Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру



Pdf көрінісі
бет30/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   198
Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің 
(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін 
қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау 
мүмкіндігін игеруі (9-сурет). 


29
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Нені оқыту
керек
Балалар
қалай
оқиды
Табысты бола
білгендігіңізді
қалай бағалау керек
Оқыту
қалай
ды
құрылымдау керек
9-сурет. Балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсету
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар 
бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және 
бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің 
отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті 
артады.
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында 
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай 
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды 
пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын 
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру 
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау 
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді 
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де 
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін 
мүлдем ұмытып қалады. 
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу 
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз 
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды 
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (10-сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет