Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kitapzharys.online 
— Намысқойын қарай гөр! Жаман неменің! — деп, Қатира күңк-күңк 
етті. Ләйлә көзін қайта ашып, отырған адамдарға ұзак телміріп жатты. 
Сосын, оларға сыбырлап: 
— Құмар да бола ма? Ол да сол қаралы жиынға қатыса ма? — деді, әрең 
жұтынып. Отырғандар ешнәрсе түсін-беді. Ләйлә көзін қайта жұмып, ұзақ 
жатты да, бір уақытта ап-анық етіп: 
— Бармаймын, бара алмаймын. Кідірмей жүре беріңіздер, — деді. 
— Тұңғышымның да қызығын көруге жеткізді. Осыған да тәуба, осы да 
жетеді, — деп сампылдаған Қатираның дауысы төсек тартып жатқан Ләйләға 
ап-анық естілді. «Өмір қандай арзан. Бір ғана ыстығы басылмаған қуаныш 
үстінде жаныңды қия салу қиянат емес пе. Өй, байғұс тоқтатсайшы. Тоқтат! 
— деп, Ләйләнің дауыстағысы келген. Бірақ үні шықпады. Қатира үйіне 
келген біреуге даурығып, сөйлеп жатса керек. 
— Той өткеннен кейін-ақ Қарауылдан кетемін. 
«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты 
жын» деуші еді. Шынымен-ақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі Абай 
ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі деген осы да!» 
деп ойлады Ләйлә-қыз. Төсек тартып жатқан қыз бетіне Ай сәулесі түсті. 
Қарауылдың барлық терезесінен сығалап, іздеп,тінтіп жүріп, Ләйлә-қызды 
әрең тауып алған сияқты. Әппақ болып, дөңгеленіп, ерекше бір нұрмен қыз 
бетіне төніп тұр. Науқас қыз Айға қарап алғаш рет жымиған. Көптен күткен 
жан ашырын, сырласын терезе сыртынан байқап қалып, қыз-жүрегі елжіреп 
сала берген. Өз тағдырына, адамдарға деген өкпесі сол күнгі ағыл-тегіл көз 
жасына айналды. Сол сәт жап-жарық Айдан мәңгілік адасып қалатындай 
тағатсыздана сүйсініп тағы да қарады. 
— Қасірет шеккен жан иесінің жалғыз ғана сырласы өзің екеніңді 
ұмытпа! — деді. 
Ай да, қыз да бір-бірімен ажыраса алмай, бірін-бірі қимай ұзақ 
аймаласты. Жарық Ай Ләйлә-қызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет 
Айды түн қойнына қимаған. Ұзақ кідірістен кейін, екеуінің бір-біріне деген 
тартылыс сезімі әлсірей берді. Екеуі екі тіршіліктің елшісіндей елеңдеп
алшақтап қашып бара жатты. Жап-жарық Ай қыз бен жерді айналып, 
алыстап барады. Ләйлө-қыздың жанары Айға қадалған қалпы айрылғысы 
келмеді. Соншалық қиналып жатып тырысып еді, жігері жететін емес. 
Бойына біткен күш-қайрат мүлдем азайып барады, бітіп барады. Қыз бетіне 
түскен Ай сәулесінен самайына қарай құлап, жол салып, дөңгелеп жатқан 
көз жасы анық көрінеді. Жанарындағы көлкілдеген жастың әсері ме, қыз 
көзінің сәулесі азайып кеткендей болды. Жанталасып, егде қолдарымен көз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет