Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім



Pdf көрінісі
бет29/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім 
түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты 
ұйымдастыру  және  рефлексиялық  ойлаудың  динамикалық  үдерісінің  басым  бөлігі  маңдай 
бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді (3–4-сурет).


16
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
fMRI функционалдық маг- 
нитрезонанстық томография
PET – позитронды-эмиссия- 
лық томография 
ERP – мидың түрткі 
салынған әлеуеті
Нақты  тапсырманы  орындау 
кезінде  ми  қызметінің  ор-
наласуын  көруге  мүмкіндік 
береді.
Радиоактивтi 
изотоптарды 
енгізгеннен  кейін  мидың 
әртүрлi  бөлiктерiндегі  қан 
ағысы  өлшенедi.  Қан  ағысы 
қарқынды болған сайын бел- 
сенділік арта береді.
Мидағы электр белсенділікті, 
сондай-ақ  белгіленген  сти- 
мулдарға  қатысты  электр 
реакциясының жылдамдығын 
және амплитудасын өлшейді.
3-сурет. Нейровизуалдандыру әдістемелері
Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған, 
олар:
•  визуалды  бейнелерді  қабылдау  мен  жадыда  сақтауға  жауап  беретін  мидың  артқы 
бөлімінің желке тұсындағы бөлігі;
•  ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;
•  қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы 
бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байла-
нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.
4-сурет. Ми қыртысының негізгі бөліктері
Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік 
түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері 
ми  бөлігінде  сақталған  ақпаратқа  қолжетімділік  пен  оны  өңдеуді  бақылау  қызметін  жүзеге 
асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын 


17
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
(фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған 
кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер бiзден Қазақстан 
картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан географиясының жал-
пы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей, құрлықтық шекаралардың 
негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. Алайда, қажет болған жағдайда, әрі сон-
дай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз, мәселен, Каспий теңізіне не-
месе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты белгілер біздің географиялық 
танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар ауда-
ру қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай 
бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет