УДК371.214 ББК 74.202.5
ISBN 978-101-7780-68-5
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
2
© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Центр педагогического мастерства, 2015
Мазмұны
Кіріспе 4
1-бөлім. Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілдемесі туралы не білеміз? 5
Сабақты зерттеу (Lesson Study) ұғымы 5
Сабақты зерттеу не үшін қажет? 6
2-бөлім. Сабақты зерттеуді (Lesson Study) жүргізу кезеңдері 7
Топ құру 7
Зерттеудің ортақ тақырыбын анықтау 7
Әдебиетті зерделеу және сабақты зерттеудің тәсілін таңдау 8
«Зерттеу» үшін сыныпты және «зерттелетін» оқушыларды таңдау . 9
Сабақты зерттеудің (Lesson Study) циклдары 10
Сабақты зерттеудің (Lesson Study) қорытындыларын шығару 42
Топ мұғалімдерінің пікірлері 42
3-бөлім. Сабақты зерттеуді (Lesson Study) жүргізудің «Алтын қағидасы» 47
Пайдаланылған әдебиет 49
Кіріспе
Қазіргі таңда білім беруге жоғары талаптар қойылады. Оқу, әдетте, оқушының мүддесіне құрылмайды, ол тұлғаға бағдарланған дамытуға бағытталмайды. «Осал» оқушыларды дамытуға бөлінген көңіл жеткіліксіз, мұғалімдер оқушылардың оқуға деген төмен уәжін зерттеумен айналыспайды, олардың сыни ойлауын дамытпайды. Сондықтан да мектепке қуатты заманауи педагогикалық құралдарды меңгерген, өзінің күнделікті жұмысына инновациялық педагогикалық тәжірибесін енгізетін пегадог қажет.
Бүгінгі күнде мұғалімнің кәсіби дамуы үшін мүмкіндіктер жетерлік. Солардың бірі Сабақты зерттеу (Lesson Study) педагогикалық тәсілдемесі болып табылады, ол мұғалімдердің ынтымақтастығы мен кәсіби өзара әрекеттесуінің, мектепте кәсіби бірлестіктерді қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сабақ жүргізетін мұғалімде Сабақты зерттеу (әрі қарай: Lesson Study - автор) тәсілдемесін іске асыру арқылы әріптестерінен алынған кері байланыс арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мүмкіндігіне ие бола алады, ал бақылаушылар әрбір сабақты талқылау нәтижесінде рефлексия, талдау дағдыларын дамыта алады. Мұғалімнің жұмысына және сабақтың барысына бақылау жүргізетін қатысушылар өзінің педагогикалық дағдыларын жетілдіреді, бірлесіп сабақты зерттеуге, мықты, орташа және осал оқушы жетістіктерін бағалау критерийлерін құрастыруды үйренеді. Lesson Study тәсілдемесінің оқушылардың шығармашылық өзара әрекеттесуіне септігін тигізетіні аса маңызды болып табылады. Осы тәсілдеме аясында ынтымақтастық мәдениеті қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде, мұғалімдердің кәсіби өсуге деген уәжін арттыруға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |