Бақа организміне өттің жалпыуыттық әсерін зерттеу.
Тапсырма
Тапсырмаға нұсқау
1-2 мл өтті бақаға енгізгеннен кейін, беті жабылған шыны ыдысқа отырғызу.
15-20 минөттен кейін қимыл белсенділігін, бұлшық ет тонусын, қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін, ауыруға сезімталдығын тексеру.
Өтті бақаның арқа терісінің астындағы лимфа қуысына салады. Ол үшін терісін қысқышпен қыса көтеріп, инені жоғарыдан төменге қарай кіргізіп өтті енгізеді.
Бақаны шалқасынан жатқызып, оның қимылдық және координациялық мүмкіндіктерін тексереді. Кәдімгі қалпына өз еркімен келе ала ма жоқ па? cоны тексереді. Ауыруға сезімталдығын бақайларына ине
шаншып тексереді.
2-тапсырма. Бақа жүрегінің соғу ырғағына өттің әсерін зерттеу. Әдісі: Тәжірибе 2 бөлімнен тұрады а) Бақа жұлынын инемен шаншып жансыздандырып, тақтайшаға бекітеді. Кеуде қуысын ашып, жүректі перикардтан босатады. Минөтіне жүректің соғу жиілігі есептелінеді. Сосын жүрекке 2-3 тамшы өт тамызылып, бірнеше рет 5 минөт бойы жүрек соғуының жиілігі есептелініп отырады. Мәліметтер хаттамаға толтырылады.
Б) Жүрек ырғағы қайта қалпына келген соң жүрек соғу жиілігі есептелінеді. Бақа жүрегіне 2-3 тамшы атропин және 2-3 минөт өткеннен кейін тағы да өтпенен әсер етіп,қайтадан жүрек, ЖСЖ анықталады. Нәтижелерін түсіндіріп, тұжырым жасау керек.
Хаттама сызбанұсқасы