Тәрбие үрдісінің әдістері мен ерекшеліктері. Мектептегі тәрбие жұмысының мәні.
Жоспар: 1. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. 2. Тәрбие әдістері 3. Мектептегі тәрбие жұмысының мәні.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ үрдіс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет.
Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
Тәрбие қырлары Әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы.
Педагогикалық мағынада– бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үрдіс.
Тәрбиенің қалыптасуы Мектеп
Отбасы
Айналадағы орта
Өзін-өзі тәрбиелеу
1. тәрбие көп факторлы үрдіс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады.
2. тәрбие үрдісі - ұзақ үрдіс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жүреді. Адам есейген шағында да тәрбиеленіп тіпті қайта тәрбиеленуі де мүмкін.
3. тәрбие үрдісі сатылы сипатта болды. Ол ерекше кезеңдерге бөлінеді.
I-кезеңде бала жанұядағы, мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тәртіп дағдылары қалыптасады.
II-кезеңде оқушылардың тәртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, әртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қалыптасады.
III- кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.
4. тәрбие үрдісінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Адамның бір сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес, жас ерекшелігіне қарай баланың білімін тәрбиесін, тереңдету.
5. тәрбие процесі - екі жақты, белсенді үрдіс. Оны тек тәрбиеленушіге педагогикалық әрекетпен шектеуге болмайды.
6. тәрбие үрдісінде балалар ұжымын ұйымдастыру жұмыстары маңызды орын алады. Сондықтан А.С.Макаренко “тәрбие жұмысы - ұйымдастырушының жұмысы” – деді.
7. тәрбие болашаққа бағытталған үрдіс. Тәрбие беру де тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.