Байланысты: Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)
Ж.Б., орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Менің педагогикалық тәжірибемде өз бетіммен шеше алмайтындай мәселе туындады. Сондай кездерде біз оған не себеп болғаны туралы ойлауға тырысамыз. Себебін түсіну үшін менің қабылданған алғашқы қадамым әріптестердің пайдалы кеңесі болды, ол оқытудағы кейбір кем тұстарды сырттан көруге көмектеседі. Мәселе мынада болатын, мен қанша тырысып бақсам да, оқушылардың барлығы дерлік сабаққа белсенді қатыспады. Тапсырмаларды да олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай етіп іріктедім, соның өзінде сабақты сәтті өткізуге мұның жеткіліксіз екендігі анық болды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мен үшін үлкен қиындық тудырады, себебі олардың арасында тапсырманы орындауға бірден кіріспейтін балалар бар, және сондай оқушылардың көбі білімі орташадан төмен оқушылар болып табылады. Дәл осы мәселемен мен Lesson Study жобасына келген болатынмын. Отырыста мен өзімді алаңдатқан мәселемен бөлісіп, меніңше, осы мұғалімдер одағы әлдеқайда тәжірибелі және осы жүйеде бұрыннан істеп келе жатқандықтан, маған бағыт берер, мүмкін тіпті менің оқытуға деген тәсілдемемді қайта қарауға себепші болар деп сендім. Мен үшін жаңа болатын осы жоба 8 «Е» сыныбында өтті, онда бар-жоғы 13 оқушы болды, оның ішінде мен қабілеттерінің деңгейі бойынша А, В. С оқушыларын анықтадым. Өзімнің қысқа мерзімді жоспарымды жоспарлау кезінде тапсырманы орындауда өзін-өзі бағалау бойынша критерийлерді әзірлеуге үлкен көңіл бөлінді, мұны мен өз тәжірибемде болмаған олқылық деп белгіледім, себебі бұл расында да оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Себебі ол сабақта жұмыстың қаншалықты сәтті жүргізілгенін қадағалауға септігін тигізеді. Біріншіден, оқушылар тапсырманың мәнін түсінуге тырысады, екіншіден, оны орындауға жауаптылықпен кіріседі, үшіншіден, өзінің әрекеттерін сыни көзбен бағалауға мүмкіндік алады, ал мұның оқушылар білімі сапасының шынайылығын арттыруға үлкен пайдасы бар. Осы жоба аясында жүргізілген бақыланған сабақтар бойынша мен бүкіл сабақтың басты құрамдас бөліктерін көрдім – бұл оқушыны тапсырманы орындамауға емес, орындауға талпындыратын, сондай-ақ қолжеткізуге тырыстыратын тапсырмалардың нақты ойластырылған түрлері. Оқушыларға өзінің әлеуетін ашу үшін еркіндік беру және тек сондай жағдайда ғана оқушы тапсырманың өзін орындауға және өзінің жетістігін өзін көруге талпынады, осылайша өзінің жетістіктеріне өзі баға беруді жүргізуге қорықпайды.