Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента ОҚУШЫлАРдЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕлІКТЕРІНЕ



Pdf көрінісі
бет78/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198
72
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
ОҚУШЫлАРдЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕлІКТЕРІНЕ 
СәйКЕС ОҚЫТУ ЖәНЕ ОҚУ
Танымдық даму және жас ерекшеліктері
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, 
танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу 
және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. 
Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру 
ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатта-
лады.
Оқу
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары төменде сипатталған.
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты 
зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон. Б. Уотсон психология саласы 
зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп 
есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі – 
реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде 
қарастырылады. Эдвард. Л. Торндайк сияқты зерттеуші осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р 
(түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Олар мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін 
немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір 
«оперантты шарттылық» ретінде белгілі: адамдардың лайықты іс-әрекеттерін ынталандыру 
мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу немесе ол үшін 
жаза қолдану.
Оқудағы танымдық тәсіл
Бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның 
ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана олар-
ды едәуір қызықтарған.
Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму 
мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген. 
Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу 
кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мой-
ындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт са-
тысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі) 
айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп, ақыл-ой 
үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. Бұл теория оқу үдерісіне 
балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу және 
даму үшін қажетті қызмет түрлерінің басым бөлігіне бастамашылық етеді деп сендіреді. Бұл 
теорияны басшылыққа алатын мектептер кіші буынды оқыту ортасына және оқу мазмұнына 
ерекше назар аударады. Педагогтер мен ересектер балалармен тікелей қарым-қатынас жасай-
ды, олар орындайтын қызмет түрлері оқу мазмұнындағы балалар тәжірибесін пайдалануда аса 
маңызды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет