Руководителю соц



бет1/51
Дата21.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#120094
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын





С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖМ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


I.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

1 ТАҚЫРЫП. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.




Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Тәжірибе жасаудың, жануарлармен жұмыс жасауды, функциялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістерін үйрену

  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулерді жүргізу этикасы туралы нормативті құжаттарды оқу.

Оқыту міндеттері:

  • Оқу пәні ретінде патофизиологияның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімін қалыптастыру

  • Тышқандарда кинетоз ауруының үлгісін өздігінен жүргізу, кинетоз ауруының көріністеріне назар аудары, қорытынды жасау

  • Жүрек-қантамырлық және тыныс алу жүйелерін функционалды тексеруді өткізуде Мартине, Генче, Штангенің физикалық жүктемелік әдістерін меңгеру

  • Ауру алды жағдайын анықтау үшін эксперимент нәтижелерін бағалап, сараптау

  • Сөзжұмбақты шешу барысында нозологияның негізгі терминдерін қолдануды үйрену

  • Топпен жұмыс жасауды үйрену ( өз ойыңды жеткізу, лидерлік қаситетіңді көрсете білу)

    1. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

    2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді құрудың негізгі принціптері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда тәжірибелік терапияның және дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудің мүмкіншіліктері мен маңызы. Медицинада үлгілеудің тәжірибелік және басқа да әдістерінің шектелулері және олардың ұсынымдарының жолдары.

    1. Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасаудың өнегелік-әдептік аспектілері. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

    2. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

    3. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

  1. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

  2. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Организмді тірілтудің (реанимация) патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары



Оқыту мен үйретудің тәсілдері:
Сабақты талдау, кіші топтарда жұмыс жасау – блиц – ойындар, тәжірибелерді орындау, нәтижелерін талқылау, хаттамаларды толтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет