Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента Төмендегі дағдылардың



Pdf көрінісі
бет52/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

49
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Төмендегі дағдылардың кейбіреуі рефлексиялық оқыту тұрғысынан қолданылады:
проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын 
түсіну;
• тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
• нақты және түсінікті сипаттама;
• белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
• нәтижелерді түсіндіру, дәлелдерді бағалау, тұжырым жасау;
• шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
• жасалған тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
• алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
Рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлау кіреді. 
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды 
талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап
қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. Бұл арқылы олар, 
мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені бұл адамдардың өмір жолын тілге тиек 
ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер мен үздіксіз 
ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін қоршаған орта 
мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, 
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт 
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтыларды талқылауға болады.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің 
орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға 
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да бо-
луы ықтимал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет