Руководителю соц



бет18/42
Дата07.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#90889
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
239. Жүрек-қантамыр жүйесінің дерті кезінде дамитын гипоксия аталады

  1. экзогендік

  2. тыныстық

  3. гемдік

  4. қанайналымдық

  5. тіндік

240. Жергілікті және жалпы қанайналымы бұзылуынан дамитын гипоксия аталады

  1. аралас

  2. вазодилятациялық

  3. экзогендік

  4. қанайналымдық

  5. тыныстық

241. Оттегі пайдалану жүйесі бұзылуынан дамитын гипоксия аталады

  1. экзогендік нормобариялық

  2. экзогендік гипобариялық

  3. тіндік

  4. қанайналымдық

  5. тыныстық

242. Тіндік гипоксия дамуында маңызы жоғы

  1. тыныстық ферменттердің әсерсізденуі

  2. тыныстық ферменттердің түзілуінің бұзылуы

  3. тотығу мен фосфорланудың ажырауы

  4. митохондрийлардың бүліністері

  5. тыныс орталығының тежелуі

243. Цианидтермен улану дамытады

  1. тіндік гипоксияны

  2. гемдік гипоксияны

  3. қанайналымдық гипоксияны

  4. тыныстық гипоксияны

  5. экзогендік гипоксияны

244. В 1, В2, РР витаминдерінің тапшылығынан дамитын гипоксия

  1. тіндік

  2. гемдік

  3. қанайналымдық

  4. тыныстық

  5. экзогендік

245. Қанайналымдық – гемдік (аралас) гипоксия тән

  1. организм сусыздануына

  2. пневмонияға

  3. жедел қансырауға

  4. анемияға

  5. иіс газымен (СО) улануға

246.Гипоксия кезінде жедел бейімделулік серпілістерге жатады

  1. қанның қорға дерттік жиналуы

  2. тахикардия, тахипноэ

  3. брадипноэ

  4. тыныс бұлшықеттерінің гипертрофиясы

  5. эритропоэздің әсерленуі

247. Таулы аймақта ұзақ уақыт тұрған адамда кездеседі

  1. қанда эритроциттер санының көбеюі

  2. анемия

  3. өкпе гиповентиляциясы

  4. нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің тежелуі

  5. тыныс бұлшықеттерінің атрофиясы

248. Артериялық гиперемия – бұл

  1. қанда қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы

  2. шеткері қантамырлар мен қылтамырларда жергілікті қанағымының тоқтауы

  3. ағзалар мен тіндерде қанның азаюы

  4. ағзалар мен тіндерден қанның ағып кетуінің қиындауына байланысты қанға толуы

  5. ағзалар мен тіндерге қанның артық ағып келуіне байланысты қанға толуы

249. Ацетилхолин, брадикинин, гистамин дамытады

  1. стазды

  2. эмболияны

  3. тромбозды

  4. артериялық гиперемияны

  5. ишемияны

250. Физиологиялық артериялық гиперемия дамиды
А) дене жұмысы кезінде +
В) ишемиядан соң
С) қабыну кезінде
D) вазоконстрикторлар межеқуаты төмендегенде
Е) артерияның тромбозында
251. Вакаттық артериялық гиперемия әсерінен дамиды
А) қышаның
В) ысқымақыстың (массаждың)
С) банканың
D) емдік балшықтың
Е) парафиндік сылаудың
252. . Артериялық гиперемия аймағында ағза немесе тін температурасның
жоғарылауы байланысты

  1. артериялық қанның ағып келуінің жоғарылауына және тотығулық үрдістердің күшеюіне

  2. қанның ағып кетуінің күшеюіне

  3. лимфа түзілуінің күшеюіне

  4. артериялық қанның ағып келуінің төмендеуіне және тотығулық үрдістердің азаюына

  5. қызмет атқаратын қылтамырлар санының азаюына



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет