«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау
Бақылаудың тапсырмалары: Өткен тақырып бойынша алған білімін бекіту
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: Атеросклероздың этиологиясы
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, себептері, көлеммен (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен (жүрек соңылық жүктеме) зорығуының себептері.
Жүре пайда болған жүрек ақаулары, анықтамасы, түсініктеме, этиологиясы, қанайналымы өзгерістерінің патогенезі.
Балалардағы туа пайда болған жүрек ақаулары (жүрекше аралық, қарынша аралық қалқанның ақауы, Фалло тетрадасы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі).
Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
Жүрек қызметінің коронарогенді емес жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.
Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық механизмдері (мембрана мен ферменттік жүйелердің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз ету және реттелуінің бұзылыстары).
Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.
Жүрек ырғақсыздықтары туралы түсінік, жіктелуі.
Автоматизм бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.
Өткізгіштік бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.
Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму тетіктері, түрлері, ЭКГ өзгерістері.
Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмия туралы түсінік. Аритмиялар дамуында “re-entry” тетігінің маңызы
Балалардағы аритмиялар дамуының ерекшеліктері
сынамалық тапсырмалар
1. «Көпіршік жасушалардың» түзілуі майлардың жиналуына байланысты нейтрофилдерде