Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата14.01.2022
өлшемі1,57 Mb.
#24029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
қосылмай  оңашада  Сашаның  бетіне  қарап  отыра  бергенді  көп  қызықтан
артық  көретінді  шығарғанмын,  содан  да  Сашаның  бұл  сөзіне  қуана
көндім.  «Мен  жаңа  жылды  құрбы  қыздарыммен  бір  компанияда  қарсы
алатын болдым», деп өмірімде бірінші peт ата-анамды алдап кеттім.
Раиса  Семеновна  да  дастарханды  келістіріп  жасаған  екен.  Былай
ағыл-тегіл болғанмен азғантай адамға керек — жарақтың бəрі бар. Тіпті
стол  үстіне  бір  шоқ  гүл  де  қойыпты.  Қыстың  көзі  қырауда,  жəне  жаңа
жыл  алдында  Ленинградтан  гүл  табу  да  оңай  емес.  Мен  де  мамамнан
алған азғана ақшаға бір шампан мен бір коробка конфет əкелгенмін. Солай
оңаша, мəз-мəйрам болып жаңа жылды қарсы алуға отырдық. Жасым он
сегізге келсе де бұрын шарап ішіп көрген жоқ едім, шампан аузыма тиген
соң  бір  түрлі  көңілім  көтеріліп,  бұрыннан  да  мол  қуанышым  кеудеме
сыймай  керемет  болдым.  Раиса  Семеновна  азғана  отырып,  сосын  бізге
«жаңа  жылда  жаңа  үлкен  бақыт»  тілеп,  тост  көтеріп,  жаңа  жылды
бірге  қарсы  алуға  өзін  күтіп  отырған  құрбысы  бар  екен,  кешірім  сұрап
соған кетіп қалды.
Шараптың əсері ме, мен сол күні айтусыз көңілді болдым. Қуанышым
қойныма  сыймай  сықылықтап  күле  бердім.  Неге  күлетінімді,  неге
қуанатынымды  өзім  де  білмеймін.  Əйтеуір  мəзбін.  Сашаның  бетіне
қараймын — ол бұрынғысынан да сұлу, ажарлы, сондай жақсы... Мен оны
одан  бетер  жақсы  көріп  кетем.  Саша  да  мені  əдеттегісінен  .əлдеқайда
артық  жақсы  көретін  сияқты.  Əншейіндегісіндей  именшек  те  емес
құшырланып қатты — қатты сүйіп, бойымды балқытып барады. Сол кеш
менің  өмірімдегі  ең  бақытты  кешім  болған  сияқты  еді.  Бірақ  ертеңгісін
оянғанда көңіл — күйім өзгеріп кетті. Бір нəрсені бүлдіріп алғандай, я бір
ұятты  іс  істеп  қойғандай,  көкірегімді  тырнап  жатқан  бір  нəрсе  бар.
Сашаның  бетіне  қарауға  да  қаймығам.  Өмірі  жатып  көрмеген  жат
төсектен  де...  Сол  түні  мен  тұңғыш  рет  еркек  көргенмін.  Сүйгеніңмен
қосылу бақыт дейді ғой, бірақ сол алғашқы түн таң ата мені бейберекет


мазасыздыққа ұшыратқан. Тезірек киініп кетейін деп жатқанымда, Саша
да  түндегі  батылдығынан  айрылып,  мені  тоқтата  алмай  міңгірлей
берген-ді, Раиса Семеновна қайтып оралды. Өңі жайдары, сондай көңілді,
«оу,  ерте  тұрыпсыңдар  ғой»  деп  келе  жатып,  менің  кетуге  оңтайланып
тұрғанымды  байқап:  «қой,  таң  атпай  қайда  барасың,  қазір  завтрак
ішеміз,  отыр»  деп  құшақтап  алып  екі  бетімнен  кезек  сүйді.  «Менің
жарығым,  жалғызым,  ішімнен  шыққан  жақыным»  деп  көзіне  жас  алып
сүйгенде  мен  де  еріп  кеттім.  Өзім  де  үйге  баруға  бетімнен  басып  тұр
едім,  столға  отырып,  шампан  ішіп,  іштегі  қыжылым  тарап  қайтадан
мəре-сəре  болдық.  Əсіресе  Раиса  Семеновнаның  күндей  жайнаған  жүзі,
асып  төгілген  ықыласы  іштегі  бар  кикілжіңімді  ұмыттырып,  ерітіп
əкетті.
— Я- а, ол кісі о жағынан мықты еді,— деп тоқтады Света.
Дауысында  демімен  қоса  шыққан  күрсініс  бар  ма,  көңілді  əңгімесінің
соңында  бір  көңілсіздік  барын  ішім  сезіп,  мен  де  іркіліп  қалдым.  Бірақ
затым əйел емес пе, шыдай алмай ар жағын сұрадым.
—  Ар  жағында  қиын  оқиғалар  болды  ғой  —  деді  Света  əңгімесін
бұрынғыдай емес, жадау жалғастырып.- Үш күннен кейін менің папамды
ұстап  əкетті.  Төбемізден  жай  түскендей  болды.  Мамам,  мендей
былжырақ  емес,  қайратты  адам  еді,  жылағанын  маған  көрсетпей,  бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет