Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет6/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198
Жүрек
Кәсіби-өнегелілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық 
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, 
оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін 
әділ адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды 
қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары 
қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы 
мамандықтың басқа иелері де бөліседі.
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар
сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және 
ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» оты-
рады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің 
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің 
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен 
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға 
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді бол-
майды. 


8
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерек-
ше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет