басымды оққа байлап тəуекел қылатын құлқым да жоқ, осы қалың топтың
арасына тығыла берсем аман қалатын сияқтымын.
— Құлады.
— Мүрдем кетті байғұс. Ақымақтың қашып несі бар еді.
— Ол емес мүмкін біз ақымақ шығармыз. Қойша бауыздауын күтіп


тұрған.
— Оныңыз не, Иван Федорович. Жазықсыз адамдарды...
— Слабодканы түгел қырып, өртеп жіберген. Біз олардан кембіз бе?
Ащы мысқылмен салмақтап айтқан сөз қанша қорқынышты болса да
зəреңді ұшырмайды екен. Бұл сөздің мағынасы менің миыма сол кейінірек
барып жетті де көңілім құлазып, бір нəрсемді жоғалтып алғандай алақтап
жан — жағыма қарай бердім, сығылысқан көптің арасында Дуня апайдан
көз жазып қалыппын, менің жоғалтқаным сол екен ғой, ақырындап
жылжып, осы ішіндегі жалғыз танысым, кемпірімді іздедім.
— Наташка! Наташка! Мен сені таныдым. Таныдым.
Кішкентай қыз баланың даусы құлағыма таныс сияқты. Еш нəрсемен
алаңы жоқ, жұрттың аяғының астында бұлтыңдап жүрген кішкентай қыз...
сол Парашка, көршінің жұдырықтай əнші қызы. Наташаның етегінен
тартқылап айрылмайды.
— Сен қашан келдің, Наташка?— Наташа үндемесе де қояр емес.—
Наташка, сен неге əжеңе келмей кеттің? Мен Дуня баушкаға келдім. Көп
келдім. Сен келген жоқсың. Кел, екеуміз жасырынбақ ойнайық,— деп
Наташаның жеңінен тартқылайды.
Сəби жүзін үлкеннің қасіреті сазартып тастаған Наташаның еш нəрсеге
зауқы жоқ.
— Керегі жоқ. Ойнағым келмейді,— деді.
— Кішкентай ойнайықшы. Кəне, Наташка. Мен жасырынайын. Сен
ізде. Кəне көзіңді жұмшы. Кəне,— деп Парашка қоятын емес.
Көргенде ішім жылып қоя беретін кішкентай ерке қыздың осы бір аңқау
балалық мінезі маған бір түрлі жат, ерсі болып көрінді. Таялып келе жатқан
басқа ойы жоқ мына еңсесін зіл басып тұнжырап тұрған жұрттың ішінде...
бейне өлік жатқан бөлмеде ойнап жүрген баладай...
О да осыны сезді ғой деймін:


— Тыныш тұрасың ба, жоқ па,— деп шешесі Парашканы салып қалды.
Ерке қыз еңіреп жылап қоя берді, жас əйел əлденеден шошып кеткендей
баласын жерден тез көтеріп алып, бауырына қысып жұбатып жатыр. Осы
кезде:
— Елу адам ілгері шығыңдар!—деген команда болды.
Жұрт ілгері шығудың орнына кейін шегініп, алдыңғы тұрғандар
артқыларды іргеге тықсыра берді. «Тез! Тез!» деген команданы да
тыңдайтын ешкім жоқ. Көптің ортасында қысылып, көріп тұрған еш
нəрсем жоқ, бірақ шықпаймын, солдаттар мен полицайлар мылтықпен
түйгіштеп, жұртты ілгері шығарып жатқан сияқты. Біреуі санап тұр.
— Ақымақтар! Тезірек шығыңдар! Алдымен шыққандарыңды тезірек
босатамыз. Кəне, тезірек!
Кейбіреулер енді ілгері қарай ұмтылды. Мен де ілгері ұмтыла беріп
едім:
— Дура, не лезь,— деп Дуня апай жеңімнен тартып қалды.
Бөліп алған адамдарды автоматын кезеген он шақты солдат айдап
əкетті. Қорада əлі де жүз қаралы адам бар. Енді олар жаңағы айдап
əкеткендердің ізін бағып тұр.
— Оларды қайда апаратыр — əй?
— Деревняның сыртына қарай бұрылды.
— Мүмкін бір жұмысқа салатын шығар.
— Емшектегі баланы жұмысқа сала ма?
— Мүмкін тексеруден өткізетін болар.
— Аналарды қисық сайға қарай айдап барады.
Қисық сайдың неге қорқынышты екенін бірден түсінгенім жоқ, бірақ
жаман дауыстан шошып кеттім, жұрт та тына қалды.


— Рас, қатындар, қисық сайға айдап барады,— деді бір əйел даусы.
— Точно. Атуға алып бара жатыр.
— Шынымен атар ма екен?
Көңілдеріне үрей кіріп гулеп кеткен жұрт кенет демін ішіне тартып
қалды. Пытырадай шашырап, патырлап жұмсақ дауыс келеді құлағыма.
Мылтық даусы. Бір жерде мылтық атылып жатыр.
— Оларды атып жатыр!—деген əйелдің ащы даусы құлақ шекемді
жарып өтті, бұл əлгі қазымыр сөзшең Дарьяның даусы екенін де танып
қалдым.
Қораның ішіне қамалған қалың тобыр қайта гуілдесіп, теңселіп лықсып
кетті. Манадан бері неғайбілден дəметкен, алдамшы үмітке алаң болған
көңіл тажалдың тура келіп қалғанына енді ғана көзі жетіп аласұрады.
Еріксіз шығып кетіп жатқан ащы дауыстар, зарлаған əйелдер, шошып
шырқырап жылаған балалар. Осы тобыр маған тұтас бір дене сияқты
көрініп кетті. Ыңыранып, шыңғырып, аяқ серпіп тыпыршып қоршаудың
ішін теңселтіп барады. Мен де соның кішкентай бір мүшесімін, өз еркім
жоқ, не де болса бірігіп, тағдырым бір түйінге байланып қалған осы топпен
бірге көрем.
Аз да болса үйреніскен, жалғыз танысым Дуня апай еді. Ол қайда?
Мына аласапыранда одан да көз жазып қалыппын. Сеңдей сығылысып,
теңселген жұрттың ішінен Дуня апайды іздедім. Мұндайда бір нəрсеге алаң
болған да жақсы екен, алқымға тақалған ажалдан аз да болса көңіліңді
аударады. Пішенге түсіп кеткен ине сияқты, қалың тобырдың арасынан
кемпірім таптыратын емес. Жіңішке тақтайды сирек қаққан қоршаудың
артқы жағына келіп қалған екем, сықыр етіп сынған тақтайдың дыбысын
естіп жалт бұрылсам, Дуня апай Наташасын тақтайы сынған тесіктен
итерін шығарып жатыр.
— Көрмей тұрғанда тезірек жүгір! Огородқа жет!— деп ақырын əмір
берді.
Қоршаудан шығысымен Наташа зырқырап жүгіре жөнелді — екі етегі
торғайдың қанатындай жалпылдап ұшып барады байғұс бала. Əне бір
үйдің қасындағы үйілген шөпке жақындап қалды. Осы кезде қоршауды


жағалап келе жатқан солдат көріп қалып автоматын көтеріп алып, оны
тырылдатып ата берген кезде, тесіктен қалай шығып кеткенін білмеймін,
Дуня апай қарына жармаса кетті. Солдат қолынан қаруы түсіп кете жаздап,
бұлқынып қарын əзер босатты да, автоматымен Дуня апайдың өңменінен
итере беріп, тырр еткізіп оқпен бір көктеп өтті. Дуня апай дыбыс
шығармастан ақырын шөге берді де, денесі жұп — жұмсақ сылқ етіп құлап
түсті.
Бір сəтке солдаттың бетіне көзім түсіп кетті. Кісі өлтірген адамның
жүзі... ажал сияқты құп — қу. Көзінде де əйнектей жансыз жарқыл. Кісі
өлтірген ол долы ызамен ақырып жіберді.
— Цюрих! Назад!
Қоршаудың ана жағынан да біреу қашты ма, білмеймін, о жақтан да
мылтық атылып жұрт бері қарай лықсыды. Алдыңғы жақтағыларды тағы да
санап шығарып жатыр. Жылаған, қоштасқан дауыстар естіледі. Бұл
дүрлігіс те бірте — бірте басылып, қалың топтың бойын ажал алдындағы
ауыр сабырлық жайлап келе жатқан сияқты. Енді байқасам, əркім от басына
бөлініп, жеке — жеке үйірлене жиналыпты. Көгілдір балапанын қорыған
тауықтай балаларын бауырына тартып алған, жақын адамдар бір — біріне
тығылып, көңілі босағандарына жұбаныш айтып, аз да болса медет болып
жатыр. Əйелдер күйеулерінің қолтығына тығылып, кейбіреулері бірін —
бірі құшақтап жылайды. Meн кімнің бауырына тығылам? Жаңа ғана маған
біртұтас дене сияқты болып көрінген мына топ бытырап бөлініп, ақтық
сағатында əркім өзінің жақынын тауыпты, мен бүйректей бөлініп жалғыз
қалдым. Тым болмаса бетіне қарап көзінен жанашырлық іздейтін адамым
да жоқ; бөлекпін, жатпын, тірі жанды танымаймын. Ақтық сағатыңда
мойнына асылып, еңіреп жылайтын адамыңның жоғы... тіпті жаман екен.
Келесі топпен мені де алып кетті. Басында ең арт жағында тұрған
сияқты едім, бір минут болса да ажалын алыстатқысы келген жұрт сығып
ілгері шығарып жіберіпті. Енді шегінейін десем тұмсығым бататын емес.
Жұрттың қолынан келері бауыздауға апаратқан малдай төрт тағандап
шегіншектей береді, мылтықтың дүмімен түйгіштеп тұрып шығарып
жатыр. Қатындар шырылдап, балалар жылап, солдаттар дауыстап
балағаттап азан — қазан. Менің де сауырымнан мылтықтың дүмі соқты,
бірақ тəн ауруын сезетін хəлім жоқ, танымайтын тобырдың ішінде
қосақталып кетіп барам.


Жаңа қоршаудан шығарда жанталасып, бұлқынған жұрт көшеге
шыққасын аптығы басылғандай тəртіпке түсіп, ажалға мойынсұнып, ауыр
аяңдап келеді. Жұрт енді сөзден тыйылып, өзара тіл қатысудан қалған,
зілдей тыныштық еңсені басып барады. Бұл тыныштықты үзетін ажал ғана.
Осы тыныштық мені де тұншықтырып, демім тарылып алқынып барам.
Кенет баж ете қалған əйел даусы құлақты жарып кетті.
— Өз ажалымды көре алмаймын! Қарай алмаймын.
«Мынау бір таныс дауыс қой» деген күңгірт ой келеді басыма. Бір əйел
топтан шығып тұра қашты. Басын қос қолдап қысып алып:
— Өз ажалымды көре алмаймын. Желкемнен атсын! — деп жүгіріп
барады. Əлгі сумаңдаған байғұс, сөзшең əйел Дарья екен.
Мына артқы дауысқа айдап келе жатқан солдаттардың өзі сасып
қалғандай болды. Біреуі сəлден кейін:
— Тоқта! Қайт!— деп айқайлады.
Əйел қайрылған да, тоқтаған да жоқ, шыңғырып жүгіріп барады,
көшенің шетіндегі үйге жақындап қалды. Айдаушылар тырылдатып атып
жатыр. Ар жағын көре алғаным жоқ. Қайтадан сапырылыса берген
жұрттың тасасында қалдым. Неге болса да мойынсұнып, құр сүлдері
сүйретіліп келе жатқан жұрт қайта тірілгендей тіл бітіп, жамырай сөйлесіп
кетті. Бəрі қашқан əйелге қарайды.
— Құлады.
— Иманды болсын, Дарья байғұс.
— Өлген жоқ. Тағы қашты.
— Қойша бауыздалып өлгенше... дұрыс істеді.
— Ау, біз аяқ серіппей — ақ кетеміз бе?!
Жұрттың басылып қалған көңілі қайта лоблыды. Төрт — бес адамнан
қатар түзеп келе жатқан топтың сапы бұзылып, сапырылысып кетті. Айдап
келе жатқан күзетшілер орысша, немісше екі тілде айқайлап, бір жағынан


үрейі ұшқан балалар жылап, азан — қазан болды. Тағы да төбемізден
патырлатып мылтық атып, əзер дегенде жөнге салды.
Дүрліккен жұртты қайтадан жөнге түсіріп, деревняның сыртына қарай
айдап келеді. Бізден бұрын кеткендердің табанымен тапталып тың қардың
бетіне жосылып жол түсіпті. Алдыңғылардың жолымен солардың жолын
қууға келе жатырмыз. Осы топтың кішкентай баласына дейін соны біліп
келеді. Бір ғажабы атуға əкеле жатқанын анық білген мына жұрт жаңағы
əйелше ойбай салып, жанталасып, тым — тырақай қашатын емес. Бір
минут болса да кейінірек өлгісі келген соқыр сезім бе, əлде кеудеңнен
жаның шығып кеткенше үзілмейтін соқыр үміт пе? Менің де ойбай салып
қашатын ойым жоқ, не де болса осылармен бірге көрем.
Жұрт тағы да үйірленіп алыпты, əскерше сапқа тізіп айдаса да əр семья
бір шоғыр болып, жұмырланып келеді. Балаларын орталарына алып, өз
денелерімен қымтай береді. Бала көтерген əйелдер де сəбилерін
кеуделеріне тас қылып қысып алған, бұ байғұстарға менен де қиын екен
ғой.
Аттаған сайын қадамдары ауырлап, желкелерін зіл басып, үнсіз келеді.
О, ғажап. Үнсіздіктің де өзінің сарыны болады екен. Тұнжыраған
тыныштық жайлап тұтасып төбемізді торлап алып еді, енді ширығып, үнсіз
сарыны үдеп күшейіп барады, бүкіл денеңді жайлап, булықтыра түседі.
Жұртты түгел билеп, бытыратпай алып келе жатқан тегеурінді үнсіз сарын
сияқты. Бəрі соның ырғағына бағынып, аяқтарын зіл басып аттаған сайын
ажалына жақындап келеді. Мен де ажалыма жақындап келем. Күн кешкіріп
қалыпты, айнала аппақ қардың ағы семіп, қуқыл тартқан. Оң жақты
көмкеріп орман қарауытады, о жақта қыбыр еткен жан көрінбейді. Дүние,
мына бейтаныс төңірек мұп — мұздай боп құлазып, менен бөлініп,
бөлектеніп барады. Қазір осы сазара қалған төңірек жоқ болады. Мен де
жоқ болам... Жоқ болам... Осы ой тұла бойымды мұздатып барады...
Сайдың шетіне жақындай бере тоқтадық. Он шақты солдат
шоғырланып, темекі тартып тұр. Бойлары мұздап қалған болар қолдарымен
жамбастарын соғып жер тепкілеп қояды, тіпті кісі ататын адамдарға
ұқсамайды. Əрегіректе алдыңғы ашасын таянып қар үстінде ұзын мойын
екі пулемет тұр. Олардың қастарында адам жоқ. Топ ішінен ұзын бойлы,
арық біреуі бөлініп шықты, сірə командир! болар, бізді айдап келгендердің
біреуі соған баяндап жатыр. Ұзын тура ананың сөзін сабырмен тыңдайды,


тарамыс арық өңі қатқыл, бірақ жүзі кісі өлтіретін адамға ұқсамайды, қайта
шаршап дем алғысы келіп тұрған адам сияқты, көзқарасында бізге тіпті
өштігі жоқ. Дауысын көтерместен қарауындағыларға бір нəрсе деп тəртіп
беріп еді, бірақ аналары ақырын дауысқа қатты қимылдап тез ширатылып,
автоматтарын кеуделеріне көтеріп алды, бір — екеуі пулеметтің қасына
барды.
«Айн, цвай, драй, фюнф...» Бұл мектепте құлағым қаныққан немісше
цифрлар. Бізді кəдімгідей тəптіштеп, малша санап шығарып жатыр. Өздері
асықпайды, тіпті сабырлы, өлтірген адамының есебін анықтап алғысы
келетін болар. Санақтан өткендерін шашау шығармай сайдың қабағына
тізіп қойып жатыр. Жұрттың бетінде қан жоқ, құп — қу, тірі өлік сияқты
айтқан жақтарына жүре береді, əйтеуір қимылдап жүргенім болмаса менің
де кеудемде жан жоқ. Мына қарлы дала, қыбырлаған адамдар менен бөлек.
Бұлардікі де мағынасыз, жансыз қимыл. Бүкіл дүние жансыз, жат, тылсым.
— Дяденьки... Дяденьки...
Шырылдаған бала даусы. Кəдімгі тірі дауыс.
— Ағатайлар! Ағатайлар, мені өлтірмеңдер! Мен əн салып берем. Мен
əнді жақсы айтам!..
Тырнақтай əнші қыз, бес жасар Парашка. Кішкентай қолымен
шешесінің мойнынан қысып құшақтап алған, айдап баратқан солдатқа
қарап шыр — шыр етіп жалынады.
— Мені өлтірмеңдер! Мамамды өлтірмеңдер! Ағатайлар! Мен əн салып
берем. Көп əн салып берем.
«Сначала заплакал Андриашка, потом зпрепела Парашка...»
Парашканың жүзін анық көрдім: көз жасы қызарып кеткен томпақ
бетіне бұршақтай тамшылап, солқылдаған өксігін жұтып, шырылдап əн
бастап кетті. Байғұс баланың дұшпаннан тұңғыш рет қорыққаны да осы
болар. Оны тыңдаған солдат жоқ, сайдың жар қабағына қарай өзгелермен
бірге шешесімен екеуін айдап барады. Жұрттың бəрін жалындырып
айтатын, жұрттың бəрін мəз қылатын əншінің бұларға əлі келмейді дегенді
Парашка ұқпайды, тоқталар емес, көзінен жасы парлап айтып барады. Жар
қабақтың басына əкеліп қойғанда да тоқтамай бар даусымен шырылдайды


келіп, шырылдайды...
...Алдыңғы қатардағыларды тəптіштеп санап бөліп алып жар басына
шығарып жатыр. Олар ажалдың сызығын аттап өтіп арғы бетіне
шыққандар, мен əзір бергі бетінде тұрмын. Кеудеңнен қашан жаның шығып
кеткенше үміт деген ит үзілмейді екен, алдыңғы қатардағыларды сыпырып
шығарып жатқан ажал ұстарасы дəл маған тақалғанда тоқтап қалар ма екен,
деген əлсіз бір есек дəме бар кеудемде. Атылатындарын анық біліп келе
жатса да, тіпті болмаса Дарья сияқты, бассауғалап қашырмай, не қарусыз
болса да асылып, жұлысып өлтірмей, жұрттың тобын бұзбай əкелген де
осы бір ақтық демің шыққанша алдарқататын қорқақ есек дəме болар. Сол
дəмемді үзіп ажалдың сызығы дəл менің қасыма келді. Осы кезде жаным
тəнімнен бөлініп шығып, басқа бір жақтан қимылсыз қалған құр сүлдеріме
қарап тұрғандай... О дүниеден естігендей ап — анық естіп тұрмын: «айн...
двай... драй...-» əр цифр санап келе жатқан сұқ саусақпен бірге əркімнің
кеудесіне оқтай қадалады. Тырс... тырс атылған оқ маған да тақап қалды...
Фир... жаным кеудеме қайтып оралып селк ете қалдым.
Мені итеріп шығарғандағы «фир» деген сөз құлағыма қадалып қалды...
қазір кеудеме оқ та қадалады. Жүрегім зу етіп кіндігімнің басына түсіп,
буынымнан əл кетіп қалды. Аяғым мақта сияқты, қалай қозғалып топқа
қосылғанымды білмеймін, ұзын тұра неміс командирінің қасымызға қалай
келіп қалғанын да білгенім жоқ. Ол менің бетіме қарап, қасындағыларға бір
нəрсе дейді. Біреуі мені қарымнан сүйреп шетке шығарды. Ажалдан
құтылдым ба, əлде мені бөліп алып жеке ата ма? Көкірегімде кішкентай
үміт ұшқыны жылт етті. Мүмкін мені атпас... Əйтеуір қазір атпас...
Ұзын тұра маған таңырқай қарады да, қасындағы толықша сары неміске
бір нəрсе деді. Оның орысшасы менікінен де кемірек болу керек, мені
саусағымен нұқып:
— Ты кто есть? Откуда?— деді.
— Не знай... Не знай... далеко...
«Түк білмесең, кеще болсаң пəледен тез құтыласың» деген соқыр
сезімнің аузыма салғаны болу керек, болмаса қулық, сұмдық ойлап жатуға
қазір менің хəлім де, мұрсатым да жоқ еді. Ұзын тұра тілмаш сарыға күңк
етті.


— Ты монгол? Джапан?
— Монгол... Джапан,— деп басымды шұлғи бердім.
Сары тілмаш еңгезердей мұртты полицайға қарап:
— Ты знает, откуда эта?— деп сұрады.
— Бұл біздікі емес, господин начальник. Бұл төңіректің адамы емес.
Түрі де бөлек,— деп ол ебелек қақты.
Таныс дауыс. Айтпақшы, кемпірдің үйіне келіп жүретін Усачев осы,
мана да алыстан көріп қалып едім, немістердің алдында ірі денесінен
ұялып кішірейіп бұға түседі.
Ұзын тұра тағы да бір нəрсе деп күңк етті де, бұрылып солдаттарына
команда берді. Тілмаш сары Усачевқа саусағымен мені нұсқап:
— Его с собой возит,— деді.
Солдаттар автоматтарын көтеріп алып, сайдың қабағындағы тізіліп
тұрған жұртты нысанаға алды. Параша қарлыққан даусымен шыңғырып əлі
əн салып тұр... «Не убивайте, дяденьки...» Жар қабақтың басында
тұнжырап үнсіз тұрған жұрт ажалының жеткенін енді ғана білгендей дүр
сілкініп гуілдеп кетті: шырылдаған əйел даусы... айқайлаған еркек даусы.
Аяқтарының буыны кетіп шөгіп отыра кеткендері, мылтық атылмай — ақ
құлап жатқандары да бар. Сөйткенше автоматтар патырлап қоя берді, оған
дүрсілдеген пулемет даусы ұласты.
Мен сорлы неғып теріс айналмай, не көзімді жұмбай бақырайып, қатып
қалғанымды білмеймін, қапы жібермей бəрін көріп тұрмын. Оқ тиген
денелер сылқ етіп сайға құлап түсіп жатыр, кейбіреулері бері қарай
құлайды. Бір əйел бұралып барып сайға құлады, құндақтағы баласы
қолынан ұшып бері қарай домалап кетті. Бөркі ұшып кеткен ақбас шал
жыланша жиырылып денесімен жер сабап өле алмай аласұрады.
Патырлаған оқ арасынан қырылдаған, ыңырсып, шыңғырған дауыстар
естіліп қалады. Көбі əрі сайға қарай құлады, қыр басында қалғандардың əлі
де аяқ серпіп, тыпыршып жатқан тірілері бар. Қардың үсті теңбіл қызыл.
Батар күннің сəулесімен қып — қызыл қасап сияқты көзімнің алды қып —
қызыл, дүние бұлдырап, тұтасқан қызыл мұнарға айналып барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет