Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану



Pdf көрінісі
бет17/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   336
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде 
тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас 
үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар 
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, 
алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін 
жібере білу.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды 
оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.  Қазіргі  уақытта  білім  беру  саласында  жоғары 
жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық 
сайыстар  мен  бағдарламалар  жүргізіледі.  Алайда  мұндай  сайыстық  құрылымдар  талант 
пен  қабілетті  өрістетудің,  барлық  балалар  әлеуетін  дамытудың  жалғыз  тәсілі  болып  та-
былмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы Үшінші деңгей бағдарламасының аясында 
талантты  және  дарынды  балаларды  оқытуды  дамыту  үшін  анағұрлым  инклюзивті  тәсіл 
пайдаланылатын болады. 
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде 
осындай  балаларды  анықтау  туралы  ой-пікірлер  мен  зерттеулер  жатыр.  Аталған  тақырып 
оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен 
оқытуға  ықпал  ететін  оқу  бағдарламаларын  кеңейту  және  барлық  оқушылардың  осындай 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  оқыту  мен  оқудың  сараланған  стратегияларын  таңдау 
жөніндегі идеяларды қамтиды.


11
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет