Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет21/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   198
Алып шығу тәжірибесі
Тәжiрибе көрсетіп отырғандай, білетін ақпаратыңызды бірнеше қайтара тексеру есте 
сақтаудың сапасын едәуір жақсартады. Жады мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг 
«алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдің артықшылықтары туралы білгендердің 
алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер 
тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест), қайта жаттау (жат-
тау, жаттау, жаттау, тест) және қайта тестілеу (жаттау, тест, тест, тест). Қайта 
жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп 
уақыт берілді. Егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде болса, онда олар сөздерді жақсы 
есте сақтайды деп күтіледі. Бiрақ Тулвинг таңдалынған жаттау тәсіліне қарамастан, 
барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқады. Десек те, нақтылап оқу страте-
гиясы қолданылса да, қайта оқуға қарағанда қайта тестілеу жақсы нәтиже беруі мүмкін.
Күнделікті сабақтарда тестілерді пайдалану үшін ғалымдар тестілеудің маңызын 
атап көрсетуге ұмтылған. Америкалық психологтар Джефф Карпике және Роди Редигер 
шетел тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген. Олар оқу барысындағы қайта тестілеу 
бір аптадан кейін өткізілген емтиханда лексиканы 80%-ға дейін есте сақтауға және оны 
қайталап айтып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайда-
ланылатын дәстүрлі стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін 
анықтады. Зерттеушілер қатысушылардан өздерінің жетістіктерін болжауды сұраған 
кезде, соңғылар бұл әдіс оларға соншалықты басымдық береді деп ойламаған.
Аталған факті студенттердің емтиханға даярланатын кезінде өзін өзі тексеруді сирек 
қолданатынын көрсеткен өзге зерттеулермен сәйкес келедi. Өзін өзі тексеру пайдаланылған 
жағдайда көбінесе ол материалдың ұзақ уақытқа сақталуын жетілдіру үшін емес, білім 
көлемін бағалау үшін қолданылады. Мүмкін, қайта тексеруге қарағанда қайта оқуға 
қойылатын талаптар жеңіл болуы екінші әдістің жиі таңдалуына себеп болатын шығар. 
Алайда, зерттеу нәтижелері білім беру барысында қайтадан «алып шығу» тәжiрибесі 
арқылы оқыту тәрізді белсендi әдістерге негіздей оқыту толымды нәтиже беретіндігін 
көрсетіп отыр (Simons, 2012).
Түйіндеме. Білім берумен тығыз байланысты салаларда танымдық нейроғылым қарқынды 
дамуда. Алайда, қазіргі заманғы ғылым мен оны сабақта тікелей қолдану арасында іргесі 
ажыраған «құз-шыңырау» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте 
деп дау тудыруы мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс 
сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызу» үшін әрекет етуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет