Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады



Pdf көрінісі
бет18/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады
Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс» жа-
дысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді 
жадыдағы ақпаратпен «жұмыс істеуге» мүмкіндік ашады. Басқаша айтқанда – ақпаратты 
белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық, 
есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе 
іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет 
кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипаттала-
ды. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан 
бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы 
мүмкін. Мысалы, біреу Сізден дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола 
алатын студентті ұсынуды өтінді делік. Сіз студенттеріңіз жөніндегі негізгі ақпараттар қоры 
сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және 
семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай студенттер тура-
лы ақпаратты жұмыс жадыңызға тасымалдап, қарастыра бастайсыз. Тікелей немесе жанама 
түрде Сіз дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, Сіздің 
ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді жады-
ны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу үдерісі 
жұмыс жадысында жүзеге асады.
Оқыту мен оқу үшін жадыны зерттеудің маңызы
Төменде келтірілген үзiндi доктор Джон Саймонстың жақында Кембридж университетi 
эксперименталды психология кафедрасының жады зертханасында жүргізген зерттеулеріне 
негiзделген.
Миды бұлшық етпен салыстыру жиі кездеседі, өйткенi миды жаттықтырсаң, ол 
жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Бодибилдинг спортымен айналысатындар кiр та-
старын көтеру арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, Сіз де есіңізде 
сақтағыңыз келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз, 
онда өзіңіздің жадыңызды жақсарта аласыз.
Зерттеушiлер көп жылдар бойы мұндай әдiспен ақпаратты қайталау оны қысқа 
мерзiмдi жадыда сақтап және ұзақ мерзімді жадыға беру үшін керек деп санаған. Бұл әдіс 
біздің инстинктімізбен сәйкес келеді, мысалы, біз телефон нөмірін есте сақтағымыз келсе, 
онда оны ой-санамызда қала ма деген ниетпен ішімізден көп рет қайталаймыз. Көптеген 
студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды 
қайталап оқу, нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деп ойлайды.


18
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Ақпаратты көп қайталасаң, жадыңда ұзақ сақталатындығы дәлелденген. 
Зерттеулердiң бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт 
ішінде дауыстап айту сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді 
сұрағанда, жадыда жатталған сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей 
байланысты болатыны анықталды. Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай 
механикалық қайталауға қарағанда, жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын 
ұғып, стратегиялық амалдарға сүйеніп есте сақтау анағұрлым тиімдірек болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет