Рефлексиялық оқыту Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің
жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті
жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексиялаушы практик» деген
ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық
және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің
«Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді
зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен бол-
жамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды зерттеу және талдауға бастама жасап іске
асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тәжірибені педагог-
тердің проблеманы анықтап, өз іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу әдісі
ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның «Рефлексиялаушы практик: кәсіпқойлар іс- әрекетте қалайша ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. Оның «техникалық
ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып, кәсіпқойлардың не
істейтіндігін түсіну негізіне «рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске қосқан зор үлесі болып табы-
лады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі парадигма бола алмады.
Оның «іс-әрекеттегі рефлексия» деген ұғымы кейде «іс барысындағы рефлексия» ретінде де
сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын эмоциялар мен тоериялар-
ды ескеруді көздейді, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға сай әрекет етуге көмектесетін
жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен кейінгі рефлексия» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай
бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» актісі топта не болып жатқанын,
өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар
мен сұрақтарды анықтаймыз.