46 жастағы Науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Тарихы: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын соң кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); осыдан кейін тағы 2–3 рет ішінде,қатты ауыру оқиғалары болды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болған кезде), айқын стеаторея, ұлтабарды, түрткілік сынаманы,яғни көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
Науқаста ұйқы безінің қызметтік жағдайын, қажетті дәлелдерді (клиникалық деректер, зерттеуханалық талдамалардың және құралдық зерттеулердің нәтижелерін) келтіре отырып, бағалаңыз.
Ұйқы безінің қызметтерін бағалау негізінде, ұйқы безде қандай дерттік үрдістер дамығаны және олардың мүмкіндік себептері қандай екені туралы болжам айтыңыз?
Науқаста алғашқы аңғарымды, аса жоғары дәрежелі мүмкіндікпен құптау (немесе қабылдамау) үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
Сіз болжаған дерттік үрдістер, ұйқы безінде, бір біріне тәуелсіз дами ала ма? Ал талданып отырған жағдайда —олар өзара байланысты бола ала ма? Егер солай болатын болса, онда олардың пайда болуның аса мүмкіндік бірізділігі қандай?
Науқас, Сіздіңше, қандай аурумен (немесе қандай аурулармен) азап шегеді.
Науқастың соңғы кезде, сонша айтарлықтай жүдеуін қалай түсіндіруге болады?
№ 2 Есеп.
56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс. Талақ қол ұшымен білінбейді. Желішектік тексеруде дерт анықталмады. Жасырын қан сынамасы теріс.
Зерттеуханалық зерттеулер деректері:
Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109/л
Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).
Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезде кальцификаттар анықталмайды. Бауырды УДЗ кезінде жаңғырықтық жайылмалы өзгерген, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдей алады. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ әйгіленімі»)
Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?
Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?
Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. – 484-486
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И.
Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С.-357-361
Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 153-154
Қосымша Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 560-562
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. С– 256-257.
Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С.-197-224
БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқалары «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар»./ Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспековалардың редакц. -Алматы, 2007.- 365-381 б. жинағының негізінде құрылды
Үйрету мен оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тәжірибені орындау, ахуалдық есептерді, сөзжұмбақты шешу.
Машықтық жұмыс