« Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған блиц - ойын.
Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.
Әдісі: Екі ақ тышқан қапшыққа жекелей салынады да, олар центрифуганың сақинасына қарама-қарсы бекітіледі. Центрифуганың сақинасын 1 минөттей айналдырамыз (тұтқаны 2 секөндте бір рет айналдырады), сонан соң лоар қапшықтан шығарылады. Жануарлардың жағдайына, қозғалыс үйлесімділігіне назар аударылады. Жануарларда кинетоз ауруы белгілерінің жоғалу мерзімі анықталады. Тұжырым жасалады.
№ 3 тапсырма.
Тексерілетін адамның дене жүктемесіне (Мартине сынауы), жүрек-тамыр жүйесінің әсерленісін, ауруалды жағдайды анықтау мақсатымен зерттеу.
Әдісі: Тәжірибені жүргізу үшін студенттер бірнеше жұмыс тобына бөлінеді. Әрбір топта 4 адамнан кем болмауы керек:
1-тексерілетін адам (өз еркімен келіскен студент)
2-артериялық қысымның деңгейін анықтаушы студент
3-тексерілетін адамда тамыр соғуының жиілігін анықтаушы студент
4-алынған деректерді дәптерге тіркеуші.
Тексерілетін адамда отырған жағдайда артериялық қысым (АҚ) өлшенеді, екінші қолының тамырын ұстау арқылы жүрек соғуының жиілігі анықталады. Ол үшін тамыр соғуының жиілігін 10 сек. ішінде 6 мәрте анықтайды, алынған нәтижелерді қосады да 6-ға бөледі, орта арифметикалық шаманы есептейді. Ары карай, тексерілетін адам қарынан байламаны (менжетка) алмай, 30 сек. ішінде 20 мәрте отырып-тұрады. Осындай жүктемеден соң дереу АҚ және жүрек соғуының 10 сек. жиілігі анықталады. Содан соң, тамыр соғуының жиілігі (пульс) және АҚ жүктемеден кейін әрбір 1 минут сайын (бірнеше мәрте) көрсеткіштердің бастапқы шаманың қалпыпа келгенінше анықталады. Алынған деректер кестеге енгізіледі:
Зерттелетін көрсеткіштер
Жүктемеге дейін
Жүктемеден соң дереу
Жүктемеден соң әр минөт сайын
1
2
3
4
5
АҚ
систолалық
диастолалық
пульстік
Сынауды бағалаудың нышандары: Жүрек соғуы жиілігін талдау.
1. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 3-4 мин. соң қалпына келуге тиіс.
2. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 50-70%-ға артуы тиіс. Ол мынадай өрнекпен есептеледі.
Жүктемеден соңғы - бастапқы тамыр х 100
тамыр соғуының жиілігісоғуының жиілігі бастапқы тамыр соғуының жиілігі
АҚ өзгеруін талдау.
1. Дене жүктемеснен соң систолалық қысым әдетте 10-20мм. с.б. артады, диастолалық қысым 10-20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20-40 мм с.б. артады.
2. АҚ жүктемеден кейін 4-5 минуттан соң қалпына келеді. Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.
Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:
1. Гипертониялық әсерленіс. Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
3. Астениялық әсерленіс. ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.
Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
№ 4 тапсырма.
Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу мүмкіншілігін зерттеу.
Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).
Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).
Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.
Зерттелетін
көрсеткіштер
Жүктемеге дейін
Жүктемеден соң дереу
Штанге сынауы
Генче сынауы
Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.
Дені сау шынықпаған адамдарда:
Штанге сынауы -30- 40 сек.
Генче сынауы - 20-30 сек.
Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ
Тігінен: 2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен
(1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен
және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия
арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай
Көлденеңінен: 1. ауру туралы жалпы ілім
3. өлімнің түрі
5. өлген организмді тірілту туралы ғылым
7. өлімнің түрі
9. аурудың аяқталуы
11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы
13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс
14. аурудың аяқталуы
17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі
20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы
22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы
24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша
25. қанағымының қалпына келуі
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24
Қосымша 6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.
8. Крыжановский Г.Н. Патофизиология как современная интегративная биомедицинская наука //Вестник АМН МСССР. - 1991, № 3. - С.9 - 11.
9. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.
10. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
11. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6
СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
(жақшада дұрыс жауаптар саны берілген)
1. Патологиялық физиология зерттейді (1) A) ауру кезіндегі организмдегі құрылымдық өзгерістерді
B) сау организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметін
C) жануар мен адам организміндегі метаболиттік үрдістерді
D) аурулардың симптомдарын
Е) белгілі бір ауруларды емдеуді
F) аурудың пайда болуының, дамуы мен аяқталуының жалпы заңдылықтарын
2. Патологиялық физиологияның міндеттері (4) A) жалпы этиология мен патогенездің сұрақтарын зерттеу
B) дәрігерлік ойлауды қалыптастыру
С) жалпы патологияның теориясын қалыптастыру
D) эксперименттік емдеу тәсілдерін өңдеу
Е) белгілі бір науқаста аурудың өту ерекшелігін зерттеу
3. Патофизиологиядағы зерттеудің негізгі тәсілі (1) A) лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау
B) тұрғындарды әлеуметтік сауалнамалаудың мәліметтері
C) науөастарды клиникалық тексеру
D) аурушылдық пен өлімді статистикалық сараптау
E) сау адамдардың қанын биохимиялық зерттеу
4. Лабораториялық жануарлармен жұмыс жасау ұстанымдарын көрсетіңіз (4) A) жануарларды наркозсыз өлтіру
B) жануарларды бекітудің арнайы тәсілдерін қолдану
C) зерттеу мақсатына сәйкес белгілі бір лабораториялық жануарды қолдану
D) эвтаназия (гуманды жолмен өлтіру)
E) ауыру сезімін тудыратын жағдайларда ауырусыздандыру
5. Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті болып саналады (1) A) адам ауруларының үлгісін жануарларда алу
B) функционалдық көрсеткіштерді зерттеу
C) құрылымдық көрсеткіштерді зерттеу
D) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу
E) аурудың клиникалық көріністерін зерттеу
6. Жануарларда жасалған тәжірибенің клиникалық бақылаудан артықшылығы (5) аурудың бастапқы кезеңін зерттеу
аурудың емделмеген түрін зерттеу
тәжірибенің кезкелген кезеңінде ішкі ағзалардың құрылымдық өзгерістерін зерттеу
эксперименттік емдеу тәсілін жүргізу
ауру туындауында әлеуметтік жайттардың маңызын зерттеу
сәйкес бақылау тобын таңдау
7. Тәжірибеде жануарларда зерттеу мүмкін емес (1) A) аурудың бастапқы кезеңін
B) организмге жаңа дәрілік заттардың әсерін
C) аурудың емделмеген түрін
D) аурудың тұлғалық белгілерін
E) ауру дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін
8. Медицинада эксперименттік әдісті қолдануды шектейтін факторлар (4) A) адам мен жануар организмі құрылысындағы айырмашылық
B) адам мен жануарда зат алмасу үрдістерінің айырмашылығы
C) адам мен жануардың тіршілік ұзақтығының әртүрлілігі
D) тәжірибелік жануарлардың денсаулығының алғашқы деңгейін анықтаудың қиындығы
E) адамның әлеуметтік табиғаты
9. Кинетоздардың себебі болып, организмге тигізетін әсері табылады (1) А) ұзақ, өзгеретін үдеудің
В) салмақсыздық
С) иондайтын радиацияның
Д) төмен температураның
Е) жағымсыз эмоциялардың
10. Кинетоздар патогенезінде маңызы бар (4) A) вестибулярлық құралға үдеу әсерінің
B) парасимпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылауының
C) мыйшыққа афференттік серпіндердің ретсіз түсуінің
D) денеге қатысты артық жүктеме бағыты бағдарлануының
E) талдағыштардың өзара әрекеттесуі бұзылуының
11. Ауру сипатталады (4) зақымдану мен қорғану-бейімделу құбылыстарының диалектикалық бірлігімен
дамудың кезеңдігімен
гомеостаздың өзгерісімен
қорғану-бейімделу құбылыстарының болмауы, ал зақымданудың болуымен
бірнеше дерттік үрдістердің бірігуімен
12. Сәйкестігін табыңыз: 1. Денсаулықтың критерийлері (4)
2. Аурудың критерийлері (4)
ауру белгілерінің болуы