Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бала Бейне

kitapzharys.online 
ме? Көңіліңе басқа ермек таппай, мәңгі өспейтін қыз тағдырын қызықтайын 
дедің бе?» 
— Ләйлә, Ләйлек! Ақ Ләйлә! 
Қыз жып-жылы жігіт даусына елең етті. Қаптаған жұрттың арасынан 
әлдекім жырылып қолын созып бұған қарай жақындай түсті. «ОЙ...Й, — деп 
таңданды қыз. — Құмарды қара, Құмар! Қандай әдемі болып өсіп кеткенсің. 
Ғажап! Өзіммен бір партада отырған Құмарым ғой, көршім ғой. Құмар... иә, 
сен мені үнемі «Ләйлек, Ақ Ләйлек дейтінсің. Ләйлек деген құстың аты. Ол 
сондай нәзік, сүйкімді құс дейтінсің!» Қыз бір түрлі есінен адасқандай 
есеңгіреп тұрып қалды. 
— Таныдың ба? — деді жігіт ақырын жымиып. 
— Таныдым. Heгe танымауым керек? Сен сондай өзгеріп, әдемі болып 
кетіпсің. Бақыттысың гой... Кешір мені, ренжіме... 
— Сен де... сен де бақыттысың, Ләйлек. Құмар, қыздың мәңгілік 
құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді, 
білмегенсіді. Қыздың онсыз да өзіне қадалған мұңлы жанарына жара 
салғысы келмеді. Оның ішкі дүниесінің ойсырап тұрғанын да сезбегендей, 
қыздың кіп-кішкентай иығына қолын салып: 
— Ләйлек, жүр билейік. Мен сені биге шақыруға келдім. 
Сол сәт, жәудіреп қараған Ләйлә-қызды жерден көтеріп алып, 
маңдайынан сүйді. Қыз жүрегі езіліп кетті. Жігіт, қызды көтерген қалпы, 
қаптаған көпшіліктің дәл ортасына еніп барады. Екеуі де бүкіл дүниені бір 
сәт ұмыт еткендей, айналып билеп жүр. Ләйлә-қыз көзін жұмды. Басы 
айналып кетті ме, әлде ұмыт болған қыз сезім селт етіп, мұның әлсіз 
денесінің тынышын алды ма, көзін аша алмады. Сол қалпы Құмардың 
мойнынан қапсыра құшақтап қатып калыпты. Жігіт сәл сыбыр етіп: 
— Ләйлек! Ақ Ләйлә, — деді. Қыз есеңгіреп барып көзін ашты. 
— Тойға келіп едік. Ауылда ешкім де қалмауға айналған ба, қалай? Сені 
көріп қуанып кеттім... 
Қыз жүзіне қызғылт рең пайда болды. Бір түрлі қысылып, ұялып түр. 
Үстіне киген қып-қысқа шыт көйлегінен де, Қатираның қоярда-қоймай мұны 
бала сияқты етіп, дәл төбесіне қып-қызыл бантик тағып бергеніне де 
намыстанып, күйіп барады. Бірі балалықтан қол үзіп, бозбаланың күйін 
кешіп жүр. Бірі, керісінше, болашақтан қол үзіп, мәңгілік, мәңгі бақи өспей, 
жетілмей мүгедек кейіпте қалған. Әлде тағдыр дегеннің өзі осы ма? Өзіне 
сөйлеп тұрған жігіттің даусы бұл жолы әсерсіз болды ма, әлде тағы бір 
сүреңсіз, сұрғылт ойдың шырмауына түсіп кетті ме, әйтеуір, Құмардың 
бірде-бір сөзіне құлақ аспады. Меңіреу адамша сілейіп қатып қалыпты. Қыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет