Гипоплазия, дақты түрі+
Флюороз, борлы-секпілді түрі
5. Науқас 34 жаста төменгі жақсүйегінің оң жағындағы тісте ыстықтан пайда болатын сыздап ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: бұрын тісі қатты ауырған. Қарау барысында 47 тістің түсі өзгерген, кең ашылған тіс қуысымен жалғасқан терең кариозды қуыс анықталады. Түбір өзегі сағаларының аймағында зондтау ауырсыну тудырады. ЭОД- 80 мкА. Диагноз қойыңыз.
созылмалы фиброзды пульпит
созылмалы гипертрофиялық пульпит
созылмалы гангренозды пульпит+
созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
жедел диффузды пульпит
6. 52 жастағы науқас тістерінің қозғалғыштығына, қызылиектің қанағыштығына, ауызынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданып келді. Анамнезінен: бұрын дәрігерге қызылиек ауруларымен бармаған. Созылмалы холецистит бойынша дәрігерде тізімде тұрады. Объективті: қызылиектің шырышты қабаты ісінген, борпылдақ, пародонтальды қалталар тереңдігі 6-8 мм көп мөлшерде іріңді бөлініспен, төменгі жақтың фронтальды тістерінің және жоғары және төменгі азу тістерінің аймағында қызылиекастылық және қызылиекүстілік тіс тастарының шөгінділері бар, тістерінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі . Рентгенограммада: альвеолааралық қалқалар түбірінің 1/2-2/3 ұзындықта горизонтальды және вертикальды резорбциясы. Болжамды диагноз:
пародонтоз
3 дәрежелі пародонтоз
2 дәрежелі созылмалы жайылған пародонтит
+3 дәрежелі созылмалы жайылған пародонтит
2 дәрежелі созылмалы жайылған пародонтиттің асқынуы
7. 28 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа бала кезінен байқаған тістер түсінің өзгеруіне және тістер сауытының бұзылуына байланысты эстетикалық ақауға шағымданып келді. Обьективті көрінісі: 13,12,11,21,22,23 тістердің сауыттары сыңғыш, сары-сабан реңді, тістер пішіні өзгерген, сауыттардың биіктігі сәл төмендеген. Ең қолайлы емдеу әдісін таңдаңыз.
Тіс шөгінділерін алу
Достарыңызбен бөлісу: |