Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)



Pdf көрінісі
бет69/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   198
Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)
Ақпараттық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың 
орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. 
Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сын 
тұрғысынан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. 
Төмендегі диаграммада онлайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтарының 
кейбір түрлері көрсетілген (17-сурет).


64
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
17-сурет. web 2.0 құралдары
Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі
БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері 
ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтарды, 
білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы 
құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды басқаруға, осы қызметтерді 
пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдерден өзін және өзінің отбасын қорғауға 
көмектеседі.
Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге 
негізделеді.
Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар
Шын мәнінде тыйым салынған деректерді онлайн-режімде көру оқушылар үшін аса 
қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан 
нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл 
бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны 
немесе мекенжайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер 
қараудан әлдеқайда қауіпті.
Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызды жеке ақпаратты сақтауды үйрету Сіздің 
негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің 
атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет