Рұқсаттар және хабарламалар туралы


-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі395,92 Kb.
#7475
1   2   3   4   5   6   7   8

6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ
      38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      1. Екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар
тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Бұл ретте тізбеде ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтініш беруші беретін мәліметтер нысанынан
алынуы мүмкін құжаттар қамтылмауға тиіс.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
бекітетін қағидаларды қоспағанда, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда

рұқсат беру тәртібі көзделген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру
қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      39-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді
               қарау мерзімдері
      Екінші санаттағы рұқсат Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде беріледі.
Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде екінші санаттағы
рұқсатты беруге не оны беруден уәжді түрде бас тартуға міндетті.
      40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде
               алынатын алымдар немесе төлемдер
      Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдардың немесе төлемдердің
мөлшері, оларды есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
белгіленеді.
      41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тартуды екінші
санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген
мерзімдерде береді.
      3. Екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тарту жазбаша түрде, оның ішінде
электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште беріледі.
      42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірінші бөлікке өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа
енгізілу тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      Екінші санаттағы рұқсат Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын жағдайларда және

тәртіппен өз қолданысын тоқтатады.
      Бұл ретте екінші санаттағы рұқсаттардан айыру (оларды қайтарып алу) осы Заңның 45-бабының
5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ
ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА
ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)
      43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның
               телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық
               форматқа көшіру
      1. Қағаз нысанында берілген рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жоғалған, бүлінген кезде
лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа
қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
      2. Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат
немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге
және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.
      Осы тармақтың күші тек қағаз нысанында ғана берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
      3. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері рұқсат беру
органы оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтінішті алған күннен бастап жарамсыз болып
есептеледі.
      4. Рұқсат беру органы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және
(немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «телнұсқа» деген жазуымен және олардың
алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа
қосымшаның телнұсқаларын береді.
      44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға
               қосымшалардағы қателерді түзету
      Берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда, лицензиат
немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге
құқылы.
      Рұқсат беру органы өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні
ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді
енгізеді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны береді.
      45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның
               қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру
               (оны қайтарып алу)
      1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін
берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет
түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші
санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейді.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе)
рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе

екінші санаттағы рұқсатты иеленуші рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата
тұру мерзімі өткенге дейін рұқсат беру органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере
отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
      Рұқсат беру органы өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен
бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның
51-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
      Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда, рұқсат беру органы осы
тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның
қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші
бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қайта басталады.
      4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін
рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың
жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдары тоқтата тұру мерзімі өткен
кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны
қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасайды.
      Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) туралы мәселені қарау
процесінде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші бұзушылықтың жойылған фактісін
дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беру органы осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші
бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.
      5. Рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың күші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін
рұқсаттарға қолданылмайды, олардан айыру (оларды қайтарып алу) Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ
      46-бап. Хабарлама жасау тәртібі
      1. Хабарламалардың толық тізбесі осы Заңға 
 көзделеді.
3-қосымшада
      2. Өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы
хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарламаларды жібереді.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда мәліметтер нысанын ұсыну
арқылы өтініш берушілер хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге
асыруға Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде қойылатын талаптарға өздерінің сәйкестігін
мәлімдейді.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті
хабарлама жіберілгеннен кейін қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бірден
кірісуге құқылы немесе оларды тоқтатуға міндетті.
      Жекелеген қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып, жекелеген
жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарламаны жіберу мерзімдері белгіленуі
мүмкін.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар
хабарламаға қоса беріледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік

электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттарды және өзге де ақпаратты өтініш
берушілерден талап етуге тыйым салынады.
      Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің
анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
      6. Қызметтің нақты түріне немесе әрекетке қатысты рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлама
жасау тәртібі енгізілген кезде, хабарлама жасау тәртібін енгізу кезіне қызметтің осы түріне
немесе әрекетке арналған жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жіберген
болып есептеледі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты
түрде енгізіледі.
      7. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген
қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада
толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс
болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер
туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау
      Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен
хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары
туралы үзінді көшірмелер береді.
      Мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалар өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды
хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан немесе рұқсаттар мен
хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.
9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ
ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
      48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және
               хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге
               асыру
      1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі
пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, осы Заңның
52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың қағаз жеткізгіштегі рұқсаттармен мәні
бірдей.
      Рұқсат беру органдары қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы
ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін
жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуге міндетті.
      Осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген талаптардың орындалмағаны үшін рұқсат беру
органы жауапты болады.
      Осы тармақтың күші автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарға қолданылмайды.
      2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін
рұқсаттарды қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші
халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жеріне қарамастан оған өтініш жасауға құқылы.
      3. Өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін

өтініш жасаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыскері электрондық өтінішті
немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық
цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі
негізінде жүзеге асырылады.
      4. Өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш
жасаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып
шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен
куәландырылады.
      5. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған
жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
      6. Өтініш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық
нысанда берілген жағдайда, лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган
өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
               электрондық тізілімі
      1. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін
тұрақты негізде жүргізеді.
      Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
      2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін рұқсаттар мен хабарламалар
туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен, көрсетілген
ақпаратты растауды жеке және заңды тұлғалардан қосымша талап етпестен алуға міндетті.
      3. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі тәуекелдерді басқару
жүйесін және тексерулерді жүргізу жоспарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
      4. Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері
(операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық
тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
      5. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып
тастау өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген
қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
      6. Рұқсат беру органдарының және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі
уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде олар барлық қажетті тарихи деректердің тіркелуін және
сақталуын қамтамасыз етуге және осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейін рұқсаттар мен
хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тарихи деректермен толықтыруға міндетті.
10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
      50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және
               хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін
               жауаптылық
      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық
               бақылау
      1. Рұқсаттық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және
(немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін тексеру бақылаудың өзге нысаны тәртібімен
тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш
берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні
туралы шешім қабылданады.
      Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік және рұқсат беру талаптары, сондай-ақ
ұсынылған құжаттардың анықтығы осы тармақта көрсетілген тәртіппен тексерілуге жатады.
      3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе)
рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының
рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы
 және 
мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге
асырылады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 
3-баптан
 қараңыз).
      4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
 және 
 Қазақстан
бақылау және қадағалау туралы»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
Республикасының заңдарына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру
үшін сақтауын дербес тексереді.
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
      52-бап. Өтпелі ережелер
      1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң
қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға  ,   және 
 көзделген
1
2
3-қосымшаларда
рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті
болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді
(операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
      2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы 
 4-бабының 
 сәйкес
Заңы
8-тармағына
лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы
Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы
негіздерде қолданылады.
      3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен
хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда
жүргізіледі.
      Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен
хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы
уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге
енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар
мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе

рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін
екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.
      4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы
лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға
сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.
      53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
      2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы 
 күші
Заңының
жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; №
20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №
2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; №
18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат;
№ 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; №
2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012
ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22,
124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 
Қазақстан Республикасының Заңына  
1-қосымша             

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет