Аудиожәне подкастинг Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудито-
риямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп жатқандары туралы айту үшін және
балаларының жетістіктерін тойлау үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг – бұны
көрсетудің тамаша тәсілі.
Подкаст деген не? Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған бағдарлама).
Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен кез келген уақытта
тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан ба-
стап белгілі тақырыптар бойынша (мысалы, компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған
мыңдаған қолжетімді подкасттар бар.
Қалай тыңдау керек Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай аласыз
(төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдала-
на отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл бағдарламалар соңғы шоуларды автоматты
түрде жүктейді және Сіз оларды өз компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай ала-
сыз. Подкастқа жазылу үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкасттың web-сайтында болуға
тиіс) болу керек. iTunes-те анықтама бар, Сіз тек «Жазылу» («Subscribe») түймесін басып,
шоуға жазыла аласыз.
Подкаст жасаудың балалар үшін қандай пайдасы бар? • Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын әлеуетті аудиторияны
құрады.
• Сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі (сценарийлер, сұхбат жазу және т.б.)
әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар
олар АКТ-ны қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді.
• Подкасттар интерактивті болуы мүмкін және аудитория өз пікірлерін білдіре алады,
бұл балаларға олардың жұмысы туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
• Подкаст құру командамен жұмыс істеу машықтарын дамытуға да үлкен пайда-
сын тигізеді. Тамаша бағдарлама жасауға ұмтылғандықтан, балалар бір-бірімен
ынтымақтасуға тырысады.