Ғ) инсулинге қарсы антиденелер түзілуінің
20. Тәуліктік диурез - 3500 мл, қанда қант мөлшері - 3,3 ммоль/л, несепте глюкоза мөлшері - 1 ммоль, несептің салыстырмалы тығыздығы– 1030. Сіздің тұжырымыңыз: қалыпты
қантты дибет
қантсыз диабет
бүйректік глюкозурия
№ 10 тақырып. НӘРУЫЗ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. АШЫҒУ
Сабақтың мақсаты:
Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерін меңгеру
Әдебиеттер және internet көздерімен жұмыс істеу дағды қалыптастыру
Материалды қысқаша мазмұндап, тақырыпты дайындағанда ең маңыздысын анықтауды қалыптастыру
Тақырыпты қысқаша баяндауды және эссе жазу барысында маңыздысын айқындауды үйрену дағды қалыптастыру.
Ғылыми конференцияларға қатысу дағды қалыптастыру
Май және нәруыз алмасуының бұзылысына байланысты есептерді патофизиологиялық талдау жасауға дағды қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу
май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу
семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер жайты екендігін көрсету
ашығудың этиологиясын, патогенезін, организм үшін маңызын зерттеу
Әдебиеттер және internet көздерімен жұмыс істеудә үйрену
эссе құрастырып үйрену
Конференцияларға қатысу дағдысын игеру
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.
Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.
Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.
Подаграның этиологиясы мен патогенезі. Балаларда пуринді негіздер алмасуы бұзылыстарының ерекшеліктері.