68 студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды
тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың
ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен
ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын
өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез-
құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз
болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ
дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.
Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және талантты балаларды бірінші
негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды (Koshy et al, 2006).
Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың
дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік
тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойла-
рын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақыт қажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір
балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары
мен көшбасшылық қасиеттері болады. Дарынның санқырлы болатынын мұғалімдердің есіне
түсіру үшін «өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар» екенін көрсететін
мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылды.
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа
пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша қабілеттері мықты болу
мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және
адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік
салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы
бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын
бақылау парағын құрастырды. Толық бақылау парағын web-сайттан көруге болады.
Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты бала-
ларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ
тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді
өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman,
1991):