А1
|
В1
|
А2
|
В2
|
pH
|
7,43
|
7,46
|
7,35
|
7,32
|
pCO2
|
32
|
26
|
30
|
40
|
pO2
|
74
|
69
|
58
|
38
|
SB
|
20,5
|
20,5
|
18,5
|
18,5
|
BE
|
+2,5
|
+1,5
|
-3,5
|
-5,5
|
Сұрақтар
1. альпинист (А) пен дәрігердегі (В) әртүрлі биіктіктегі ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.
2. дәрігер-зерттеушіде көтерілудің бірінші және екінші кезеңдерінде ҚСҮ өзгерістерінің тетіктері қандай?
3. ҚСҮ бұзылыстарының түрін анықтау үшін қосымша қандац мәліметтер қажет?
4. дәрігерде гипоксияның қай түрі дамыды?
5. алтпинист пен дәрігердегі ҚСҮ бұзылыстарының сипаты мен айырмашылығын түсіндіріңіз.
№ 37. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.
Сұрақтар:
Дәрігердің қателігін табыңыз?
Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –
Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?
Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?
№ 38. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 39. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
№ 40. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
№ 41. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.
Сұрақтар:
1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.
2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?
3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?
№ 42. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
Сұрақтар:
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
№ 43. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).
Сұрақтар:
Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?
Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет
Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?
Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?
№ 44. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
Сұрақтар:
Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?
жаңа өспенің пайда болуымен?
өкпе өспесінің қайталануы?
өкпе өспесінің метастаздануы?
Даму тетіктерінің мүмкіндігін анықтайтын жауапты негіздеңіз
№ 45. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.
Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
Сұрақтар:
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?
* Ситуациялық есептерді құрастырғанда П.Ф.Литвицкийдің «Патофизиология» (2007) оқулық құралының электронды қосымшасы; «Руководство к практическому курсу патофизиологии» Э.Н. Баркованың редакторлығымен, 2007ж. қолданылды
Достарыңызбен бөлісу: |