инклюзивті оқыту –білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін
оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде
ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.
Конвергентті/ репродуктивтік ойлау – (лат. cоnvergere – қосылу) белгілі бір тапсырманы орындаудың алдын
ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға негізделген ойлаудың
түрі. «Репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай
ойлау проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді,
соның нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі
дивергентті ойлауға қарама-қайшы.
Креативтілік – (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің
дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін
және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін
шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап,
оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.