Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет20/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   198
Мнемоника
Кез келген кiтап дүкеніне барсаңыз, есте сақтауды жақсарту үшін мнемониканы пай-
даланып өз-өзін жетілдіру жайында жазылған көптеген кітаптарды көре аласыз. Loci 
әдісі (орын әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланы-
стырып елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Осылайша, Сiз өз үйiңiздің 
бөлмелерінде жүрiп, әртүрлi сөздер тiзiмiн бөлменiң ерекше белгiсiмен байланыстырып


19
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
еске сақтауға тырысыңыз. Мысалы, «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диван-
да домалап жатқан алманы елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «ара-
лап шығып», сөздердің барлық тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар 
зерттеуге берілген 50 сөздiң 90 пайызынан астамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте 
сақтауға болатынын көрсеттi.
Америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің 
«Эйнштейнмен Айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын 
карталарын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Мысалы, «Кіреберісте 
мен «шошқаны сойып» отырған құрбым Лизді көрдім…» (қарға екі, кірпіш екі, қарға үш 
– осы үш карта бірге түссе, «шошқа» деп аталады). Бірнеше затты белгілі бір орынмен 
байланыстыруға мүмкіндік беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен АҚШ чемпионатын-
да есте сақтау бойынша рекорд орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 
секундтың ішінде есте сақтады.
Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және 
соған ұқсас мәселелерді оңай есте қалдыру үшін қолданамыз. Фоер мысалында көрсетілгендей, 
мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Сіз 
нақтылайтын бөлшектерді анағұрлым көбірек қолданған сайын және әрекетіңіз мейлінше 
қисынсыз және креативті болған сайын, Сіздің табысқа деген мүмкіндігіңіз де ұлғая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет