Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру
Патогенездің сызбанұсқасын, негізгі тізбекті және кері айналып соғу шеңберін құрастырып үйрену
Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Биіктік ауруын үлгілеу тәсілін меңгеру
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
тәжірибе нәтижелерін сараптап, төмен барометрлік қысымның әсерін мысалға ала отырып жалпы патогенездің негізгі түсініктерін түсіндіру
Теориялық материалдан алған білімдерін патогенезжің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдана білу
Сабақтың негізгі сұрақтары: Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.
Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.
Пихогендік патогенді жайттар. Иатрогенді аурулар туралы түсінік. Денсулықты сақтау мен адам аурулары туындауындағы әлеуметтік жайттардың рөлі. Балалар патологиясындағы және балалар өлімін төмендетудегі әлеуметтік жайттардың маңызы.
Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.
Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының негізгі көріністері, патогенезі.
Ұрықтық даму патофизиологиясы: жіктелуі, этиологиясы, ұрықтық даму кезеңінде дерттік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтары.
Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері: Сабақты талдау, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау әдістері: Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасы мен есептердің қорытындыларын тексеру, тесттілеу